Инфоурок Другое Другие методич. материалы„Төрлет Жаңа жыл„ атты мерекелік іс-шара сценарийі

„Төрлет Жаңа жыл„ атты мерекелік іс-шара сценарийі

Скачать материал

Төрлет жаңа жыл

 ( Музыка ырғағы мен залға кіреді)

1 жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Біздің мерекелік  шарамызға қош келдіңіздер!

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

 

2 жүргізуші:

Жасыл моншақ тағылған,

Міне сұлу шыршамыз.

Көппен күтіп сағынған,

Кел, балалар келіңдер.

Мерекені көріңдер!

 

1 жүргізуші:

Кел балалар шырша дайын,

Қол ұстасып ән салайық.

Жаңа жылдың жарқын айын,

Әнмен, бимен қарсы алайық.

 

Ән: «Қар қызы»

2 жүргізуші: Балалар, біздің мерекеге кімдер жетіспейді?

Балалар: Ақшақар  мен Аяз ата

1 жүргізуші: Қане, шақырайық.

 

Балалар: Аяз ата, ақшақар!

(Музыка ырғағы мен Ақшақар мен Аяз ата киімін киген Қасқыр мен Қоян кіреді).

Ән: «Расскажи Снегурочка»

 

2 жүргізуші: Балалар, бұлар Аяз ата мен Ақшақарға мүлде ұқсамайды ғой.

Балалар: иә бұлар қасқыр мен қоян ғой.

 

Қасқыр:

Кешіріңдер балалар,

Жаңа жылдың алдында

Ойнағым келді сендермен.

 

Қоян: Біз киімдерді шешіп, Аяз ата мен Ақшақарға апарып берейік.

(екеуі киімдерін шешіп, Аяз ата мен Ақшақарға киімдерін апаруға асығып кетеді.)

1жүргізуші:

Келіңіздер биді билеп беріңіздер

Қызығы мол жаңа жылдың

Тамашасын көріңіздер.

 

Би: «Кішкентай жұлдыздар»

(Музыка ырғағымен Ақшақар мен Аяз атанының немересі кіріп келеді)

 

Аяз ата немересі:

Сәлем менің достарым

Аюлар мен қояндар.

Қасқырлар мен түлкілер,

Тиындар мен кірпілер

 

Ақшақар: 

Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді,

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді.

 

Мороз: Мерекемізді бастаймыз ба?

 

Балалар: Иә.

 

2 жүргізуші: «Көрініс»      

(Қоян, Аю, Түлкі, Тиын, Кірпі, Қасқыр)

1 жүргізуші:  Келіңдер жас ұландар,

                         Ертегімді тыңдандар

                         Ертегімде сан қилы

                         Қызы-қызық сырлар бар.

                         Жаңа жылдың кешінде

                         Аңдар келіп бір шешімге.

                         Достаспақшы ниетпен

                         Жиналыпты келісімге.

                         Соныменен балалар

                         Жаңа жылға арналған

                         Ертегіні көріңдер

                         Шын бағасын беріңдер.

(мерекелік музыка ойналады.)

(Шыршаның артынан Қоян секіріп шығадыда)

Ау, жараңдар, ал қараңдар

Жауып тұр қар себелеп.

Көкке толды, жерге қонды

Сансыз аппақ көбелек.

Тым алыстан, марстан

Келіп аяз атамыз

Жылды тойлап,

Билеп, ойнап

Көп қызыққа батамыз!

(Секіріп билеп жүрген Қоянның алдынан Аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады).

Қоян: Амансыз ба, аюпаң!

Аю:

Жаңа жылдың алдында

Тойды еске алдым да

Ұйқымды ашып сергідім

Ұйықтамаймын мен бүгін!

Жылды қарсы алайық

Би билеп, ән салайық.

Жаңа жылдың тойында,

Жан салайық ойынға!

(Екеуі қол ұстасып билейді, сол кезде қуана қутындап Түлкі келеді).

 

Түлкі: Қоян жанға бір сәлем!

            Аюпаңға мың сәлем!

Аю, қоян: Аман ба, түлкі кел мұнда!

Түлкі:

Достарым жыл келеді

Сыйлығын ол береді

Жұмбақ шешкіш түлкінің

Өнерін жұрт көреді

Тауып өз сыңарында

Тайсалмай, биге түсіп    

Тарқатам құмарымды.

 

Аю, қоян: Рахмет Түлкіжан.

                  Жүрген жерің күлкілі ән!

 

(Аю,Қоян, Түлкі бирге билей жөнеледі. Осы кезде орталасыран кірпі келеді)

 

Кірпі: Сәлем, жастар, аман ба?

            Нұр берді шырша аланға

            Жылға шашу шашайық,

            Тойлап көңіл ашайық.

            Қоян келші биге басайық!

(Бәрі билеп жатқанда Тиын келеді).

Тиын:

Тра-ля-ляй, тра-ля-ляй!

Өнершіл аңдар-ай

Өңкей паңдар тыңдандар

Жаңа жылға әнім бар

Қол ұстасып, биге басып,

Жыл әніне салыңдар

Бәріңізге бір сәлем.

Бәрі: Сәлем, Тиын!

           Жақсы-ақ биі!

(Бәрі қосылып билейді. Енді орталарына Қасқыр қосылады).

 

Қасқыр: Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын!

                 Қане құшақ ашайық, достық тойын жасайық.

 

Жаңа жылда жаңаша

Тақпақ айтамыз

Болсын риза балаша

Аппақ атамыз

Билейміз де, ойнаймыз.

Балғын ұл-қыздар

Жаңа жылдай жайнаймыз

Жарқын жұлдыздар.

 

Бәрі: Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!

 

Аня. Я

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

 

Тұрсын

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күткен сағынған

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз.

 

Ақшақар: Залды әдемі безендір, шыршаның шамын жақ деп айтқан аяз атамыз.

(Мороз, балалар бірге санайды).

Аяз ата немересі: 1, 2, 3 шыршамыз

 

Балалар: Жарқырай түс.

(шырша жанады)

(сынған ыдыстың дыбысымен орман мыстаны кіреді.)

 

Орман мыстаны: Оп, ойыншық сындырам. Ал мынаны қалтама саламын.

 

1жүргізуші: Сіз кімсіз? сізді кім мерекеге шақырды?

 

Орман мыстаны: Мен орман сұлуымын.

 

2 жүргізуші: Сенін жасын үлкен ал сен болсан әлі ойыншықтарды сындырып жүрсің.

 

Орман мыстаны:

Мына жылтырақ керек болады.

Балаларды ұстаймын.

Жылтырауық пен ораймын

 

Ақшақар: С-с-с-с- сосын не болады?

 

Орман мыстаны: Қытықтаймын, сенен бірінші бастаймын.

 

Ақшақар: Т-т-т-т- тыңдаңызшы өтінемін.

Неге бізді қорқытасыз.

 

Орман мыстаны: Ал менің жұмысым сондай.

Бәрін  қорқытып ренжіту. Мен жамандықты ғана жасамаймын мен билеймін, ән айтамын.

Назар аударыңыздар!

Сіздердің алдарыңызда халық әртісі, Орман сұлуы, алқалардың иегері (сөмкесінен алқалар алып көрсетеді)

Сендердің алдарында орман сұлуы.

Би: «Ламбада»

(Орман сұлуы билейді, билеп болған соң сөмкеден айна алып шығып,

Мен әдемімін, бәрінен керемет билеймін, бәрін алдаймын, бәрін арбаймын)

Их, әх, ох, ах!

Аяз атаның жағдайы мүлдем жаман. Орманда ол жоғалды ағаштың түбінде құлады. Бәрі, бәрі ұмытты.

 

Ақшақар: Ол мүмкін емес сіз ойнап айтып тұрсыз.

 

Орман мыстаны: Мен ба, ойнап тұрған?! Қазір мерекені тоқтатамын.

Балаларды ұрлаймын,шыршаны жерге құлатамын, барлық ойыншықты сындырамын. Жоқ одан да шыршаның шамын өшіремін.

(шырша шамын өшіреді)

(музыка ырғағымен Қасқыр мен Қоян кіріп келеді.)

 

Қасқыр: Жақсы хабарымыз бар. Аяз атамыз келе жатыр

 

Қоян: Әне, әне!

(Тақтадан аяз атанның келе жатқанын көрсетеді.)

(Осы кезде Орман мыстаны қашып кетеді.)

 

Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме, менің сүйікті, сүйкімді балаларым! Мен биік таулардан асып, теңіз көлдерден өтіп сендерге жеттім.

 

Балалар: Сәлеметсіз бе, аяз ата!

 

Аяз ата: Неге шыршамыз жанбай тұр?

Қане бәріміз айтайық.

 1,2,3 шыршамыз жарқырай түс.

(аяз ата таяғымен шырша жағады, балалар қол шапалақтап қуанады)

 

Ән: «Ёлочка»

Диас

Жаңа жылға араналды жаңа жыр

Жаңа жылда шақырады бар өмір

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой

Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл!

 

Аяз ата: Ух, мына жер қандай ыстық.

(қолғабын шешеді де, бір қолғапты жерге түсіріп жоғалтып алады)

 

Ойын: «Қолғаппен» (қатырамын)

 

1жүргізуші: (Аяз атаны отырғызады)

 

Тақпақтар:

Ариша

Мерекеге келдік ау,

Тақпақ айтып бердік ау,

Ойыншықтар тізілген

Шыршаны да көрдік ау

Аяз ата келді!

Бізге кәмпит берді

Біз кәмпитті жейік

Рахмет ата дейік.

Сезім

Жаңа жыл жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Қой жылы келіп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңы уақыт.

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

 

Аяз ата: Менің немерем бар ол жаңа жыл.

(музыка ырғағы мен жаңа жыл залға кіреді)

 

Жаңа жыл: Жаңа жыл құтты болсын!

                      С новым годом!

 

Жаңа жыл: Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

                      Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

                      Бірімізге шынайы. Тілек тілеп,

                      Бар әлемге, бақытпен жар салайық.

Би: «Қозылар»

Тақпақтар:

Шыңғыс

Жаңа жылда жаңаша

Тақпақ айтамыз.

Болсын риза балаша

Аппақ атамыз.

 

Қоян мен қасқыр: Біз сендерге ойын әкелдік.

 

Ойын: «Шыршаны безендір»

Ән: «Жаңа жыл, той тамаша»

2жүргізуші:

Құтты болсын ағайын

Жаңа жылым тағы да.

Қол соғып қарсы алайық.

Шақырайық ортаға

Біздің сұлу қыздарды.

Би: «Мұз қыздар»

(би соңында қыздар сыйлық салынған қапты ортаға алып келеді.)

 

Аяз ата: (Қапшықты алып ішіндегі алтын шишкаларды көріп, шишкалар астынан сыйлықтарды алып таратады.)

 

Жаңа жыл: (Қолындағы сельпонтинді атып, құттықтау сөз айтады.)

 

Балалар: Аяз ата мен Ақшақар мен қоштасады.

(балалар музыка ырғағы мен залдан шығады.)

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "„Төрлет Жаңа жыл„ атты мерекелік іс-шара сценарийі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 436 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.02.2016 1058
    • DOCX 34 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аубакирова Анаргуль Омирбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9967
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой