Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Құтты болсын Жаңа-жыл

Құтты болсын Жаңа-жыл


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Бекітемін: / / Қаралды: / /

Директор: Т.Әділхан Тәрбие ісі меңг. Максимова С.



Әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді.


Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт-береке әкелсін!

Жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де.


Мадияр: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.


Жүргізуші: «Жаңбырмен жер көгерер, Батаменен ел көгерер» дегендей сөз басын жаңа жылдық батадан бастасақ.

(Бата беріледі)

Қыдыр ата қолдасын,

Берейін бата қолың жай.

Алла қолдап тілекті,

Толқытады көңіл жай.

Жыл ауысып жыл келді,

Елім үміт-гүл терсін.

Жадыратар жалынды

Таусылмайтын жыр берсін.

Болсын биік шаңырақ,

Жүрсін елім жадырап.

Жарастыққа қызығып

Қолын соқсын атырап.

Батаменен көгеріп

Бәйтеректер бүр жарсын.

Ата салтын көтеріп

Жігеріміз ұшталсын.

Қазақстан-бақстан,

Атың шықсын алыстан.

Жақсылығын жетелеп

Жылдар жүрсін жарысқан.

Болашағың баянды

Асқақтанып көрінсін.

Шалқып дәулет таусылмай,

Табыстарың өрілсін.

Ұрпақтарым ғұмырлы,

Асулардан асасың.

Қыдыр ата қолдасын,

Жолымызды оңдасын.

Жылдың жібі жалғанып,

Жаманшылық болмасын.

Дидарғайып дүние,

Күлкі төксін үйіңе.

Шапағатты Алланың

Бөленейік сыйына.

Қадамыңнан бақ тамсын,

Үміт,арман ақталсын.

Жылдың басы биыл да

Берекемен басталсын.

Әумин!

Әділет: Айнала қоршап шыршаны,
Шашылар шашу – жыр әні.
Мынау әсем шыршаға,
Қош келдіңіз балалар.



Сержан: Төрлетіңдер, төрлетіңдер.
Шырша сәнін көріңдер.
Әсем әнмен би билеп,
Күй жырларды төгіңдер.


Ақмарал: Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір
Кел Жаңа жыл біздерге
Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл.


Оралбек: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сол шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Кел, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Бәрі бірге: Қала нұр, дала нұр,
Құтты болсын Жаңа жыл!


Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы ортамызға ескі жыл - ұлу жыл келіпті.
Ұлу жыл: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балаларым, қарағым,
Күнім, нұрым, жанарым!
Орындалып ойларың,
Құтты болсын тойларың!
Балалар, міне сендермен қоштасатын кез келді. Жақсылап Жаңа Жылан жылын қарсы алыңдар. Сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз!
Жүргізуші: Балалар, Жаңа жылды қарсы аламыз ба?

Балалар: Ия.
Жүздеріне қуаныш нұрын төккен,
Балбұл жанған беттерін аяз өпкен.
Айналайын, халайық, қарсы алыңдар,
Жаңа жылды асыға көптен күткен!


Барлығы: Кел,Жаңа жыл,төріме,

Тыныштық әкел жеріме!

Ырыс-құт әкел еліме,

Кел,Жаңа жыл,төріме!

(Дабыл қағылып,музыка әуенімен Жаңа жыл келеді)

Жылан жылы кіреді.)
Жылан жылы: Армысыздар халайық!
Бармысыздар, халайық.
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Жылан жылымын. Мені шын ықыласпен қарсы алғандарыңа рахмет! Жаңа жылдарың құтты болсын!

(Ортаға әжей шақырылып,шашу шашылады)

Жылан жылы: Бүгін мен сендерге мына тұрған үйіміздің сиқырлы кілтін тапсыруға келдім.
Жүргізуші: Ал ол үйдің ішінде не бар екен?
Жылан жылы: Оның ішінде көптеген балаларға арналған сыйлықтар бар.
Жүргізушіге кілт тапсырады.
Жүргізуші: Олай болса балалар,кілтті шыршамызға іліп қояйық. Үйдің есігін Аяз атамыз келгесін ашады.
Кілтті іліп қояды
Жылан жылы: Мен бүгін сендердің мерекелеріңді көріп тамаша- лайын, қандай өнерлерің бар екен?
Жүргізуші: Отырыңыз, сізге біздің балалар көптеген өнерлерін көрсетеді. Тамашалаңыз.

Жүргізуші: Бізге қонаққа Жаңа жыл келді.Қонақтарымыз біртіндеп келіп жатыр.

Алдаркөсе келеді әндетіп.

Мен Алдармын,Алдармын,

Жамандарды алдармын,

Жақсыларға қамқор боп,

Көңілдерін аулармын.

(Шыршаны қызықтап айналып жүріп тақпақ айтады)

О-о.Міне,қызық тамаша!

Шыршасы тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Алдар: Амансыңдар ма,менің кішкентай бүлдіршіндерім!

Балалар: Амансыз ба,Алдар ата!

Оқушы: Ата,көрген-білгендеріңізді айта жүріңіз.

Алдар: Көргенімді айтайын ба,естігенімді айтайын ба?

Балалар: Көргеніңізді айтыңыз.

Алдар: Көргенімді айтсам,қазір балалар білесіңдер соғымның кезі топатай жеп келе жатырмын,сосын осы жерде шырша тойы болып жатқанын көріп келдім.Мен жай келген жоқпын.Сендерге үлкен тосын сыйым бар. Оны жаңа жылдың ортасында алып келемін.

Жүргізуші: Алдар ата,төрлетіңіз!

Жүргізуші: Өте жақсы балалар! Сендердің «Ертегілер еліне» барғыларың келе ме?
Балалар: Ия.
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы «Ертегілер елінің» іші тыныш, неткен керемет әдемілік!

Осы кезде қызыл телпек кіреді.
Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мені таныдыңдар ма?
Балалар: Сәлеметсіз бе! Сіз ертегідегі Қызыл телпексіз.

Алдар: О,көрші елден бізге қонаққа қызыл телпек келді.
Қызыл телпек: Көрші елден келдім. Шұбардың барлық мектебін аралап келемін, Теріскей алаңындағы №6 негізгі мектепке де келіп жеттім. Балалар, мен босқа келген жоқпын.Сендердің білімдеріңді тексеруге және ертегі кейіпкерлерін, достарымды ертіп келдім. Балалар: «Ертегілер еліне» қош келдіңіздер»!

Қызыл телпек: Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешіп көріңдер.
Сыбдыр шықса қашады,
Қырдан бір – ақ асады. Бұл не?
Балалар: Қоян
Осы кезде қоян секіріп кіреді
Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен қай ертегідегі қоянмын? Қалай ойлайсындар?
Балалар: «Тапқыр қоян» ертегісіндегі қоянсың.
Қоян: Жарайсыңдар балалар,ал сендер қоян туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар бірге: Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы – қырлы жерлермен,
Ытқып – ытқып жүгірді.
Қызыл телпек: Жарайсыңдар балалар.Тағы бір жұмбақ жасырайын.
Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
Бұл не?
Балалар: Аю
Қорбаңдап аю келеді.
Аю: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен қай ертегіден келдім?
Балалар: Сіз «Маша мен аю» ертегісіндегі аюсыз
Аю: Өте жақсы. Ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер. Ал аю туралы тақпақ білесіңдер ме?
: Алып батыр балпаңмын
Ақ ниетім дарханмын.
Басқа аңға тимеймін,
Балпаң, балпаң билеймін
Қызыл телпек: Қандай тамаша!Тағы жұмбақ шешесіңдер ме? Қай ертегі екенін таба білесіңдер ме?
Мен атадан қаштым,
Мен әжеден қаштым,
Қояннан да қаштым
Балалар бұл қай ертегіден?
Балалар: «Бауырсақ» ертегісі.
Сәлеметсіңдер ме балалар! Ал «Бауырсақ» ертегісіндегі бауырсақты кім жеп қояды? Өзі айлакер, қу.
Балалар: Түлкі
Осы кезде майысып түлкі келеді.
Түлкі: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен түлкімін. Жаңа жыл мерекесіне келдім. Маған арналған тақпақты айтып беріңдерші.
:Көрсін біздей балғынды,
Көңілденсін ол енді
Шырқатайық ән – жырды,
Шырқатайық өлеңді.
Бір бала ән айтады,ал аңдар билейді


Ән: «Ертегілер елі» Ділназ.

Қызыл телпек: Жарайсыңдар балалар.Бәрің ертегілерді біледі екенсіңдер.Ал маған сендермен жаңа жылды қарсы алуға болады ма?
Балалар: Ия.

Қызыл телпек: Алдар аталарың қайда кеткен?

Сержан: Жаңа менің құлағыма сыбырлап кетті.Біздің тосын сыйлығы-

мыздың уақыты болған екен,соны алып келуге кетті.


Қызыл телпек: Онда күтейік қандай сый екен?

Қызыл телпек: О, балалар, мынау біздің Аяз атамыз ғой!

Ал,енді Аяз атаны қарсы алайық.


Балалар: Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!
Аяз ата: №60 мектеп шақырып,соған келдім десем,мені қай мектепке

алып келдің?

Алдар: Өзім білім алған №6 мектепке алып келдім.Балаларға тосын сый жасайын деп.

Аяз ата: Әй,Алдар-ай,қусың-ау!

Ән: «Шырша жыры»

Аяз ата: Амансыңдар ма,ұлдарым,

Амансыңдар ма,қыздарым,

Қандай көркем қырларың,

Қандай әсем жырларың!

Асулармен алыстым,

Асау желмен жарыстым,

Тойларыңа асығып,

Өздеріңмен табыстым.

Ақшақар: Келді міне Жаңа жыл
Қуанышпен біздерге
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді!
Аяз ата: Қызым кәне шыршаны жағайық. Балалар сендердің көмектерің керек. Бәріміз бірге «Шырша шамы жарқыра» деп айтайық.
Шырша жанады
Аяз ата: Жаңа жылға арналған
Кімнің қандай әні бар?
Айналайық шыршаны,
Кімнің қандай сәні бар?

Жүргізуші: Аяз атаға әнімізді шырқайық

Ән: « Алтын арай- Жаңа жыл» 2-кл.оқушылары.
Би: «Қазақ биі» 1-кл. оқушылары.


Аяз ата: Жарайсыңдар балалар. Өлең – жырларыңа көп рахмет.


Жүргізуші: Аяз ата мен сізге сиқырлы кілтті ұсынайын.
Жүргізуші кілтті ұсынады. Аяз ата үйді ашып,балаларға сыйлық береді.


1-2-класс оқушылары ортаға шығып тақпақтарын айтады:

Мейрамбек: Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жалын қойдық жарық қып,
Шыршамызға шам іліп.

: Сылдырлайды моншағы
Шыршамыздың мол шамы
Бізбен бірге жайдары
Жарқырады, жайнады.
: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той, маскарад басталады
Аяз оны басқарды.

Рустам: Келді Аяз атамыз,
Қасында Ақша қары бар.
Қызыққа әбден батамыз,
Қарсы аламыз баршамыз.

Ертегіден көрініс: «Тапқыр қоян» 1-2кл. оқушылары.
Би: « Гномдар » 2-кл. оқушылары.

Ән: «Жасыл шырша жанында » 1-кл. оқушылары.

: Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.

Нұргүл : Келді Аяз атамыз,
Қасында Ақша қары бар.
Қызыққа әбден батамыз,
Қарсы аламыз баршамыз.


: Жаңа жылды қарсы алдым
Мініп алдым күймеге.
Мен де бүгін ән салдым
Араластым биге де.

Диас: Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда.
Ән: « » 2-кл. оқушысы.

Би: «Өзбек биі» 2-кл. оқушылары.

Абзал: Жүзімізге күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.

Аружан:Жайнап қазақ жерінде,

Жарасамыз өңірде.

Жыл қызығын көреміз

Әрбір үйдің төрінде.

: Аяз ата,аяз ата,

Сені күтіп жүрдік біз.

Томпаң қағып,арқаланып,

Келеріңе сендік біз.


Би: «Грузин биі» 1-кл. оқушылары.


Алдар: Балалар,мен сендерге тапсырмалар алып келдім.

Тапсырмаларымды орындауға дайынсыңдар ма?

Ойын ойнайық.
Ұлттық ойын: «Аударыспақ»

Ойын: «Қиыршық қар»

Далада келе жатып дорбама қар салып алып едім,таба алмай жатырмын. Табуға көмектесіңдер!

Оқушылар қалтасын қарайды,таба алмайды.Өзі тауып ,балалар қардың артындағы сұрақтарға жауап береді.

1.Теріден тігілген киім (Тон)

2.Жылқы атасы.(Қамбар ата)

3.Қыста жейтін малдың етін не деп атайды? (Соғым)

4.Жерге қар жауып,малдардың жаппай қырылуы. (Жұт)

5.Қар түрлері (ақша қар,күртік қар,т.б)


Ұлттық ойын: «Қол күрес»

Би: «Грузин биі» 1-кл. оқушылары.

АЯЗ АТА: Ой, бәрекелді, балаларым. Әсем ән шырқап, би билеп,ойын ойнап аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп-көп рахмет, өркендерің өссін. Енді Ақшақар екеуміз аттанайық. Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңдар.
Ақшақар: Сау болыңдар, балалар, келесі жаңа жылда кездескенше.
Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата, сау болыңыз Ақшақар.

Жүргізуші: 
Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын,
Қиналып әр отбасы тарықпасын.
Аяз ата бүгінгі келген күндей
Жүздеріңнен қуаныш арылмасын,- дей отырып бүгінгі Жаңа жылдық ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Жаңа жыл баршамыз үшін беркелі, мерекелі жыл болсын.
Келесі жаңа жылда кездескенше аман-сау болайық!





Краткое описание документа:

Әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді.


Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт-береке әкелсін!

Жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де.

Мадияр: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.

Жүргізуші: «Жаңбырмен жер көгерер, Батаменен ел көгерер» дегендей сөз басын жаңа жылдық батадан бастасақ.

(Бата беріледі)

Қыдыр ата қолдасын,

Берейін бата қолың жай.

Алла қолдап тілекті,

Толқытады көңіл жай.

Жыл ауысып жыл келді,

Елім үміт-гүл терсін.

Жадыратар жалынды

Таусылмайтын жыр берсін.

Болсын биік шаңырақ,

Жүрсін елім жадырап.

Жарастыққа қызығып

Автор
Дата добавления 21.04.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров290
Номер материала 248203
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх