Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Рабочие программы / Тренинг для учеников 11 класса

Тренинг для учеников 11 класса



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Мақсат – жетістік жолы.


Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады.

Н.Ә.Назарбаев


Мақсаты: Оқушылардың өзін - өзі анықтай алуына, алдына қойған мақсатына психологиялық жағынан көмек беру, жас жеткіншектердің болашақта тұлғалық дамуына жол ашу. Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде мақсатына жетуге жағдай жасау.

Мақсат – адам нәтижесіне кәміл сеніп, табандылықпен ұмтылатын, сол адам үшін ең

маңызды болып табылатын дүние. Алайда мақсатты дұрыс қоя білу қажет. Себебі, мақсатқа жету – бұл өз қажеттіліктеріңді жай ғана қанағаттандыру емес, бұл – өзіңді-өзің жетілдіру, тұлғаның дамуы, жаңа деңгейге өту. Мақсат – бұл шешімі үшін бар күш салынған, нақты міндет. Өз алдыңызға қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттер қою қажет: бір күнге, аптаға, жылға және өмір бойына.

«Адам өмірі» аңыз–әңгіме

Ой қозғау

Өзің қайсысының пікірімен келісесің?

Мақсат қоюдың адам өмірінде алатын орны қандай?

Түстер терапиясы

Қызыл түс - өмір күшінің түсі. Ол жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездерінің белсенділігін арттыратындықтан, адамның құштарлығы мен ұмтылысының белгісі болып табылады.

Қызыл сары (оранжевый) - бұл түс оптимизм мен сергектіктің, қуаныш пен жетістіктің және қызық-думанның түсі болып есептеледі.

Сары- ашық сары түс көңіл-күйді көтереді, бірақ ең көңілдісі – алтынның түсі, өзіңізді жеңіл сезінуге көмектеседі.

Жасыл - өсімдік әлемінің түсі, жер бетіне кең тараған. Жасыл түс – денсаулық пен тұрақтылық түсі, ол тыныштандырады, ауруды басады, қан және көз қысымын баяулатады, өмірлік тонусты көтереді, жүйке жүйесін жаттықтырып, шаршағанды басады.

Көк - кішкене сәбилер үшін тым суық әрі мазасыздандыратын түс.

Қоңыр – мамыржай отбасындағы берекенің және қауіпсіздіктің түсі. Ол шыққан тегің мен тамырыңды сезінуді арттырады, яғни үйің, отбасың, жақындарың мен туыстарыңды іш тартуға итереді.

«Менің мақсатым» жаттығуы

Бір оқушы тақтаға шығып,өз мақсатына жету үшін әр қадам жасаған кезде өз мақсатын айту арқылы мақсатына жетеді.

Өз мақсатына жеткен тұлғалардың суреті көрсетіледі.

Мысалы, Тоқтар Әубәкіров, Серік Сәпиев т.б.

«Шынын айтсам...» жаттығуы

Шынын айтсам, келе жатқан тест жайлы ойласам...

Шынын айтсам, тестке дайындалғанда мен ...

Шынын айтсам, үйге келгенде мен..

Шынын айтсам, қобалжығанда...

Шынын айтсам, ойларымды жинақтай алмаған кезде..

Шынын айтсам, алда келер тесттен ата-аналарымның қобалжуларын ойласам...

«Ғажапқа толы сиқырлы орман» жаттығуы

Оқушылар екі топқа бөлінеді.Біріншісі - орман,екіншісі – тоғай.Екі жаққа бөлінген оқушылар ортадағы қызыл кілемнен өтеді.Қызыл кілемнен өтіп бара жатқан оқушының басынан сипап, жылулық сезім беру арқылы сол оқушының жақсы қасиеттерін айтып шығарып салады.

Жаттығу «Теңізге саяхат»

Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көңілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз бірқалыпты дем алып, асау толқындары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда. Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып сіз тұрсыз. Өз бойыңызды басқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып - жылы, әрі жұп - жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, - жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.

Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сізге демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Асықпай бұл орынмен қоштасыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз.

Сергіту сәті

Хормен «Мақсат – бақыт бастауы» әнін айтады.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Мақсаты: Оқушылардың өзін - өзі анықтай алуына, алдына қойған мақсатына психологиялықжағынан  көмек беру, жас жеткіншектердің болашақта тұлғалық дамуына жол ашу. Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде мақсатына жетуге жағдай жасау.

Мақсат – адам нәтижесіне кәміл сеніп, табандылықпен ұмтылатын, сол адам үшін ең

маңызды болып табылатын дүние. Алайда мақсатты дұрыс қоя білу қажет. Себебі, мақсатқа жету – бұл өз қажеттіліктеріңді жай ғана қанағаттандыру емес, бұл – өзіңді-өзің жетілдіру, тұлғаның дамуы, жаңа деңгейге өту. Мақсат – бұл шешімі үшін бар күш салынған, нақты міндет. Өз алдыңызға қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттер қою қажет: бір күнге, аптаға, жылға және өмір бойына.

Сергіту сәті

Хормен «Мақсат – бақыт бастауы» әнін айтады.

 

 

Автор
Дата добавления 23.04.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Рабочие программы
Просмотров318
Номер материала 493147
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх