Предпросмотр материала:
Сабақтың тақырыбы: «82+18, 100-82 түріндегі жазбаша қосу және азайту тәсілдері»
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды толық ондыққа дейін
толықтыру негізінде және 100 санын
шығарып алудың жазбаша қосу, азайту
тәсілдерімен таныстыру, өтілген есептеу
тәсілдерін пысықтау.
2. Оқушылардың есептеу дағдыларын
жетілдеру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін
дамыту, құзіреттіліктерін арттыру
3. Алғырлыққа, шапшаңдыққа,
ұшқыройлылыққа тәрбиелеу, математикалық
сөйлеуге баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, суретті тапсырмалар, кесте, сызба.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, иллюстративті-репродуктивті.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар назарын сабаққа аудару, сынып кезекшілерін анықтау, сыныпты түгелдеу.
Үй тапсырмасын тексеру
1. №7-тапсырма
2. Бекіту.
Тірек білімдерін жетілдіру
- 60 пен 34 сандарының қосындысы неге тең?
- 88 бен 44 сандарының айырмасын тап?
- 50 санына 34 пен 4 сандарының айырмасын қос?
- 35 санынан 12 мен 3 сандарының қосындысын кеміт?
- 35 см-ге 3 дм 3 см-ді қос?
- 60 саны шығу үшін 56 санына нешені қосу керек?
- 70 саны шығу үшін 56 санына нешені қосу керек?
- 100 саны шығу үшін 97-ге нешені қосу керек?
- 90 саны шығу үшін 100-ден нешені азайту керек?
- 85 саны шығу үшін 100-ден нешені азайту керек?
Жаңа материалды игерту
Оқулықпен жұмыс
№1-тапсырма
82+18, 100-82 түріндегі жазбаша қосу және азайту тәсілдерін үйрету.
Дәптермен жұмыс
№2-тапсырма
Баған түрінде жазып, есептеу.
а) 34+66=100 100-37=63 51+49=100
100-82=18 35+15=50 50-27=23
ә) 3 дм 4 см 1 м 0 дм 0 см 3 дм 5 см
6 дм 6 см 3 дм 4 см 4 дм 5 см
34 см 100 см 35 см
66 см 34 см 45 см
№3-тапсырма
Берілген есепті әртүрлі тәсілмен шығару.
Шарты: Сатып алды - 100 дәптер
Торкөзді дәптер – 45
Жолды дәптер – 48
Сұрағы: Қалың дәптер - ?
Шешуі: 1) 100-(45+48) =7 (дәптер)
2) (100-48)-45=7 (дәптер)
3) 100-45-48=7 (дәптер)
Жауабы: Анасы 7 қалың дәптер алды.
Сергіту сәті
Тебеледі ағаштар (қолдарын жоғары көтеру, жайқалу),
Алдымнан жел еседі (қолдарымен өздеріне қарай желпу).
Кіп-кішкентай ағаштар (жүрелерінен отыру),
Біп-биік боп өседі (жоғары көтерілу).
Дәптермен жұмыс
№4-тапсырма
Қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастырып, оларды шығару.
Шарты: Қызыл – 14 дана
Көк - ?, 15 дана артық
Сұрағы: Барлығы - ? дана
Шешуі: 14+(14+15) =43(дана)
Жауабы: Барлығы 43 дана.
№5-тапсырма (ауызша)
Есептер бойынша өрнектер құрастыру, жазу.
а) b-(k+m)
ә) (b-k)+m
№6-тапсырма
Есептемей салыстыру.
42+58 * 42+18 51-31 * 51-21
60-14 * 60-24 46+34 * 64+34
Қорытынды
Бекіту
№7-тапсырма
Кесте бойынша өрнектерді оқып, олардың мәнін табу.
Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан, өздерін жақсы жағынан көрсеткен оқушылар мадақталады, бағаланады.
Үйге тапсырма: 1. Баған түрінде қосудың жаңа жағдайын,
қосындыда 100 болатын және 100-ден азайту
түріндегі қосудың алгоритмін қайталау.
2. №8 тапсырма
Бұл сабақтың мақсаты оқушыларды толық ондыққа дейін толықтыру негізінде және 100 санын шығарып алудың жазбаша қосу, азайту тәсілдерімен таныстыру, өтілген есептеу тәсілдерін пысықтау. Оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдеру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, құзіреттіліктерін арттыру. Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, ұшқыр ойлылыққа тәрбиелеу, математикалық сөйлеуге баулу болып табылады. Бұл сабақ жаңа технология негізінде құрылған. Сабақ барысында оқушылар математикалық тілде сөйлеп, күрделі есептерді шығарады.
Бұл сабақтың мақсаты оқушыларды толық ондыққа дейін толықтыру негізінде және 100 санын шығарып алудың жазбаша қосу, азайту тәсілдерімен таныстыру, өтілген есептеу тәсілдерін пысықтау. Оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдеру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, құзіреттіліктерін арттыру. Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, ұшқыр ойлылыққа тәрбиелеу, математикалық сөйлеуге баулу болып табылады. Бұл сабақ жаңа технология негізінде құрылған. Сабақ барысында оқушылар математикалық тілде сөйлеп, күрделі есептерді шығарады.
В каталоге 7 120 курсов по разным направлениям