Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Түрлі түсті қағаздан геометриялық фигуралар (шаршы, үшбұрыш) жасау

Түрлі түсті қағаздан геометриялық фигуралар (шаршы, үшбұрыш) жасау

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Түрлі түсті қағаздан геометриялық фигуралар (шаршы, үшбұрыш) жасау.

Білімділік мақсаты: мұғалімнің кіріспе сөзі; қағаздың түрлі сорттарымен таныстыру; еңбекке баулу сабағының маңызымен таныстыру

Дамытушылық мақсаты: қайшының және желім жаққыштың құрылысымен, атқаратын қызметімен таныстыру; қайшымен жұмыс істеудің әдісін дамыту

Тәрбиелік мақсаты: балалардың қайшымен жұмыс істеуі (сызық бойымен тілікше қию) бақылау, әдемілікке, әсемділікке тәрбиелеу.

Сабаққа қажетті материалдар: 3х18 см түрлі қағаз тілікшелері (әр оқушыға төрт түрлі түсті қағаз, 4-тен) беріледі.

Қолданатын құрал: қайшы.

Сабаққа әзірлену. Сабақты өткізу үшін түрлі түсті қағаздар қажет. Түсті қағаздары жоқ болса, мұғалім бірнеше күн бұрыш балаларға үйден қағаздарды түрлі түске бояп келуді тапсырады. Мүмкіндігінше қызыл, жасыл, көк, сары түстер дұрыс. Қағаз түстері бойынша неғұрлым ашық болса, жасалған бұйым да соғұрлым әдемі болады.

Геометриялық фигураларды өрнектеу, құрастыру үшін мұғалім көлемі 3х3 см шаршы қағазды дайындап келеді. Осындай шаршыдан әр балаға шаршы және төрт, үшбұрыш қағаз беріледі. Мұғалімнің өзі түсті қағаздан көлемі 3х18 см тілікшелер дайындап алады. Осындай әр тіліктен 6 шаршы қағаз алынады да, олардың төртеуі бүтін қалдырылады да, екеуі диагональ бойымен үшбұрыштарға кесіледі. Шаршы және үшбұрыш қағаздар шығуы үшін геометриялық пішіндері дұрыс болулары керек. C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\Мои рисунки\Мои рисунки\с учебника\енбек\Фото170.jpg

Сабақтың жүйелілігі: 1) Бірінші шаршы қағазды алу. 2) Тілікті шаршыларға белгілеп шығу. 3) Тілікті шаршылап кесу. 4) Екі шаршыдан үшбұрыштар кесіп алу.

Осындай тәртіппен әр түрлі тіліктер белгіленіп кесіледі.

Сабақтың барысы: Үйге берілген тапсырманың дұрыс орындалғаны тексеріледі. Мұғалім балаларға түрлі түсті қағаздардан шаршы және үшбұрыш қағаздар кесетінін айтады. Содан соң барып, қағаздардың қандай түсі бар екенін сұрайды. Балалар тілікшелерді қарап, олардың түстеріп айтып береді.

Осыдан кейін мұғалім оқушылардың бір тілік қағазды алдарына қоюларын сұрайды. Балалар сол тілікті қарап шығады. Мұғалімнің көмегімен сол тіліктің төрт бұрышының екеуі ұзын, екеуі қысқа екенін анықтайды. Мұғалім енді осы тілікті белгілеп, түзу шаршылар кесу керектігін айтады.

Мұғалім бұл жұмысты орындау әдісін көрсетеді. Жоғарғы бұрышы тең екіге бөлінеді. Бүктелген жер тегістелінеді. Алынған үшбұрыш қағаз қарсы жағына қайырылады, бүктелген жер тегістелінеді. Үшбұрыш қағаз жазылады. Бірінші шаршы қағаз осылай алынады. Тілік қағазды бүктеу жолымен шаршы қағаздарға бөліп, белгілеп аламыз. Қағаздың дұрыс бүктелуіне және жоғарғы, төменгі бұрыштарының бір-біріне сәйкес келулеріне көңіл аударып отыру қажет.

Тіліктердің бәрін осылай етіп бүктеп алып, оларды жазып, тиісті сызықтар бойымен шаршыларға кеседі. Барлық тіліктер кесіліп болған соң оқушылар түсі екі түрлі екі шаршыдан алып, үшбұрышқа бүктейді, қайтадан жазып, үшбұрыштарға кеседі. Сонымен олар төрт шаршыдан дайындайды. Барлық фигуралар өткен сабақта дайындалған конверттерге салынады.

Сабақтың қорытындысы.

Үйге тапсырма. Тіліктерден төрт шаршы және екі үшбұрыш жасап келу.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Түрлі түсті қағаздан геометриялық фигуралар (шаршы, үшбұрыш) жасау.

Білімділік мақсаты: мұғалімнің кіріспе сөзі;қағаздың түрлі сорттарымен таныстыру; еңбекке баулу сабағының маңызымен таныстыру

Дамытушылық мақсаты: қайшының және желім жаққыштың құрылысымен, атқаратын қызметімен таныстыру;  қайшымен жұмыс істеудің әдісін дамыту

 

Тәрбиелік мақсаты: балалардың қайшымен жұмыс істеуі (сызық бойымен тілікше қию) бақылау, әдемілікке, әсемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың тақырыбы: Түрлі түсті қағаздан геометриялық фигуралар (шаршы, үшбұрыш) жасау.

Білімділік мақсаты: мұғалімнің кіріспе сөзі;қағаздың түрлі сорттарымен таныстыру; еңбекке баулу сабағының маңызымен таныстыру

Дамытушылық мақсаты: қайшының және желім жаққыштың құрылысымен, атқаратын қызметімен таныстыру;  қайшымен жұмыс істеудің әдісін дамыту

 

Тәрбиелік мақсаты: балалардың қайшымен жұмыс істеуі (сызық бойымен тілікше қию) бақылау, әдемілікке, әсемділікке тәрбиелеу.

Автор
Дата добавления 01.06.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров1114
Номер материала 552228
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх