Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Түрік елінің бір тұтастығы

Түрік елінің бір тұтастығы



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:




Жоспар







Кіріспе..................................................................................................................1-2


1.Түрік елінің бір тұтастығы.........................................................................3-5


2. «Түрік бірлігі» идеясынан «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясына дейін............6-9


Қорытынды............................................................................................................10



Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................11




























Кіріспе


Ата заңымызда анықталғандай,Елбасы мәртебесі мен міндеттерінің бір парасы жыл сайын халыққа арналған Жолдауын жариялау болып табылады. Алғаш рет осынау конституциялық міндетін Тұңғыш Президент Н.Назарбаев 1997 жылы атқарған еді. Одан бері жылдың басты оқиғалары қатарына кіргені мен қоса,жолдау әрбір қазақстандықтың асыға күтетін құбылысына айналды. Оның басты себептері мынаған саяды: біріншіден құжат еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін назардан тыс қалдырмайды. Балабақша, білім беру,денсаулық сақтау,зейнетақы,жәрдемақы мәселелерін ешбір Жолдау айналып өткен емес. Екіншіден, азаматтардың ірілі-ұсақты тіршілік түйіткілерін шешкен жолдауларда ұлы міндет-тәуелсіздікті бекемдеу,мемлекеттілікті қалыптастыру,елшілік ынтымақ пен келісімді сақтау көзделді. Құрғақ уәдеге даңғазалыққа, дарақылыққа орын берілмей, халықтың сенімі мен қолдауына ие болды.Үшіншіден, жолдаулар Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігіуіне,бәсеке мен сын-қатерлерден бойды аулақ салмай,төтеп беруге,аман-есен өтуіне,халықаралық қатынастардың танымал да белсенді субьектісіне айналуына қызмет еткенін ерекше атап өтуіміз керек.Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы – «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын көтерген тамаша тарихи құжат. Қайта құру жылдарының «жариялылық» кезеңінен бері зерттеле бастаған ұлттық тарихымыздың ақтаңдақ беттері арқылы ұрпаққа жарық сыйлаған тарихи сананың қалыптасуы жаңа кезеңге жол ашты. Биылғы Жолдаудың ерекше құнды арнасы - Мәңгілік Ел идеясына басым мән берілуі. Бұл ретте Елбасы: «Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандықтардың ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы», - деп түйіндейді. Иә, Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың ықылым ғасырлардан бергі асыл арманы екені белгілі. Болашағымызға айқын бағыт-бағдар беретін де, ұлтымызды ұжымшылдыққа ұйыстыратын да, межелі ұлы мақсаттарға жетелейтін де осы Мәңгілік Ел идеясы екені анық.«Мәңгілік ел» деген не өзі? Бұл әрине тектен-текке шыққан дүние емес. Кезінде Түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк негізін қалаған идея. Ол кісі бес жыл Қытайда ақсүйектің балалары оқитын мектебінде оқыған, Қытайдың түрлі губернияларында прокурор болып жұмыс атқарып, заң саласын жетік білген адам. Кейін Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрған кезде қолдау көрсетті. Соның арқасында Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрды. Қағанат орнап болғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Қазақ даласында ғұмыр кешкен көшпелілер мемлекеттілігінің тұтас даму үрдісі мен этномәдени ерекшеліктерін зерттеп,зерделеу арқылы қазіргі таңдағы көшпелілер өркениетін түсінуге мүмкіндік беретін жол секілді.Ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан – 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алынған Мәңгілік Ел ұғымының мәні өз бастауын тарихтың терең қойнауларынан алады. Бүкіл түркінің қара шаңырағы атанып отырған қара орман ел – Қазақстанның ежелгі ата-бабамыз – Көк түріктердің Мәңгілік Ел идеясын жаңғыртып қана қоймай, ұлттық идея – ұлы бағдар етіп алуы қай жағынан болсын қисынды әрі тарихи заңдылық.






































Түрік елінің бір тұтастығы

«Қазақ елі» немесе «Мәңгілік Ел» идеясының мәні қандай? Бұл идеяның арғы қайнары Иоллығтегін қаған тасқа қашап жаздырған «Тұтас түрік елі» идеясынан бастау алады.«Күлтегін» жырында: «Жоғарыда Көк Тәңірі, Төменде қара жер жаралғанда, Екеуінің арасында адам баласы жаралған», – деп жазылған. Көне түрік дәуірінен қалған бұл жазба дерек сол кездегі түрік дүниетанымы мен наным-сенімдерінен хабар береді. Көк Тәңірі (Көк аспан) – ол кәдуілгі көзге көрінетін, аспанға қарама-қарсы қойылатын заттық аспан емес еді. «Аспан аруағын» сол кезде тек қытайлар ғана Көк Тәңірі деп түсінген сияқты. Түріктер түсінігіндегі Көк Тәңірі – ол танып-білуге болмайтын құпия тылсым күш! Түріктер оған Жаратушы деп емес, желеп-жебейтін жарылқаушы күш ретінде сыйынған. Тәңірілік діннің Исламнан өзгешелігі – адамды Тәңір жаратты демейді, «Жоғарыда Көк Тәңірі, Төменде қара жер жаралғанда, Екеуінің арасында адам баласы жаралған» – деп, әрі десе бір құдіретті тылсым күштің бар екендігіне бас иеді. Бұл ақиқатқа жарылқаушы деп табынады. Көк Тәңірдің құдіретімен түріктер Көк бөріден өрбиді деп түсіндіреді. Бұл олардың тотемдік нанымы еді. «Тәңір» мен «Түрік» сөздері бірге қалыптасқан.Түрік халқының өмір салты – олардың әдет-ғұрпы мен табиғатты анимистік сеніммен қатты қастерлейтін дүниетанымына сәйкес құрылған еді. Адам баласы жаралған соң, оларға иелік ету үшін «бектер» пайда болған деп түсінді. Әр халықтың еркіндігін тану – ол дәуір үшін кереғарлық болатын. Ал өз халқының азаттығы түріктер үшін Көк Тәңірдің ақиқаттығындай еді. Нақ осы ақиқат үшін түрік халқы жан қиюға дейін баратын.

552 жылы Бумын қаған іргесін қалаған Түрік қағанатының шекарасы батыста Византиямен, түстікте Персиямен, тіпті Үндістанмен, ал Шығыста Қытаймен шектесетін алып империя дәрежесіне көтерілді. Сол алып қағанат кейіннен бірте-бірте күйрей берді. Қағанаттың басты бәсекелесі Қытай болды. Қытай өз билігін түріктерге жүргізу үшін, соғыс жүргізуден гөрі жымысқы «жұтып қою» саясатын іске асыра бастайды. Түрік қағандарына Қытай императорлары өз қыздарын ұзатып, өз жиендері арқылы түріктерді өздеріне бодан ету саясатын ұстанды. Тәуелсіз саясат жүргізіп отырған түрік қағандарына Қытай мәдениетімен ықпал ету, өздерінің мәдени құндылықтарын мойындату, түріктердің көшпелі мәдениетін күйрету арқылы өздеріне құл ету процесі жүріп жатты. Іштен ірітудің таңдаулы әдістерін игерген Қытай императорлары 709 жылы түрік (бұрынғы Батыс және Шығыс Түрік қағанаттарының орнына қайта құрылған қағанат) қағаны Қапағанды (Мойыншор) қармаққа іледі.

Осы кезеңде Түрік қағанатын қайта қалпына келтірген Елтерістің (Құтлығ) інісі Қапаған қаған қартайған шағында түрік заңын бұзып, Түркештердің қағанын өлтірді. Бұған наразы болып, Қапағаннан безінген түрік халықтары жан-жаққа бытырап, Қытайға біртіндеп бодан бола бастады. Осы кезде білгір Тоныкөк Қапаған қағанға кеңес қосып, Қытай мәдениетін ішке ендірмеу қажеттігін айтып, бұл мәдениеттен түрікмәдениетінің ұлығ екеніне көз жеткізу үшін жасаған әрекеттері бар. Бірақ Қапаған қаған көнбеді.Енді Білге қағанның баласы Иоллығтегін жазып қалдырған «Күлтегін» жырында баяндалатын оқиғалар желісі бойынша тарқатайын. Түрік халықтарының бірлігі мен азаттығын, мәдени-руханитұтастығын сақтап қалу үшін Күлтегін 716 жылы әскери төңкеріс жасап,Қапаған қағанның басын алды. Халыққа арнап:

О, қасиетті Отүкен қойнауныңхалқы,

Біресе ілгері шаптың,
Біресе кері шаптың,
Барған жерде не пайда таптың. 
Қаның судай ақты,
Сүйегің таудай (болып) жатты.
Бек ұлдарың құл болды,
Пәк қыздарың күң болды.
...Түрік, оғыз бектері, халқы, 
тыңдаңдар!
Биіктен тәңірі баспаса, 
Төменде жер айналмаса,
Түрік халқы, ел-жұртыңды кім қорғайды? –

деп ұран тастап, түріктерді бірлікке, тұтастыққа шақырды. Өзі де ескі заңды бұзбастан өз ағасы Білгені қаған етті. Осы кезде түріктер үшін өзін сақтап қалу мәселесі күн тәртібіне көтерілген болатын. Білге қаған, Күлтегін және Тоныкөк жабғулар біріге жүріп, жауларымен күресудің жаңа тәсілін ойлаптапты. Түріктер стратегиясының принципі белсенді қорғаныс болды да, идеологиясының негізгі ұстанымы өзін Қытайға қарсы қою деп табылды.
Бұл идеологияны қалыптастыру Тоныкөк сияқты мемлекетшіл ақылгөй даналардың ғана қолынан келді. Сол кезде өздерін сақтап қалу үшін түрік идеологтары арғы тарихын зерттеу арқылы қытайлардан жеңіліп қалу себебін тапқан болу керек. Яғни әскери күші мығым олардың бабалары қытайларды өздері басып алып бағындырады да, соңынан билеп-төстеп отырып, өздері қытайланып кетіп отыратын. Бұл отырықшы ұлы халықтың қалыптасқанмәдениеті көшпелілер мәдениетін жұтып қоятын. Қағанаттың ендігі ресми Қытай мәдениетін мойындамау және көршілерінен өздерінің артықшылықтарын іздеу сияқты екі принципке сүйенді.

Түріктердің идеологиясы саясатта қорғаныстық, ал идеялық жағынан прогресшіл болып табылады. Бұл идея – «Тұтас түрік елі» идеясы деп аталды. Тек біртұтастықты сақтау арқылы ғана Қытай қарулы күшіне төтеп бере аламыз, ал өзіміздің мәдени-рухани құндылықтарымызды сақтасақ, түрік халқы дамимыз деп түсінді.

Бұл туралы М.Қойгелдиев: «Қытай мемлекетімен арада болған мың жылдық тартыс түркілер үшін «Тұтас түрік елі» концепциясының өмірге келуімен аяқталған еді. Түркілердің бұдан былайғы кезеңдегі тағдыры үшін бұл нәтиже Қытай қорғаны қабырғасын тұрғызудан кішкене де кем емес-тін», – деп ой қорытқан болатын.Қытай мәдениетіне саналы түрде қарсы тұру, оғанөзінің ескі әдет-ғұрпы мен мәдени-рухани құндылығын қарсы қою аса маңызды. Себебі, қытайлар мен түріктер арасындағы күрес – тек мемлекеттер арасындағы немесе ұлттар мүддесі арасындағы тартыс емес, екі түрлі дүниетаным мен мәдениет, руханият пен өркениеттер арасындағы қақтығыс болды. Қытайдың дегеніне көнбеу үшін ұлттық идея – «Тұтас түрік елі» идеясы қалыптасты. Бұл идеяның негізін Құтлығ, Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк және Иоллығтегін сияқты көктүріктер қалап, Көк Тәңірге бас ие отырып, өз елің жерін халқын биікке көтеріп тарихта өшпес із қалдырды.



















«Түрік бірлігі» идеясынан «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясына дейін


Түріктердің мәңгілік мақсат-мұраттарын көздейтін «Тұтас түрік елі» идеясын насихаттайтын «Тоныкөк», «Күлтегін» жазбаларының өзін осы идеяны мәңгі көктүріктің ұрпақтарына қалдыру үшін Иоллығтегін тасқа қашатып жаздырды. «Бәрібір адам баласының бәрі өлгелі туған», – дейді Иоллығтегін. Бұл дүниедегі өмір өз жұртыңа сөз қалдырып, керек болса, жұртың үшін жан қиюға дейін бару үшін, ал о дүниедегі өмір – мәңгілік тіршілік деп түсінген. Түрік халықтарының жойылып кетпей, бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекеттер болып отыруы осы «Тұтас түрік елі» идеясы.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы дегеніміз – өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы сара жол.Көптеген атақты ғалымдардың пікірін оқи отырып маған профессор Күлтегін сыйлығының лауреаты Сатай Сыздықовтың жазғаны қатты қызықтырды. Солардың бірі

жалпы, ежелгі түркілердің «Мәңгілік ел» идеясын екі мағынада алып қарастырған дұрыс. Біріншісі – кең мағынада, яғни біртұтас түркі елі немесе қағанат, бірнеше ұлыстар мен ру-тайпалық мемлекеттерді біріктірген ірі бірлестік, ал екіншісі – тар мағынада, яғни жекелеген түркі мемлекеттері немесе хандықтар мен ұлыстар. «Мәңгілік Ел» идеясының алғаш рет манифест, яғни үндеу тұрғысынан жарияланғаны – кең мағыналық сипатта еді. Өйткені, ол кезде түркі жұрты – Ұлы Түркі қағанатын, яғни біртұтас елін құраған заман болатын. Ежелгі түркілердің «Мәңгілік Ел» идеясы үш тұғырдан, яғни үш негізден тұрады: оның біріншісі – көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» манифесі, екіншісі – әл-Фарабидің философиялық шығармаларында, әсіресе, «Қайырымды қалада» бұл идеяның теориялық-методологиялық тұрғыдан тиянақталуы және үшіншісі – Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіздеген «Құтты Білік» дастаны. Бұлардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты, бір заманның жемісі және өзіне дейінгі бабалар мұратымен жалғаса отырып, кейінгі ұрпақтарының құрған мемлекетшілдік, яғни «Мәңгілік Ел» идеясымен сабақтасады.Тоныкөк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйытқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде айтылады. Түркі халқының елдігінен айырылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын бергені» паш етіледі.Осының бәрі кейінгі ұрпаққа да үндеу ретінде айтылғаны көрінеді. [8,б.5-6]Сонымен қатар, бұл жерде «Мәңгілік Ел» ұғымы, тәуелсіздік рухы, азаттық идеясы бір-бірімен үндесіп тұр.Көне түркі жазба ескерткіштерін алып қарастырсақ, біріншіден, олардың заттық, яғни материалдық сипатқа ие болып, еркіндік, азаттық пен тәуелсіздіктің нышандарын айғақтайтын мемлекеттік рәміздер белгілерін көруге болады. Мысалы, Күлтегін ескерткішінің ұшар басы бөрі бейнелі бесбұрышты қалқан түрінде ойылуы кездейсоқ емес. Көк бөрі түркі халықтарының ежелгі тотемдік нанымына негізделгендігі белгілі. Түркілер әулетінің негізін қалаған Ашина Алтай тауына қоныс тепкеннен кейін, «өзінің тегін ұмытпайтындығын елге жария ету үшін қақпасына қасқыр басты туын іліп қойды», делінген қытай жылнамаларында. Толық бөрі бейнесін оның басы арқылы беру «тұтастықты бөлшек арқылы беру» деген ғылыми принципіне негізделген. Мұндағы бөрі бейнесі көркемдік емес, саяси-әлеуметтік, яғни елдік пен еркіндікті, тәуелсіздік пен азаттықты айшықтайтын тудың рәміздік нышаны. Бөрінің бейнесі көптеген түркі тайпалары мен руларының таңбасы болған. Қазір де кейбір түркітілдес халықтар қауымдастығының рәмізі ретінде қолданыста.Л.Н.Гумилев те Орхон-Енисей ескерткіштеріне талдау жасағанда руникалық жазулар эпитафиялық емес, публицистикалық сипатта деп жаңа бір пікірді білдірген болатын: «үш жазудың мәтіндері де түркілердің барлық қоғам мүшелеріне үндеу тұрғысында айтылған, оның өзінде ештеңемен бүркемелемей, халықты сендіргісі келеді. Ендеше, жазу – үндеу, ондағы берілген материал таңдап алынған. Мұндай жанрдың болуының өзі сөздің түркі қоғамында нақты күш екендігін көрсетеді. Олай болса, дамыған қоғам және қоғамдық пікір де бар». Ендеше, бұдан шығатын қорытынды: «Мәңгілік Ел» – көне түркі жазба ескерткіштерінде Ұлы Түркі қағанаты мемлекетінің манифесі ретінде жария етілген деген екен.

«Мәңгілік ел» сөзі аспаннан түсе қалған жоқ. Ол біздің тамыры тереңде жатқан түп тарихымыздан алынды. Оны дәлелдеп жатудың да қажеті жоқ. Мәселен, белгілі түрколог ғалым, тарихшы Қаржаубай Сартқожаұлы «Бұл, әрине, тектен-текке шыққан дүние емес. Кезінде Түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөкабыз негізін қалаған идея» дейді.Бұл тарихи асыл мұратты Президент те дөп басты. «Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік.Ел –жалпықазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.Бабаларымыздың арманы» деді.

Әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгілік Ел» философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ғалым «Мәңгілік Ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері» шығармаларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім – Әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды. Түркі мемлекеттерінің сабақтастығын жекелеген хандықтар құрылған заманда жалғастырған тұлғалар: Керей мен Жәнібек,Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан, Абылай хан мен соңғы Кенесары хан еді.Ол хандарымыз көрегендік билік жүргізудің арқасында қазақ елінің жерін сақтай біліп қазақ деген халықты бір орталыққа біріктіріп, ұлан-байтақ жерімізді кеңейтіп ұлы халыққа айналдырды. Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы тарихи-саяси айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени-рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені ол қазақ баласының саясат,мәдениет сатысында көтерілгендігін айғақтай отырып ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге,өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл қозғалыс еді. Алаш зиялыларының Қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің Тарих толқынында кітабының «Алаш мұрасы және осы заман»атты тарауында «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар,әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді»деп көрсеткен болатын. [1,б.156] Ұлт тағдырына қатысты кез-келген өміршең идеяның із-түзсіз жоғалып кетпейтіні сияқты алаштық идея да ұлтжанды азаматтардың ойында жүрді. М.Шоқайдың эммиграцияда жүргендегі еңбектері, М.Әуезовтың шығармашылығы, тарихшы Е.Бекмахановтың зерттеулері Желтоқсан көтерілісі сияқты көрнекті мысалдар Алаш идеясының,азаттық идеясының тәуелсізідкке дейін үзілмей келе жатқандығын аңғартады. Қазіргі қол жеткен еркін шағымызда баянды ету үшін бір азаттық жолы арман болған ата ұрпақтың аманатына берік болуды борышқа айналдыруымыз керек. Бүгінгі «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізгі мәні – өшпейтін мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын Қазақтың ұлттық мемлекеті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр», деген еді. [1,б.22-23]

Енді міне «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз – түркілердің Мәңгілік Ел идеясын – Қазақ елінің ұлттық идеясы ретінде жариялап отыр.

Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының Елбасымыздың тікелей тапсырмасымен салынуының өзі, саяси биліктің бұл идеяны жарияламай тұрып-ақ тыңғылықты даярланғанын көрсетеді. Ата-бабамыз тәуелсіздікті аңсаған арманға жеттік. Бүгінде мәңгілік елге жету үшін Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру, ғылымды қаржыландыру әлемдік деңгейге жеткізу, ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсарту,шағын және орта бизнес келешекте жаңа құрылған инновациялық кәсіпорындарды дамыту жалпы алғанда тілімізді,дінімізді,рухани құндылықтармызды одан әрі жетілдіріптарихтан өшпейтін мәңгілік елге айналу.




Қорытынды


Қазақ ұлтының бүгінге дейін қат-қабат тарихының басты мазмұны-азаттық үшін күрес. Елдік пен бостандық жолындағы күресіміздің байырғы сақ,ғұн,оғыз, үйсін,түрік қағандығы замандарынан кешегі шерлі желтоқсанға дейін сан ғасырлық шежіресі бар.Ата-бабамыз бес ғасыр армандаған арманы орындалды деп білемін. Өйткені, «Бітер істің басына, жақсы келсін қасына»деп дана халқымыз айтқандай,сол жұмыстардың дәл ортасында Ел Президенті жүрді.  Енді міне «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз – түркілердің Мәңгілік Ел идеясын – Қазақ елінің ұлттық идеясы ретінде жариялап отыр.

Ұлт бірлігін, қағанат билігін мәңгілікке сақтап қалуды мұрат тұтқан Білге қаған,Тоныкөк,Күлтегін «мәңгілік ел» идеясын ұсынған және келер ұрпаққа өсиет етіп қалдырғандай.

Біз,еркін елдің жас қырандары XX ғасырдың басындағы зиялыларымыз таңдаған білім мен білік жолын басшылыққа алып,туған еліміздің тәуелсіздігін сақтауға,ұлтымыздың асыл мұрасын,салт-дәстүрін,биік рухын қадірлеп,ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге парыздармыз.

Байлығымз да,бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашағындай сақтай білуіміз керек. Мәңгілік Ел-жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.




















Пайдаланған әдебиеттер


  1. Н.Ә.Назарбаев Тарих толқынында. Алматы Атамұра,2003ж

  2. Бейсембай Кенжебаев Түрік қағанатынан бүгінге дейін. Алматы Ана тілі,2004ж

  3. Лев Гумилев Көне түріктер Алматы Білім,1994ж

  4. «Жебе»газеті,30қаңтар 2014жыл

  5. Айқын газеті,№54 (2451)2014жыл

  6. Астана Ақшам,№31 20наурыз 2014жыл

  7. Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы Қазақстан 2050 «Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ»,Астана 2014жыл

  8. Орталық Қазақстан қоғамдық-саяси газеті, 30қаңтар 2014ж



ШҚО Жарма ауданы

Шар қаласы

Т.Көбдіков атындағы орта мектеп

Тарих пәнінің мұғалімі

Ажимбетова Каламкас Байкеновна




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 30.01.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров202
Номер материала ДВ-394237
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх