Күні: 26. 11. 2015
ж.
Қазақ тілі
Сыныбы: 3 «А»
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер Сабақтың
мақсаты: 1. Оқушыларды тұрлаулы мүшелермен таныстыру, оларды
ажыратуға, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру. Жаттығу жүмыстары арқылы
тұрлаулы мүшелерді таба білуге үйрету.
2. Оқушылардың логикалық ой-өрісін
дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге, шығармашылық жұмыс жасауға
бейімдеу.
3. Оқушыларды ынтымақтаса жұмыс жасай білуге, жақсыны үйреніп, жаман
әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Сабақтың
типі: жаңа білім беру
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ой-қозғау, ребус,
талдау, венн диограммасы, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: сызба, топтамалар, суреттер,
слайд Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру кезені:
Психологиялық дайындық Сәлемдесу,
оқу құралдарын әзірлеу
-Балалар, бүгін біздің сыныбымызға көптеген
қонақтар келіп отыр.
-Қонақтарға не көрсетуіміз керек?
-Қонақжайлығымызды.
-Қалай. «Үлкенге де сіз,
Кішіге де біз.
Бар адамды құрметтеп, Бас
иеміз
біз.
-Тақтадағы ребусқа көңіл бөліп, шешейік.
-Қандай
сөз шықты? (Қазақ
тілі)
Қазақ тілім – өз тілім, ана
тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана – тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
-Біз сабағымызды
бастамас бұрын, алдымен тобымызға ат қойып алайық. -Тобымызға
ат қою үшін мына сұрақтарға жауап береміз.
- Сол сұрақтың жауабы топтың аты болады.
1. Қазақтың ұлы ақыны
кім?
-Абай Құнанбайұлы (I топ) 2. Алғашқы ұстаз кім?
Ыбырай Алтынсарин(II
топ)
3. Жыр алыбы кім
Жамбыл Жабаев (III топ)
-Топтарымыздың атын біліп алдық, енді сабағымызды
бастаймыз.
ІІ. Өткенді пысықтау. Миға
шабуыл Ойынның шарты: әр топқа екі сұрақтан беріледі. Сол
сұраққа жауап беріп, себеттерге орналастырады.
«Абай» тобына арналған
сұрақтар: 1.
Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлем түрлерін ата?
«Ыбырай» тобына арналған сұрақтар:
1. Мәтін дегеніміз не?
2. Мәтіннің түрлерін ата?
«Жамбыл» тобына арналған сұрақтар:
1. Сөйлем мүшесі дегеніміз не?
2. Сөйлем мүшесінің түрлерін ата?
ІII. Жаңа сабақ Тұрлаулы
мүшелер
Қызығушылықты
ояту - Балалар, қазір қай мезгілі? (Қазір күз мезгілі.)
- Күзден кейін қай мезгіл келеді? (Күзден кейін қыс
мезгілі келеді.) - Қыс айы
қай айдан басталады? (Қыс желтоқсан айынан басталады.) -
Желтоқсан айының алғашқы күні қалай аталады? (ҚР Бірінші Президенті күні.) -
Қыстың болғанын неден білеміз? (Қардың жауғанынан.)
Қар жауды. Бүгін жапалақтап қар жауды.
·
Сөйлемде не туралы айтылған?
(екі сөйлемде де қар жауғанын хабарлап тұр.)
·
Қар жауды. – сөйлемнің
тұрлаулы мүшелері. Ол бастауыш пен
баяндауыштан тұрады. Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді.
·
Тұрлаулы мүшелер
Бастауыш ҚАР
Баяндауыш Жауды.
«Абай» «Ыбырай»топтарына
ребус беріледі. «Жамбыл» тобы екеуінің ортақ қасиетін айтады.Оқушылар
бастауыштың ережесін айтады. «Ыбырай» тобынан- «баяндауыш « деген сөз шығады. Баяндауыштың
ережесін айтады. Венн
диограммасы
IY. Оқулықпен
жұмыс: Мағынаны
тану.
Дәптерлерді
ашайық,
Қолға қалам
алайық.
Салақтықтан
қашайық, Әдемі
етіп жазайық – деп дәптердің бір жолына қыс сөзін
көркем жазамыз.
61 – жаттығу. Ауызша орындату. . Сөйлемдерді
оқып, тұрлаулы мүшелерді тап. . Неліктен тұрлаулы мүше екенін түсіндір.
Мектепте асхана бар. Аспазшы тамақты дәмді пісіреді. Балалар
үзілісте асханаға келді. (Т. М. баст. пен баян. тұрады. Сөйлемдегі
негізгі ойды білдіреді.)
62 –
жаттығу. Қамқорлық.
Мәтінді тиісті тыныс белгісін
қойып көшіріп жазу.
Балалар Ақлима
әжейге көмекке келді. Қыздар үй тазалады. Ұлдар отын
жарды. Ақлима әжей
балаларға риза болды.
- Осы мәтінге ат қояйық? («Көмекшілер,
Қамқорлық»)
- Өте жақсы, жарайсыңдар! Үлкендерді
сыйлап, құрметтеп жүру ол біздің міндетіміз.
V. Сергіту сәті Саяқатқа
шығамыз,
Дорбамызды аламыз, Ой,
бұл кім? Ой,
бұл не? Бұл – су( ұртын ауаға
толтырып, жұдырықтармен ұрғылайды). Үстінен өте
алмаймыз, Астынан
өте алмаймыз,
Кеттік тура. Бұл
– құм (алақандарын
ысқылайды).
Бұл – тас (жұдырықтарын
ұрғылайды).
Бұл – арыстан (Сұқ саусақпен тыныш деген белгі
жасаймыз). Кері бұрылып қашайық, үйімізді табайық.
YI. Өздік жұмыс:
63 – жаттығу. Мақалды оқып оны
талдау, мағынасын ашу. Жатқа жазу.
1.
Әкеге қарап ұл өседі.
Шешеге қарап қыз өседі. 2.
Жаман жолдас жолда қалдырады.
- (ұлда, қызда ата - анасынан үлгі -
өнеге алып өседі, тәрбиеленеді; жаман жолдас қиыншылықта қайырылмайды,
көмектеспейді).
YII. Шығармашылық диктант: Көп нүктенің орнына тиісті тұрлаулы мүшені қою
арқылы сөйлемді көшіріп жазу.
1. Оқушылар .... . 2 ...... жазылды. 3 Қыс .... . 4 Есеп ...... . Керекті сөздер: келді, хат, түсті, орындалды. (балалардың жазғандарын оқытып жіберу)
VIІІ. Жаңа сабақты
бекіту.
64 – жаттығу. «Кім тапқыр?» Тапсырманы
оқытып мағынасына қарай сөйлемдерді ретімен айту. Тұрлаулы мүшелерді тап.
1.
Тырна түлкіге
тамақ беріпті.
2.
Құмыра түлкінің басына сыймапты.
3.
Тырна түлкіні
қонаққа шақырыпты.
·
Бұл қай ертегіден алынған
үзінді? («Тырна мен түлкі»)
·
Ақыры не болды? (балалардың
жауабын тыңдау, суретін көрсету)
IX. Қорытынды: -
Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлемнің қандай мүшесімен таныстық? Оларды
неліктен тұрлаулы мүшелер деп атайды?
Х. Үйге тапсырма: 65 – жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құра.
XI. Бағалау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.