Инфоурок Начальные классы КонспектыТөрт түлік туралы жыр. Қой.

Төрт түлік туралы жыр. Қой.

Скачать материал

 

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы жыр.Қой.

Сабақтың мақсаты: Төрт түлік түрлерімен таныстыру, оларды қалай шақыру   керек, пірлерін қалай атайтыны, пайдасы туралы әңгімелей отырып,    өлеңді сауатты, мәнерлеп, жүргізіп оқу дағдыларын жетілдіру. . Білім беру мен білім алудағы ұлттық салт-дәстүрді, қой малының пайдасы жөнінде білімдерін кеңейтуТіл байлықтарын, байланыстырап сөйлеу дағдыларын,  шығармашылық   қабілеттерін арттыру.

Типі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру

Әдісі: Түсіндірмелі –иллюстративті

Көрнекілігі: Слайдтар

Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу, математика.

Оқытудың нәтижелері:
1. сабақ мақсаттарының орындалуы
2. Бірін-бірі тыңдап әрі еркін сөйлеп үйренеді.
3. Шығармашылық қабілеттері артады.

Қадамдар:
1. Үй тапсырмасын тексеру
2. Интер.тақтамен жұмыс
3. Топпен жұмыс
4. Рефлексия
5. Бағалау

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, психологиялық дайындық жүргізу. (Тыныштық сәті «Саяхат»)

1.Үй тапсырмасын тексеру   Актуалдау

- Біздер қай тарауды оқып жатырмыз?

- Халық ауыз әдебиеті деп неге айтады?

- Оларға нелер жатады?

               

                Атадан қалған асыл мұра

Ø  Мақал-мәтел

Ø   Атадан қалған асыл мұра   Жұмбақ

Ø  Жаңылтпаш

Ø  Ертегі

Ø  Мысал

Ø  Аңыз

Ø  Бесік жырлары

Ø  Батырлар жыры

Ø  Төрт түлік жырлары

 

  «Шибұт, Қылмойын, Қарынбас» ертегісінің мазмұнын сұрау және сабақты бекіту.

 

-Ертегі кейіпкерлерінің аттары кімдер?

-Неліктен солай атаған?(оқушылар өз ойларын ортаға салады)

Оқыған ертегілерді жүйелеу;

 

Жан-жануарлар туралы ертегілер

Қиял-ғажайып ертегілер

Шыншыл ертегілер

 

 

 

*    Ертегіден алар қорытындымыз не?

*    Ұрлық түбі қорлық.(мақалдың мәнін ашады)

*    Ұрлық істемей таза жолмен жүру үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

*    Еңбек ету керек.

*    https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/7/7b/AbaiPainting.jpgБіздің еңбегіміз – білім алу.

   

                    «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей».

 

 

       Абай (1845 ж- 1904 ж)

3. Жаңа сабақ:    - Біздің ата-бабаларымыз да еңбекпен күнелткен. Қазақ халқының  ұлттық кәсібінің бірі – мал бағу екенін білесіңдер. Жазғы каникулда ата-әжелеріңе,әке -аналарыңа көмектескен боларсыңдар        

 - Төрт түлік малды кім атап береді?

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

-«Төрт түлік мал туралы жырлар. Қой»

- Төрт түлік туралы жырлар да ертегілер сияқты ауызша жеткен халық шығармаларының бірі.

Сәйкестендіру  «Төрт түліктің пірлері»

Қамбар ата -Жылқы атасы – құлын –құрау-құрау
Ойсылқара- Түйе атасы - бота-көс-көс
Зеңгі баба -Сиыр атасы – бұзау-аухау-аухау
Шопан ата -Қой атасы – қозы-пұшайт-пұшайт
Сек-сек ата -Ешкі атасы – лақ-шөре-шөре

– Төрт түліктің біріне байланысты жұмбақты кім табар екен?

         Жұмбақ:    Кішкене ғана бойы бар,

                            Айналдыра киген тоны бар. (қой)

         Қой – төрт түліктің ішіндегі ең жуасы. Қойдың еті, жүні, терісі пайдалы. Жүнінен киіз басады, киім-кешек, шидем тоқиды. Майын емге пайдаланамыз. Терісінен тон тігеді. Пірі – Шопан ата. Қойды пұшайт-пұшайт деп шақырамыз.

Мұғалім сыйы:  «Төрт түліктің пірлері»
     Пір - деген өте қасиетті сөз. Пірлік деп белгілі бір саланың маманын, маманы болғанда да жетілген адамын атайды. Пірлік кереметтей ілім иесі болса, қарамағындағы халыққа тәлім тәрбие беретіндей, жол көрсететіндей, ауыру сырқауы, жолдан адасқаны, басына әлде қалай ауырлық түскені, жаны күйзелгенде қолтығынан демей алатындай дәрежелі адам болған. Қазақтың төрт түлігінің пірі, иесі, киесі болған адамдар сол саланың маманы болған адамдар деп түсінуіміз керек.
19-ғасырда өмір сүріп «Түркі қауымдары тарихы» атты кітапты жазған Татар ғалымы Хасан Ата Абуший адамзат дамуын үш сатыға бөледі.
Бірінші - «Вахшият» яғни жабайы дәуір, адамдар жеткен жерінде жатып, тапқанын жеп күн кешеді. Тіршілік қамымен адамдар қоғамдаса бастайды. Әрине қауымның алғашқы түрі жан ұялық ата-әке-бала, немере деген секілді тұыстық  жүйемен келіп бөліне бастайды.
Екінші - Бадауият, бұл дәуірде адамдар малды қолға үйрете бастайды. Мал өнімдерін тері, жүн, сүйек, сүт пайдалануды үйренеді.

 Қой атасы – Шопан ата
   Шопан ата – қой түлігі мен шопанның пірі. Зерттеушілердің пікірінше шамамен 13 – 14 ғасырларда өмір сүрген және Қожа Ахмет Иасауи  тариқатының басшыларының бірі болған. Жалпы ислам дүниесінде әрбір кәсіптің киелілігін, абыройлығын әйгілеп, ол кәсіптердің бастауында тұрған рухани ұстаз, қасиетті пірге құрмет көрсету дәстүрі бар. Сондай-ақ дәстүрлі қазақ  мұсылмандығында да қазақтың ата кәсібі малшылыққа байланысты пір тұтылатын қасиетті есімдер бар. Солардың бірі Шопан ата Ол Иасауи тариқаты дәстүрінің ұстазы ретінде тарихи тұлға болса да халық жадында шопандық кәсіптің пірі ретінде аңыздық тұлға болып сақталды. Халық арасында Шопан ата туралы аңыз әңгімелер көптеп таралып, қой түлігінің қасиеттерін дәріптеген және сол кәсіптің иесі пірден қолдау, желеп-жебеу тілеп, мұсылмандық дәстүрмен рухани жалғастыққа ұмтылған. Шопан ата - деген бір қасиетті адамның мазары Маңғыстауда бар, қазірше «Шопан ата» аз зерттелген. Халық Шопан атаны қойдың пірі дейді. Бірақ бұл шын мәнінде Маңғыстауда жатқан Шопан атамызба, болмаса басқа Шопан ата бар ма ол жағы нақты зертеуді қажет етеді.
Қой - төрт түлік малдың ішіндегі ең момыны.Қой малы тез көбейеді. Адамға берер пайдасы өте көп. Қазақ халқы малды жақсы көрген, балаларын осы төлдерін атағандай жақсы көрген

 Сонымен төрт түлік малдың бірі-қой туралы бүгінгі сабақта танысатын боламыз.

 «Даналық ағашы»ойыны

І.Мақал-мәтелді оқу талдау

1)Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл-көсір.

2)Қойдың сүті қорғасын,

   Қойды ұрған оңбасын.

4.Қой аузынан шөп алмас-момын.

5.Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман- бейбіт, тыныш

Оқулықпен жұмыс

ІІ.Жырды оқу «Қой»

А)өлеңді баяндау

Ә)іштей оқу

Б)тізбектей оқу

Сұрақтар:

1.Жырды ,мақалды пайдаланып қой туралы әңгімеле.

2.Қойдың пайдасын кесте бойынша дәптеріңе жаз.

Сүтінен әзірленетін тағамдар

Жүнінен жасалатын заттар

Терісінен жасалатын заттар

 

 

 

3. Проблемалық тапсырма

-Егер банкіден үлкен көлемде несиеге ақша алдыңыз делік. Оған бір досыңыз қой алып, мал шаруашылығымен айналыс десе, екінші бір досыңыз қымбат машина ал деді. Сіздер не істер едіңіздер?  (Оқушылар өз ойларын ортаға салады.)

Шығармашылық  топтық жұмыс.

Сынып оқушыларынын көмегімен топ аттары ойланып ,шешілді және суреттер арқылы балаларды топқа бөліну арқылы  төмендегі тапсырмалар орындалды.

http://trezvenie.org/bible_study/%D1%81%D0%BB%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D1%8B/fauna/%D0%9E%D0%B2%D0%B5%D1%86%D0%B0.jpg «Еділбай» тобы

1-    тапсырма:Еділбай қойы туралы білімдерін  арқылы көрсету.

 

 

 

 

 «Миранос»тобы

2-тапсырма.        Қойдың пайдасы

             Құйрық майын ем ретінде пайдаланады       

         Сүт, ірімшік, құрт

            Ләңгі жасалады

            Етінен әр түрлі тағамдар

            Терісінен тон тігеді,бас киім,байпаұ тігеді

            Жүнінен киіз, шұлық, киіз үй жабдықтары жасалады,пима,

            Басы сыйлы қонаққа тартылады

            Сүйегінен сабын жасайды

            Асық алады(асық ойнайды)

Жауырын сүйегіне қарап ауа райын божайды

 

  «Қаракөл»тобы

3-тапсырма.Шығармашылық жұмыс. Өлең құрастыру.

        ________________ дала,

        ________________ бала.

                                      ________________ жазым,

                                       ________________ қозым.

http://1.bp.blogspot.com/-50uuPhpDNmU/Us2kZkIU9aI/AAAAAAAAASo/jytIV0R5Kdk/s1600/Deti-poyut-----Poyushhie-devochki-full.png

Ән айту:Қошақаным қайда екен?! 

Өлеңін жазған: Сабырхан Асанов

                              Әнін жазған: Әсет Бейсеуов
 
Жазда апамның ауылына, 
Барып едім қыдырып. 
Бір қошақан алдымнан, 
Ойнап шықты жүгіріп. 
 
Қайырмасы: 

Ақ маңдайы ай ма екен?! 
Шекер ме екен, бал ма екен?! 
Кеттім оны сағынып, 
Қошақаным қайда екен?! 
 
Демалыста өзіңді, 
Тағы іздеп барамын. 
Бір қошақан бәрі бір, 
Сені тауып аламын. 

Қайырмасы:
 
Қозыларым жүр ме екен? 
Ерке сұлу сол ма екен?! 
Мені қашан келер деп, 
Сағынып ол жүр ме екен?! 

Қайырмасы:

 

Бекіту. «Дұрыс-Бұрыс»

1.«Қой»жыры  халық ауыз әдебиетіне жатады.(дұрыс)

2.Қаракөл,Миранос,Ақжайық қойы, Ғиссар қойы, Еділбай қойдың қасиеттері.(бұрыс)

3.Қойдың төлі бота,көс-көс деп шақырамыз(бұрыс)

4.Ешкі малы төрт түлікке жатпайды.(дұрыс)

5. Қой аузынан шөп алмас-момын. (дұрыс)

Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман- бейбіт, тыныш.(дұрыс)

http://test.org.ua/uploads/2008/svetofor_01_600x.jpgҚорытынды: Рефлексия. (сабақ барысындағы оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарна талдау жасау арқылы оқушылардың көшбасшылық қаблеттеріне тоқталамын)

 Бағдаршам» әдісі арқылы қорытындылаймын. Қажетті түрлі-түсті қағаздарды таратамын. Сұрақтарды қоямын. Оқушылар сұрақтарға жауап беру үшін бағдаршам түсіне қарай сұрақты білсе, жасыл, жартылай білсе сары, білмесе қызыл түсті көтереді.

 «Малды берсең, қойды бер,

Ұлды берсең, ойлы бер» деген қазақ даналығы бар. Осы сөзді жадымыздан шығармай, сіздер төрт түлік малды қадірлеп, қастерлей білетін ойлы азамат болады деген үміттемін.

Бағалау: Өзін-өзі бағалау үшін әр оқушыға «сенімдімін», «сенімсізбін», «мүлде сенімсізбін» деген стикерлер таратып беремін. Осы стикерлердің біреуін таңдау арқылы әр оқушыға өзін-өзі бағалауды тапсырамын. Оқушылар флипчарт бетіндегі өз атының тұсына бүгінгі сабақты меңгеруіне қарай «сенімдімін», «сенімсізбін», «мүлде сенімсізбін» деген стикерлердің біреуін жабыстырады.

Үйге: «Алтын қазына» ойыны оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында сабақта оқушының өз еркі бойынша ойналады.Оқушылар  өзі  шығарған өлең немесе көркем шығарма, ой толғау тағы басқа ізденістерін қазына қорына әкеп қосады. Жырды жаттау, қойдың жасын жазу, суретін салып келу.Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Төрт түлік туралы жыр. Қой."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 024 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.11.2015 5615
    • DOCX 595.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Закарина Куралай Кадетаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Закарина Куралай Кадетаевна
    Закарина Куралай Кадетаевна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16493
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1114 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 273 человека

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Мини-курс

Психологические исследования и поддержка психического здоровья

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общая химия

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методология и организация образовательного процесса по информатике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе