Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Құтты болсын Жаңа жыл!"

"Құтты болсын Жаңа жыл!"

Скачать материал

«Құтты болсын Жаңа жыл!»

 

Ән. «Ертегілер» 1 А-2 А сыныптары .

 

 Музыка ойнап тұрады.

 Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата-аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде Джунглидің барлық аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?

Балалар:     Жаңа жыл!

Жүргізуші:   Балалар, бүгін біз жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, Сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.

Ән «Жаңа жыл»

 

Жүргізуші:  Балалар, ортамыздағы әсем не?

Балалар:        Шырша!

Жүргізуші:  Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп!

Балалар, қараңдар  шыршаның астында бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша» келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік.

 (көңілді муз. Ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоундар атып шығады)МУз

Клоун:    Амансыңдар ма, балалар!  Иә, бұл біз. Бізді ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап-қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Біз де сендермен жаңа жылды қарсы алайықшы,

Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайықшы!

Жүргізуші:

1) «Апельсин» ойыны .  МУЗ                        

2) «Биік, аласа шыршалар» ойыны. МУЗ

3) «Шырша нені сүйеді?» ойыны МУЗ

Арива биі.

 Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар,

Ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кімдер жетіспейді?

Балалар:     Аязата, Ақшақар.

Жүргізуші: кәне, онда Аяз атаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.

Балалар:  Аязата, Аязата!

(деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, сыпырғышына мінген Жалмауыз  кемпір жүгіріп кіреді.)

Шырша сөнеді.МУЗ

Жалмауыз кемпір:  Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?!

Жүргізуші:  Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасып

алады дегенді білмейсің бе?

Жалмауыз кемпір: Білсем бұйырмасын!

Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, сен сияқты үлкен  адамға ескертудің өзі ұят. Сен  мектепте оқымадың ба?

Жалмауыз кемпір:   Оқыған жоқпын! Маған бір танысым – Орман перісі- мектепте сондай қызықты болады, бір барып көрсең, көрсең ғой деп қоймаб еді, ал, бардым . Онда кешке дейін тақпақ-әндер, көбейту кестесін  жаттатады, ал мұғалімдері бұрамалы ойыншық сияқты: қанша? Неше? Қайда? Ойланыңдар, ойланыңдар дейді де жатады, не одан басқа сөз жоқ па?

Еще 45 минут партада қадалып отыру керек. Бүйткен мектебі құрысын!

Жүргізуші:   Балалар, Жалмауыз кемпір шын айтып тұр ма? Мектепте көңілсіз бе? Айтыңдаршы мектепке не үшін барады?

Балалар қолдарын көтеріп :

- сауат ашу үшін

-          жазу

           сызу

-          санау

-          кітап оқуды үйрену үшін

-          сурет салу үшін

Жүргізуші:    Дұрыс айтасыңдар, балалар. (Жалмауыз кемпірге қарап)

Түсіндің бе?  Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?!

Жалмауыз кемпір:  Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар?

Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха-ха-ха(деп секіреді)

Жүргізуші:   неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?

Жалмауыз кемпір: ә, солайма екен!  Әйтпесе мектеп... оқу... жазу...  Енді, сендерді мен  оқытамын!  Балалар сендер өлең білесіңдер ме? Ал билей аласыңдар ма? Қазір музыка және би сабағы болады.

 «Жаңа жыл» жыры.

«Буги –вуги» биі.

Жалмауыз кемпір:  Жарайды, жарайды. Балалар  шырша әдемі болып жану керек қой иә?                                   

Балалар:      Иә!

Жалмауыз кемпір:     Онда, кәне жағып жіберейік!   (қолына сіріңкесін алып, жаға бастайды)

Жүргізуші: Жоқ! Жоқ!   Мына Жалмауыз кемпірден құтыла алмадық қой!

Клоун: Жалмауыз кемпір сен неге сондай мыстансың?

Жалмауыз кемпір: Мен жақсы да бола аламын.

Жүргізуші: Бұл қалай?

Жалмауыз кемпір: Мұнда бір сиқыр қажет.

 (клоундар сиқыр жасайды.)МУЗ.

Жалмауыз кемпір: О, мен қайдамын.  Мында қандай тамаша!Қандай күшті балалар! Қандай сұлу шырша!

(осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Жалмауыз кемпір тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата-аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды)МУЗ

Жүргізуші:   Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!

Балалар:            Аязата, Ақшақар!

Аязата:     

Сәлематсыңдар ма, балалар!

Күнтізбеде қалыпты

Жалғыз ғана бір парақ.

Дайындалдым жыл бойы,

Жолға шығар келді уақ!

Шақырымды жүздеген

Басып өту мен үшін

Жаңа жылдың түнінде

Жасыл шырша түбінде

Кездессем деп сендермен,

Таратсам екен сыйлықтар,

Одан асқан не сый бар.

Қуаныш сыйлау балаға

Одан зор бақыт бола ма!

Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!

Ақшақар: Сәлематсыңдар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!

Мен білемін бір ойын:

Үйретейін сендерге

Мен бастаймын, ал, сендер

Аяқтаңдар ойынды.

Хормен жауап айтыңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр,

Келе жатыр....

Балалар:         Жаңа жыл!

Ақшақар:   Қызыл мұрын, ақ мұртты

Білсең атын тез ата,

Келеді бізге ....

  Балалар:         Аязата!

Ақшақар:           Шырша бүгін кәделі!

Сендер әрі ......

Балалар:     Әдемі!

Ақшақар:            Көңілсіз бір бала жоқ,

                              Ойын- күлкі таралсын

                              Құтты болсын .....

Балалар:        Жаңа жыл! (3 рет)

 Аязата:      Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!

Шырша шамы жана түс! (3 рет айту керек)

Балалар: Шырша шамы жана түс! (қолдарын шапалақтайды)

Шырша жарқырайды.  Музыка елочка

Аязата: Ал, балалар, мына шыршаға арналған, маған, келген Жаңа жылға, Ақшақарға арналған өнерлерің болса, аямаңдар!

 

Ақшақар ойын ойнатады.

 Жүргізуші:  біздің балалардың өнерлері көп, әрі қарай тамашалай  берейік.

Оқушылардың Ән, би өнерлері.

Аяз ата кәмпиттерін таратады.

Жүргізуші:  Кәне, балалар, бәріміз «                      » әнін айтайық, (Аяз атамызбен Ақшақарымызбен, Жаңа жыл, Клоун).

  (Сағат тілі қаттырақ тық-тық етіп қағып кетеді сол кезде)

Аяз ата: Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!

Жаңа жыл - жаң бағыт,

Әкелсін далама құт.

Өнерлілерің көп болсын,

Елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын,

Бастарыңа бақ қонсын.

Келер жылы келермін,

Өнер тағы көрермін.

Сыйлық әкеп сендерге,

Көптен-көптен берермін.

Жақсылыққа толыңдар,

Тек биікке қоныңдар.

Келесі жылы көргенше,

Амандықта болыңдар!

Жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық. Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.

Аяз ата қызын ертіп, көмекшілерімен бірге шығып кетеді.

Жүргізуші: Құрметті достар! Қадірлі ұстаздар, қонақтар! Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық! Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше

сау-саламатта болыңыздар! 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Құтты болсын Жаңа жыл!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Проректор

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 168 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.10.2015 714
    • DOCX 24.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жусупова Шинар Сункаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жусупова Шинар Сункаровна
    Жусупова Шинар Сункаровна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 9572
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 123 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 414 человек

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии клиентоориентированного бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 46 человек