Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Тәртіпсіздіктің алдын - алу" тәрбие сағаты

"Тәртіпсіздіктің алдын - алу" тәрбие сағаты


библиотека
материалов



Сабақтың тақырыбы: Тәртіпсіздіктің алдын – алу


Сабақтың мақсаты: Балаларды кішпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, сыпайылыққа баулу.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, сын тұрғысынан ойлауды дамыту

Көрнекілігі: қанатты сөздер


Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

І Ауылдарға саяхат.

«Әдептілер», «Тәртіптілер», «Мәдениеттілер»

ІІ Ескірмейтін есті сөз (ұлылардың сөздері)

ІІІ Жалғасын тап (Мақалдардың жалғасын табу)

ІV Шығармашылық жұмыс (Әдепті бала – арлы бала)

V Хаттар сырына үңілейік.

Сабақтың эпиграфы:

«Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан - дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс.... мен көркі мен киіміне қарасам, көз сүйсіндіріп, бас айналдыратын адамдарды жиі көремін, ал жан – дүниесіне үңілсек – құдай сақтасын! Әп – әдемі сыртқы қабықтың ішіндегі жанның қап – қара болатыны сонша, оны ештеңемен жуып кетіре алмайсың». (Чехов А. П.)

Мұғалім:

-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, қонақтар.

Кіріспе сөз. Адамның адамгершілік , саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс – әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Әдептілікке , кішпейілдікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез – құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі – өнегесімен, ата – әженің берер үлкендік, ақсақалдық тәрбиелерімен бойына сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді.

Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, өмірде мақсатыма жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн.

Адамның бойынан әдептілік, сыпайылық, ізеттілік қасиеттер табылса, әрине, адам сымбатты, парасатты көрінеді.

Мұғалім: - қане, балалар, ұлы данамыз Әл- фараби тәрбие туралы қандай өсиет айтқан екен?

Оқушылар: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы».

Мұғалім : - иә, балалар, адамға берілген тәрбиенің нәтижесі – тәртіп болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың да тақырыбы «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» деп аталады.

І ауылдарға саяхат

Оқушы: - Құрметті оқушылар! Біздің атарба «Әдептілер» ауылына келіп тоқтады.

Ал, балалар, «Әдептілер» ауылына біз қандай қызықтарға тап болар екенбіз.

Оқушы: Әдептілік дегеніміз – адамдардың өзара жақсы қарым – қатынасының , жүріс – тұрысының ережесі.

Оқушы: Адам болатын бала – барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысу керек. Иманды адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.

Оқушы: Әдептілік дегеніміз – әдет, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағаы да бір айтатын жағдай бір – бірімізге кешірімді болуымыз керек, ол да – әдептілік.


ІІ Ескірмейтін есті сөз (ұлылардың сөздері)


ІІІ Жалғасын тап (Мақалдардың жалғасын табу)

Тәртіпке бағынған.................

Тәртіп............ бастауы

Тәртіпсіздік - ........................ қас жауы

Әдепті бала............................

Әдептілік...................... белгісі.

Жақсыдан үйрен, ....................

Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз, ................

Әке көрген оқ жонар, .....................


ІV Шығармашылық жұмыс (Әдепті бала – арлы бала)


V Хаттар сырына үңілейік.

Оқушыларды үш топқа бөліп тапсырма беру керек. Сол тапсырмалардағы жағдаяттарды шешу жолдарын қарастырады.

  1. Жағдаят.

Сен өте асығыссың, себебі, сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала жетектеп келе жатқан қарианы қағып кеттің, ол кісі құлап түсті, немересі қорыққанынан жылап жіберді. Сен не істейсің?

2 – жағдаяят.

Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тапсырды. Сен достарыңмен ойнап жүріп бұл істі ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп, өзі жинап, сыпырып қойды. Сен келгенде анаң ренжулі. Сенің әрекетің?




3 – жағдаят.

Үйде ешкім жоқ. Тек сен ғана. Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң , қаладан келген туысқаның. Сенің анаң ешкімге есікті ашпауды тапсырған. Сенің әрекетің?


VІ Шеңбер құру.

Барлық оқушылар дөңгелене тұрады да бір – біріне тілектер айтады.

Не ұқтыңдар?

Түйін : Көрдіңдер ме балалар өз ниеттерің түзу болса, біреуге жақсылық жасасаң, жақсы сөздер айтсақ өзіміз де соны естиміз екен.


VІ Қорытынды

Арым – таза, ақ көңіл

Адалдыққа сенемін.

Абыройлы, ақ ниет,

Адамдыққа сенемін – дей келе менің сендерге айтатыным , адам әрқашан бет сұлулығымен емес, ішкі жан – дүниесімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі. Сендердің де әдепті оқушы болып өсетіндеріңе сенемін.

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-486402

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG