Инфоурок Начальные классы Научные работы"Туған жер -алтын бесігім"

"Туған жер -алтын бесігім"

Скачать материал

                 Тақырыбы: Туған жер – алтын бесігім

Құзыреттілікке жеткізетін шараның мақсат – міндеттері:

Ақпараттық : Балғын жастарға туған өлке тарихын зерделеуге,таным түсінігін кеңейтуге көмектесу.

   Коммуникативтік: Туған жердің тарихына үңіле білуге,болашақта елдің тұтқасы өзіміз  боламыз деген түсінік қалыптастыру.

   Проблеманы шешу: Елін,жерін,тілін,әдеп-ғұрпын құрметтейтін,өз Отанын сүйетін тұлға қалыптастыру, тілін дамыту,ойын жеткізе білуге үйрету. Оқушыларды саяси саналылыққа ,өз елін,жерін қорғауға,құрметтеуге,сүюге тәрбиелеу.

  Түрі:танымдық сайыс.

  Әдісі:Сұрақ-жауап.

  Көрнекілігі:Туған жер,ел туралы нақыл сөздер,буклеттер,тапсырмалар,шарлар,жалаушалар.

  Жүру барысы: Кіріспе сөз.

 

Қадірменді қонақтар! «Туған жер - алтын бесігім!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Иә, осынау кең - байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бәрі болашақ ұрпақ, келешек азаматтары, сендерге өсиет болып қалады. Ал сол болашақ иегерлері, сендер қандай болуларың керек?

Бүгінгі танымдық сайысымызда сіздердің туған ел, туған жер туралы білетіндеріңізді ортаға саламыз. Өз білгенімізді еркін ортаға салайық.

Балалар біздің бүгінгі шарамыз жарыс түрінде өтеді. Танымдық ойынымызды бастамас бұрын командалармен танысып алайық.

1топ: “Татулық”

Ұраны: Татумыз біз әрқашан,

               Керісуді білмейміз!

               Шын көңілмен баршаңызға,

               Адал достық тілейміз.

 

2топ: “Бейбітшілік”

Ұраны: Бейбітшілікті қолдаймыз,

              Ақ көгершін қасында.

              Еркіндікті тойлаймыз,

              Ашық аспан астында.

 

Жақсы балалар, енді әділқазы алқаларымен танысып алайық.

1.

2.

3.

Ойынымызды бастамас бұрын ойын шартымен таныстырып өтейін. Бұл ойын 4 кезеңнен тұрады. Соңында жеңген топ жеңілген топқа қолқа салады, яғни өздерінің қалауларын айтады.

 

1 кезең: “Өткел”

2 кезең: “Белес”

3 кезең: “Мақалдың жалғасын тап”

4 кезең: “Бір сөзден бірнеше сөз құра”

 

1кезең. «Өткел». Мұнда әрбір топқа 5 сұрақтан сұрақтан қойылады, дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.

 

«Татулық» тобының сұрақтары:

1.      Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздігін алды?

Жауабы: ( 1991ж.16 желтоқсан )

2.      Туған жер туралы мақал айт.

Жауабы: (Ел іші - алтын бесік  )

3.       “Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол” мақаланың мағынасын ашып айт.

Жауабы: (Өзге елде жүріп сұлтан болып өмір сүргенше, өз еліңде жүріп ұлтан бол дейді)

4.       Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Жауабы: (қазақ тілі)

5.      Қ.Р. әнұранының авторлары кімдер?

Жауабы: Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов

 

«Бейбітшілік» тобының сұрақтары:

1.      Қазақстан Республикасының президенті кім?

Жауабы: (Н.Ә.Назарбаев)

2.      Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздігін алды?

Жауабы: (1991 жылы 16 желтоқсан)

3.       Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түркіменстан, Әзербайжан республикасымен шектесетін тәуелсіз мемлекет.

Жауабы: (Қазақстан Республикасы)

4.       Қазақстан Республикасының бас қаласы.

Жауабы: (Астана)

5.      Туған жер туралы мақал айт.

Жауабы: (Туған жердей-жер болмас,

Туған елдей-ел болмас)

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Ендігі кезект Аңсардың орындауындағы “Мәртебелі ел” әніне берейік.

 

2 кезең «Белес»

Бұл  кезеңде әр топқа 2 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен есептеледі. Қосымша көмек алса, 1 ұпайы кемиді, яғни 1 ұпай болып есептеледі. Қазір оқылатын сұрақтар сендердің оқып кеткен ертегілеріңнен, мәтіндеріңнен, өлеңдеріңнен болады.

« Татулық» тобының сұрақтары:

1 сұрақ.

 

-Шіркін, жауынды жерге не жетсін! Жер бетінің үнемі ылғал тартып тұрғаны қандай рақат! - деп, мәз –мейрам болып жатты. Бұл қай мәтіннен алынған үзінді, кейіпкерлерін ата.

Қосымша көмек: Дүниеде менің илеуімнен жақсы мекен,жайлы қоныс бар ма екен?

Жауабы: Кімнің мекені жақсы?

Кейіпкерлері: тышқан, құрбақа, құмырсқа.

 

2 сұрақ.

Халқымыздың қасиетті тілі туралы айтылған шығарманы ата.

Қосымша көмек: Бұл шығарманың  авторы  М.Мақатаев.

Жауабы: Отан туралы.

 

«Бейбітшілік» тобының сұрақтары:

1 сұрақ.

Адам сыйға алған дәнін  әрі құрғақ, әрі жылы жерде бір күз, бір қыс сақтайды. Көктем шыққан шақта, ақылының арқасында, үйшігінің жанындағы қара топырақты жерді қопсытып, соған әлгі дәнді түгел себеді.

Сұрақ: Бұл қай шығармадан алынған үзінді, авторы кім?

Қосымша көмек: Адам тіршілігінің арқауы деп нанды қандай қадірлесе, бидай да өзіне қамқор болған  адамды сондай кенелтіп келеді.

Жауабы: Ақ бидай. Өтебай Қанахин.

 

2 сұрақ.

Кешкі ауыл көрінісі қай мәтінде суреттелген?

Қосымша көмек: Қартқожа үйге сүйеніп, ашамайды шынтақтап, ауылға қарап отыр.

Жауабы: Ыстық қой, шіркін, туған жер!                                      

 

Жүргізуші: Жарадыңдар, балалар, ендігі кезекті бір топ балаларымыздың өлең – тақпақтарына берейік.

 

 

 

Гулмар

Ауыл – ырыс, берекем,

Байлығың да мол екен.

Құшағың да кең екен!

Тарқамасын әрқашан,

Қуанышты мерекең!

 

Мұрат

Тәуелсіздік – ұлы күнім,

Тұрсын жайнап төбемде.

Сен жасай бер, мәңгі бақи

Қуанышқа бөлен де.

 

Нұрхат

Бостандығым тұңғыш рет,

Ақ қанатын қаққан күн.

 

 

Әже әлдилеп немересін,

Басы айналған бақтан күн.

 

Амина

Сарыарқаның даласына,

Күн шуағын төккен күн.

Елім менің, жерім менің,

Баққа қолы жеткен күн.

 

 

Алина

Қазақстан

Маған қымбат Ұлы елімнің,

Шешек атқан әр гүлі.

Аялайды бәрімізді,

Азаттықтың таң нұры.

 

Бақыт

Бірлігіміз жарасқан

Бірлігіміз жарасқан,

Арманымыз тау асқан.

Туған  жердің шыңдары,

Көк аспанмен таласқан.

 

Ел мереці енселі,

Жарқын өмір – ертеңі.

Айналғандай шыңдыққа,

Бір ғажайып ертегі.

 

Аймалаған күн нұры,

Лайланбасын тұнығы.

Берік болсын мәңгілік,

Тәуелсіздік тұғыры.

 

Алихан

Менің атамекенім

Атамекен – тұрағым,

Сөнбейтұғын шырағым.

Көк байрағым – айбыным,

Қасиетті тұмарым.

 

Сая блған баршаға,

Байтақ жерім қаншама –

Атыраудан Алтайға,

Жетісудан Арқаға!

 

 

 

Темирлан

      Отан

Қазақтың кең даласы,

Тақтайдайын жазықта.

Шығыс, Батыс арасы,

Айлап жүрер қашықта.

 

Лилия

Санаулы жолда гүл жайнап,

Жаһанды жалт қараттың.

Қорғауға сені бел байлап,

Тайына міндім талаптың.

 

Нұраман

                Отан

Бесігін елдің тербеткен,

Анамсың, байтақ Отаным!

Нәр алып, ерте ержеткен,

Мен де бір ерке ботамын.

 

Айзада

Мен туған жер

Мен туған жердің таулары

Аласармайтын нар бәрі.

Сондықтан болар – арманым

Биікке ғана самғады.

 

Жүргізуші: Келесі кезеңіміз “Мақалдың жалғасын тап” деп аталады. Бұл кезеңде екі топқа да сұрақтар ортақ. Қай топ қолдарын бұрын көтерсе, сол топ сұраққа жауап береді. Балалар, бұл кезеңде сендерге шапшаңдық пен тапқырлық керек, сондықтан мұқият болыңдар. Ендеше сәттілік балалар!

3 кезең “Мақалдың жалғасын тап”

1.Туған жердей жер болмас,

    Туған елдей ел болмас.

 

2.Ормансыз – бұлбұл,

   Отансыз – адам.

 

3.Бірлігі жоқ ел тозады,

   Бірлігі күшті ел озады.

 

4.Отан үшін отқа түс, күймейсің,

   Арың үшін алыссаң өлмейсің.

 

5.Ердің көркі елімен,

   Отан көркі жерімен.

 

6.Отан – отбасынан басталады.

 

7.Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

 

8.Отан – оттан да ыстық.

 

Жүргізуші: Бәрекелді, балалар. Ендігі кезекті Дильназ бен Раушанның орындауындағы “Қазақстан” әніне береміз.

 

Жүргізуші: Ендігі біздің 4 кезеңіміз “Бір сөзден бірнеше сөз құра” деп аталады.

Бұл сөз екі топқа да ортақ болады. Жазған сөздеріне байланысты ұпай саны қосылады.

4кезең. “Бір сөзден бірнеше сөз құра”

“Қазақстан”

Жауабы: Қаз, ана, ат, тас, нан, сақа, ата, тана, Асан, қас, сақ, қазақ, ас, ақ, зат, аз, сат, асат, атан, нақ, тақа, саз, сана.

 

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Ендігі кезек әділқазы алқаларымызда. Әділқазы алқалары ұпайларды санап болғанша, ортаға Аружанды “Балалық шақ” әнімен шақырамыз.

Сөз әділқазы алқаларында.

Жүргізуші: Енді жеңіске жеткен топ жеңілген топқа қолқа салсын.

Бәрекелді. Жеңген топ мақтау қағазыларын алады.

Жүргізуші: Балалар, сендерге бүгінгі ойынымыз ұнады ма? Осымен біздің бүгінгі танымдық ойынымыз аяқталды. Тамашалағандарыңызға көп – көп рахмет. Қош сау болыңыздар!

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Туған жер -алтын бесігім""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 916 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.11.2016 1762
    • DOCX 21.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тұрмағанбет Жұлдыз Болатбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12382
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 829 человек

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 335 человек

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Мини-курс

Художественная гимнастика: диагностика и технические аспекты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы инженерной подготовки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе