Инфоурок Начальные классы Конспекты"Ту тіккен Ракымжан" 3 - сынып Әдебиеттік оқу

"Ту тіккен Ракымжан" 3 - сынып Әдебиеттік оқу

Скачать материал



Пәннің аты: Әдебиеттік оқу

Уақыты:14.12.2015

Кабинет:17

Мұғалім: Ержанова Ақбөбек

Сабақтың атауы

К. Қазыбаев. Ту тiккен Рақымжан

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Кәкімжан Қазыбаев. Ту тiккен Рақымжан мәтінімен танысу

Жұмысты өз бетінше және топта жасайды, бағалайды.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Әдіс – тәсілдер: топқа бөлу, сұрақ – жауап, түсіндіру, постер қорғау, видеоролик, шындық және жалған.

Негізгі дереккөздер және құрал - жабдықтар: автор суреті, Р.Қошқарбаев суреті, топтық тапсырмалар, слайд.

Психологиялық ахуал

Видеоролик бойынша билеу.

-Көңіл күйіміз қалай? Ендеше топқа бөліну үшін мына буындардан қалағандарыңды таңдаңдар!

ЧА-ЧӘ-ЧЕ-ЧЁ

ЧИ-ЧЫ-ЧІ-ЧО

ЧӨ-ЧУ-ЧҰ-ЧҮ

ЧЭ-ЧЮ-ЧЯ

ХА-ХӘ-ХЕ-ХЁ

ХИ-ХЫ-ХІ-ХО

ХӨ-ХУ-ХҰ-ХҮ

ХЭ-ХЮ-ХЯ

РА-РӘ-РЕ-РЁ

РИ-РЫ-РІ-РО

РӨ-РУ-РҰ-РҮ

РЭ-РЮ-РЯ

ЛА-ЛӘ-ЛЕ-ЛЁ

ЛИ-ЛЫ-ЛІ-ЛО

ЛӨ-ЛУ-ЛҰ-ЛҮ

ЛЭ-ЛЮ-ЛЯ



Оқушылар билейді, топқа бөлінеді

Қызығушылықты ояту













Күннің жады жазылады.

I – бөлім. Тақырыпты ашу тапсырмасы.

1 – топ Кәкімжан Қазыбаев. Қажымұқан бұл жолы қай елге барып күресті? (Түркия)

2 – топ Ту. Мұқанның бұл жолғы қарлысалы кім болды? (Нұрлы)

3 – топ тіккен. Нұрлының күші мен бойы Мұқанға қарағанда қандай еді?

4 – топ Рақымжан. Жекпе жек немен аяқталды?

Тақырыпты оқу, жазу: Кәкімжан Қазыбаев. Ту тіккен Рақымжан

Бүгінгі сабақта Кәкімжан Қазыбаевтың «Ту тіккен Рақымжан» әңгімесімен танысамыз. Бұл әңгіме Ұлы Отан соғысының батыры Р. Қошқарбаевтың ерлігі жайында.

Кәкімжан Қазыбаев 1929 жылдың 10 мамырында Алматы облысы, Сарқант ауданындағы Ағарту совхозында, қазіргі Қазыбай Кәкімжан ауылында дүниеге келген. Жансүгір ауданының Ақсу орта мектебін бітірген. Еңбек жолын Ұлы Отан соғысы жылдарында колхозда есепші болудан бастаған. 1952 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін үздік аяқтаған. Ол Р. Қошқарбаевтың ерлігін, батырлығын дәлелдеу үшін, батыр атағын беру үшін көп еңбектеніп, ізденген жан. Р. Қошқарбаев 1924 жылы Ақмола облысындағы Тайтөбе ауылында дүниеге келген. 1942 ж. әскерге алынып, 1944 ж. Фрунзедегі (Бішкек) жаяу әскер училищесін бітірген. 1944 ж. қазан айынан бастап I Белорусь майданындағы 150-Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында взвод басқарып,Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатынасты.hello_html_mb4931f.jpg

1999 жылы Алматы қаласында дүниеден өткен. Р.Қошқарбаевқа кезінде Кеңес Одағының батыры атағы берілмеген болатын, қазақ жазушыларының ат салысуымен 1999 жылы Халық Қаһарманы атағы берілді. 1941 - 1945 жылдары Ұлы Отан соғысының болғанын білеміз. Бұл оқиғада соғыстың соңғы уақыттары баяндалады.

hello_html_18d6cf7c.jpghello_html_71625167.jpghello_html_m5bb2dbde.jpghello_html_3b093cfd.jpg


ІІ – бөлім. Топтық жұмыс.

І – топ.

Соғыстың соңғы сағаттары. Берлинде әр үй, әр баспалдақ үшін қатты шайқас, қан төгіс ұрыс жүріп жатыр.

Зәулім үйдің төртінші қабатында соғысып жүрген Рақымжанды батальон командирі подвалға шақырып алды. Бөлменің терезесінен оқ борап тұр. Жұрттың бәрі қабырғаларға жабысып, қарсы жақтағы мұнартқан үйден көз алмайды.

  • Анау үйді көресің бе, жолдас лейтенант? – деді батальон командирі Давыдов.

  • Иә, көріп тұрмын.

  • Рейхстаг дегеніміз сол. Сұм Гитлер осы со,ысты сол үйде отырып бастаған. Ол – жаудың ең соңғы ұясы. Сізге жауынгерлік тапсырма: сол үйге апарып ту тігесіз.

Батальон командирі Рақымжан Қошқарбаевты бекер таңдап алған жоқ еді. Ол Одер өзенінен өткенде де, басқа майданда да ержүректілігімен сан рет көзге түскен – ді.

  • Құп болады, жолдас комбат! Тапсырмаңызды орындауға әзірмін! – деді Рақымжан.

Осы кезде қызыл ту да дайын болды. Туды тапсырып жатып, политрук Васильченко Рақымжанды құшақтап, бетінен сүйді.

  • Аман бол, бауырым!

Осы сөзді айтқанда, Васильченконың көзіне жас іркілді. Ал лейтенант өз әкесімен қоштасып тұрғандай тебірініп кетті.



ІІ – топ

Рақымжан жалғыз емес. Подвалда тұрған барлаушылар тобы түгелдей онымен бірге бармақ...

Оқ нөсері сәл бәсеңдеген кезде, Рақымжан бастаған топ сыртқа қарай ыта жөнелді. Ұмар – жұмар күйінде бір шұқырға барып топ ете түсті. Ту Рақымжанның қолтығында. Мұны көріп қалған жау подвалға өшіге шүйлігіп оқ жаудырды. Рақымжан айналасына қараса, жалғыз Гриша Булатов...Ол да басын бұғып алған. Тілдесуге оның да мұршасы келмей жатыр.

  • Басқалар қайда? – деп сұрады Рақымжан.

  • Шыға алмай қалды, жолдас лейтенант.

Жау подвал терезесінен енді ешкімді шығаратын түрі жоқ.

Бұғып жата берсе, өздері де мерт болуы мүмкін. Соны түсінген Рақымжан:

  • Кеттік, Гриша! деді досына.

Олар жер бауырлап алға қарай жылжи жөнелді. Бірақ жүрістері өнбеді...

Алда канал үстінен салынған көпір көрінді. Ол да бұзылған. Бірақ бар қалған медеу – сол. Рақымжан тәуекелге бел байлап, Гришаға белгі берді. Содан соң құйындай ұшып жүгіре жөнелді. Олар суға келіп шолп ете түскендерін бір – ақ білді. Әйтеуір екеуі де аман екен. Темір көпірге тиген оқ шыр - пыр етіп кейін ұшады. Кейде тыз – тыз етіп суға да түседі.

Рақымжан мен Гриша қалқалау жерді паналап, кешке дейін отырды. Мойындарын созса, Рейхстаг көрініп тұр.



ІІІ – топ.

Кешке жақын Рақымжанға бір ой түсті. Өз ойын іс жүзіне асыру үшін ол қолтығындағы туды алды. Содан соң оның бұрышына сия қарындашпен: «Алты жүз қырық жетінші полк, Рақымжан Қошқарбаев, Григорий Булатов» деп жазды.

Бұл кезде онсыз да түтіннен көрінбей тұрған қала мұнарта түскен еді. Арт жақтан біздің зеңбіректер оқ атты. Снарядтар толас таппай, үстерінен зу – зу өтеді. Бұл қамалып отырған екеуіне жігер берді де, олардың яғы - аяғына тимей ұша жөнелді. Айнала күңіреніп ұлып кеткендей. Әп - сәтте баспалдаққа да жетті. Міне, үйдің қабырғасы. Кішпіштен бітелген терезелер. Құзғын жаудың ұясы. Өзінің де сұры кетіп қалыпты.

  • Гриша, шық иығыма! Тік, туды!

Қаңбақтай жеңіл жас жігіт лезде – ақ Рақымжанның иығына шықты. Бітелген терезенің кірпішін түсіріп, жеңіс туын қадады.

Тағы да артиллерия атысы басталды. Айнала жап – жарық. Осы кезде жау ұясының қақ алдынан жауынгерлерді шабуылға шақырған қызыл ту көрінді. Манағы өздері өткен алаң. Жер қайысқан әскер «уралап» жүгіріп келеді. Осы кезде жер қозғалып, жаудың соңғы ұясы қалтырап кеткендей болды.

Рақымжан Григорийге, Гриша Рақымжанға қарады. Екеуі үнсіз құшақтасып, беттерінен сүйді.

Тапсырма орындалды, жеңіс туы тігілді. Мезгіл – 30 сәуірдің кеші, 6 сағат 30 минут, 1945 жыл.



ІV – топ.

Сұрақтарға жауап іздеу.
1. Соғыс қай жерде жүріп жатты? Берлинде
2. Рақымжанды кім шақырып алды? Батальон командирі Давыдов
3. Батальон командирі оған қандай тапсырма берді? Рейхстагқа ту тігуді тапсырды.
4. Рейхстаг деген не? Жаудың соңғы ұясы.
5. Командир Рақымжанды неге таңдады? Ержүректілігімен көзге түскен
6 .Рақымжанмен берге кімдер бармақ? Барлаушылар тобы.
7. Ту кімнің қолында еді? Рақымжанның

8. Туды көрген жау не істеді? Подвалға шүйлігіп оқ боратты.
9. Рақымжанның қасында кім қалды? Григорий Булатов.
10. Олардың алдарынан не көрінді? Канал үстінен салынған көпір.
11. Рақымжан тудың бұрышына не деп жазды? 647 полк, Г Булатов, Р. Қошқарбаев.
1
2. Қамалып отырған екеуіне жігер берген не? Біздің жауынгерлердің зеңбірекпен оқ атуы.
13. Гриша туды қалай қадады? Бітелген терезенің кірпішін түсіріп, жеңіс туын қадады.
14. Рақымжан тапсырманы орындады ма?
15. Бұл оқиға қай мезгілде болды? 1945 жылы 30 сәуірде
кешкі 6 сағат 30 минут
16.
Сонымен Туды тіккен кімдер?

Видеоролик көрсету. Ой түю.

ІІІ – бөлім. Топтық тапсырмалар:

1 – топ. Сыни сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар

Иә

Жоқ

1. Соғыс Берлинде жүріп жатты.



2. Рақымжанды батальон командирі шақырып алды.



3. Батальон командирі ақ үйді көрсетті



4. Рейхстаг жаудың ең соңғы ұясы.



5. Рақымжанға жауынгерлік тапсырма берілді



6. Командир Рақымжанды таңдаған жоқ.



7. Рақымжан өз әкесімен қоштасқандай тебіренді



8. Рақымжан тапсырманы орындауға жалғыз бармақ



9. Рақымжан бастаған топ оқ нөсері бәсеңдеген соң шықпады.



10. Ту Гришаның қолында еді.



11. Туды көрген жау қашты.



12. Рақымжанның қасында Гриша қалды



13. Басқалары подвал терезесінен шыға алмады



14. Рақымжан мен Гришаның алдарынан көпір көрінді.



15. Олар суға түспей өтті



16. Рақымжан тудың бұрышына өз туған жылдарын жазды



17. Қала тынышталып, жарқырай түсті



18. Рейхстаг терезелері ашық тұр.



19. Гриша Рақымжанның иығына шығып, туды қадаған жоқ.



20. Жер қайысқан әскер «ағалап» жүгірді.



21. Жау ұясының алдынан жауынгерлерді шабуылға шақырған қызыл ту көрінді.



22. Рақымжан тапсырманы орындады



23. Бұл оқиға 1945 жылы болды



2 – топ. Жауап жаз.

Рақымжан кім? Қандай?


Мәтіндегі Давыдов кім?


Туды Рақымжанмен бірге тіккен кім?


Соғыс қай жылдары болды?


Соғыстың болғаны жақсы ма? Неліктен түсіндір.


Тағы қандай ержүрек соғыс батырларын білесің?


Соғыс болмас үшін елдер не істеуі қажет?


Ұлы Жеңіс күні қашан?


Ал алда қандай мейрам келе жатыр?


3 – топ. «Батыр атама Алғыс!» тақырыбыма эссе жазу

4 – топ. Тақырыпқа сай сурет салу

Мағынаны тану

















































Ой толғаныс

















Үйге тапсырма

Мазмұндау.

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Формативтті бағалау

Оқушылар сабақты қол смайлигі арқылы бағалайды

Кері байланыс

hello_html_m652d7a27.jpg

Смайликке жабыстыру



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ту тіккен Ракымжан" 3 - сынып Әдебиеттік оқу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Помощник руководителя отдела библиотеки

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 989 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.03.2016 3218
    • DOCX 168.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем ЕРЖАНОВА АҚБӨБЕК ШАТТЫҚҚЫЗЫ. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    ЕРЖАНОВА АҚБӨБЕК ШАТТЫҚҚЫЗЫ
    ЕРЖАНОВА АҚБӨБЕК ШАТТЫҚҚЫЗЫ
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 42774
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 208 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 424 человека

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 303 человека из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 197 человек

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 20 регионов

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Этапы развития речи: от первых звуков до полноценной коммуникации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 166 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 128 человек