Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / «Төрлет, төрлет Жаңа жыл!»

«Төрлет, төрлет Жаңа жыл!»


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

«Төрлет, төрлет Жаңа жыл!»

1.Сұлу мен Шұғыла өлең шумақтары

2.Хан уәзірлерімен кіреді.

3.Хан,уәзірлерімен кетеді.

4.Ән «Шырша жыры» хор.

5.Өлең шумақтары Алдияр мен Гүлназ

6. «Жыл басына таласқан хайуанаттар» биі.

7.Өлең шумақтары Жантөре,Азиз,Камила,Дина, Даяна

8. Ән «Қыс күні» хор

/Айжан сөйлейді,желаяқ-Рамазан,Саққұлақ-Ернұр,таусоғар-Мансұр/

9.Дауыс естіледі,саққұлақ сөйлейді.

10. Желаяқ, Ақшақарды әкеледі.

11.Ақшақар сөзі.

12. Ән «Ақшақар» қыздар вокалы

/Таусоғар-Мансұр киінеді/

13.Ақшақар сөзі.

14.Мыстан кемпір келеді.

15.Желаяқ аяз атаны әкеледі.

16.Таусоғар мыстан кемпірді қуып жібереді.

17.Аяз атаға өлең шумақтар: Нұрай,Алуа,Дамир, Аяна, Бақытжан

Ханның жарлығы әлем чемпиондары сахнаға шығуы туралы жарлығы.

18.Би «Хоккейшілер»/Аманғали Ернұр,Нұржігіт,Нұрасыл,Мансұр,Алдияр,Алтай

Ернұр,Рамазан/

20.Аяз ата мен ақшақар кетеді.

21.Ойын «Жаңа жылдың жаңалығы», ата-аналармен ойналады.

22. Ән «Ақсиса» Бейсенбеков Нұржігіт.

Би «Солтүстік бишілері» /чукоткалар/

23.Ханның жарлығы туралы айту/жұлдызшалар таратылады/

24. Ән «Жаңа жыл»

25. Қой келеді, сыйлықтарды әкеледі.

26.Жантөре бата береді.













«Төрлет, төрлет Жаңа жыл!»

Шұғыла:

Оралды өлкеме,

Жаңа жыл армысың!

Оранды ақ көрпе

Асқар тау, қарлы шың.

Тоғай да, баулар да,

Ақ күміс жамылды.

Дала да,таулар да,

Өзіңді сағынды.


Сұлу:

Төбеде күн күліп,

Балалар тұр қарап.

Бәріміз бірігіп,

Тебейік сырғанақ.

Аспан жерге төгілді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жыл да келеді,

Бізге қарай жылыстап.

-Сұлу сен білесің бе, биыл жаңа қой жылы келеді.Бұл жылы молшылық, ырзық,береке көп болады.Аспанымыз ашық, бейбітшілік болып, еліміз ырысқа кенеле бермек.

-Шұғыла, сен дұрыс айтасың, ескі жылды жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алмақпыз. Жылқы жылы да жаман болған жоқ. Егініміз мол болды, астық көп болды, жақсылықтар көп болды, бұл жылға да алғысымызды айтамыз.

Шұғыла:

-Ендеше «Аққайыңның» дүбірлі думанын бастаймыз!

Сұлу:

-Қарсы алыңыздар! Алдарыңызда асыл бүлдіршіндер!


Хан кіреді/Нұрасыл/

Уәзірлері /Берен мен Алтай Ернұр/

Хан:

-Бұл не деген тыныштық!

Уәзір: Берен

-Уа, Хан ием, бүгін жаңа жыл, соны сіздің рұқсатыңызбен бастайық дегенбіз!

-Уа хан ием, жаңа жыл келіп қалды,барлық қонақтарды сарайға шақырыңдар, деп бұйырғасын, бәрін шақырдық!

Хан:

-Жаңа жылды бастамас бұрын 2015 жылға шығарылған жаңа 7 жарлығыммен таныс болыңдар!


Хатшы /Нұржігіт/

-Ханның 1-ші жарлығы:

-Биылғы жаңа қой жылында барлық халық көңілді жүрсін!Аяз ата мен ақшақар келсін!

-Ханның 2-ші жарлығы:

-Осы сарайда қой жылын жақсылап қарсы алсын!

-Ханның 3- ші жарлығы:

-Бүгінгі кеште Солтүстік мұзды мұхиттың бишілері би билесін!

-Ханның 4-ші жарлығы:

-Аранайы әлем чемпиондары, хоккейшілер осы жерде хоккей ойнасын!

-Ханның 5-ші жарлығы:

-«Шаттық» балабақшасы тек алдыңғы орындардан көріне берсін!

-Ханның 6-шы жарлығы:

-«Аққайың» тобына арнайы жаңа жылдық сыйлықтар таратылсын!

-Ханның 7-ші жарлығы:

-Балабақша қызметкерлерінің жалақысы 50 пайызға көтерілсін!

/Уәзірлер: құп болады хан ием, әміріңізге құлдық/

Тәрбиешінің сөзі.

Уәзір-Алтай Ернұр:

-Уа хан ием, сарай сыртында саққұлақ, желаяқ, таусоғар, мыстан кемпір жүр!

Хан:

-Олар,неге сарайға кіріп маған бас имейді!

-Дереу оларды алдырыңдар!

-Құп болады,хан ием!

Хан:

-Жарайды, сендер жақсылап жаңа жылды қарсы алыңдар ал мен Сұлтан Сөлейманмен аңға шығып келейін!

/хан ,екі уәзірімен кетіп қалады./

Ән «Шырша жыры» /хоровод/


Алдияр:

Тышқан болған жыл басы,

Сиыр- оның сырласы.

Барыс деген батылы,

Қоян қорқақ- мұңдасы.

Ұлу- оның тобыры,

Жылан -шаққыш содыры.


Гүлназ:

Жылқы- жорға жүйрігі,

Қой -құдайдың момыны.

Мешін- маймыл дегені,

Тауық тары тереді.

Ит күзетіп қораны,

Доңыз борс-борс желеді.

«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінің желісі бойынша,

бишілер өнер көрсетеді, қарсы алыңыздар!

Жантөре:

Өлең де әзір, ән де әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел, Жаңа жыл, біздерге,

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!


Азиз:

Ішік, пима, қолғап бар,

Арада жоқ тоңғақтар.

Баста қалың малақай,

Біз тоңбаймыз алақай!

Камила:

Сырғанаққа мығымбыз,

Шыныққанбыз шымырмыз.

Таудан төмен сырғанап

Біз тебеміз сырғанақ!

Дина:

Тау басында түспейтін,

Қар көбейді алапта.

Білесің бе, қыс кейпін,

Жер ағарды заматта.

Даяна:

Аязды да, ызғарлы,

Алып келді қыс қарды.

Қысқы күндер ұзарды,

Ұзақ күндер қысқарды.

Ән «Қыс күні» /жарты шеңбер/ хор












Автор
Дата добавления 31.12.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров174
Номер материала ДВ-299715
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх