Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Түсті қабылдауға арналған тапсырмалар

Түсті қабылдауға арналған тапсырмалар

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні: 14.10.2016 жыл

Сабақтың тақырыбы: Түсті қабылдауға арналған тапсырмалар.

Түзету-дамытушылық мақсаты: Қабылдауды дамыту. Түстердің аталуын анықтау және бекіту. Түстерді аталуын анықтау және бекіту. Заттарды тустерге сәйкесестендіру дағдыларын дамыту. Ойлау операциясының шоғырлануын дамыту.

Сабақтың түрі: ойын

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, тапсырмалар орындау, жаттығулар.

Көрнекіліктері: түрлі – түсті шарлар.


Іс-әрекет кезеңдері

Маман іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық іс-әрекетті ояту.

Балалар, шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сендерге шаттық шеңбері өте ұнағанын мен байқап қалдым, біздің әр саяхатымыз осылай басталады. Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!

Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне

жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты.(қолдарын жүректерінің

тұсына қояды)

Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады,

саусақтары күн сияқты)

Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).


Сәлемдеседі


Қимыл-қозғалыстармен шаттық шеңберін орындайды.















Логопедтің қимылдарын қайталайды.







Ұйымдастыру іздену














Негізгі бөлім











Қорытынды

Жаттығу «Турлі – түсті алаңқай»

-Балалар, қараңдаршы Әуе шарлары алаңқайда ұшып жүр, барлығыңда назар салыңдар. Алаңқайда қызыл, көк сары және жасыл түсті гүлдер өсіп тұр екен.

-Қане, бәріміз гүлдердің түстерін қайталап айтайық.


Жаттығу «Көбелектер»

-Балалар, түстеріне сәкес келетін көбелектерді тауып алып, мына гүлдерге орналастыруларың керек.

Жаттығу «Шарларға арналған жіптер»

-Балалар, қараңдаршы біздің алаңқайға тағы да шарлар ұшып келіп жатыр. Мына шарларымыз түрлі-түсті өте әдемі екен. Бәрің бір – бір шардан ұстап алып, түстеріне сәйкес буылған жерінен жіптерді байлаңдар.

Жаттығу «Артық шарды тап» (түсі бойынша)

-Балалар, мына суреттерге қарай қойыңдар. Суретте үш түрлі түсті дөңгелекшелер және төрт түрлі түсті шарлар берілген. Шарларды дөңгелекшелердің түстеріне қарай сәйкестендіре отырып, артық шарды тауып алуымыз қажет.

Жаттығу «Сыңарын тап»

-Қазір мен сендерге түрлі түсті жарты дөңгелекшелерді үлестіремін, ал сендер өз түстеріңнің жартысын тауып алып, тұтас дөңгелекті құрасыңдар.






























Рефлексифті түзету бағыты

Балаларды ойынға деген қызығушылықтарын бағалайды.


Күтілетін нәтиже салдары.

Түстерді ажырата білді.  



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 10.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров26
Номер материала ДБ-337935
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх