Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "ТУған тіл - зәмзәм бұлақ" (мерекелік іс-шара)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"ТУған тіл - зәмзәм бұлақ" (мерекелік іс-шара)

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Туған тіл - зәмзәм бұлақ»
Мақсаты:

Оқушыларды қазақ елін,қазақ тілін қастерлеуге,ой-өрісін кеңейтуге,шешендік өнердің қыр-сырын ұғына білуге тәрбиелеу.Оқушыларға тілдің қоғам өміріндегі маңызы туралы түсіндіре отырып,мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге баулу.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік.

Көрнекілігі: суреттер, үнтаспа, бейнебаян, нақыл сөздер, шарлар,гүлдер, ҚР-ның мемлекеттік рәміздері.

Іс-шараның жүру барысы:


1-жүргізуші:Арайлым

  • Армысыздар,қымбатты ұстаздар,құрметті оқушылар!

Баршаңызды бүгінгі 22-қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесімен құттықтаймын! «Туған тіл зәмзәм бұлақ» атты мерекелік іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалсын.

2-жүргізуші:Назерке

Мемлекеттік тіл қазақ тілі ұлтымыздың ұлт болып сақталуын,дамуының алтын тірегі мен халықтық белгінің басты шарты екені белгілі.Қазақстан Республикасының Конституциясы Ата Заңымызда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп айқын көрсетілген.

  • Бәріміз бірге бейнебаянды тамашалайық!

Бейнебаян «Ана тілім»

1-жүргізуші:Арайлым

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев төл тіліміз туралы «Дауға салса алмастай қиған,сезімге салса қырандай қалқыған,ойға салса қорғасындай балқыған,өмірдің кез-келген орайында әрі қару болған,әрі байырғы әрі мәңгі жас,отты да ойнақы ана тіліміз»деп елжандылық танытады.Бәріміз осы ұлағатты сөзді жадымызда түйіп,мемлекеттік тіліміздің қорғаушысы,өзге тілдердің қолдаушысы болуды ұмытпайық.

2-жүргізуші: Назерке
Қай тіл көп тараған?
Дүние жүзінде ең көп тараған тіл қайсы дегенде,біреулер ағылшын тілі десе,енді біреулер қытай тілі деп жауап береді.Бұл екі пікірдің қайсысы дұрыс?Бірінші орынды,сөз жоқ,ағылшын тілі болып табылады.Ал егер бір тілде сөйлеушілердің саны бойынша анықтасақ,ағылшын тілі екінші орында тұрады.Сол бір тілде сөйлейтіндердің саны жағынан ең көп тараған тіл қытай тілі екен.Бұл тілде- 844млн адам сөйлейді.Ағылшын тілінде-434 млн,үнді тілінде-338 млн, испан тілінде-331 млн адам сөйлейді.

1-жүргізуші:Арайлым
Адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап,олардың мәнін түсіне бастады.


2- жүргізуші:Назерке
Ия,бір данышпан:
Сенің әрбір тынысыңмен тілдесем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын
Ана тілім егер сені білмесем- деген екен.


1-жүргізуші:Арайлым

Қазақ халқы тіл өнеріне,шешендікке зор мән берген.Атақты билер мен шешендер,ақындар мен жыраулар дау шешіп,айтысқанда ұйқастыра өлеңдетіп сөйлеген.

Ендеше ақын қыздарымызбен ұлдарымызды ортаға шақырайық.

1-оқушы.Ернұр 3 «Б» сыныбы

22-қыркүйек – ҚазақстанРеспубликасыхалықтарыныңтілдер мерекесі. Еңалдыменбұл – баршаелгеортақжалпыхалықтықмереке,барлықұлтөкілдерінекөрсетілгенқұрмет.

2- оқушы.Нұрәділ 3 «Б» сыныбы

Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады,әрбір ұлттың ең үлкен,ең негізгі анасы туған тілі болып саналады.Ана-тілі - әрбір
ұлттың,ұлыстың мақтанышы,көзінің қарашығындай көретін 
қазынасы,асыл мұрасы. 

3-оқушы.Жанель 3 «А» сыныбы

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11-шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа заңын қабылдады. 2007 жыл «Мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды.

4- оқушы. Аяулым 3 «Ә» сыныбы

Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі.Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет.Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. 
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл –
қазақ ұлтының рухани,мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын. 

5-оқушы.Сая 3 «А» сыныбы

Ең жақсы бала – ана тілін құрметтеген ұл мен қыз.Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды,қайта сені адамгершілікке,шын патриот болуға жетелейді.Өмірдің алмастай қырын,абзал сырын түсіне білуіңе басты себепкер – сол ана тілің.

6-оқушы.Әмина 3 «В» сыныбы

Біздің тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз.Өз ата-мекенімізде жүргендіктен өз тілімізде сөйлеу – басты парызымыз.Сол себептен де қазақ тілін ту етіп тігіп,кейінгі ұрпаққа бүлдірмей тапсырайық,құрбылар. 


7- оқушы.Елдана 3 «Б» сыныбы

Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам,не білем?
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем.
О,адамдар,қадіріне жетіңдер,
Ана тілің – анаң,сыйлап өтіңдер.



8-оқушы.Жібек 3 «Б» сыныбы
Қуан,далам,
Қуанатын күн бүгін!
Серпіп таста
Мұңды жүрек түндігін.
Тіл туралы 
Заңым енді күшіне,
Паш еткендей
Кескен жаңа кіндігін.

9-оқушы. Адия 3 «Ә» сыныбы

Қуан,халқым,
Күшіне енді Тіл заңы!
«Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады.
Ел елдігі бағаланар тілімен,
Сол арқылы құлпырады гүл бағы.
Қуан,бабам,
Қуанатын жөнің бар!
Деген едің
«Тіл бар жерде өмір бар»



10-оқушы.Жантөре 3 «Ә» сыныбы

Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің,теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың,елдігің. 

11-оқушы.Қарақатсұлу 3 «В» сыныбы

Ана тілім – бар білімнің қайнары,
Аталардың өсиеті пайдалы,
Алақаны мейірімді ананың,
Ұстазымның жарқын жүзі жайдары.
Ана тілім – тасталмайтын «Әліппем»
Болғаным жоқ әріптерін танып мен.
Өз тілімді жақсы көру арқылы
Достасамын басқа барлық халықпен.


12-оқушы. Думан 3 «Ә» сыныбы

Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

13-оқушы.Дана 3 «А» сыныбы

Туған тілім – бабам тілі,өз тілім,
Туған тілім – анам тілі,өз тілім.
Туған тілім – далам тілі,өз тілім,
Туған тілім – балам тілі,өз тілім.

14-оқушы. Медер 3 «Б» сыныбы

Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
Өлең-жырмен арайланса таң күліп,
Ардақтымды жырлап өтем ән қылып.
Мағжан,Қасым,Мұқағали жырларын
Жалғастырып жаза берем мәңгілік!


15-оқушы.Ерасыл 3 «А» сыныбы
Ана тілім туған тілім, бал тілім,
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім,
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.

16-оқушы. Ернұр 3 «Б» сыныбы

Ана тілі біздің туған анамыз,
Анамызды сыйлап, бағып - қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің солай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім бағалай білмесе,
Анасынан безген ұл деп қараңыз.


17-оқушы.Мерей 3 «В» сыныбы
Ана тілі – асыл күні бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның
Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,
Туған тілді жаттап өскен баламын.



18-оқушы. Нұргелді 3 «В» сыныбы
Айналайын халқымнан,
Айналайын даңқыңнан.
Ана тілдің бағасы,
Қымбат екен алтыннан.

2-жүргізуші: Назерке

Көрініс : «Үш бидің шешендігі»

1-жүргізуші: Арайлым

Әннің де естісі бар есері бар,
Тыңдаушының құлағын тесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы-күйлі
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Әннің тәтті оралған мәні оятар, дей келе кезекті хорға берейік.

Оқушылардың орындауында хор

Хор: «Ананың тілі»

2-жүргізуші: Назерке

Келесі бейнебаянды бірге тамашалайық!

Бейнебаян «Қазақтың байырғы қазақ тілі»
Бүгінгі іс-шарамыздың соңын ақын Мұзафар Әлімбаевтың жыр жолдарымен аяқтаймын:


Тілің-халқың,халқың-тілің,қос егіз!
Екеуінің саясында өсеміз,
Халық пен тіл-жасай берер қос емен,
Саясында көгереді көсегең.
Сіз бен біз де бұ дүниеден көшеміз.
Жасай бермек,жасайды сол қос – егіз!









































Алматы қаласы

Әуезов ауданы

119 мектеп-лицей



http://today.kz/wp-content/uploads/2014/09/1355212939_ana-tlm1.jpg



«Туған тіл – зәмзәмбұлақ»

(Мерекелік іс-шара)

3-сыныптар







Өткізген: Кенжебек А.Е











2014 жыл


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 19.09.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров340
Номер материала ДA-052767
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх