Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Туған туысқандар" дүниетану пәнінен сабақ жоспары

"Туған туысқандар" дүниетану пәнінен сабақ жоспары


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:















hello_html_8a7bfb3.gif

























Сыныбы: 4 «Б»

Пәні: Дүниетану.

Сабақтың тақырыбы: Туған туысқандар

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға туған – туысқандар жайлы

түсінік беріп, білімдерін кеңейту;

2. Оқушылардың туған – туысқандар

жайлы ой- өрісін, туысқандық

қатынастар жайлы танымдарын және

қызығушылықтарын дамыту;

3. Оқушыларды туған туыстарын

сыйлауға және олармен қарым –

қатынаста болуға, татулыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: «Отбасы» суреті, сызба түрлері,

«Отбасы шағын қоғам» суреті


Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру -Сәлеметсіңдер ме?

кезеңі: - Отырыңдар

-Қазір бізде дүниетану сабағы, бәріміз оқу –

құралдарымызды алып, түзу отырамыз.

  • Дүниетану сабағынан мен беремін, менің

аты – жөнім Түгелбаева Фариза Бегзатқызы,

Фариза апай деп айтуларыңа болады.


ІІ.Үй тапсырма- -Үйге қандай тапсырма берілген еді?

сын тексеру ( 2-3 оқушыдан өткен тақырыптың мазмұнын сұраймын)

кезеңі. – Ал енді бәріміз тақтаға қараймыз.

  • Сендер тақтадан нені көріп тұрсыңдар?

  • Тақтада жайқалған ағашты көріп тұрмыз. Ал енді сендер осы ағаштың түріне, жазуына қарап қандай ойға шомылдыңдар?! Осы сурет бойынша өз пікірлеріңді айтыңдар!

«Отбасы – шағын қоғам», яғни сурет бойынша байқатынымыз қоғам дегеніміз – ол ағаштың- діңі, осы діңнен бірнеше бұтақтары тараған, әрбір бұтаққа белгілі бір отбасы мүшесін орналастырамыз. Бірінші бізде «ата» сөзі екен осы сөзің артында сұрақ бар соған жауап беруіміз керек.

ІІІ.Білімді тексеру 1. «Ата» - «Отбасының басшысы» дегенді қалай түсінесің?

кезеңі 2. «Апа»- Отбасы қоры неге керек?

3. «Әке» - Отбасы жайлы қандай мақал – мәтел білесіңдер?

4. « Ана» - Өзің отбасына қандай көмек бересің?

5. «Аға» - Өз отбасыңның басшысы кім?

6. «Әпке» - Қарым –қатынас жасау ережелері қандай?

7. «Мен»-«Отбасы -шағын қоғам» дегенде қалай түсінесің?

IV. Мақсат қою Сендердің әкелеріңнің ағасы, аналарыңның сіңлісі

кезеңі сендерге кім болып келеді?

-Туыс, яғни әрқайсымыздың туысқандарымыз бар.

- Біз бүгін жаңа тақарыппен танысамыз. Туған –

туысқандардың қалай аталатындығы жайында

біледі екенбіз. Демек бүгінгі тақырыбымыз «Туған –

туысқандар» деп аталады екен.

V.Материалды Қазақ халқы жігіт адамның үш жұрты бар деп түсіндіру кезеңі: есептейді. Олар: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын

жұрты.


hello_html_5daa6e72.gifhello_html_22a72a6c.gifhello_html_3b8a6ff7.gifhello_html_22a72a6c.gifhello_html_m75498e95.gifhello_html_d70dabe.gif


hello_html_3b8a6ff7.gifhello_html_m48312614.gifhello_html_3b8a6ff7.gifАта Н жиен қайын ата

hello_html_3b8a6ff7.gifhello_html_3b8a6ff7.gifhello_html_3b8a6ff7.gifhello_html_3b8a6ff7.gifhello_html_3b8a6ff7.gifhello_html_m48312614.gifhello_html_3b8a6ff7.gifАпа А жиеншар қайын апа

hello_html_3b8a6ff7.gifӘке Ғ бажа қайын аға

hello_html_3b8a6ff7.gifАна А бөле қайынбике

hello_html_m48312614.gifАға Ш

hello_html_3b8a6ff7.gifhello_html_3b8a6ff7.gifhello_html_m48312614.gifӘпке Ы

hello_html_m48312614.gifІні

hello_html_5daa6e72.gifҚарындас


Құда , құдағи, құдаша, құдабала, балдыз, жезде, бөле



hello_html_5daa6e72.gif

Өз жұрты дегеніміз өзінің ата-әжесі , әке, шешесі, аға, жеңгесі,

әпкесі,іні-қарындастар содай-ақ басқа да аталас ағайын – туыстары болып табылады.

Ата мен әже - өз әкелеріңнің әкесі мен шешесі. Сендер оларға немере боласыңдар. Ата мен әже немерелерін жанындай жақсы көреді. Оларға қамқорлық жасайды. Немерелері де оларды өз әке – шешелерінен кем жақсы көрмейді. Көптеген немерелер атасы мен әжесінің тәрбиесінде өседі. Ержеткенде атасы мен әжесіне қолғанат болып, көмектеседі.

Ал әке мен ана – сені дүниге әкелуші, асырап – бағушы, тәрбиелеп - өсіруші , ең жақын қамқор адамың. Бала – ата – ананың ұрпағы, өмірінің жалғасы, қуанышы, үлкен үміті. Ол ата – анасының алдында шексіз қарыздар. Құран Кәрімнің Анкабут сүресінің 8 аятында «Біз адамдарға ата – аналарына жақсылық жасауды бұйырдық» деп жазылған. Еліміздің ата заңында « Кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата – анасына қамқорлық жасауға міндетті» делінген.

Балалардың үлкені ұл болса – аға, қыз болса - әпке деп, кішілері ұл болса – іні, қыз болса – сіңлі (қарындас) деп аталады. Аға мен әпке өз інілері мен қарындас, сіңлілеріне қамқор болады. Інілер мен қарындас – сіңлілер де ағалары мен әпкелерін үлкеніміз деп, жанашыр жақынымыз деп құрметтейді, сыйлайды. Оларға көмектеседі.

Нағашы жұрт дегеніміз - өз шешеңнің төркін жұрты., яғни анаңның әке шеше, аға – іні, әпке – сіңлі, жеңге келіндері мен басқа да аталас туыстары саған нағашы болады. Ал ол елдің қызынан туған сен оларға жиен боласың. Нағашылар жасына, жолына және басқа ерекшеліктеріне қарай саған нағашы ата, нағашы әже, нағашы әпке, нағашы аға, нағашы іні, нағашы қарындас, т.б. аталады. Ал сен оларға жиен бала боласың.

Ал апалы – сіңлілі немесе туыст қыздарға үйленген жігіттер бір – біріне «бажа» болады. Әйелдері туыс, қайын жұрттары бір болғандықтан бажалар бір – бірінен араласып апалы – сіңлілі «бөле» болады. Шешелері туыс санап, жақын жүреді, өте тату болады.

Жігіттің және бір жұрты – қайын жұрты.яғни, әйелдің төркіні оның жұбайына қайын жұрт, ал жұбайы оларға күйеу бала болады.

Мәселен, күйеуіне әйелінің әкелері- қайын ата, аналары – қайын апа, ағалары – қайынаға, әпкелері – қайынбике болады. Ал әйелінің сіңлілері мен інілері күйеуіне балдыз болса, күйеуі оларға жезде болады.

Жігіттің қайын жұрта мен өз жұртының бір- бірімен жақындығын білдіретін арнайы туыстық аталар болады. Барлық ер адамдар екінші жаққа құда, ал әйел адамдар – құдағи, әпке мен сіңлілері – құдаша, інілері – құдабала болады.

VI.Жаңа материалды - Халқымыз жігіт адамның неше жұрты бар меңгергенін тексеру. дейді, олар қайсылар? hello_html_m7b9296d2.gifhello_html_mb05c051.gif hello_html_3e6e9fc3.gif



VII.Бекіту кезеңі: Логикалық сұрақтар:

1.Сенің анаңның баласының әкесі саған кім болады?

2.Сенің туған ініңнің әкесінің әйелі саған кім болады?

3.Сенің анаңның әкесінің қызының баласы саған кім?

4.Сенің жеңгеңнің інісінің анасы саған кім?

VIII. Үйге Күнделіктеріңді ашып,118- беттегі«Туған-туысқандар»

тапсырма тақырыбын мазмндап келесіңдер. Сонымен қоса

беру кезеңі: «Менің туған-туысқандарым» тақырыбына шығарма жазып келесіңдер.


Автор
Дата добавления 16.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров208
Номер материала ДВ-459875
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх