Инфоурок Технология КонспектыТәтті тағамдар және сусындар тақырыбындағы ашық сабақ

Тәтті тағамдар және сусындар тақырыбындағы ашық сабақ

Скачать материал

Күні:  16.10.15.

Сабақ № 6        8а сыныбы                   

Сабақтың тақырыбы:             Тәтті тағамдар және сусындар

Сабақтың мақсаты:                 Білімділік:   тәтті тағамдар туралы мағлұмат беру және сусындар түрлеріне тоқталу. Оқушыларға қамыр илеуді үйрету.Қамыр түрлерімен дайындау ерекшеліктері жөнінде түсінік беру.

                                                      Дамытушылық:  Теориялық білімін сарамандық негізде дамыту; Оқушылардың  тамақ пісіруге деген қызығушылығын, құштарлығын арттыру, күнделікті алған дағдыларын, қабілеттерін, іскерліктерін дамыту;

                                                      Тәрбиелік:    Оқушыларды  ұқыптылыққа, үнемділікке, нанды қастерлеуге, дастарханды әзірлеуге, әсемдікке, тазалыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, сарамандық.
Көрнекілігі: нанға қатысты ырымдар мен тыйымдарды түсіндіру, тәтті тағамдар плакаты, пісірілген тағам түрлері.
Пәнаралық байланыс: биология, тарих, әдебиет.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ.
4. Сабақты қортындылап талдау.
5. Оқушылардың еңбегін бағалау.
6. Үйге тапсырма.
1. Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу, оқушылардың оқу құралдарын тексеру, сабаққа қатысуын түгендеу, сабаққа назар аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау.

.»Ас – адамның арқауы» деген мақал нені білдіреді, кім айтады?
(Денсаулықтың жақсы болуы, адамның жақсы ойлап, жұмыс істеуі. Адам тамақтанғанда жұмыс жасауға, өмір сүруге қызығушылығы артады. Аспен адамның ойлау өрісі кеңейіп, тірек қүші артады).
2. Ет және ет тағамдарының құндылығын кім айтады?
(Сиыр етінің 18 - 20, қой етінің 15 - 20 пайызын белок құрайды. Құрамы 4 - 9 пайыз майдан тұратын ет, адам денсаулығына пайдалы, яғни күш береді).
3. Еттің құрамында қандай витаминдер кездеседі, кім айтады?
(Еттің құрамында В тобының витаминдері В1, В2, В3, В12, ал минералды заттардан - фосфор - 0, 2, калий - 0, 3 темір 2 - 3, мырыш 2 - 3 бар.)
4. Ұлттық аса қадірлі тамақ, ол қандай тағам?(Ет асу).
5. Қой етінен қандай ұлттық тағамдар дайындалады?
Қуырдақ  Қазақша ет  Кәуап  Төстік  тұшпара мәнті
Қ
амырдан жасалған өнімдердің құрамында өсімдік нәруызы, май В және РР1 витаминдер тобы, крахмал түріндегі көмірсулар болатындықтан тамақтық құнарлылығы жоғары. Крахмал адам организміне жақсы сіңуі үшін ұнның жоғарғы сортынан дайындалған қамыр қожыған және кеуекті болуы керек. Ол үшін қамырды ашытқы немесе ас содасын қосып илеу қажет. Ұн өнімдерін 4 топқа бөлуге болады.

·         Ұннан жасалатын тағамдар – тұшпара, үй кеспесі, варениктер, құймақшалар, құймақ, жайма құмақ, үзбен.

·         Ұннан жасалатын аспаздық өнімдер – ватрушка (ішіне ірімшік салынып пісірілген нан), пирожкилер, пончик (ірі бауырсақ), бүрменан, бәліш және т.б.

·         Дәмделген нан өнімдері (май мен сүтке иленген, яғни майқоспа нан өнімдері) – қарапайым майқоспа нан, әртүрлі тоқаштар, қаусырма, т.б.

·          Ұннан жасалған кондитерлік өнім – пирожнй, торт, печенье, прәндік.

Қамырдың түрлері

Қамырды екі топқа бөледі: ашытқылы және ашытқысыз.

Ашытқылы қамыр. Ашытқылы қамырдан алуан түрлі өнімдер пісіреді. Көп мөлшерде май, жұмыртқа, қант қосылған өнімдерді майқоспа нан өнімдері дейміз. Майқоспа тәтті қамырды ашытпа тәсілімен, ал жай қамырды ашытпасыз дайындайды.

Ашытпа (опора) бұл – ұннан, судан, ашытқыдан және ұанттан тұратын сұйық қамыр. Ашытпаны араластырып,жақсы ашуы үшін 1-1,5 сағ-қа жылы жерге қалдырады. Оның консистенциясы сұйық қаймақтай болуы керек. Ашытпа көтерілгеннен кейін, беті жиырылып шөге бастайды. Рецепт бойынша қалған азық-түліктерді қосып, қамырды илей беруге болады.

Ашытқылы қамырды дайындау технологиясы

·         Қамырды илеу – ұнды елеп, тұз, қант, ашытқы, жылы сүт немесе су қосады.

·         Қамырдың ашуы – ашытқы қантты ашытып, спирт пен көмірқышқыл газы түзіледі. Пісіру кезінде спирт ұшып кетеді.

·         Қамырды өңдеу - әртүрлі өнімдерге арнап өңдейді.

·         Қамырды толықсыту – пісіру алдында қалпына келуі үшін қамырды жылы жерде бірнеше минут ұстайды.

Ұсақ өнімдерді пісіру 10-12 мин, ірі өнімдерді пісіру 45-60 мин, температура 200-250С.

    ІІ. Жаңа сабақ.    Тәтті тағамдар және сусындар

 Тәтті тағамдар  жеңіл сіңетін көмірсулар – қанттардың көзі. Бірақ қант есебінен адамның көмірсуларға қажеттілігінің 1/3 бөлігі, ал қалған 2/3 бөлігі крахмал есебінен қанағаттануы керек. Тағам құрамында тазаланған көмірсулар көп болса, организмде майлар жиналады, сондықтан бұл топ тағамдары рационда негізгі бола алмайды және әдетте десертке беріледі. Қант асқазан сөлінің бөлінуін тежейтінін ұмытпау керек, сондықтан тәтті тағамдар негізгі тағамдардан кейін біраз уақыт аралығынан кейін берілу керек.
Көптеген тәтті тағамдар құрамына майлар, сүт, жұмыртқа, кілегей, қаймақ кіреді, олар тағамды жоғары калориялы етеді. Бірақ тамақтануда тәтті тағамдардың орны оның калориялығымен емес, жоғары дәмдік қасиетімен анықталады.
Берілу температурасына байланысты тәтті тағамдар салқын, ыстық және балмұздақ болып бөлінеді. Тәтті тағамдармен көбінесе тәтті соустар мен қою шырындар беріледі.
Сусындар сонымен қатар ыстық және салқын болып бөлінеді. Ыстық сусындарға шай, кофе, какао, шоколад, салқын сусындарға әртүрлі сүт сусындары, жеміс-жидек және ұлттық орыс сусындары жатады. Ыстық сусындарды беру температурасы 75оС, суық сусындардың – 7-14оС болады.
Салқын тәтті тағамдарға балғын және тез мұздатылған жемістер мен жидектер, компоттар, желеленген тағамдар және (бұлғанған және бұлғанбаған), балмұздақ жатады.

           

           Құмырсқаның илеуі                                   Тәтті вафли                                  рогаликтер

             

Ала кекс                                       Шығыстың тәттілері                  Иристен жасалған тәтті дәм

 

 

 

 

Салқын сусындар

 

Шуағын жайған жаз мезгілінің аптап күндерінде шөлімізді бастыратын таптырмас шешім - салқын сусындар. Ыстығымызды басатын керемет салқын сусындарды дүкен сөрелерінен сатып алғанша, үйден істеуге әбден болады.

Лимонад, морс, суық шай, шырын мен компот... Жаздың аптап ыстығында осыларға қол жеткізу үшін барымызды беруге даярмыз. Жаз - жеміс-жидектер, көкөністер, хош иісті шай түрлерінің молаятын кезі болатындықтан, олардан керемет сусын түрлерін әзірлеуге болады. 

Суық шай. Қара немесе көк шәйға лимон және қант қосылып әзірленеді. Шайдың суығанын күтуге, не бірнеше кесек мұз қоссаңыз болады. Лимон орнына қалауыңызша қалампыр немесе жалбыз салыңыз.

Жидек немесе гүл шайлар. Жидек шайлары денсаулыққа өте пайдалы, ерекше хош иісті болады. Жеміс-жидектердің құрғатылған қақтары қосылған, не иісін келтіретін жұпар ароматизаторлар қосылған шайлар шөлді жақсы басады. Мысалға раушаннан жасалатын каркаде шайы суыған кезде, шырындардан бетер дәмді әрі пайдалы болады.

Компот. Кішкентайымыздан дәмі таныс, кептірілген жемістерден әзірленетін сусын жемістердің суда қант қосылуымен қайнатылып әзірленеді. 

Кисель. Жеміс-жидектер шырыны, тосаптар мен тіпті сүтке картоп не жүгері крахмалы қосылу арқылы әзірленетін бұл тәтті сусын жаз мезгілінде ерекше пайдалы.

Айран мен газдалған минералканың қосындысы. Дәмі шалап пен саумалға келетін бұл сусынның шөлді қандыру қасиеті жоғары. Газсыз минералкамен жасағанда су татып кететінін ескеріңіз. Жасаған бойда, газы шығып кетпей тұрып, ішкен жөн. 

 

 

 

 

ІІІ. Сарамандық жұмыс   «Рогаликтер»

  

Ал енді біздер тағам әзірлеу барысында естен ешқашан шығармайтын техникалық кауіпсіздік ережелері бар екенін ұмытпайық.
Қандай тағамды әзірлесең де мыналарды ұмытпа:
1. Қызып тұрған кастрөлді немесе басқа да ыдыстарды үстелдің шетіне қоюға болмайды.
2. Отта қайнап тұрған кастрөлдің қақпағын өзінен кері қарай аш.
3. Қызып тұрған шәйнекке мұздай су құйғанда өте абай бол.
4. Ыстық тағамның дәмін татып көру үшін ұзын қасықты пайдалан немесе оның салқындағанын күт.
-
жарты стакан сүт немесе айран,  жарты стакан жылы су, 2-3 жұмыртқа
- 300 гр жұмсартылған сары май                
- 1 ас қасық қант
- аздап тұз
- ұн

- жарты пакет құрғақ ашытқы   

Жылы судың ішінде ашытқыны ерітеміз (аздап қант қосса тезірек көтеріледі). Ашыған ашытқыға тұз, қант, жұмыртқа қосамыз. Енді ұн қосып сүйық нан илейміз.  Жылы жерде көтерілгенге дейін тұрады. Қамыр көтеріле бастаған кезде, ішіне сары май қосып  жұмсақ, қолға жабыспайтын қамыр илейміз. Бір целофан дорбаға қойып, тоңазатқышқа 1 сағатқа қойылады. Қамыр 5-6 зуалаға бөлінеді. Қамыр  әлі де қолға жабысып тұрса үстеле аздап ұн сеуіп, зуалаларды солай жаямыз. Әр бір шеңберді 8 бірдей ұшбұрыштарға бөліп, әр ұшбұрыштың жалпақ жағына таңқұрай вареньесінен аздап (1 шай қасығынан да аз) қойып рогалик ұқсатып ораймыз. Үстіне жұмыртқаның сарысын жағып, 200 духовкада пісіреміз.

Блиц сұрақтар. Оқушылар кезектесіп сұрақтар суырып жауап береді.
1. Қамырға ашытқы қосқанда қандай процесс жүреді? (ашу процесі)
2. Қамыр неше топқа бөлінеді? (2)
3. Ұнды пайдаланар алдында нені ескеру керек?
4. Ашытқы қалай дайындалады?
5. Бір жұмыртқа 10 минутта піседі, ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі?(10мин)
Пайдалы кеңес.
- Нан ыдыста көгеріп кетпес үшін мақтаны йодқа батырып, ыдысқа салып, нан салғышқа қояды.
- Пышақты өткірлеу үшін жарты сағат тұзды суға салу керек.
5. Бағалау. Оқушылардың дайындап келген тағамдарына және сұраққа жауап бергендерін ескере отырып бағалау.
6. Үйге тапсырма. Өз таңдаулары бойынша қамыр илеп, пісіпіп әкелу, реферат жазып келу және жаңа тақырыпты оқып келу.

ІV. Бекіту бөлімі.

·         Тәтті тағам  дайындау технологиясын айтып беріңдер.

·          Тәтті тағамдарға не жатады?

·         Рогалики қалай дайындалады?

 V. Үйге тапсырма:  тәтті тағамдар және сусындар туралы қосымша жазып келу.

 VІ. Бағалау.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәтті тағамдар және сусындар тақырыбындағы ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Промышленный дизайнер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 072 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.01.2016 13848
    • DOCX 849.8 кбайт
    • 33 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Султанова Эльмира Азаматовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Султанова Эльмира Азаматовна
    Султанова Эльмира Азаматовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13956
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 969 человек из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 570 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 297 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 085 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 238 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 071 человек

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе