Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Тсәрбие сағаты тақырыбы " Сарғайсада тарихтың ақ парағы,ол күндер мәңгі есте сақталады"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям рекомендуем принять участие в Международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

СЕГОДНЯ (15 ДЕКАБРЯ) ПОСЛЕДНИЙ ДЕНЬ ПРИЁМА ЗАЯВОК!

Конкурс "Я люблю природу"

Тсәрбие сағаты тақырыбы " Сарғайсада тарихтың ақ парағы,ол күндер мәңгі есте сақталады"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Сарғайсада тарихты ақ парағы,ол күнде мәңгі есте

сақталады»

Сабақтың мақсаты:

1. Ұлы жеңісті дәріптеу, өз Отанын, Туған жерін сүю, Туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.

2. Ұлы отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі-өнеге тұту.

        Көрнекілік: Мәңгі алаудың макеті жасалып, гүл шоқтары қойылған, оның тұсына әсем безендірілген «Отан үшін – от кешкендер» тақырыбы бойынша плакат ілінген. Ерлік жайында түрлі-түсті суреттер, мақал-мәтелдер ілінген.


1-Жүргізуші:

Уақыт тарих бетін парақтайды. Күн тізіліп, ай алмасып, зымырап жылдар өтеді. Ешбір уақыт ұзақтығы, мерзім межесі көмескіленіп “көзден таса, көңілден ұмыт, қалдыра алмайтын жылдар, оқиғалар болады. Сондықтан халық соғыс әкелген қайғы-қасіретті, миллиондаған адамның өмірін қиып, өркениеті кейінге қайтарған, адам қолымен жасаған ұлы құндылықтарды талқандаған қантөгіс, сұрапыл соғысты ешқашан ұмыта алмайды. .

2-Жүргізуші: Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына міне, 67 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарих атты өз төрешісі бар.

1-Жүргізуші: « Ер өлсе де еңбегін ел өлтірмес.

Неше мың жыл өтсе де тарих білмек,- деп Сұлтанмахмұт жырлағандай бүгінгі өміріміз үшін құрбан болған ерлеріміздің ешқашан естен шықпайды, ұмытылмайды. Біздер соғыс қайаланбауы үшін, оның сұмдықтарын ұмытуға еш құқымыз жоқ. Біздер сол кезде біздің өміріміз үшін жанын қиған солдатты ұмытуға құқымыз жоқ. Біздер барлығын есте сақтауға міндеттіміз...


2-жүргізуші: 1941 жылы 22 маусымы. Таң шапағы жаңа ғана арайлап атып келе жатқанда елімізге қапыда қауіп төнді. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.


Мың тоғыз жүз қырық бірдің жазында

Соғыс ашты Германия қапыда

42509 солдатымыз Атыраудан аттанып,

Тұрды сонда жауынгердің сапында

Ақдидар

Қалды елім 13 267 адамынан айрылып,

Қалды аналар қанатынан қайрылып,

Қанша тағдыр жетім-жесір атанып,

Қалды өзенім қызыл қанға шайылып.

Ақару:

Бейбіт күні албыраған ақ таңда,

Жау батыстан соғыс оғын атқанда.

Туған жердің тыныштығын қорғауға,

Қан майданға сан боздақтар аттанды.

Біріктіріп үмітімен тілегін

Біріктіріп барлық күшін жігерін.

Ана үшін , бала үшін, жар үшін

Жасқанбастан тосты оққа жүрегін.

Жомарт:

1941 жыл ақпандатқан,

Сыртта аяз, аулымызды ақ қар жапқан.

Үңірейген үрей тұр соғыс деген.

Алапат аспан жерді аттандатқан.

«Аттан » дейді ол ертең аттанады,

Аттанады еңбектің ақ табаны.

Күрегінің орнына қару алып,

Жауынгердің ролін атқарады.

/М.Мақатаев/



2-Жүргізуші:

Соғыстың алғашқы сағаттарынан бастап-ақ жау ұшақтары кеңес әскерлерінің маңызды орындарын жаппай бомбылады. Осы күннен отанды қорғау соғысы басталды. Халық қолына қару алып, майданға аттанды.





1-Жүргізуші:

Волоколамск тас жолын қорғаған қазақстандық жауынгерлер мен қолбасшы - офицерлер И.В.Панфилов, Б.Момышұлы, М.Ғабдулин, сияқты ерлеріміз Отан үшін от кешті.

2- Жүргізіуші:


Ұлы Отан соғысын халқымызға төнген ең ауыр күндер басталды. . Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.

1-Жүргізуші: Соғыс кезінде жақын адамынан айрылмаған жанұя жоқ шығар сірә. Алдарыңызда сол бір қаралы жылдардан көрініс

Көрініс: «Соғыс қасіреті»

Жаздың жайма шуақ кеші, дастархан жаюлы тұр. Бір шетінде әжесі, әкесі пышақ қайрап отыр. Келіні шай дайындап жүреді.

Немересі мектеп бітіргеніне қуанып. Әжесіне келіп:

Немересі: Әже, әже менің бүгін мектеп бітірген қуанышты күнім. Жаңа өмірдің баспалдағы дәрігер болып бастағым келеді.

Әжесі: Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет балам.

Келіні ыдыс алып келе жатып радиодағы хабарды естіп тұрып қалады.

Радио: Тыңдаңыздар, Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! Кеше біздің Ұлан байтақ жерімізге неміс фашистері тұтқиылдан басып кірді. Герман елшісі соғыс басталғанын таңғы 7- де ресми түрде мәлімдеді.

(Ыдысы қолынан түсіп кеткен келіні бетін жабады)

Немересі: Әже соғыс, соғыс басталды!


Немересі: Аттан – деді,

Ол қазір аттанады

Жауынгердің ролін атқарады,

Неге бізге үмітсіз тесілесің

Аттан әке,

Жолыңнан кешігесің

Кеудесінде жаны бар пақырларың

Тауып жейді сенсізде несібесін.

Әкесі: Тыңда балам, тыңда күнім

Болуға жара қолқанат,

Кәрі анам, сәби інің

Барлығы саған аманат!

Әжесі: Оралсын аман жеріне

Көріссін туған елімен

Келін-ау көздей қалтаға,

Топырақ салып беріп жібер.

Келіні; Кебін киген өледі,

Кебенек киген келеді,

Үлкен үйден дәм татса кешікпей дейді келеді.


1-жүргізуші:

Ару қыздар, алаулап от кешкендер,

Сыздап тұр-ау әлі күнге оқ тескен жер.

Қаласыңдар мәңгілік ел есінде

Ару қыздар, алаулап от кешкендер.


Сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару ұстап майданға аттанған ер жүрек қыздарымызда аз болған жоқ Олар М.Мәметова, Ә.Молдағұлова; Хиуаз Доспанова сынды батыр қыздар еді.

2-Жүргізуші:

Ә.Молдағұлова соғысқа аттанғанда не бары 18 жаста екен. Мәншүк соғыс басталғанда медицина институтында оқып жүрді. Соғыстың алғашқы күннен -ақ Әлия беделге ие болды.1944 жылдың 14 қаңтары. Төртінші батальонға жауды Казачиха деревниясынан қуып шығу тапсырылды.Осындай сын сағатта Әлия «Отан үшін алға!» деп ұран тастап алға ұмтылды.Рухтанған салдаттар қарша бораған оққа қарамастан дұшпанына батыл ұрысқы шықты.Осы шайқаста Әлия 35-тен аса фашисттің көзін жойды.


Ұрыс шиленіске тұста неміс офицері Әлияның гимнастеркасынан ұстай алған еді.Ол бұлқынып шығып, өз автоматын офицерге қаратты. Бірақ офицер бірінші болып атып қалды. Ең соңғы күшін жинаған Әлия өзін атқан жауды автоматымен жайратты да ,ауыр жараланды.

Қазақ халқының батыр қызы Әлия жау қолынан осылай қаза тапты.


Қазақ халқының екі көзінен үзіліп түскен қос тамшысындай Әлиясы мен Мәншүгі жарық жұлдыздай болып, аспан төсіне мәңгілікке қадалып жатты.


/Әлия туралы филмнан үзінді көрсетіледі./


Жомарт:

Ай өткен,жылдар өткен,ғасыр өткен,

Жеңіспен майдан бітіп,жас ержеткен.

Ерлігі ел жүрегін тебіренткен

Ұрпаққа ұран болып Мәншүк кеткен


Ғасырбек:

Болашақты бізге мирас етем деп,

Қыршын кетті Әлия Мәншүк апалар

Әлия Мәншүк аттары әнге айналар,

Әлия, Мәншүк қос жұлдызы ойнаған.


Хор «Мәншүк»

1-Ж

Соғыс жылдары Қазақстандық бес әскери құрамаға «Гвардиялық » деген құрметті атақ берілді. Соның ішінде «28 гвардиялық Панфилов дивизиясы» бар. Оның құрамынан шыққан 28 батырдың ішінде батальон, кейін дивизия командирі болған Б.Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алды.

Раушан:

Жиырма сегіз, жиырма сегіз бір ғалам,

Анау жаудың танкілері лаулаған.

Жеріміз кең ,артымызда Москва,

Шегінуге хақымыз жоқ бір қадам.


2-ж

1945жылдың 30 сәуірінде рейхстагқа шабуылға шыққандар ішінде қазақ халқының батыр перзенті Р. Қошқарбаев өз аты- жөні мен 674-полкінің нөмірі жазылған жалауды ортадағы бағанаға бекітті.

1-ж

Ұлы Жеңіс – барша халықтың жеңісі. Сондықтан да кешегі жауынгер, бүгінгі ата-әжелеріміздің жеңіске жетер жолда тындырған ұлан-ғайыр істері біздің жадымызда мәңгі сақталатын дастандай жалғаса береді.


Раушан :

Жігіттердің қолдарында ер жүрек,

Алаулады жеңіс туы желбіреп.

Бала біткен шапқылап жүр, мәз-мейрам.

«Көптен күткен жеңіс күні келді деп»

Алатаудың биіктетіп өркешін,

Жайды көктем қызыл-жасыл көрпесін

Сәбилердің кекілімен жел ойнап,

Зор қуаныш әлдилейді жер төсін.



Ғасырбек:

Беу дүние ақыр Жеңіс күні жетті

Жеің, жеңіс әлемді дүбірлетті.

Төрт жарым жыл оқ кешкен оқ астында,

Солдат өмір кеңітті көкжиекті.

Мына күн, мына аспан, кең байтақ жер,

Сендердің төккен қаның қайран ерлер

Елім деп, Отаным деп құрбан болған,

Сендерді көреді ыстық қанындай ел.

Айсана:

Бала едім сүйтседағы бәрі есімде,

Сол жылғы майдың тарғыл таңы есімде.

Соғыс бітті біз жеңдік , жау жеңілді.

Деген хабар тараған сәресінде.

Бәрі есімде сол көктемнің айырықша тымақ таңы

Алпыс жеті жыл өтседе жалықпадым

Төрт қаңтарда мұздатқан жүрегімжі,

Төрт секунтта жеңіс кеп жылытқанын.


Айғаным:

Сен құрметте оны ,

Түсіндіңбе қарағым?

Ол ақшаға сатқан жоқ ,

Тізеден кесіп аяғын.

Еріккенненде ұстап жүрген жоқ,

Қолтығындағы ұзын таяғын


Ақдидар:

Қан майданның жүректе наласы бар,

Қайғысы мен зілі бар наласы бар.

Арамызда жүретін алшаң басып

Ардагерлер азайып бара жатыр.

Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,

Жүздерінде жанған от жалыны бар.

Соғыс деген салмағын жалғыз сөздің

Бүгінгі ұрпақ өздерін арқылы ұғар.

Хор «Жойылсын соғыс»














Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Сабақтың   тақырыбы:  «Сарғайсада тарихты  ақ  парағы,ол  күндер  мәңгі  есте 

                                                                                сақталады»

Сабақтың  мақсаты:

      1. Ұлы жеңісті дәріптеу, өз Отанын, Туған жерін сүю, Туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.

2. Ұлы отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі-өнеге тұту.

        Көрнекілік: Мәңгі алаудың макеті жасалып, гүл шоқтары қойылған, оның тұсына әсем безендірілген «Отан үшін – от кешкендер» тақырыбы бойынша плакат ілінген. Ерлік жайында түрлі-түсті суреттер, мақал-мәтелдер ілінген.

 

1-Жүргізуші:

Уақыт тарих бетін парақтайды. Күн тізіліп, ай алмасып, зымырап жылдар өтеді. Ешбір уақыт ұзақтығы, мерзім межесі көмескіленіп “көзден таса, көңілден ұмыт, қалдыра алмайтын жылдар, оқиғалар болады. Сондықтан халық соғыс әкелген қайғы-қасіретті, миллиондаған адамның өмірін қиып, өркениеті кейінге қайтарған, адам қолымен жасаған ұлы құндылықтарды талқандаған   қантөгіс, сұрапыл соғысты ешқашан ұмыта алмайды. .

            2-Жүргізуші:  Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын  бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына міне, 67 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарих атты өз төрешісі бар.

            1-Жүргізуші: « Ер өлсе де еңбегін ел өлтірмес.

 

              Неше мың жыл өтсе де тарих білмек,- деп Сұлтанмахмұт жырлағандай бүгінгі өміріміз үшін құрбан болған ерлеріміздің ешқашан естен шықпайды, ұмытылмайды.Біздер соғыс қайаланбауы үшін, оның  сұмдықтарын ұмытуға еш құқымыз жоқ. Біздер сол кезде біздің өміріміз үшін жанын қиған солдатты ұмытуға құқымыз жоқ. Біздер барлығын есте сақтауға міндеттіміз...

Общая информация

Номер материала: 162669

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>