Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / "Түркі тілдес елдердің географиясы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • География

"Түркі тілдес елдердің географиясы"

библиотека
материалов


Есназарова Ұ.Ә. Темірбеков А.Т.

ТҮРКІ ТІЛДЕС ЕЛДЕРГЕОГРАФИЯСЫ қолданбалы курсының бағдарламасы


Түркі тілдес елдер географиясы пәнінің бағдарламасы

Түркі тілдес елдер географиясы жоғары сынып оқушыларына арнап жазылған. Қазақ-түрік лицейлерінде, сондай-ақ жай мектептерде факультатив сабақты (бөлінген сағаттың есебінен) осы бағдарлама бойынша өткізуге болады. Жалпы көлемі 34 сағат. Бұл курс кіріспе және негізгі 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім 4 тақырыпқа, ал екінші 6тақырыпқа бөлініп берілген.

Бірінші бөлімде – түркі тілдес елдердің табиғатына жалпы шолу. Онда халықтардың саны, орналасуы, табиғи өсуі және Өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының дамуына әсер еткен жағдайлар мен факторлар қарастырылған. Мұнда 2 сарамандық жұмыс бар.

Екінші бөлімде түркі тілдес елдер тобына кіретін егеменді 7 елдерінің географиялық орны, астанасы, халқы мен оның табиғи өсуі, табиғи ерекшелігі мен экономикасының дамыған салаларына жеке-жеке сипаттама берілген. Әрбір республика бір-бірінен өзіне тән тарихи қалыптасу кезеңдерімен, табиғи байлығымен, даму келешегімен ерекшеленеді. мұнда 2 сарамандық жұмыс болады.

Үшінші бөлімде ХХ ғасыр соңында дүниежүзі саяси картасындағы ірі өзгерістер мен КСРО ыдырағаннан соң пайда болған егеменді елдердің өзара ынтымақтастық іс-әрекеттеріне сипаттама берілген.

Бағдарлама соңында бір оқу жылына арналған күнтізбе жоспарының үлгісі тіркелді.

Кіріспе (1 сағат)

Түркі тілдес елдер географиясы пәні және оның маңызы туралы. Түркі тілдес мемлекеттердің қалыптасу кезеңдері. Мемлекеттік белгілері (елтаңбасы, жалауы, әнұраны). Ел атауларының шығу тарихы. Елдер арасындағы экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудегі география ғылымының үлесі. Түркі халқынан шыққан ұлы адамдар (Әл-Фараби, Қ.А.Йасауи, Ибн Сина, Манас, Ұлықбек Мақтымқұлы, Ататүрік). Географиялық білім негіздері. Қосымша әдебиеттер мен анықтамалар.

І бөлім.

Түркі тілдес елдердің табиғаты мен экономикалық және әлеуметтік жағдайына жалпы шолу (18 сағат)


1 тақырып. Дүниежүзінің саяси картасы (1 сағат).


Дүниежүзінің саяси картасында түркі тілдес елдердің орны. Дүние- жүзіндегі аса ірі мемлекеттер – Ресей, Қытай, Украина, Қазақстан, Үндістан, Канада, АҚШ туралы қысқаша түсіндіру. КСРО-ның ыдырап, 15 егеменді елдің пайда болуы туралы. Әр түрлі елдер мен ондағы ел басқару түрлеріне сипаттама.

Халықаралық ұйымдар. Саяси география.

Оқушылардың қалауы бойынша бір елдің табиғатына, саяси экономикалық жағдайына сипаттама беру.


2-тақырып. Түркі тілдес елдердің табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары (7 сағат).

Түркі тілдес елдердің табиғатына жалпы шолу. Түркі елдерінің жер бедері. Биік таулары, таулы қыраттары, ойпаттары, жер сілкіну аймақтары, пайдалы қазбалары. Климаты, шаруашылыққа және адамдардың өмір сүруіне климаттың әсері. Рекреациялық аудандар.

Түркі елдерінің ірі өзендері мен каналдары, олардың шаруашылықта пайдаланылуы. Көлдері: Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш, Ыстықкөл, Ван, Тұз, Зайсан, Алакөл. Көлдердің экологиялық проблемалары. Теңіздері. Олардың маңызы. Қоршаған ортаның ластану себептері және оларды шешу жолдары. Рекреациялық аудандар мен халықаралық туризм дамыған елдер.

Оқушылардың қалауы бойынша кез келген бір елдің пайдалы қазба кен орындарына сипаттама беріп, елдің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуі жағдайын анықтау.

Кескін картаға халықаралық туризм дамыған аумақтар мен қорықтарды белгілеу.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар:

- түркі тілдес елдердің географиялық орнын, астанасын;

- жер бедерінің ірі формаларын – биік тауларды – Понти таулары, Үлкен Арарат, Кавказ, Копетдаг, Памир, Тянь-Шань (Хан Тәңірі) таулы өлкесі, Жетісу Алатауы, Алтай тауларын, Исмаил Самани шыңы, Жеңіс, Үлкен Арарат шыңдарын;

- таулы қыраттар – Сарыарқа, Орал, Мұғалжар, Тавр, Үстірт;

- ойпаттары – Каспий маңы, Тұран; Кура-Аракс, Ферғана аңғары;

- шөлдерді - Қарақұм, Қызылқұм, Бетпақдала, Сарыесік- Атырау, Қаршы даласын;

- ірі өзендерді – Сырдария, Әмудария, Ертіс, Еділ, Іле, Ақжайық, Кура, Қарақұм каналы;

- көлдері – Каспий, Арал, Балқаш, Алакөл, Зайсан, Ван, Тұз, Ыстықкөл, Айдаркөл;

- ірі су қоймалары – Бұқтырма, Қапшағай, Тоқтағұл, Шардара Қайраққұм, т.б. картадан көрсете білу;

- табиғат ресурстары мен олардың түрлеріне;

- рекреациялық және халықаралық туризм дамыған аймақтарға;

- экологиялық жағдайы нашар жерлерге сипаттама бере білу.

1-сарамандық жұмыс

3- тақырып. Түркі елдерінің халқы (3 сағат).

Түркі елдерінің халқы. Саны. Ұлттық құрамы. Табиғи өсуі. Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілген аймақтар. Халықтардың қозғалысы, ішкі және сыртқы көші-қон. Дүниежүзінде түркі тілдес халықтар орналасқан егеменді елдер мен Қытай Халық Республикасындағы, Ресей Республикасындағы, Украина, Өзбекстан Республикасы құрамындағы түркі тілдес халықтарға сипаттама. Урбандалу. Тілі мен діні.

Оқушылардың қалауы бойынша әр түрлі анықтамалар мен қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, бір мемлекет халқының ұлттық құрамына, тілі мен дініне еңбек ресурсымен қамтамасыз етілуіне, табиғи өсуі мен қалалық дәрежесіне сипаттама беру.

Оқушылар:

- түркі елдерінің халқының санын, табиғи өсуін;

- көп тараған ұлттарды;

- урбандалу және оның проблемаларын;

- халықаралық көші-қон бағытын, оның пайда болу себептерін білулері тиіс.

4- тақырып. Түркі елдерінің шаруашылығы (7 сағат).

Түркі елдерінің шаруашылығының даму мен қалыптасу кезеңдері, дамыған салалары. Халықаралық еңбек бөлінісінде алатын орны. Түркі елдері өнеркәсібінің энергетикалық, өндіруші және өңдеуші салалары дамыған аудандары. Ауыл шаруашылығы дамыған елдер. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары. Түркі елдерінің көлігі. Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы және даму келешегі. Халықаралық қатынастар мен өндірісті орналастыру шарттары.

2-сарамандық жұмыс. Оқушылардың қалауы бойынша шаруашылықтың бір саласы жақсы дамыған елдің карта сызба- нұсқасын сызу.


ІІ бөлім.

Түркі тілдес жеке мемлекеттерге сипаттама

(10 сағат)


Қазақстан Республикасы (1 сағат).

Географиялық орны. Астанасы. Табиғатына жалпы шолу. Жер бедері. Пайдалы қазбалары. Климатының ерекшеліктері. Аридтік жерлері. Өзендері, көлдері. Арал-Балқаш көлі проблемалары мен экологиясы. Каспий байлығын игерудің келешегі. Қара және түсті металлургия. Химия Өнеркәсібі дамыған аудандары. Ауыл шаруашылығы. Егін және мал шаруашылығы. Негізгі мал тұқымдары. Қазақстанның көлігі, Ұлы Жібек жолы, Халықаралық байланыстары. Қазақстан егемендігін алғалы бері экономикасындағы өзгерістер.

Түркия Республикасы (1 сағат).

Географиялық орны. Астанасы. Табиғаты, климатының ерекшеліктері. Өзендері мен көлдері. Түркияның жағалауына ұласып жатқан теңіздері. Халқы. Табиғи өсуі. Орналасу ерекшелігі. Қала халқы. Урбандалу.

Өнеркәсібінің дамыған салалары. Ауыл шаруашы-лығының басты салалары. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу. Ірі тамақ өндіретін компаниялар. Дүниежүзіне танымал құрылыс компаниялары. Халықаралық туризм. Халықаралық маңызы бар курортты аймақтар. Көлігі және оның дамыған салалары. Ірі қалалары – Стамбұл, Анкара, Измир, Адана.

Түркіменстан Республикасы (1 сағат).

Географиялық орны, астанасы. Табиғат жағдайының ерекшелігі. Жер бедері. Шөл белдемін игеру және сорланған топырақты мелиорациялау жұмыстары. Қарақұм каналы. Өнеркәсібінің дамыған салалары. Қаракөл қой және түйе шаруашылығы. Асыл тұқымды жылқы өсіру. Халқы және олардың орналасу ерекшеліктері. Көлігі. Сыртқы экономикалық байланысы.

Өзбекстан Республикасы (1 сағат).

Географиялық орны, астанасы. Жер бедері. Пайдалы қазбалары.

Климаты, өзен-көлдері. Оларды мелиорациялау жұмысына пайдалану каналдары. Дамыған салалары. Ауыл шаруашылығы, машина жасау, авиация Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығының дамыған салалары –мақта, бау-бақша, жүзім шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу. Көлігі. Ұлы Жібек жолындағы дамыған ежелгі қалалары. Халықаралық туризм.

Қырғызстан Республикасы (1сағат).

Географиялық орнының ерекшелігі, астанасы. Жер бедері, пайдалы қазбалары. Климаты, өзен-көлдері. Өзендерін халық шаруашылығында пайдалану. Ыстықкөлдің курорттық маңызы. Халықаралық туризмнің даму бағыты.

Өнеркәсібінің дамыған салалары. Ауыл шаруашылығы. Көлігі. Сыртқы экономикалық байланыстары. Қырғыздан шыққан атақты адамдар.

Әзірбайжан Республикасы (1сағат).

Географиялық орны, астанасы. Табиғатының ерекшелігі. Шаруашылығының мамандануында Каспий теңізінің маңызы. Ауыл шаруашылығы. Курортты аймағының келешегі. Халқы. Көлігі. Сыртқы экономикалық байланысы.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (1 сағат).

Географиялық орны. Астанасы. Шаруашылығына жалпы сипаттама. Халықаралық туризмнің даму келешегі.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар:

- Әрбір республиканың географиялық орнын, астанасын;

- халқының санын, орналасу ерекшелігін және құрамын;

- Өнеркәсібінің дамыған жетекші саласын;

- толық циклды металлургия комбинаттарын;

- ірі машина жасау орталықтарын;

- ауыл шаруашылығы дамыған аудандарын;

- елдің ауыл шаруашылығында егетін негізгі дақылдарын;

- ең жақсы дамыған көлік түрлерін;

- халықаралық туризм дамыған аудандарға сипаттама беру;

- картадан ірі қалаларын, ірі кен орындарын көрсету.

ІІІ бөлім. Түркі тілдес елдердің арасындағы өзарамәдени және экономикалық ынтымақтастық (6 сағат)

Түркі тілдес тәуелсіз елдермен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастық.






Күнтізбе жоспары


р/с

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе


1



І бөлім. Түркі тілдес елдердің табиғаты мен экономикалық және жағдайына

жалпы шолу


18 сағат


1

Дүниежүзінің саяси картасындағы түркі тілдес елдер




2-тақырып. Түркі елдерінің табиғат 7

жағдайлары мен табиғат ресурстары.


8 сағат


2

Экологиялық проблемалары

1


3

Түркі елдерінің табиғаты

1


4

Түркі елдерінің табиғаты

1


5

Жер бедері. Пайдалы қазбалары.

1


6

Климаты. Рекреациялық ауданы

1


7

Өзендері және оларды шаруашылықта пайдалану. Көлдері

1


8

Табиғат ресурстары және оларды пайдалану

1


9

Қорықтар.1-сарамандық жұмыс


1



3-тақырып. Түркі тілдес елдердің халқы

3 сағат


10

Түркі елдерінің халқының саны, ұлттық құрамы, табиғи өсуі


1


11

Еңбек ресурстары. Халықаралық көші-қон. Ішкі және сыртқы көші-қон


1


12

Түркі тілдес халықтардың орналасуы. Урбандалу

1



4-тақырып Түркі елдерінің шаруашылығы

6 сағат


13

Түркі елдерінің шаруашылығына жалпы

сипаттама.

1


14

Өнеркәсібінің дамыған салалары

1


15

Ауыл шаруашылығы

1


16

Көлігі

1


17

Ұлы Жібек жолы

1


18

2-сарамандық жұмыс 1 Қайталау

1



ІІ бөлім. Түркі тілдес мемлекеттерге жеке сипаттама

10 сағат


19

Қазақстан Республикасы

1


20

Түркия Республикасы

1


21

Түркіменстан Республикасы

1


22

Өзбекстан Республикасы

1


23

Қырғызстан Республикасы

1


24

Әзірбайжан Республикасы

1


25

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы

1


26

Ресей Федерациясының құрамындағы түркі тілдес елдер

1


27

Қытай Халық Республикасының құрамындағы түркі тілдес елдер

1


28

3-сарамандық жұмыс

1



ІІІ бөлім. Түркі тілдес елдер арасындағы өзара мәдени және экономикалық ынтымақтастық

6 сағат



Түркия - Қазақстан

1



Түркия - Өзбекстан

1



Түркия - Қырғызстан

1



Түркия - Түркіменстан

1



Түркия - Әзірбайжан

1



Түркия - Еуропа елдері. Қорытынды тест

1








Автор
Дата добавления 10.10.2015
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1438
Номер материала ДВ-048982
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх