Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / "Төрлет жаңа жыл" атты мерекелік іс-шара
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Төрлет жаңа жыл" атты мерекелік іс-шара

библиотека
материалов

Күні:

Қыз: Армысыздар, бармысыздар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер және ата-аналар!

Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ мақтаны жапқандай!
Бүкіл әлем – бір ғалам,
Қонақ күтіп жатқандай.
  Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде - әр қылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық.

Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан Мешін жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді ашу үшін мектеп директоры Ғ.Қ Жантемировті ортаға шақырамыз! (7 минут)

Қыз: Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар,

Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар.

Әнші ұлың ән салғанда беу шіркін,

Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар! – деп кезекті әсем әнге берсек. 2-сынып оқушысы Нұрайдың. орындауындағы ... (Жаңа жыл тақырыбында) әні. Қарсы алыңыздар!

Ән орындалады (4 минут)

Қыз: Уа, халайық жараңдар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдың бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар.

Қызық көріп, шат болып,

Шаттық күліп тараңдар,

Уа, халайық құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті.

Уа, халайық той бүгін,

Бақыт, шаттық мол бүгін.

Қарсы алайық Мешін жылын

4-сынып оқушысы: Болатхан

Ұзатып сап Қой жылын!

Қойдың сөзі:

Жасыл  желек жамылған,            Тамаша,тамаша,

   Асыл  моншақ  тағынған                 

   Міне ,сұлу шыршамыз                     

   Көптен күтіп сағынған.                   .

Жаңа жылды бастайық

 Ортада шырша.  Қабырғаларда мультфильмдерден үзінді кадрлар бейнеленген. Әр кадрдың қасында кейіпкерлер қатып қалған күйінде тұрады.

Кейіпкерлер: 

Аяз ата, Ақша қар,Қой жылы, Мыстан кемпір, Қоян, Қасқыр, Кірпі, Арыстан, Маша, Аю.Алдар көсе

Ақшақар шыршаны безендіріп жатады. /Қолында сиқырлы таяғы болады. Сол таяғын шыршаға тигізген кезде шамдар жанып шыршаға көрік береді. Осының бәрін сырттай Мыстан кемпір карап тұрады/. Мыстан кемпір Ақшақардың сиқырлы таяғына қызығып, өз айласын асырып, таяғын ұрлап алып кетеді. Осы кезде Ақшақар сиқырлы қасиетінен айрылып, күші жойылып, шыршаның түбіне әлсіреп, отырып қалады. Қолына сиқырлы таяқ тиген Мыстан кемпір әндетіп келе жатады. (Қап, бәлем қоян!) музыкасы жүреді. Алдынан Қоянды қуып келе жатырған Қасқыр кездеседі. Қасқыр Мыстан кемпірден жөн сұрайды.

Мақсат -Қасқыр: Тым көңілді көрінесіз. Себебі бар шығар?

Мыстан кемпір: Әрине, мен бәріңді қатырдым. Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі Жаңа жылға сән беретін шыршаларыңның шамдары жанбайтын болды. Ол шамдарды жағатын айдай сұлу Ақшақардың сиқырлы таяғын мен ұрлап алдым. Енді барлық сиқырлы күш менің қолымда, -  деп алақайлап, қарқылдап күледі.

Қасқыр біраз ойланып тұрады да, Қоянды қасына шақырады. Қоян Мыстан кемпірдің артына тығылады.

Айсулу--Қоян: Қасқыр ағай, маған тиіспейсіз бе? Мен сізден қорқамын. Алдап мені жеп қоймайсыз ба?

Мақсат--Қасқыр: Жоқ, Қоянжан ағалық уәдемді берем. Екеуміз бір-бірімізді қуалап жүргенде Мыстан кемпір Ақшақардың сиқырлы таяғын ұрлап кетіпті. Кел, екеуміз көмектесейік.

(Қоян қорқа-қорқа қасқырдың қасына барады. Қасқыр мен Қоян ақылдасады).

Қасқыр: Мыстан, сен неге олай жасадың. Біз бұл Жаңа жылды асыға күтіп жүр едік. Сен бәрінің берекетін кетірдің ғой. Үшеуміз бір шешімге келейік. Біз саған жұмбақ жасырамыз. Сен осы жұмбақтың шешуін тапсаң сиқырлы таяқ өзіңде қалады, ал шеше алмасаң сиқырлы таяқты бізге бересің.

Мыстан кемпір: Жақсы, келістік. Өз сөздеріңнен айнып кетіп жүрмеңдер.

Қасқыр мен Қоян жұмбақ жасырады.

Жұмбақ:Ақсақалды шал жылына,
Бip-ақ рет келіп кетеді.
Қызы мен ұлына,
Сыйлық алып келеді.
/Аяз Ата/

Суды елекпен қалай тасуға болады? Жауабы: мұз қылып қатырып

Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім тоқтата алады? Жауабы: Жол полициясы

Бір үйде елу батыр, үй сыртына сүйкенсе өліп жатыр? Жауабы: Сіріңке

Патша кімнің алдында тәжін шешеді? Жауабы: Шаштараздың

Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар? Жауабы: мен

Жеген сайын жылататын нәрсе? Жауабы: Таяқ 

Теңіздің суы неліктен тұзды? Жауабы: Балықтар иістеніп кетпеуі үшін

Мыстан кемпір оқушыларды қорқытып, үркітіп жүріп, жұмбақтың шешімін тауып алады. Өздерінің жеңілгенін білген Қасқыр Қоянға ашуланып, өкпесі қара қазандай болып, уәдесінен айнып, Қоянды қуа жөнеледі. Қоян одан әрмен қашады.

Мыстан кемпір әндетіп, жолға шығады. Жолшыбай тамаша көңілді би билеп жүрген Арыстан мен Кірпіге жолығады.

Үнемі ашулы, айбат шегіп, қаһарынан қан тамып жүретін Арыстанның көңілді-күйін көріп, Мыстан кемпір: Алақай, мен бәріңді қатырдым. Қоян мен Қасқыр да менен айласын асыра алмады. Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі Жаңа жылға сән беретін шыршаларыңның шамдары жанбайтын болды. Ол шамдарды жағатын айдай сұлу Ақшақардың сиқырлы таяғын мен ұрлап алдым. Енді барлық сиқырлы күш менің қолымда, -  деп қарқылдап күледі.

Арыстан мен Кірпінің сөзі:

Кірпі: Әже, осындай әурешілікті қайтесіз. Арыстан ағам сияқты жаман қасиеттеріңнен арылып, Ақшақардың таяғын қайтарғаның дұрыс болар.

Мыстан кемпір: Жоқ. Бұл не дегенің. Жыл сайын Жаңа жылды менсіз өздерің өткізесіңдер. Мені жаман кемпір деп менсінбейсіңдер. Енді қалай болар екен, бәлем!

Кірпі: Біздің сізге қояр бір шартымыз бар.

Мыстан кемпір: Шарт дейсіндер ме?! /қарқылдап күледі/ Жолда Қасқыр мен Қоянда Ақшақарға көмектеспекші болып, жұмбақ жасырып еді. Енді сендер не істемексіңдер?

Кірпі мен Арыстан жарыса сөйлеп: Би билеп жарысайық, жеңсең, Жаңа жылдан үмітімізді үземіз. Біз жеңсек, сиқырлы таяқшаны иесіне қайтарасың.

Мыстан кемпірдің биі

/Мыстан кемпір балаларды қорқытып, әлімжеттік жасап өзін жақтауды талап етеді/.

Арыстан мен Кірпінің биі: мектеп оқушыларымен бірге билейді.

Мыстан кемпір әр баланың қасына барып, қорқытып өзін жақтауды талап етеді. Алайда қорыққан балалар Мыстан кемпірді жақтап шығады.

 Әділ шешімін ала алмаған Арыстан мен Тасбақа ұнжырғалары түсіп, өз жөндеріне кетеді.

Мыстан кемпір өз жеңісіне қуанып келе жатып, Аю мен тентек Машаға кездеседі.

Мыстан кемпір жолында кездескендердің бәрін алдап келе жатырғанын, өзінің істеген істерін мақтан етіп, ән айтып келе жатады.  

Мыстан кемпір: Алақай, мен бәріңді қатырдым. Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі Жаңа жылға сән беретін шыршаларыңның шамдары жанбайтын болды. Ол шамдарды жағатын айдай сұлу Ақшақардың сиқырлы таяғын мен ұрлап алдым. Енді барлық сиқырлы күш менің қолымда, -  деп қарқылдап күледі.

Өз анасындай қамқор болып жүрген аю Мыстан кемпірден тентек Машаны қорғамақ болып, бауырына жасырады.

Аю: Кешіріңіз, сонда асыға күткен бәріміздің Жаңа жылымыздың болу болмауы сіздің қолыңыздағы сиқырлы таяқта болып тұр ма?

Мыстан кемпір: Әрине. Шыршаларыңа жан бітіретін, жаңа жылға сән беретін Ақша қардың сиқырлы таяғы менің қолымда тұрған жоқ па?

Аю: Енді түсіндім мән-жайды. Олай болса Маша қызым екеуміздің саған қояр талабымыз бар. Бізбен бірге ойын ойнайсыз. Ойында жеңіске жетсеңіз, онда сиқырлы таяқ сізде қалады. Ал ұтылып қалсаңыз сиқырлы таяқты Ақшақарға қайтарасыз.

Мыстан кемпір: Жарайды, ендеше ойынды бастайық.

Ойын ойнату. Ата-аналарға арналған ойын.

1.  Сізге салфеткадан қиыршық қию керек, кім бірінші сол жеңімпаз.

2.  Балаларға жылы сөздер арнау.

Бұл ойында да жеңіске жеткен Мыстан кемпір әндетіп келе жатып ауылға аты белгілі болған атақты Алдар Көсе ауылына табан тірейді.

Мыстан кемпір: Екеуіңнің дауларыңды шешетін менің сиқырлы таяғым бар.

Елдің бәрін шулатып жүрген сенсің бе?

Мыстан кемпір: Сен Алдармын деп мақтанасың. Жолымда кездескендердің бірде-біреуі менен айласын асыра алмады. Керім болсаң, мына менің қолымдағы құдіреті күшті сиқырлы таяқты алып көр.

Ақшақарды алдаған Мыстан кемпірден айласын асырып, қайырымды халықтың қамын ойлайтын Алдар Көсе таяқты қолға түсірудің амалын жасайды.

Әлемді аузына қаратып, ел-жұрттың бәрін алдап, тыныштығын бұзып келе жатқан ең сұлу, ең ақылды жан сіз сияқтысыз, - деп мақтауын жеткізіп, Мыстанның қалтасындағы таяқты байқатпай суырып алады. 

Мақтау сөз естіген Мыстан кемпір Алдардың қармағына түскенін байқамай қалады.

Алдар Көсе: Кел, ендеше екеуміз бәстесейік. Мына көп таяқтардың ішінен өз таяғыңды тауып алсаң, менің Алдар деген атым құрысын, - деп миығынан күледі. Ал таба алмасаң, сеннен зардап шеккендер мен Ақшақардан кешірім сұрайсың.

Мыстан кемпір әр таяқты бір ұстап, қанша іздесе де, өз таяғын таба алмай Алдар Көседен ұтылып, кешірім сұрауға бел буады.

Мұңайып отырған Ақшақарды көріп, Мыстан кемпір кешірім сұрап, Алдар Көсе сиқырлы таяқты Ақшақарға береді. Осы кезде сағаттың даусы естіледі. Есіктен Ескі жыл мен Жаңа жылды қасына ерткен Аяз ата келеді. Көрермен ән айтып, Аяз атаны қарсылап алады. Атасын көптен күткен Ақшақар қуанып ән айтып береді. 

Сөз кезегін мектебіміздің оқу ісі меңгерушісі:К.А.Маженқызына беріледі. Ескі қой жылы алады. Мектеп жетістіктері айтылады.

Қой жылының сөзі: Менің жылымда жеткен жетістіктердің санына жету мүмкін емес сияқты. Шәкірттеріміз биылғы жыл түрлі байқаулардын, халықаралық конкурстардың жеңімпаздары атанды. Мектебіміз жас мамандармен толықты.

Ақша қар-Мыстан кемпірге – Біздің тойымызға қосылыңыз

Қане балалар шырша шамын жағайық

Бір, екі, үш шырша шамы жан жан

Аңдар оқушылардың қолын ұстап шыршаны айналып өлең бастайды.

Ән: Шырша жыры

Қарға : қар,қар,қар-телеграмма,телеграмма

Бала: Не болды сонша аптығып, асықпай айтшы

Қарға: Сіздерден сүйінші сұрай келдім

Аяз ата келе жатыр,Аяз ата келе жатыр

Бала: Ал балалар ендеше Аяз атаны шақырайық тезірек келсін

2-сынып Ерсұлтан

1-оқушы: Қызыл ала шапанын

Сағындым Аяз атаны

Жылдамырақ келсе екен

Бізге ойыншық берсе екен

2-сынып Медет

2-оқушы: Аяз ата келіңіз

Тамашаны көріңіз

Балаларға арналған

Сыйлықтарды беріңіз

3-оқушы: Қуаныңдар ағайын тамсаныңдар,

Сүйіншілеп маңайға жар салыңдар

Аяз ата келеді Ақшақармен

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар

10-сынып

Ғалымбек Сиқыршы: Ал балалар ендеше Аяз атаны шақырайық тезірек келсін

Хор:Аяз ата кел,кел

Аяз атаның сөзі:

Амансыздар ма, Тәуелсіз елдің бақытты ұрпақтары, аяулы аналар, ардақты ұл-қыздарым, бүлдіршін балаларым!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.

Қарша қыз:

Амансыздар   балалар,ұстаздар,ата-аналар!

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Жылқы жылы молшылықтың мәресі

Береке бірлік, молшылық әкелсін

Жаңа жылда болсын қызық тамаша!

Өнері бар достарым, ортаға шық қасқайып

Енді өнерлі өрендердің өнерін тамашалап дем алайық.

Барлығы аяз атамен қолұстасып, шыршаны айналып, ән айтады

Жыл сайын сендердің жарқын жүздеріңді көріп, мен жасарып, бақыттан бал-бұл жанып тұрмын. Бір жыл бұрын қой жылына үлкен үміт артып, сеніммен сендердің алдарыңа келген едім. Шүкір,Қой немеремнің бағындырған белесі, шыққан шыңы, алған асуы аз емес. Жыланға ризамын. Елімізде соғыс болмай, тыныштық болды. Осының өзіне тәуба дейміз. Енді қасыма ілестіріп,мінезімен,қылығына сай баласына пайдасы көп Мешінді  әкеліп тұрмын. Бұл баламнан да үлкен үміт күтемін.

Мешіннің сөзі: 4-сынып Болатхан

Ғалымбек -Сиқыршы: Аяз ата, Ақшақар, мына кешке жиналған қауымның өнерлерін тамашалайық. Оқушылардың тақпақтары

1-сынып,2-сынып, 3-сынып, 4-сынып

1-сыныптың орындауында би (Флешмоп)

Аяз атаға балалар өнерлерін көрсетеді. (Өлең, тақпақ, билерін орындайды).

Аяз атаның қоштасу сөзі: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.

Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе, қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар! (Қолдарын бұлғап шығып кетеді).

Балалар: Сау болыңыздар!

Автор
Дата добавления 18.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров498
Номер материала ДБ-040853
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх