Инфоурок Биология КонспектыТіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар

Тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар

Скачать материал

&5.Тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар.


«Эволюция» деген сөз латынша «evolutio» - «тарихи даму,өзгеру,өрлеу» деген мағынаны білдіреді, Қазіргі кезде эволюция терминін көптеген ғылым салаларында география,геология,астрономия,т.б. кеңінен қолданады. Эволюция ұғымы – уақыттың өтуіне байланысты дамудың бастапқы қалпынан бірте – бірте күрделене түсуі деген ойды білдіреді. Бұл терминді биологияға алғаш рет 1677 жылы М.Хейл енгізеді, ал Швейцария жаратылыс зерттеушісі (натуралисі) Ш,Бонне (1720-1793 жж.) оны ғылымға кеңінен пайдаланды.

Эволюциялық ілім тіршіліктің пайда болғанынан бастап қазіргі кезге дейінгі және келешектегі тарихи даму бағттары мен заңдылықтарын зерттейді. Эволюциялық ілімнің ғылыми негізін салған көрнекті ағылшын ғалымы Чарлз Роберт Дарвин (1809-1882 жж.).

Қазіргі кезде вирустардың 800-дей, саңырауқұлақтардың 100 мыңнан, өсімдіктердің 350 мыңнан астам және жануарлардың 1,5 млн-дай түрі ғылымға белгілі. Ғалымдардың болжауы бойынша жер бетінде тірі организмдердің 4,5 млн-ға жуық түрі таралған. Ал геологиялық замандарда жер бетінде 1 млрд-қа жуық түрлер тіршілік еткен, олардың көпшілігі жойылып кеткен.

Жер бетінде тіршіліктің тарихи дамуы туралы ертедегі көзқарастар. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және оның тарихи дамуы туралы әрбір халықтың өз көзқарастары бар. Ондай кзөқарастар көбіне аңыз - әңгімелер түрінде ауызекі ұрпақтан – ұрпаққа беріліп отырған. Үңгірлердің қабырғаларына , тасқа салынған суреттерде көбіне ертедегі адамдардың аулаған жануарларының суреттері бейнеленген. Ондай суреттердегі жануарлар бейнесі табиғи қалпына сәйкес салынған. Мұндай тасқа салынған суреттер Қазақстан жерінде де көптеп кездеседі.


Карл Линнейдің эволюциялық көзқарасы.


Қайта өркендеу дәуірінде жинақталған көптеген ғылыми мәліметтерді белгілі бір жүйеге келтіру қажеттігі туындады. Өсімдіктер мен жануарлар адам үшін пайдалы және зиянды топтарға бөлінді. Өсімдіктер адамның пайдалану ерекшелігіне сәйкес бақша және дәрілік өсімдіктер деп топтастырылды. Тірі организмдерді мұндай жүйелеу ғалымдарды қанағаттандырмады. Ғалымдар өсімдіктер мен жануарларды құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты белгілі топтарға бөлуге әрекет жасады. Бұл кезде өсімдіктерді және жануарларды жеке сипаттап жазылған еңбектер көп жарық көрді. Енді осындай өсімдіктер мен жануарларды ғылыми тұрғыда жүйелеу қажет болды. Алғашқы кезде ғалымдар өсімдіктер мен жануарлардың бір немесе бірнеше белгілеріне қарап топтастыра бастады.

Тірі организмдерді жүйелеуде көрнекті швед ғалымы Карл Линнейдің (1707 – 1778 жж.) еңбегі аса зор болды. Ол биология ғылымындағы алғашқы жүйеленім ( систематика) ғылымының негізін салушы. 1735 жылы « Табиғат жүйесі» деген еңбегі жарық көрді.

К.Линней 8000-нан астам өсімдікке және 4000-нан астам жануарға сипаттама жазды. Ол тірі организмдерді ұқсас белгілеріне қарап; түрлерді – туыстарға, туыстарды – отрядқа, отрядтарды – класқа топтастырды. Ол осылайша белгілі ретпен жүйелік топтарды сатылы деңгейді белгілеп, әрбір түрді латынның қос сөзімен атауды ұсынды. Мұндағы бірінші сөз – туыстың, екінші сөз – түрдің атын білдіреді. Мұны ғылымда қос сөзбен атау ( бинарлық каменклатура) деп атайды. К. Линней ұсынған түрді қос сөзбен атау қазіргі кезде де қолданылады. Оның жүйелеуіндегі ең жоғары жүйелік топ – класс, ең кішісі – түр тармағы деп аталды. Кейінгі кездегі ғылымдардың дамуына сәйкес жануарларды жүйелеуде – отряд, тип; Өсімдіктерде – қатар, бөлім деген жүйелік топтар қосылды.

К.Линней өз дәуірінде органикалық дүниені жүйелеудің жетілдірілген жүйесін жасады. Ол сол кездегі ғылымға белгілі өсімдіктер мен жануарларды толық жүйелік топтарға жіктеп шықты. К.Линней сондықтан да өз заманының көрнекті ғалымы болды. К.Линней өсімдіктерді жүйелегенде көбіне гүлдеріндегі аталықпен аналықтардың санына, ал жануарларда тыныс алу және қан айналым мүшелерінің құрылысына қарай класқа жіктеді. Мысалы сүтқоректілер, құстар, қосмекенділер,балықтар, жәндіктер, құрттар деп бөлді. Құстарды отрядқа жіктегенде тұмсықтарының пішініне, сүтқоректілерді тістерінің құрылысына қарай топтастырды. Мұндай кездейсоқ белгілеріне қарап жүйелердің нәтижесінде, К.Линней көптеген кемшіліктерге жол берді. Сондықтан оның жүйесі жасанды жүйе болды. Осыған сәйкес бір – біріне туыстық қатысы жоқ организмдер бір туысқа жатқызылды. К.Линней өз жүйелеуінде осындай кемшіліктеріне қарамастан, биологиядағы ғылыми жүйелеуге көп үлес қосты. Ол адамды сүтқоректілер класына, оның приматтар (маймылдар) отрядына жатқызып, түрін саналы адам ( Homo sapiens) деп ғылыми дұрыс жүйеледі.

К.Линней түр өзгермейді деген пікірді ұстанып жаратушы бастапқы кезде қанша түрді жаратса, қазірде сонша түр тіршілік етуде деп тұжырым жасады. Бұл да оның кемшілігінің бірі.


Ж.Б.Ламарктің эволюциялық ілімі.


«Тірі табиғат өзгермейді» деген көзқарастың басым болуына қарамастан биолог – ғалымдар нақты материалдарды жинап көбейте берді. XVII ғ. Микроскоптың ашылуы, оны түрлі биологиялық зерттеулерге қолдана бастау көптеген ғалымдардың тірі табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп ой - өрісін дамытты. Эмбриология өз алдына ғылым болып қалыптасты. Француз ғалымы жан Батист Ламарк биологияда Дарвинге дейінгі органикалық дүниенің тарихи дамуы туралы ғылыми теорияның негізін салған.Ж.Б. Ламарктің эвалюциялық теориясының артықшылығы нақты деректерге сүйеніп, өсімдіктер мен жануарлар құрылысын тереңірек зерттеуінде «Зоология философиясы» (1809 ж) деген еңбегінде органикалық дүниенің өзгеретіндігін көптеген мысалдармен дәлелдеді.

Ламарк эвалюцияның негізгі факторы-сыртқы орта жағдайына неғұрлым көбірек жаттыққан мүшелер өзгереді, ал жаттықпаған мүшелер өзгермейді деп есептеді өзгеріссіз қалған мүшелер қалады немесе кішірейіп жойылып кетуі деп оған бірнеше мысалдар келтірді. Мысалы:а) керік (жираф) мойынының ұзын болуы, оның арғы тегінің құнарсыз топырақты жерге мекендеп ағаш жапырағымен қоректену үшін мойынын биікке жиі созуына байланысты; ә) жыланның жорғалапқозғалуы нәтижесінде денесінің ұдайы созылуына қарай аяғы пайдасыз болғандықтан арғы тегінде аяқ болса да жаттықпаудың әсерінен жойылған деп түсіндіреді.

Ламарк-көп әрі белсенді қимылдаған мүшелерде қан ағысы күшейіп, мүше жақсы өседі немесе бұл қасиет тұқым қуалайды деп түсіндірді.

Ресейдегі эвалиюциялық көзқарастар. XVIII ғасырдан бастап, Ресейде органикалық дүниенің тарихи дамуы туралы М.В.Ламаносов, А.И.Радищев, К.Ф.Рулье және т.б ойшылдар өз көзқарастарын білдірді. Олар түр өзгеріп, үнемі қашып отырады деген көзқарастар болды. К.Ф.Рулье ( 1814-1858 ж.ж) өз заманында түрлер тұрақты әрі өзгермейді деген көзқарастарды сынап, органикалық дүние өзгеріп әрі дамып отырады деп атап көрсетті. Ол бір түрмен II түрдің арасында қорек үшін күрес, болатынын және сол арқылы 1 түрдің II түрді ығыстырып отыратынын ескертті. К.Ф.Рулье эвалюциялық процестердің болатынын ертеде тіршілік еткен жануарлардың қаққа қалдықтарын қазіргі кездегі жануарлардың ұрықтарының дамуын да бір-бірінен салыстырып зерттеуге ерекше көңіл бөлді.

Организмдердің шығу тегің олардың арасындағы туыстық байланыстарды, құрылысы мен атқаратын қызметін байланыстырып зерттеу қажеттігін А.И.Герули (1812 – 1870жж.) атап көрсетті. Ол әрбір жаратылыстанушы ғалымның міндеті органикалық дүниенің пайда болуын,олардың сан алуан түрлерінің бір – бірімен байланыстылығының себептерін анықтау екендігін ерекше ескертті.

Эволюция. Жүйеленім. Жіктеу. Эмбриология. Полеонтология.

  1. Эволюция – тірі организмдердің қарапайым деңгейінен бірте – бірте күрделенуі арқылы төменгі сатыдан жоғары сатыға көтерілуі кезіндегі тарихи дамуы.

  2. Аристотель – Тірі организмдерді алғаш рет қарапайым құрылысына, күрделену ерекшелігіне қарай жүйелеген ойшыл ғалым.

  3. К.Линней – органикалық дүниенің ең алғашқы ғылыми жүйесін салған әрі ғылымға түр, туыс, отряд, класс деген жүйелік топтарды енгізген ғалым.

  4. Тірі организмнің әрбір түрінің аты латынның екі сөзінен аталып, оның біріншісі – туыстық, екіншісі - түрдің атауын білдіреді. Бұл ғылымда бинарлық наменклатура ( қосарлы атау) деп аталады.

  5. Ж.Б. Ламарк – органикалық дүниенің қарапайым қалпынан бірте – бірте күрделене түсетінін және түрлердің өзгеретіндігін айтқан алғашқы эволюциалист ғалым.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар.

 

     «Эволюция» деген сөз латынша «evolutio» - «тарихи даму,өзгеру,өрлеу» деген мағынаны білдіреді, Қазіргі кезде эволюция терминін көптеген ғылым салаларында география,геология,астрономия,т.б. кеңінен қолданады. Эволюция ұғымы – уақыттыңөтуіне байланысты дамудың бастапқы қалпынан бірте – бірте күрделене түсуі деген ойды білдіреді. Бұл терминді биологияға алғаш рет 1677 жылы М.Хейл енгізеді, ал Швейцария жаратылыс зерттеушісі (натуралисі) Ш,Бонне (1720-1793 жж.) оны ғылымға кеңінен пайдаланды.

     Эволюциялық ілім тіршіліктің пайда болғанынан бастап қазіргі кезге дейінгі және келешектегі тарихи даму бағттары мен заңдылықтарын зерттейді. Эволюциялық ілімніңғылыми негізін салған көрнекті ағылшын ғалымы Чарлз Роберт Дарвин (1809-1882 жж.).

     Қазіргі кезде вирустардың 800-дей, саңырауқұлақтардың 100 мыңнан, өсімдіктердің 350 мыңнан астам және жануарлардың 1,5 млн-дай түрі ғылымға белгілі. Ғалымдардың болжауы бойынша жер бетінде тірі организмдердің 4,5 млн-ға жуық түрі таралған. Ал геологиялық замандарда жер бетінде 1 млрд-қа жуық түрлер тіршілік еткен, олардың көпшілігі жойылып кеткен.

     Жер бетінде тіршіліктің тарихи дамуы туралы ертедегі көзқарастар. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және оның тарихи дамуы туралы әрбір халықтыңөз көзқарастары бар. Ондай кзөқарастар көбіне аңыз - әңгімелер түрінде ауызекі ұрпақтан – ұрпаққа беріліп отырған. Үңгірлердіңқабырғаларына , тасқа салынған суреттерде көбіне ертедегі адамдардың аулаған жануарларының суреттері бейнеленген. Ондай суреттердегі жануарлар бейнесі табиғи қалпына сәйкес салынған. Мұндай тасқа салынған суреттер Қазақстан жерінде де көптеп кездеседі.  

 

           Карл Линнейдің эволюциялық көзқарасы.

 

     Қайта өркендеу дәуірінде жинақталған көптеген ғылыми мәліметтерді белгілі бір жүйеге келтіру қажеттігі туындады. Өсімдіктер мен жануарлар адам үшін пайдалы және зиянды топтарға бөлінді. Өсімдіктер адамның пайдалану ерекшелігіне сәйкес бақша және дәрілік өсімдіктер деп топтастырылды. Тірі организмдерді мұндай жүйелеу ғалымдарды қанағаттандырмады. Ғалымдар өсімдіктер мен жануарларды құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты белгілі топтарға бөлуге әрекет жасады. Бұл кезде өсімдіктерді және жануарларды жеке сипаттап жазылған еңбектер көп жарық көрді. Енді осындай өсімдіктер мен жануарларды ғылыми тұрғыда жүйелеу қажет болды. Алғашқы кезде ғалымдар өсімдіктер мен жануарлардың бір немесе бірнеше белгілеріне қарап топтастыра бастады.

     Тірі организмдерді жүйелеуде көрнекті швед ғалымы Карл Линнейдің (1707 – 1778 жж.) еңбегі аса зор болды. Ол биология ғылымындағы алғашқы жүйеленім ( систематика) ғылымының негізін салушы. 1735 жылы « Табиғат жүйесі» деген еңбегі жарық көрді.

      К.Линней 8000-нан астам өсімдікке және 4000-нан астам жануарға сипаттама жазды. Ол тірі организмдерді ұқсас белгілеріне қарап; түрлерді – туыстарға, туыстарды – отрядқа, отрядтарды – класқа топтастырды. Ол осылайша белгілі ретпен жүйелік топтарды сатылы деңгейді белгілеп, әрбір түрді латынныңқос сөзімен атауды ұсынды. Мұндағы бірінші сөз – туыстың, екінші сөз – түрдің атын білдіреді. Мұны ғылымда қос сөзбен атау ( бинарлық каменклатура) деп атайды. К. Линней ұсынған түрді қос сөзбен атау қазіргі кезде де қолданылады. Оның жүйелеуіндегі ең жоғары жүйелік топ – класс, ең кішісі – түр тармағы деп аталды. Кейінгі кездегі ғылымдардың дамуына сәйкес жануарларды жүйелеуде – отряд, тип; Өсімдіктерде – қатар, бөлім деген жүйелік топтар  қосылды.

    К.Линней өз дәуірінде органикалық дүниені жүйелеудің жетілдірілген жүйесін жасады. Ол сол кездегі ғылымға белгілі өсімдіктер мен жануарларды толық жүйелік топтарға жіктеп шықты. К.Линней сондықтан да өз заманының көрнекті ғалымы болды. К.Линней өсімдіктерді жүйелегенде көбіне гүлдеріндегі аталықпен аналықтардың санына, ал жануарларда тыныс алу және қан айналым мүшелерініңқұрылысына қарай класқа жіктеді. Мысалы сүтқоректілер, құстар, қосмекенділер,балықтар, жәндіктер, құрттар деп бөлді. Құстарды отрядқа жіктегенде тұмсықтарының пішініне, сүтқоректілерді тістерініңқұрылысына қарай топтастырды. Мұндай кездейсоқ белгілеріне қарап жүйелердің нәтижесінде, К.Линней көптеген кемшіліктерге жол берді. Сондықтан оның жүйесі жасанды жүйе болды. Осыған сәйкес бір – біріне туыстыққатысы жоқ организмдер бір туысқа жатқызылды. К.Линней өз жүйелеуінде осындай кемшіліктеріне қарамастан, биологиядағы ғылыми жүйелеуге көп үлес қосты. Ол адамды сүтқоректілер класына, оның приматтар (маймылдар) отрядына жатқызып, түрін саналы адам ( Homo sapiens) деп ғылыми дұрыс жүйеледі.

     К.Линней түр өзгермейді деген пікірді ұстанып жаратушы бастапқы кезде қанша түрді жаратса, қазірде сонша түр тіршілік етуде деп тұжырым жасады. Бұл да оның кемшілігінің бірі.

 

          Ж.Б.Ламарктің эволюциялық ілімі.

 

      «Тірі табиғат өзгермейді» деген көзқарастың басым болуына қарамастан биолог – ғалымдар нақты материалдарды жинап көбейте берді. XVII ғ. Микроскоптың ашылуы, оны түрлі биологиялық зерттеулерге қолдана бастау көптеген ғалымдардың тірі табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп ой - өрісін дамытты. Эмбриология өз алдына ғылым болып қалыптасты. Француз ғалымы жан Батист Ламарк биологияда Дарвинге дейінгі органикалық дүниенің тарихи дамуы туралы ғылыми теорияның негізін салған.Ж.Б. Ламарктің эвалюциялық теориясының артықшылығы нақты деректерге сүйеніп, өсімдіктер мен жануарлар құрылысын тереңірек зерттеуінде «Зоология философиясы» (1809 ж) деген еңбегінде органикалық дүниеніңөзгеретіндігін көптеген мысалдармен дәлелдеді.

      Ламарк эвалюцияның негізгі факторы-сыртқы орта жағдайына неғұрлым көбірек жаттыққан мүшелер өзгереді, ал жаттықпаған мүшелер өзгермейді деп есептеді өзгеріссіз қалған мүшелер қалады немесе кішірейіп жойылып кетуі деп оған бірнеше мысалдар келтірді. Мысалы:а) керік (жираф) мойыныныңұзын болуы, оның арғы тегініңқұнарсыз топырақты жерге мекендеп ағаш жапырағымен қоректену үшін мойынын биікке жиі созуына байланысты; ә) жыланның жорғалапқозғалуы нәтижесінде денесініңұдайы созылуына қарай аяғы пайдасыз болғандықтан арғы тегінде аяқ болса да жаттықпаудыңәсерінен жойылған деп түсіндіреді.

  &nb

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 383 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.02.2015 4817
    • DOCX 49.5 кбайт
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шамгонова Жанар Болатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шамгонова Жанар Болатовна
    Шамгонова Жанар Болатовна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 132904
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 325 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 137 человек

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта "Точка роста": методология биологического эксперимента

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 556 человек

Мини-курс

Методические навыки и эффективность обучения школьников на уроках литературы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интерактивные материалы на печатной основе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек