Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Туған тіл – сатылмайтын байлық"

"Туған тіл – сатылмайтын байлық"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Туған тіл – сатылмайтын байлық

Асхат-жүргізуші: Әр халықтың тілі сол халықтың қасиеті мен қасіреті, жүикесі мен жұлыны, жаны мен жүрегі десек осы қасиетіміз бен тарихымызды, мәдениетімізді, ар-намысымыз бен абыройымызды сақтап қалу үшін не істеуіміз керек?

«Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті», - дейді А. Байтұрсынов атамыз, сонда тілді, дінді жасайтын кімдер? Жастар, яғни мына біздер. Қазақ тілін – ғылым, білім, саяси-экономикалық, халықаралық қарым-қатынас тілі болғызатын мына біздер. Сонда ғана біздің тіліміз өміршең болмақ.

Туған тілім табындырған талайды,

Ел ертеңі саған ғана қарайды.

Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,

Ана тілім әр қашанда арайлы

Меруерт-жургізуші: Бұрынғы бабаларымыз Қаз дауысты Қазыбек би қалмақ қонтайшысымен кездескенде:

Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзағайға үкі таққан елміз.

Ешбір жау баспаған елміз,

Басымыздан сөзді асырмаған елміз,

Асқақтаған хан болса, хан ордасын таппай білген елміз, - депті.

Сол ата-бабаларымыз қорғай білген, қасиетін асыра білген, қазақ тілін халық аралық дңгейге көтеру – бүгінгі ұрпақ – біздерге бұйырып отыр.





Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Асхат-жүргізуші: Біздің Республикамызда мемлекеттік тілді

үйрену – барлық ұлт өкілдеріне ортақ мәселе деп білеміз. Ал ұлтымыздың мемлекеттілігін мәңгілікке айғақтайтын тарих болса, тарихты мәңгілікке жеткізуші – кітап, ал тілдің мәңгілік ғұмыры – осы кітапта жатыр. Тіл мен кітап сайып келгенде ел үшін бірі – тірек, бірі – білек, білік, күш-қуат. Тәуелсіздікті ту еткен, табан жолынан айнымайтын, қандай кезде де құбылмайтын тек осы тіл мен кітап қана.

Ана тілің арың бұл, Ана тілім – ар тілім, . Ұятың боп тұр бетте Жанардағы жарқылым.

Өзге тілдің бәрін біл, Жүрегімде сақталар,

Өз тіліңді құрметте. Ән жыры бол халқымның.

Меруерт-жүргізуші: Халық бар жерде тіл де бар. Ендеше тіл проблемасы – халықтың проблемасы. Біздің қазақ тілі өсу үстіндегі, адам баласының кез-келген қиын да күрделі ойын бейнелеудегі мүмкіндігі зор, аса бай тіл. Сондықтан да балалар оны көзіміздің қарашығындай қастерлейік.

Айналайын халқымнан, Біздер бұрын көрмеген,

Айналайын даңқыңнан. Салт дәстүрім өлмеген.

Ана тілдің бағасы, Үйренеміз бәріптеп,

Қымбат екен алтыннан. Заманымда өрлеген.



Алматы облысы

Алакөл ауданы

Ақжар орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Джакипова Роза Касымовна қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров90
Номер материала ДВ-481278
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх