Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тұрлаулы мүшелер Қазақ тілі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тұрлаулы мүшелер Қазақ тілі

библиотека
материалов


Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:

Сабақтың тақырыбы:  Тұрлаулы мүшелер.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік:
 оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру. Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу. Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
ә) дамытушылық: оқушылардың ой — өрісін дамыту, өз ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
б) тәрбиелік: оқушыларды өз ана тілін сүюге, құрметтеуге, тиянақтылықа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, ой қозғау, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: семантикалық карта, тест тапсырмалары, төр түлік мал төлдерінің суреттері, сұрақтар, сөйлемдер жазылған парақтар.
Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 

Психологиялық ахуал қалыптастыру

- Иә, балалар, біз әрқашанда келген қонақтарға қуаныштымыз.

ІІ. Ми гимнастикасы. Ширату.

- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз өзгеше өтеді

2) Ой қозғау.

- Абай деген кім ?

- Абай – ұлы ақын.

- Ыбырай деген кім ?

- Ыбырай – алғашқы ұстаз.

- Жамбыл деген кім ?

- Жамбыл – халық ақыны. (сөйлемдерді оқушыларға көрсету)

- Бұл сөйлемде нені байқадыңдар, балалар ?

- Сөйлемдегі екі сөздің арасына сызықша қойылған. Ол екі сөз де бастауыш.

- Дұрыс айтасыңдар.

Бұдан қандай ереже шығады ?

- Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, баяндауыштан кейін сызықша қойылады. Абай – ұлы ақын.

- Дұрыс айтасыңдар, кеше біз «Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша» деген тақырыпты өткен болатынбыз.

3) Өткенді қайталау.

1. Бастауыш дегеніміз не ?

2. Баяндауыш дегеніміз не ?

3. Бастауыштан кейін қай кезде сызықша қоямыз ?

2) Семантикалық картамен жұмыс. ( әр балаға жеке беріледі)




 

Сөздер

Бастауыш

Баяндауыш

Айжан

+


Оқыды


+

Биші

+


Жазды


+

Секірді


+


ІҮ. Жаңа сабақ.

- Жақсы, балалар, енді жаңа сабағымызды бастайық. Дәптерді ашып, бүгінгі күнді және жаңа сабағымыздың тақырыбын жазып қойыңыздар.

- Балалар, айтыңдаршы, қазір қай жыл мезгілі ?

- Күз, бірақ біздің жақта қыс ерте басталады. Сондықтан да қар жауып, борандар да басталды.

- Ал енді, мына екі сөйлемге назар аударыңдаршы:

1. Қар жауды.

2. Бүгін жапалақтап қар жауды.

- Осы екі сөйлемде қандай ұқсастық бар ? Қандай өзгешелік бар ? (балалардың жауабы)

- Өте дұрыс. Екі сөйлемде де қар туралы айтылып, оның жауғанын білдіріп тұр. Айырмашылығы – бірінші сөйлем бастауыш пен баяндауыштан ғана тұрады. Ал екінші сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа да сөздер қолданылған.

- Демек, балалар, бастауыш пен баяндауыш – сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді. Түсінгенімізді бекіту үшін оқулықтағы 61 – жаттығуды ауызша орындайық.


1) Оқулықпен жұмыс. 76 – бет. 61 – жаттығу.   (1-топ)

Мектепте асхана бар. Аспазшы тамақты дәмді пісірді. Балалар үзілісте асханаға келді.

76 – бет. 62 – жаттығу. (2-топ)

Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жаз.

Балалар Ақлима әжейге көмекке келді. Қыздар үй тазалады. Ұлдар отын жарды. Ақлима әжей балаларға риза болды.

Сергіту сәті

 Сергіту сәті

3) Оқулықпен жұмыс. 77 – бет, 63 – жаттығу.

Мақалдарды жатқа жаз. Мұндағы тұрлаулы мүшелерді тауып, астын сызыңдар. Мақалдардың мағынасын түсіндіріңдер.

1.     Әкеге қарап ұл өседі,

     Шешеге қарап қыз өседі.

2.     Жаман жолдас жолда қалдырады.

 

Ү. Қосымша тапсырма. Ойын «Кім тапқыр ?».

Электронды оқулықтағы тапсырманы орындау

Өз бетімен жұмыс

Мысалы: Абай өз өлеңдерінде жастарды білімге шақырады. Ыбырай ең алғаш рет мектеп салған адам. Жамбыл – жүз жасаған ақын.

 

ҮІ. Сабақты қорытындылау. Тест

1. Кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін:

А)Зат есім            Ә)Бастауыш            Б)Баяндауыш

2. Қандай жағдайда сызықша қойылады ?

А)Бастауыш та,баяндауыш та зат есімнен жасалса;

Ә)Бастауыш та,баяндауыш та етістіктен жасалса;

Б) Бастауыш та,баяндауыш та сын есімнен жасалса.

3. Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді:

А)Сөз таптары дейміз    Ә)Сөйлем мүшелері дейміз

Б)Сөз дейміз

4. Баяндауыштың сұрақтарын тап:

А)Кім? не? кімдер? нелер?              Ә)Қандай? қай?

Б)Не істеді? не қылды?  қайтты?

5. Бастауыштың іс-қимылын білдіретін сөзді тап:

А)Етістік         Ә) Зат есім                 Б)Баяндауыш

6. Бастауыштың сұрақтарын тап:

А) Қандай? қай?      Ә)неше? нешіші?         Б)Кім? Не? кімдер? нелер?

Жауабы (болашақ МАБ-қа дайындық ретінде):

дұрыс жауаптың ішін қарамен боя.

 

ҮІІ. Үйге тапсырма. 91 – бет. 65 – жаттығу.

ҮІІІ. Бағалау.



Краткое описание документа:

Оқушылардың бастауыш пен баяндауыш туралы білетіндерін негізге ала отырып,тұрлаулы мүшелер туралы мағлұмат беру.Тұрлаулы мүшелерді ажырата білуге дағдыландыру. Сұрақ қою дағдыларын қалыптастыру.

Оқытудағы жаңа тәсілдер туралы түсінік беру және  сабақтарда түрлерін қолдану. оқушылардың арасында ынтымақтастық ахуал калыптастыра білу.Бағалау әдістерін көрсете отырып, бірін-бірі бағалай білуге дағдыландыру.Бір бірінің  пікірін тыңдай білуге үйрету.қйымшылдыққа,достыққа тәрбиелеу. Оқушылардың сөздік қорларын дамыту,өз ойларын еркін жеткізе білуге  дағдыландыру.

Автор
Дата добавления 21.11.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров1071
Номер материала 144189
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх