Выдаём удостоверения и дипломы установленного образца

Получите 5% кэшбэк!

Запишитесь на один из 793 курсов и получите 5% кэшбэк стоимости курса на карту

Выбрать курс
Инфоурок Биология ПрезентацииТөрт аяқтылар(Tetrapoda) Қосмекенділер (Amphibia) Жалпы сипаттама

Төрт аяқтылар(Tetrapoda) Қосмекенділер (Amphibia) Жалпы сипаттама

Скачать материал
библиотека
материалов
Төрт аяқтылар(Tetrapoda) Қосмекенділер (Amphibia) Жалпы сипаттама

Описание презентации по отдельным слайдам:

1 слайд Төрт аяқтылар(Tetrapoda) Қосмекенділер (Amphibia) Жалпы сипаттама
Описание слайда:

Төрт аяқтылар(Tetrapoda) Қосмекенділер (Amphibia) Жалпы сипаттама

2 слайд ЖОСПАРЫ Систематика Типтармағының сипаттамасы Құрылысының жалпы сипаттамасы
Описание слайда:

ЖОСПАРЫ Систематика Типтармағының сипаттамасы Құрылысының жалпы сипаттамасы Төртаяқтылар класүсті-Tetrapoda Қосмекенділердің құрылымының ерекшеліктері Амфибиялар класына систематикалық шолу

3 слайд Систематика Қосмекенділер н/е Амфибиялар класы-Amphibia Доғаомыртқалылар клас
Описание слайда:

Систематика Қосмекенділер н/е Амфибиялар класы-Amphibia Доғаомыртқалылар класстармағы-Apsidospondyli Лабиринтодонттар отрядүсті-Labyrinthodontia Ихтиостегалиялар отряды-Ichtyostegalia Рахитомдылар отряды-Rhachitomi Стереоспондиялар отряды-Stereospondyli Антракозаврлар отряды-Anthracosauria Секіргіштер отрядүсті-Salientia Қарапайым құйрықсыздар отряды-Proanura Құйрықсыздар отряды-Anura Жұқаомыртқалылар класстармағы-Lepospondyli Нектридиялар отряды-Nectridia Аистоподалар отряды-Aistopoda Микрозаврлар отряды-Microsauria Құйрықтылар отряды-Urodella Аяқсыздар отряды-Apoda

4 слайд Төртаяқтылар класүсті-Tetrapoda Төртаяқтылардың арғы тегі өкпелері және жұп а
Описание слайда:

Төртаяқтылар класүсті-Tetrapoda Төртаяқтылардың арғы тегі өкпелері және жұп аяқтарға ұқсас жүзбе қанаттары болған ежелгі саусаққанатты балықтар Eusthenopteron және Sauripterus болуы мүмкін.Бұлардан басқа бұл саусаққанатты балықтар мен палеозой қосмекенділерінің бас қаңқасының жамылғы сүйектерінде көп ұқсастықтар байқалады.Саусаққанаттылар ,қостыныстылар және қосмекенділердің қан тасымалдау жүйесі де біршама біртекті. Қосмекенділер ,рептилиялар,құстар мен сүтқоректілер бірігетін құрлықомыртқалылар тобы девонның аяғынан белгілі.Бұлардың қимыл-қозғалыстарында өзгерістер байқалады-балықтәрізділер тұлғасы июі және құйрық жүзбе қанатының көмегімен қозғалса,төртаяқтылар жер үстінде қозғалу үшін құрлыққа икемделген бессаусақты жұп аяқтарын пайдаланады. Қосмекенділер морфофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты балықтармен бірге анамниялар тобына жатса ,қалған тетраподалар –амниоталарға жатады.

5 слайд
Описание слайда:

6 слайд Қосмекенділер (Amphіbіa) – хордалылар типі, омыртқалылар тип тармағының бір
Описание слайда:

Қосмекенділер (Amphіbіa) – хордалылар типі, омыртқалылар тип тармағының бір класы. Қосмекенділердің 2 класс тармағы: доғаомыртқалылар (Apsіdospondylі) жұқаомыртқалылар (Lepospondylі), 3 отряды (құйрықсыз қосмекенділер, құйрықты қосмекенділер және аяқсыз қосмекенділер), 25 – 30 тұқымдасына бірігетін 4 мыңнан астам түрі белгілі. Тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарда таралған. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады, ал дернәсілдері суда тіршілік етеді, тек түрленіп дамығаннан кейін оларда ересектеріне тән морфология-физиологиялық ерекшеліктер қалыптасады. Дернәсілдерінің анатомиялық құрылыстары (жүрегінің екі камералы болуы, желбезектерімен тыныс алуы, т.б.) балықтарға ұқсас. Ересектері өкпе және терісі арқылы тыныс алады. Қосмекенділер жоғары девонда саусаққанатты балықтардан пайда болған, балықтар мен “нағыз” құрлықтағы омыртқалылардың (амниоттар) арасынан орын алады. Бұларға жерде жүруге бейімделген буыны шар тәрізді, бірнеше бөлімдерден тұратын, бес саусақты жұп аяқтар тән. Бас қаңқасы аутостилиялық (үстіңгі жақсүйегі бассүйекке бітісіп кеткен). Қосмекенділерде үлкен қан айналу шеңберінен басқа кіші (өкпелік) қан айналу шеңбері пайда болған. Жүрегі екі жүрекше мен бір қарыншадан тұрады. Сол жақ жүрекшеде таза артерия қаны, ал оң жақ жүрекшеде вена қаны мен теріден келетін артерия қаны болады. Қарыншада артерия және вена қандары араласады.

7 слайд
Описание слайда:

8 слайд Қосмекенділер класы(Amphibia) Сулы ортамен байланысын үзбеген алғашқы құрлық
Описание слайда:

Қосмекенділер класы(Amphibia) Сулы ортамен байланысын үзбеген алғашқы құрлық омыртқалылары.Амфибиялар жұмыртқалаларының тығыз қабығы болмайды,олар тек сулы ортада ғана дамиды.Дернәсілдері суда тіршілік етеді және түрленуден кейін ғана ересек амфибияларға тән морфо-физиологиялық ерекшеліктер қалыптасады. Қосмекенділерге шар тәрізді буындары бар бес саусақты жұп аяқтары тән.Бас қаңқасы-аутостилиялық қос ілмешегі болады.Ортаңғы құлақ қуысында гиомандибуляреден пайда болған үзеңгі сүйек бар.Жамбас белдеуі толық сүйектенбеген,ол сегізкөз омыртқасының көлденең өсінділеріне бекиді.Бас қаңқасында және иық белдеуінде көптеген шеміршектер сақталған.Екінші қанайналу шеңбері пайда болады,бірақ қанайналудың екі шеңбері толық бөлінбеген,жүрегі екі құлақша мен бір қарыншадан тұрады.Алдыңғы ми бөлімінде екі жарты шар бар.Бұл бөлімнің күнбезінде жүйке клеткалары шоғырланған.Ыдырау өнімдерін шығару жүйесі-мезонефридиялық типті бүйрек.Ұрықтану сырттай басым көпшілігінің шағылысу өсінділері болмайды.Амфибиялар пойкилотермді жануарлар,сондықтан олар қоңыржай аймақтарға қарағанда тропикамен субтропикада әлдеқайда көп.

9 слайд Қосмекенділердің құрылымының ерекшеліктері Қазбадағы қарапайым амфибиялар-сте
Описание слайда:

Қосмекенділердің құрылымының ерекшеліктері Қазбадағы қарапайым амфибиялар-стегоцефалдардың денесі жұмырлау, басы үлкен, қолтырауынның басы сияқты.Аяқтары қысқа, ауыр және денеге көлденең бекінген.Стегоцефалдардың иық белдеуі толықтай сүйектенбеген және ол жауырын,коракойд,прокарокойд жауырын үсті шеміршектерден,клейтрум мен бұғанадан тұрады.Оларда дептилиялар төсінің сүріншегіне сәйкес келген бұғана аралық жабынды сүйек болған. Олардың бас қаңқасы-стегальдық типті.Бас қаңқасының қаңқасы тұтас және онда тек табиғи тесіктер-танау тесіктері көз шарасы, төбе көз және есту тесіктері ғана бар.

10 слайд
Описание слайда:

11 слайд Амфибиялардың жабындысы Амфибиялардың жабындысы әдеттегідей екі қабаттан –көп
Описание слайда:

Амфибиялардың жабындысы Амфибиялардың жабындысы әдеттегідей екі қабаттан –көпқатаралы эпидермис және дермадан тұрады.Эпидермисте көптеген көп клеткалы бездер болады.Ал балықтарда жабынды бездер бір клеткалы.Көп клеткалы бездер шырыш бөледі немесе серозды (сарысу) болады,ал тропикалық түрлердің безді секреттері өте улы болуы да мүмкін.Бездері ірі,олар эпидермисте пайда болып,дермаға өтеді.Ересектерінде сол жерде өз қызметін атқарады.Дерма өзара қиғаш өрілген колагенді талшықтардан,дәнекер ұлпаның бос клеткалық элементтерінен,солқылдақ талшықтардан,қантамырларынан тұрады.Эпидермис пен дерманың арасында әр түрлі пигмент түрлерге ашық түс береді.Бақалардың терісінде лимфатикалық қуыстар болады,сол себепті тері астындағы бұлшық еттермен толық байланыспаған.Құрлықта тіршілік ететін түрлердің терісінде организмді құрғап кетуден сақтайтын сүйекті түзінділер болады.

12 слайд Амфибиялардың ас қорыту жүйесі Амфибиялардың ас қорыту жүйесі балықтарға бір
Описание слайда:

Амфибиялардың ас қорыту жүйесі Амфибиялардың ас қорыту жүйесі балықтарға біршама ұқсас.Олардың ауыз қуысындағы барлық сүйектерде-жақ аралық өре, тіс, кейде таңдай сүйектерде-тістер болуы мүмкін.Тістері жоқ түрлері де көп.Пипалар мен құрбақаларда тіс болмайды.Құйрықсыздардың личинкаларының жақтары мүйізді қабықпен қапталған және мүйізді тістері болады.Құрлық амфибияларында бұлшық еттерімен жабдықталған және ауыз қуысынан белгілі бір қашықтыққа лақтырып шығаратын тілі болады. Ауыз-жұтқыншақтан өңеш басталады,ол сілемейлі клеткалары бар жыбырлақ эпителлиймен жабылған.Өңеш ретортәрізді қарынға жалғасады,оның негізгі бөлімінің қабырғаларында қарын қуысына пепсиноген және тұз қышқылын бөлетін көптеген түтік тәрізді ас қорыту бездері орналасады.Қарын екі бұлшық ет қабатынан сыртқы ұзын бірыңғай салалы және ішкі сақиналы қабаттардан тұрады..

13 слайд
Описание слайда:

14 слайд Тыныс алу жүйесі Амфибияларда өкпе,желбезектер және тері.Қос тынысты балықтар
Описание слайда:

Тыныс алу жүйесі Амфибияларда өкпе,желбезектер және тері.Қос тынысты балықтардың өзінде-ақ желбезекпен тыныс алуды бәсеңдегені байқалады және прототерус пен лепидосирен тіршілігінің белгілі кезеңдерінде сусыз да өмір сүре алады,олар жер астында піллаға оралып,не оған оралмай-ақ тек қана қарапайым өкпелік тыныс алады.Көптеген амфибияларда өкпесі торла жұқа қабырғалы қапшықтар түрінде болса,құйрықтыларда олар біршама ұзарған.Денесі ұзарған аяқсыздарда өкпесі жыландардағыдай ассиметриялы.Бұлардың оң өкпесі сол өкпесіне қарағанда күшті жетілген.Әдетте өкпенің ішкі беті торлы және онда перделер жүйесі пайда болады.Құрлық амфибияларының тыныс алуы айдағыш насос типті,ал ауаны жұту ауыз қуысы түбінің төмен түсуі арқылы жүзеге асырылады.

15 слайд Өкпенің дамуы Төменгі сатыдағы құрлық омыртқаларында өкпе соңғы желбезек қап
Описание слайда:

Өкпенің дамуы Төменгі сатыдағы құрлық омыртқаларында өкпе соңғы желбезек қапшығының артынан жұп өсінді түрінде қалыптасады.Өсінділер бірте-бірте қапшық тәрізді туындыларға айналады.Бұл екі өсіндіні жалғастыратын өңештің учаскесі тақтыны салу жолының бастамасын береді,ал жұп қапшықтарын құрсақ қуысымен бірігіп кетеді.Ол өкпеқаппен жабылады және ішкі қатпарлар жүйесі күрделі немесе қарапайым болатын өкпеге айналады.Жұп торсылдағы бар кейбір балықтарда,ол өңештің құрсақ қабырғасымен байланысады.

16 слайд Амфибиялардың қантасымалдау жүйесі Қостынысты балықтарда артериалы және веноз
Описание слайда:

Амфибиялардың қантасымалдау жүйесі Қостынысты балықтарда артериалы және венозды қанның бөліну процесінің басталуы байқалады.Бұл процесс қосмекенділерде тереңдей түседі. Амфибиялардың жүрегі 5 бөлімнен: екі құлақша,бір қарынша,венозды қойнау және артериальді конустан тұрады.Соңғысынан үш жұп қан тамырлары шығады,олардан құрамы әр түрлі қан ағады. *Бірінші жұп қантамырларында(өкпе артериаллары) өкпе мен теріге барып қанығатын венозды қан болады. *Екінші жұп-аорта доғаларында араласқан,олар алдыңғы аяқтар мен одан кейінгі барлық органдарды қанмен жабдықтайды . *Үшінші жұп қан тамыры қаныққан қанмен басқа қарай(ұйқы артериаллары)бағытталады.Жүректен шығатын қан тамырларында құрамы жағынан әр түрлі қанының болуын иірімді қақпақшалар және амфибия жүрегі қарыншасының күрделі ішкі рельефінің болуы қамтамасыз етеді.

17 слайд Жүйке жүйесі Балықтарға қарағанда бірнеше ерекшеліктермен ажыратылады,оны құр
Описание слайда:

Жүйке жүйесі Балықтарға қарағанда бірнеше ерекшеліктермен ажыратылады,оны құрлықта тіршілік етуге көшуіне байланысты түсінуге болады. Алдыңғы ми екі бөлімнен –иіс сезу және жұп ми сыңарларынан тұрады.Иіс сезу бөлімі иіс сезу бөлігін қалыптастырады,олар бір-бірімен бірігіп кеткен және олардан иіс сезу нервтері шығады. Жарты шарлар бір-бірінен ұзына бойы саңылау арқылы бөлінген.Ми сыңарларының ішінде бірнеше және екінші ми қарыншалары орналасады,олар Монро саңылауы арқылы тікелей аралық мидың қуысымен байланысады.Алдыңғы мидың күнбезі үстінен астына қарай-архипаллиум,палеопаллиум және жолақты денелер участкілеріне түзілген.

18 слайд Амфибиялардың эмбриональды дамуы Қосмекенділердің уылдырығында салыстырмалы т
Описание слайда:

Амфибиялардың эмбриональды дамуы Қосмекенділердің уылдырығында салыстырмалы түрде аздаған сары уыз болады,ол зиготаның төменгі бөлігінде жинақталған.Оның түсі ақ.Уылдырықтың жоғары бөлімі күнгірт түсті сарыуыздың полярлы орналасуына байланысты,зиготаның бөлінуі біркелкі жүрмейді-анимальды полюстің клеткалары майда,ал вегетативті полюстің саруызы бөлшектеніп ірі блатомерлер береді.Бөлшектену нәтижесінде бір қабатты шар тәрізді ұрық-бластула түзіледі,блатомерлері мен бластоцелдері мөлшері жағынан ерекше болып келеді де,дорсальды жағына ығысып орналасады.Соңғы сатыларында Амфибластула көп қабатты болады .Бөлшектену басталғаннан екі-үш күн өткен соң ашық полюстің сыртында тек аздаған домалақ дақсарыуыз тығыны ғана қалады,оның маңында кішкене саңылау тәрізді шұңқыр-бластопор орналасады.Амфибияларда бластуланың соңғы сатысында,тірі кезінде бояу әдісін пайдаланып,ұрықтық клетка материалының топографиялық орналасуын анықтауға болады.Бұл әдіс бойынша күрделі гаструляция процесін бақылауға болады,бұл процесс сұр орақ аймағында энтодермальды материалдың дорсальді ерін арқылы төмпуімен (инвагинация) басталады. Инвагинация басталысымен амфибиялар ұрығының гаструляциясы эпиболия,яғни амимальды полюс клеткаларының вегетативті полюске бластопор ерніне дейін жылжуы жолымен жалғасады.

19 слайд
Описание слайда:

20 слайд Амфибиялардың систематикасы мен экологиясы Амфибия класы-Amphibia Доғаомыртқа
Описание слайда:

Амфибиялардың систематикасы мен экологиясы Амфибия класы-Amphibia Доғаомыртқалылар кластармағы-Apsidospondyli Секіргіштер отрядүсті-Salientia Құйрықсыздар отряды- Anura Отрядта -2900 түр бар,олар 297 туысқа,19 тұқымдасқа бірігеді.Өздеріне ғана тән ерекше қимыл қозғалыс құйрықсыздардың аяқтарының қаңқасына,жамбас белдеуіне морфологиялық өзгерістер тудырды және мықын сүйектерінің өзгеруі-ауырлық күштің жануар салмағының ортасына қарай түсуіне әсерін тигізеді. Құйрықсыздардың көптеген түрлері –құрлық жануарлары.Екінші қайтара суға түскен жануарлар 15 % -на жуығын құрайды.Құрлық амфибияларында тілі жақсы дамыға ,ол жемтігін ұстауға көмектеседі .Құрлық қосмекенділерінің арасында топырақ қазып және ағаш сүрбесінде тіршілік ететіндер болады. Құйрықсыз амфибиялар Жер шарына таралу сиаптына қарай Антарктидадан басқа жерлерде кездесетін космополиттер болып табылады. Ежелгі құйрықсыздар Мадагаскардың солтүстігінде табылған,олардың барлық 16 тұлға омыртқасында қабырғалар болған. Мықын сүйектер әлі де болса қысқа және олардың арасында үш құйрық омыртқалары жатқан.Сирақ пен қолдың қарын құрайтын сүйектер қазіргі түрлердегідей,әлі бірікпеген.

21 слайд Дөңгелектілділер тұқымдасы –Discoglossidae 4 туысқа бірігетін қарапайым құйр
Описание слайда:

Дөңгелектілділер тұқымдасы –Discoglossidae 4 туысқа бірігетін қарапайым құйрықсыз амфибиялардың 11 түрі жатады .Қабырғалары қысқа және омыртқасы артқы жағынан ойыс,ал дөңгелектілділерді жоғары сатыдағы құйрықтыларға жақындатады. Бұл тұқымдастың басты туысы-Шұбар бақалар(Bombina),Оған 4 түр (Қызыл бауыр ,сары бауыр,қиыршығыс және үлкен шұбар бақалар) жатады. Қызылбауыр шұбар бақаның денесінің үсті көкшіл сұр,ал құрсағы қара дақты ашық-қызғылт.Дене тұрқы 4 см –ден 6 см-ге дейін ауытқып тұрады.Орталық және Шығыс Еуропада тараған.Көктем –Жаз маусымдарында шұбарбақалар уылдырық шашуға қолайлы жер іздеп бір су қоймасынан екінші су қоймасына қоныс аударуы мүмкін.Олар үшін судың ең қолайлы температурасы 21 С. Уылдырық шашып болған соң, шұбарбақалардың саны күрт төмендейді . Шұбарбақалардың ұйқысы 150 тәулікке дейін созылады және қыстаудан шыққаннан кейін 2-3 апта өткен соң наурыз-сәуірде көбею басталады. Шұбарбақаладың өлім-жітімге көбірек ұшырауы қыстау кезінде және қыстайтын жерге бару-қайту кезінде жүзеге асады. Сарыбауыр шұбарбақа қызылбауырға қарағанда ежелгі болып саналады.Оның құрсағының түсі –сарғыш.Су сапасын таңдамайды.Тұзды суда тіршілік ете береді және оған уылдырығын да шашады Аналығы 100-ге жуық уылдырық шашады.Дернәіслінің ұзындығы 50 мм-ге дейін жетеді . Қиыр Шығыста қиыршығыс шұбарбақасы мекендейді,ол уылдырық шашу кезінде ымыртта және түнде белсенді. Юньнань тауларында ең ірі түрі,ұызндығы 68 мм-ге жететін үлкен шұбарбақа мекендейді.Осы тұқымдастың –Alytes туысына жататын өкілдері тек құрлықта тіршілік етеді.Туытбақа Орталық Еуроападан бастап Пириней түбегіне дейін кездеседі .Туытбақа таулы жерлерді ,борлы топырақты ұнатады.Түнде белсенді.Күндіз топыраққа көміледі .Ұзындығы 170 см-ге жететін жіппен жабдықталған.Көбею кезінде аталықтары бір-бірімен қақтығысады және ең белсенді аталықтары 2-3 аналықтың уылдырығын тасиды .

22 слайд
Описание слайда:

23 слайд Пипалар тұқымдасы -Pipidae Пипалар сулы ортада тіршілік етуге бейімделген жән
Описание слайда:

Пипалар тұқымдасы -Pipidae Пипалар сулы ортада тіршілік етуге бейімделген және тілі жоқ қосмекенділер . Тұқымдаста 16 түр бар ,олар Африкада және Оңт.Америкада мекендейді.Бразилия, Гайана, Гвинея және Суринамда мекендейтін суринам пипасы жақсы зерттелген. Денесінің ұзындығы 200 мм.Алдыңғы аяқтарында жіңішке жүзу жарғақтарымен байланыспаған 4 буынды саусақтары болады.Артқы аяқтары күшті, саусақтары жүзу жарғақтарымен байланысқан. Шағылысу кезінде аналығының жұмыртқа жолын арқасына қарай қайырылады,аталығы әр уылдырықты жеке-жеке шығарып олармен торларды толтырады .Уылдырықтың дамуы ұзақ 82 күн. Пипа жұмыртқалары сарыуызға бай болады.Аналығы түлеп жаңа терімен жабылады.

24 слайд
Описание слайда:

25 слайд Тарбақалар тұқымдасы -Pelobatidae Бұл тұқымдас 10 туысқа жататын 50-ден аса т
Описание слайда:

Тарбақалар тұқымдасы -Pelobatidae Бұл тұқымдас 10 туысқа жататын 50-ден аса түрлерді біріктіреді.Тірек қаңқасы амфицельді омыртқалардан тұрады. Көпшілік түрлер Азияда мекендейді. Еуропа,Солт.Америкамен кейбір аралдарда кездеседі.Тарбақалар өте төзімді және теңіз деңгейлерінен 4000 м биіктікте Гималайда, Тибетте 7 түрі мекендейді. Тарбақалар өкше бұдыры болғандықтан топырақты жақсы қазады. Ең көп танымал кәдімгі тарбақа, ол Орт.Еуропадан бастап Аралға және Батыс Сібірдің Оңт.дейін тараған Бұл туысқа Сирия Тарбақасы жатады.Басқа туысқа Кавказ, Теңбілшытырлылар жатады.

26 слайд
Описание слайда:

27 слайд Нағыз құрбақалар тұқымдасы-Bufonidae 21 туыс және 304 түрді біріктіретін үлке
Описание слайда:

Нағыз құрбақалар тұқымдасы-Bufonidae 21 туыс және 304 түрді біріктіретін үлкен тұқымдас. Жасыл құрбақаның терісі бұдырлы, сұр-қара сүр түсті.Көзінің артында улы бездер-паротиттердің үлкен жиынтығы орналасады.ТМД елдерінде,Солт.Африка, Кавказ, Монголия, Қытайда кең тараған.Кез келген ландшафтар мен климаттық аймақтарда мекендейді, тауда 4500м биіктікке дейін көтеріледі. Көктемде, қысқы ұйқыдан оянған соң, жасыл құрбақалар су қоймаларына жиналып, көбеюге қатыса бастайды.Уылдырық шашу кей жылдары тамызға дейін созылады.Уылдырығы жіп тәрізді, ұзындығы кейде 7 м-ге, ал жұмыртқа саны 13000-ға жетеді.Итшабақтары 5-6 тәулікте шығады, дамуы 55 тәулікке дейін созылады.

28 слайд
Описание слайда:

29 слайд Бақбақылдар тұқымдасы-Hylidae 34 туысқа біріккен 579 түрі бар үлкен тұқымдаст
Описание слайда:

Бақбақылдар тұқымдасы-Hylidae 34 туысқа біріккен 579 түрі бар үлкен тұқымдастың бірі.Еуропа,Азия Солт.Африка,Австралия ,Оңт.және Солт.Америкада кең тараған.Көптеген бақбақылдардың саусақтарының ұшында сорғыштары болады,осылардың көмегімен олар ағаш бағанасының бойымен,жапырақ үстінен және тік бағытпен қозғала алады . Hyla туысына 450 ағаш бақбақылдары жатады,олардың дене мөлшері 17 мм ден 135 мм жетеді.

30 слайд
Описание слайда:

31 слайд Нағыз бақалар тұқымдасы -Ranidae 45 туыс және 555 аса түрді біріктіретін үлке
Описание слайда:

Нағыз бақалар тұқымдасы -Ranidae 45 туыс және 555 аса түрді біріктіретін үлкен тұқымдас.Кеуде омыртқаларының көпшілігінің құрылысы алды ойыс арты дөңес .Алғашқы пайда болу ошағы – Шығыс жарты шар болуы мүмкін.Арктика,Австралия мен Оңт.Американың Оңтүсігінен басқа жерлерде кең тараған.Rana туысы бұл тұқымдастың ішіндегі ең көбі.Дене мөлшері әр түрлі 30 мм-ден 326 мм-ге дейін. Көбеюі кезінде ірі денелі аталықтары басым.Ірі аналықтар 20000-ға жуық дейін жұмыртқа салады.

32 слайд
Описание слайда:

33 слайд Ескекаяқты бақалар- Rhacophoridae 16 туысқа бірігетін 230 дай түрі белгілі. О
Описание слайда:

Ескекаяқты бақалар- Rhacophoridae 16 туысқа бірігетін 230 дай түрі белгілі. Оңт.Шығыс Азия, Жапония, Шри-Ланкада мекендейді. Ява мен Суматрада кездесетін денесінің үсті жасыл, асты-сары түске боялған Ява ескекаяқты бақасы көпшілікке белгілі.Саусақтарының ұшында жалпақ дискісі –сорғыштар болады.Түнде белсенді, көбею мерзімі қаңтардан тамызға дейін созылады.

34 слайд
Описание слайда:

35 слайд Ринодермалар тұқымдасы-Rhinodermidae Бұл тұқымдаста бар жоғы 2 туыс қана бар.
Описание слайда:

Ринодермалар тұқымдасы-Rhinodermidae Бұл тұқымдаста бар жоғы 2 туыс қана бар.Әсіресе Дарвин ринодермасы белгілі.Бұл кішкентай амфибияның дене ұзындығы 30 мм-ге жетеді.Чили тауларында тіршілік ететін су жануары.Алқым қапшығында ұрықтардың болуына қарамастан,аталығы ойдағыдай қоректенеді.Ринодерма жұмыртқалары саруызға бай.

36 слайд
Описание слайда:

37 слайд Құйрықтылар отряды-Caudata 340 жуық түр жататын отряд.Алдыңғы аяқтарында 3-4
Описание слайда:

Құйрықтылар отряды-Caudata 340 жуық түр жататын отряд.Алдыңғы аяқтарында 3-4 саусақ, ал артқыларында 2-5 саусақ болады.Аяқтары толық жойылған және тек артқы аяқтары жойылған түрлер кездеседі.Омыртқалары амфицельді немесе опистоцельді,омыртқалар саны 36-98. Есту аймағында, құлақалды сүйегінен басқа, тағы да 1-2 есту сүйектері болуы мүмкін.Дабыл жарғағы және ортаңғы құлақ қуысы екінші қайтара жойылған.Дернәсілдерінің 4 жұп желбезек саңылаулары соңынан жойылған.

38 слайд Қазақстанда кәдімгі тритон, сібірлік бұрыштіс және жетісу бақатісі мекендейд
Описание слайда:

Қазақстанда кәдімгі тритон, сібірлік бұрыштіс және жетісу бақатісі мекендейді. Кәдімгі тритонды Жайық өзенінің алқабы мен Арал өңірінің солтүстігіндегі шағын суқоймалардан кездестіруге болады. Көктем мен жаз айларында тоқтау суларда тіршілік етеді. Кәдімгі тритондар наурыз-мамыр айларында көбеюге кіріседі. Көбею кезеңінде аталық тритон аталықбез өнімдерін арнайы қапшыққа құйып, су астындағы нәрселерге жабыстырады, ал аналық тритондар оны клоакасымен қарпып алады. Аналық тритон іштей ұрықтанған 600-700 уылдырықты жеке-жеке өсімдік жапырағына орналастырады. Уылдырықтан 14-20 күнде тұрқы 6,5 мм дернәсіл пайда болады. Дернәсілдің құйрығын жүзбеқанат қатпаршағы жиектейді, қауырсын тәрізді сыртқы желбезек көзге шалынады. Дернәсілдің алдыңғы аяғы бірінші күні айқын байқалады, ал артқы аяқтары 20-күні пайда болады. 60-70күнде дернәсілдік кезең аяқталады, желбезегі және жүзбеқанаттың қатпаршағы жойылып, дернәсіл құрлыққа шығады,2-3 жылдан соң көбеюге қатысып, ұрпағын дамытады. Кәдімгі тритон маса дернәсілдерін жеп, көп пайда келтіреді. Кәдімгі тритон саламандра тұқымдасына жатады.

39 слайд
Описание слайда:

40 слайд Амбистомалар тұқымдасы-Ambystomatіdae Бұл тұқымдаста 4 туысқа жататын 35 түр
Описание слайда:

Амбистомалар тұқымдасы-Ambystomatіdae Бұл тұқымдаста 4 туысқа жататын 35 түр бар.Олардың көпшілігі амбистома туысына жатады.Амбистома дернәсілі-аксолотль қабілеттілігі жағынан жақсы таныс.Тұқымдас өкілдерінің омыртқалары қарапайым –амфицельді,таңдай тістері көлденең орналасқан. Ең кең тараған және көпшілікке таныс түрлердің бірі-жолбарыс түсті амбистома.Солт.Мексикадан Канадаға дейін тараған ірі денелі,сары жолақтары немесе дақтары бар қоңыр түсті.

41 слайд Кейде Амбистомаларды жеке отряд ретінде қарастырады. Солтүстік және Орталық
Описание слайда:

Кейде Амбистомаларды жеке отряд ретінде қарастырады. Солтүстік және Орталық Американың су айдындарында тіршілік ететін 30-ға жуық түрі белгілі. Жиі кездесетін түрі – жолбарыс амбистомасы (Ambіstoma tіgrіnum). Амбистомалардың денесі ұзындығы 15 – 23 см, терісі жылтыр, терісінде денесін тігінен бірнеше буылтықтарға бөліп тұратын сайшалар кездеседі. Құйрығы жуан әрі құйрығында терілі өскіндер болмайды. Денесінің түсі қоңырқай әрі онда ұсақ ашық түсті дақтар бар. Амбистомалардың дернәсілін аксостиль (жәндіктердің бүкіл денесін бойлай өтетін тығыз, майысқақ арқау) деп атайды. Бұларда неотения құбылысы (кейбір омыртқасыздардың дернәсілдік даму сатысында жыныстық жағынан ерте жетіліп көбеюі) байқалады. Мұндай дернәсілдер ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі нысаны болып саналады.

42 слайд
Описание слайда:

43 слайд Сирендер тұқымдасы-Sirenidae 2 туысқа жататын 3 түрді біріктіретін тұқымдас О
Описание слайда:

Сирендер тұқымдасы-Sirenidae 2 туысқа жататын 3 түрді біріктіретін тұқымдас Олардың таралу аймағы-Солт.Американың Оңт.шығысы. Аз зерттелген амфибияларға жатады. Қорегі –молюскалар, шаянтәрізділер, құрттар, тритондар, итшабақтар. Көбею кезінде жұмыртқаларын су өсімдіктеріне бөліп-бөліп салады.Барлығы бірнеше жүз жұмыртқа салынуы мүмкін. Жалпы дене формасы киттерге ұқсайды, бірақ мойын денесінен айқын бөлінген. Тек қана ескек тәрізді алдьңғы аяғы болады, сол сияқты саусағынан тұяқтың қалдығын байқауға болады. Азу тістері — тұяқтылардың тістері сияқты тегіс болады. Сонымен қатар қарны да бірнеше бөлімнен тұрады. Сирендер теңіздердің жиектеріне жақын жерлерді мекендеп, одан өзендерге өтеді. Су астындағы өсімдіктермен қоректенеді. Топтанып тіршілік ететін организмдер.

44 слайд
Описание слайда:

45 слайд Өкпесіз саламандралар тұқымдасы-Plethodontidae 23 тұқымдасқа бірігетін 215 тү
Описание слайда:

Өкпесіз саламандралар тұқымдасы-Plethodontidae 23 тұқымдасқа бірігетін 215 түр жатады.Бұл тұқымдастың өкілдерінде суық тау бұлақтарында тіршілік етулеріне байланысты,өкпелері жойылған. Солт.Американың шығысында кең тараған.Ол 10 түрге жататын саламандралардың мінез-құлқы өте ұқсас.Жасырынатын орындары су қоймаларында жақын тас асты, шіріген ағаштар.

46 слайд
Описание слайда:

47 слайд Аяқсыздар отряды-Apoda 4 тұқымдасқа және 33 туысқа бірігетін 165 түр жататын
Описание слайда:

Аяқсыздар отряды-Apoda 4 тұқымдасқа және 33 туысқа бірігетін 165 түр жататын отряд.Сыртқы пішіні ірі жауын құртына ұқсас көптеген сақиналы белдеулерден тұрады,тері жабындысында бездер көп,олардың бөлінділері денені түгел күйдіргіш сілемеймен қаптайды. Топырақ астында тіршілік етуі дабыл жарғағымен ортаңғы құлақ қуысы жойылуына алып келген,көзі тері астында ораналасқан. Құртшалар топырақ омыртқасыздары және олардың дернәсілдерімен қоректенеді.Ақ құмырсқалар мен құмырсқалар илеулерінде тіршілік етеді,бұл жерлерде олар әрі пана әрі қорек табады .20-30 саруызға бай жұмыртқа салады. Құртшалар Америка,Африка және Азияның Тропикалық аймақтарында кең тараған.

48 слайд
Описание слайда:

49 слайд Нағыз құртшалар тұқымдасы-Caecilidae Құрамында 96 түр бар аяқсыздар арасындағ
Описание слайда:

Нағыз құртшалар тұқымдасы-Caecilidae Құрамында 96 түр бар аяқсыздар арасындағы ең үлкен тұқымдас.Америка, Африка, Азияның тропикалық бөлігінде тараған.Бұл тұқымдас өкілдерінің көзі тері астында орналасқан, қабыршақтары дөңгелек, астыңғы жағында 2 қатар тістері болады.

50 слайд
Описание слайда:

51 слайд Балықжыландар тұқымдасы-Ichtyophiidae Бұл тұқымдасқа таралу аймағы–Азия мен О
Описание слайда:

Балықжыландар тұқымдасы-Ichtyophiidae Бұл тұқымдасқа таралу аймағы–Азия мен Оңт.Америкада жатқан 44 түр бірігеді.Цейлон балықжыланы жақсы таныс,оның денесі 400-ге жуық сақинадан тұрады және көгілдір немесе қара сұр түске боялған,денесінің бүйірлерінде сары жолақтар болады.Олар өзен жағалауларында тіршілік етеді,суға түсіп кетсе,жылдам өледі.

52 слайд
Описание слайда:

53 слайд Амфиябиялардың биоценоздағы рөлі Амфибиялардың пойкилотермділігі, олардың ылғ
Описание слайда:

Амфиябиялардың биоценоздағы рөлі Амфибиялардың пойкилотермділігі, олардың ылғалды жабындысы бұл жануарларды жылы климатқа және ылғалды биотопқа жақындауына итермелейді.Өте аздаған түрлері тұздылығы шамалы 10% дейін су қоймаларында тіршілік етеді, ал тұздылығы бұдан жоғары болса итшабақтар мен ересектеріне теріс әсер тигізеді . Көптеген құйрықсыз амфибиялар тропикалық ормандарда тіршілігін ағаш сүлбелерінде өткізеді.Аяқсыз амфибиялар тропиктың борпылдақ топырағына бейімделген және топырақ қазып тіршілік етеді. Амфибиялар,балықтар,су құстары жыландардың қорегінде басты орын алады .Қосмекенділермен кірпілер және жыртқыш сүтқоректілер қоректенеді.Көптеген түрлердің жабындысы біршама улы секрет бөледі,оның күйдіргіш қасиеті болады,жыртқыштар бір рет осындай бақаны тістесе,кейіннен,оған еш уақытта тиіспейді. Амфибиялар ауыл шаруашылығына зиянды насекомдарды қорегіне көптеп пайдаланады.Олар негізінен түнде қоректеніп күндізгі жыртқыштарды алмастырады.

54 слайд Назарларыңызға рахмет!!!
Описание слайда:

Назарларыңызға рахмет!!!

  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Учитель биологии
Курс профессиональной переподготовки
Учитель биологии и химии
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация

Номер материала: ДБ-592112

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Организация и руководство учебно-исследовательскими проектами учащихся по предмету «Биология» в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «ФГОС общего образования: формирование универсальных учебных действий на уроке биологии»
Курс профессиональной переподготовки «Биология: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Медико-биологические основы безопасности жизнедеятельности»
Курс повышения квалификации «Методические аспекты реализации элективного курса «Антропология и этнопсихология» в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Государственная итоговая аттестация как средство проверки и оценки компетенций учащихся по биологии»
Курс повышения квалификации «Нанотехнологии и наноматериалы в биологии. Нанобиотехнологическая продукция»
Курс повышения квалификации «Основы биоэтических знаний и их место в структуре компетенций ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Анатомия и физиология: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Организация производственно-технологической деятельности в области декоративного садоводства»
Курс повышения квалификации «Составление и использование педагогических тестов при обучении биологии»
Курс повышения квалификации «Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.