Инфоурок Биология Статьи"Төрт түліктің сергегі" мақаласы

"Төрт түліктің сергегі" мақаласы

Скачать материал

Төрт түліктің сергегі


Атамыз қазақ мал өсіруді жақсы көрген. Төрт түлік олардың кисе - киімі, жесе - тамағы, мінсе - көлігі, ішсе – сусыны, біреуге ұсынар сыйы болып табылған. Ішінен шыққан баласын да «құлыным, қозым,ботам, лағым-шұнағым» деп еркелете білген. Ешкі мен лақтың тентек, ұшқалақтығына байланысты ұл-қыздарына «ешкіге ұқсамай тыныш отыр, лақша секірме аяқ-қолыңды сындырасың, шошаңдама» тәрізді ескертулер де айтқан. «Қой-ешкі» деп тұтастай аталып, көбіне елене бермейтін ешкі туралы айтсам деп ойлаймын.

Ешкі малы басқа малға қарағанда аса төзімділігімен, шөл және шөлейт аймақтар мен тау - тасты жайылымдарда жақсы жайыла алатын қасиетімен, табиғи жағдайларға тез бейімделгіштігімен ерекшеленеді. Олар аса қауіпті аурулармен (оба, туберкулез) ауырмайды. Қойға қарағанда жеңіл қимылдайды. Қой көп жайыла алмайтын беткей төстерге жеңіл көтеріліп, тасты жерлерде жақсы жайылады. Ағаш бұтақтарын, қабығын кеміріп, қисайған бұтақтарға да шыға алады.Ешкісін қалың көгалға арқандап қойып жаятын адамдар да кездеседі.

Орынбор түбітті ешкісі. Көп жылдар бойы халықтық сұрыптау жолымен шығарылды. Қатты жел, үскірік аязға, қуаң жазға төзімді келеді. Басқа түбітті тұқымдарға қарағанда салмақты, ірі, сүйектері мықты , түбіті бірқалыпты болып, ешкінің салмағы – 44 – 45 кг, текелері 70-75 кг тартады. Ешкісін көп сауса, түбіті азаяды.Солтүстік Қазақстан облысында өсіріледі.

Таулы Алтай ешкісі. Таулы жайылымдарда өсіруге әбден бейімделген. Сүйектері мықты, тірілей салмақтары ауыр, тез семіреді, Сақа ешкі 40-42 кг, текесі 60-62 кг тартады. Әр ешкіден ұзындығы 7-8см болатын 450-600 г түбіт таралып алынады. Түбіті біркелкі болғандықтан, орамал мен тоқыма бұйымдарын дайындауға өте бағалы шикізат болып табылады.

Ангор ешкісі ұсақ келеді. Ешкісі 30 кг, текесі 50 кг тартады. Сойылған ешкіден 12-22 кг ет, 2-4 кг іш майы түседі.Бұл ешкіден ұзындығы 20-25 см толқындай бұйраланған, жібектей үлбіреген, жақсы жылтырайтын біркелкі биязы жүн қырқылады. Серкелерінің жүні шыбыштармен салыстырғанда жуандау келеді. Көктемде түлейтіндігіне байланысты оларды дер кезінде қырқып алған жөн.

Кеңестік жүн ешкісі. 1937 жылдан бастап ангор текелерін жергілікті ешкі тұқымдарымен шағылыстырып, көп жылдық мақсатты сұрыптау жолымен шығарылған. Онша ірі емес, бірақ сүйегі мықты келеді. Сақа ешкісі -39-40 кг, текесі 60 кг тартады. Текесінен 2,5 кг, ешкісінен -1,6-1,8кг ангор типтес біркелкі жартылай ірі, жібектей жылтыр, мықты жүн қырқылады.

Барлық ешкі тұқымдары тез өсіп-жетілгіш келеді. 5-7 айда жыныстық жағынан жетіліп, 1,5 жылдығында күйекке түсуге жарайды. Күйіті келіп, 150 тәулік буаздықтан кейін кемінде егіз лақтан туады. Лақтары тез аяқтанып, жайылымға бейімделеді.

Ешкі тұқымдарын олардан алынатын негізгі өнім бойынша жүнді, түбітті, түбітті – жүнді және сүтті бағыттарға бөледі.

Республика шаруашылықтарында негізінен жергілікті халықтық селекциямен сұрыпталып шығарылған қазақы ешкі өсіреді. Қазақы ешкі қолда өсіруге икемделген. Сақа ешкілер салмағы 38-40 кг тартса, 150-450 г түбіт пен қылшық жүн береді. Күйі жақсы қоңды ешкілер жылына 2 рет лақтай алады. Ешкілерді ашық қоршау ішінде ұстауға болады.Тек жауынды – шашынды күннен қорғау үшін бастырма салады. Қамайтын қора іші жылы, жарық, едені міндетті түрде қиғаштау болуы керек. Ешкі суықтан бұрын ылғалдықтан зардап шегеді. Міндетті түрде асты құрғақ болуы керек. Азық салатын оттықтары 60-70 см биіктікте орналасуы дұрыс. Қорадағы қиын жылына бір-ақ рет көктемде ояды. Қысқы уақыттарда жылы күндері ешкілерді таза ауада 4-5 сағат, аязды күндері 1-2 сағат серуендетеді. Лақты ешкілерді бөлек ұстайды. Текелерді сауатын ешкілерден бөлек қамайды. Ешкі қораның төбе жағына ағаш бұтақтарын, кепкен жапырақтарды жазда баулап іліп қою керек. Ешкі малы бұларды сүйсіне жейді.

Ешкінің еті, сүті қорытылуға жеңіл, өте пайдалы. Тау-тастың шұрайлы шөбін талғап жеген ешкінің еті мен сүтінде адам ағзасына пайдалы дәрумендер өте көп. Ешкі сүтінде адам денсаулығына қажетті тиамин мен ниацині жоғары белок мөлшері мол. Адамдар ешкі сүтінің пайдалы екендігін тым ерте заманнан білген. Әйгілі грек мифологиясында Зевс құдай ешкі сүтін ішіп, өсіп-жетілуінде күш-қуаты әкесі Кроностан асып түсуінде үлкен гәп бар.

Ешкілерден мол да қою, дәмді сүт сауылады. Оны ұзақ сақтауға болмайды. Емдік әсері мол болу үшін сауған бетінде ішкен жөн. Өйткені, қайнатқан кезде ол бірсыпыра пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Ешкі сүті жанға шипа, шала туған нәрестелерге өте қажетті азық болып табылады. Дәмді құрт, ірімшік,май, айран тағамдары даярланады.Ешкінің сүті асқазан ауруына таптырмас ем. Ол үшін тамақтанар алдында 3 мезгіл ішу керек. Сойылған ешкілерден өте бағалы тері алынады. Күзде сойылған терінің сапасы жоғары болады. Ешкі терілерін илеп, кептіріп, былғарылық бұйымдар жасап төсеніш ретінде аяқ астына, машина, трактор орындықтарына төсейді. Ешкі түбіті - жеңіл әрі жылы тоқыма өнімдерін дайындауға қажетті өте бағалы шикізат. Ешкіні тарау үшін арнайы тарақтар қолданылады. Тараққа жиналған түбітті жеке қалташаға салып отырады. Таралып алынған түбітті түсі және сапасы бойынша сұрыптап отырады. Ешкіні қол қайшыларымен немесе «ЭСА -1Д» электр машинасымен қырқады. Қырқымды көктемде, күн жылынғанда бастайды. Жүндес тұқымдарды екінші рет күзде, жүні 11-12 см өскенде қырқады. Жүннің жағдайына қарай қалыпты таза және қиқымды жүндер деп бөледі, түсіне қарай ақ, ашық көк, түрлі-түсті болып бөлінеді. Ешкіні «шөре-шөре» деп шақырған, «жік-жік» деп қайырған,оған «кебенек келгір»деп жекіген.

Ешкі жайлы білсек: Ешкі пірі –Сексек ата (Шекшек ата)

Жаратылуы – тастан

Аталығы –теке

Төл көтеру мерзімі- бес ай

Төлі –лақ, төлдеуі-лақтайды

Табыны –отар

Шақыруы-«шөре-шөре»

Дыбыс шығаруы- маңырайды, бақырады, бақылдайды

Жүрісі- саулайды, қайқаңдайды,

Күтімі – бала-шағанікі

Сыбағасы- кәрі-құртаңдікі

Қоңын айыру- мойнынан

Сойыстығы- қарындық .

Жүні- түбіт, қыл

Індеті- кебенек

Қарғап-сілеуі- кебенек келгір

Қомсыну-ешкі-мешкі

Тезегі- құмалақ

Асығы- кеней

Жасы мен жынысына қарай: лақ, шыбышың, лақ теке, текешік, шыбыш, туша, сақа ешкі, ту ешкі, серке (құнан серке, дөнен серке ),азбан теке деп атаған.

Қырғыздар ешкі малын отарлап баққан. Қыс бойы қорадағы бір сиыр жеген шөпті он ешкі жемейді екен.

Көптеген ақындарымыз ешкі-лаққа өлеңдер арнаса, Құлыншақ күйшінің «Асаубайдың өрелі ешкілері» атты күйінде ешкінің мимырттап бара жатып маңырағаны,оған енесінің ызалы қимыл-әрекеті бейнеленген.

Тастан-тасқа секіріп, желдеуіне орай бағуы қиындық туғызғанымен,ешкі малының осындай көптеген пайдалы жағы бар екен.


















Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Төрт түліктің сергегі" мақаласы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 617 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.03.2016 902
    • DOCX 41 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баянова Алуа Баянқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Баянова Алуа Баянқызы
    Баянова Алуа Баянқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6521
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 556 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Нанотехнологии и наноматериалы в биологии. Нанобиотехнологическая продукция

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические аспекты развития и состояния личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции