Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
Астана қаласы
Тақырыбы:
2-СЫНЫП
Дайындаған: 1-санатты бастауыш сынып мұғалімі
К.Т.Туртаева
Туған жерімнің табиғаты
2 слайд
Айналаңды қоршаған,
Туған жерді сүйе біл.
Қауіп-қатер төнсе оған,
Қамқор болып, қорғай біл
3 слайд
Сабақ түрі: Жарыс сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық ізденіс.
.
Көрнекілік: Тест сұрақтары, табиғат суреттері
Техникалық құрал: Компьютер
Пәнаралық байланыс: Дүниетану
4 слайд
Сабақтың жоспары:
1. «Тапқыр болаң тауып көр» ойыны
2. Мәтінмен жұмыс
3. “Кім жылдам” ойыны
4. “Сен-маған, мен-саған” ойыны
5. “Мықты болсаң озып көр” ойыны
6. “Кім білгір?” ойыны
7.«Мақал-мәтел білгірі» ойыны
8. “Жұбымды тап” ойыны
9. “Мені жалғастыр” ойыны
10. Сабақты бекіту жұмысы
11. Үй тапсырмасы
12. Сабақты бағалау
5 слайд
Сабақтың тақырыбы :
Туған жерімнің табиғаты
6 слайд
Мақсатым:
Туған жеріміздің табиғатын оқушыларға таныстыра отырып, жалғаулар тақырыбын қайталау. Оқушылардың таным белсенділігін арттыра отырып, шығармашылыққа баулу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Табиғатты сүйетін, жауапкершілігі дамыған дамыған тұлға қалыптастыруға жағдай жасау.
7 слайд
Өздеріңнен күтер нәтижем:
Туған ауданымыздың табиғатымен танысу.
Жалғаулар түрлерін ажырата білу
Жаңа тақырыпты меңгеру барысында грамматикалық тапсырмаларды сауатты
орындай білу.
Тәрбиелік мәнін ұғыну.
8 слайд
Не арқылы бағаланады?
1.Тест жұмыстары.
2. Деңгейлік тапсырмалар.
3. Соңғы пікірді маған қалдыр.
9 слайд
«Тапқыр болаң тауып көр»
1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін білдіретін рәміздерді тап:
а) әнұран, ту, жер
ә) өзендер, теңге, шаңырақ
б) байрақ, әнұран, елтаңба
2. Тәуелсіздік монументі қай жерде орналасқан?
а) Астанада
ә) Қызылордада
б) Алматыда
3. Сөйлемді аяқта: 22-қыркүйек – Қазақстан халықтарының ...
а) тілдер күні
ә) білім күні
б) республика күні
4.Жатыс септігінде тұрған сөзді көрсет:
а) қаланың
ә) шеберде
б) ісмерге
5. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?
а) 3
ә) 5
б) 4
Үй тапсырмасын қайталауға дайынбыз ба?
10 слайд
Мұны білгенің жөн
Мәтінмен жұмыс
Зеленов ауданы - Батыс Қазақстан облысы. Аудан облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан, 1939 жылы құрылды,1997 жылы аудан құрамына Приурал ауданы енді. Ауданның жалпы көлемі - 7,4 мың шаршы шақырым. Аудан тұрғындары 2009 жылдың 1 қаңтарына 55,2 адамды құрайды.Аудан бойынша орташа халық тығыздығы (1 шаршы шақырым аумаққа) 7,4 адамды құрайды. Әкімшілік-аумақтық бөлінуі: 24 ауылдық округ және 77 елді мекен бар.Аумақ бедері оңтүстігінде өзен, сайлар және құрғақ аңғарлар кесіп өтетін және солтүстігінде 100 және одан аса метр биіктікті құрайтын толқынды жондары бар (Үлкен Сырт сілемінің суайрығы) ойпат жазықтан тұрады. Ауданның негізгі табиғи су ресурстары Шаған саласымен (116 км) Орал өзені (184км), Көшім (48км), Ембулатовқа (99 км) Рубежка (82 км), Быковка (90км) және сондай-ақ Киров бөгенімен Орал-Көшім суармалы құлақарық-суландыру жүйесі және негізінен ауданның солтүстік бөлігінде орналасқан 99 әуіт пен апандар болып табылады. Топырағы саз бен саздақтан тұрады, кей жерлерінде құм және сор топырақ кездеседі.Солтүстігінде жері қара топырақты. Аудан орталығы 1989 ж. құрылған Переметное кентінде орналасқан, Переметный темір жол стансасы 1894 жылы салынған.
Өзендердің жағалаулары ашық орманмен жабылған, онда дәрілік өсімдіктер көп, оның ішінде мия түбі, өгейшөп көптеп кездеседі.
Бұл шөптер әртүрлі дәрі – дәрмек жасауға пайдаланылады. Жер асты қойнауы пайдалы қазбаларға бай: олар саз, құм, құрылыс материалдары және жер астындағы тұщы су.
11 слайд
2. Жаңа сөздермен жұмыс (Сөздер мен сөз тіркестерін аудару)
Солтүстік бөлігінде –
Құрамына енеді–
Халқының тығыздығы–
Толқынды жондары–
Табиғи су ресурстары –
Қара топырақты–
Негізгі бағыты –
Кирсанов қорықшасы –
Дәрілік өсімдіктер –
Пайдалы қазбалар–
“Кім жылдам” ойыны
12 слайд
2. «Сен маған-мен саған» ойыны
Әр топ бір-біріне мәтін бойынша сұрақтар қояды. Әр дұрыс құрастырылған сұрақ 1 ұпаймен бағаланады.
1. Зеленов ауданы қай облыстың аумағына кіреді?
2. Аудан қай жылы құрылған?
3. Ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінуі туралы не білесің ?
4. Ауданның негізгі су ресурстарын ата.
5. Жерің топырағының қандай?
6. Аудан орталығы қай кентте орналасқан?
7.Өзен жағалауында қандай өсімдіктер көп кездеседі?
8. Жер асты қойнауында қандай пайдалы қазбалар кездеседі?
9. Ауылыңның табиғаты туралы не білесің?
13 слайд
3. «Мықты болсаң озып көр» ойыны
Әрбір дұрыс орындалған тапсырма 2 ұпаймен бағаланады.
1-деңгей
1-тапсырма
14 слайд
2-тапсырма
Шаған, Деркөл ауданының негізі су көздері кіші өзендері болып саналады.
Су белдеуі жолақтары бойынша қорғауға алынған су айдындарындағы судың экологиялық сапасын тексеру мақсатында жылына 2 рет су құрамы зерттеуге алынады. Деркөл өзеннің суы құрамында тұз көп. Соңғы 3 жылда фенол (ММШ 9-дан 3-ке дейін), мұнай өнімдері (6-дан 3-ке дейін), нитрат (3-0,6), детергенттер (3,5-9-0). Судың ластану индексі 1996ж 4,4-тен 1999ж 1,3-ке дейін төмендегені байқалады.
Кіші өзендері тиімді және қорғау мақсатында су қорғау іс-шаралары сызбасы жасалды.
1-тапсырма
Көптік жалғау жалғанған сөздерді теріп жаз.
15 слайд
3-тапсырма
ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІ
Жайық өзені – Қазақстандағы ірі өзендердің бірі. Орал тауының етегінен басталып, Каспий теңізіне құяды. Жалпы ұзындығы 2535 шақырым, оның 500 шақырымы облыс жерінен өтеді. Орташа тереңдігі 3м. өзен 1775 жылға дейін Яик деп аталған.
Өзен бойын орман алқабы алып жатыр. Алқаптың басты байлығы – оның өсімдік және жануарлар дүниесі. Орманға ерекше көрік беретін: қайың, терек, емен, үйеңкі, шегіршін, шетен т.б.
Жануарлардан кездесетін: қоян, түлкі, қасқыр, марал, қабан, күзен т.б. Өзен балыққа бай, соның ішінде ең бағалысы – бекіре тұқымдастары. Балық аулау ежелден тұрғындардың кәсібіне айналған.
Тапсырма:
1.Мәтінде кездесетін аң, ағаш, балық атауларын дәптерлеріңе көшіріп жаз.
2.Осылардың арасында «Қызыл кітапқа» енгендері бар ма?
16 слайд
4-тапсырма
Өсімдіктер әлемі
Қазақстанда жергілікті өсімдік... түрі 6 мыңнан асады, басқа жақтан әкелінген 500 түрлі өсімдік өседі.
Құмды жер...де басқа жақта өспейтін сексеуіл өседі. Сексеуіл ағашы өте тығыз болады, суға батып кетеді, ал қызуы көмір қызуына тең. Қазақстанда басқа жерлерде кездеспейтін ерекше ірі қызғалдақ бар. Оның гүлінің өзі 12-15 см дейін болады. Бұлар «Қызыл кітапқа» енгізілген. Қазақстан дәрілік, бояулық, хош иістік өсімдік...ге бай. Орманы аз, ол республика жерінің үш пайызын ғана алып жатыр, барлығы – 11 миллион гектар.
Солтүстікте қайың, үйеңкі, қарағай топ-топ болып кездеседі. Негізгі орман алқаптары Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань тау...ында жинақталған. Солтүстікте, орталық аймақтарда картоп, қияр, бидай, күнбағыс, қарақұмық өсіріледі. Оңтүстікте қауын, қарбыз, жүзім, өрік, мақта, қызанақ, алма өсіріледі.
Тапсырма:
1. Көп нүктенің орнына тиісті көптік жалғауын қой.
17 слайд
5-тапсырма
Мемлекеттік Кирсанов қорықшасы 1967 жылы құрылды. Жайық өзенінің жайылымында, солтүстігінде Озерный, оңтүстігінде Қаратөбе ауылына дейін, ауданы 61,0 мың гектар. Оның территориясы Зеленов, Бөрлі, Теректі аудандарының құрамына кіреді. Флорасы мен фаунасы алуан түрлі және бай: өсімдіктің 500-дей түрі, оның ішінде сирек кездесетін кәдімгі емен, қандыағаш, аюжаңғақ, қабыршақ т.б түрлері өседі. Құстың 120 түрі, сүтқоректілердің 20 түрі, бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділердің 10 түрі және балықтардың 30 астам түрі кездеседі.
Тапсырма:
Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жаз.
«Өсімдік» сөзін септе.
18 слайд
4. « Кім білгір? » ойыны
1-топ
«Табиғат» сөзіне фонетикалық талдау жаса.
2-топ
«Қорықшы» сөзін жікте.
3-топ
«Балықшы» сөзін тәуелде.
19 слайд
5. «Мақал-мәтел білгірі» ойыны
Әр топ қаншалықты мақал-мәтел білетіндіктерін ортаға салады. Әр мақал-мәтел 1 ұпаймен бағаланады.
20 слайд
6.«Жұбымды тап» ойыны
Жайық өсімдік
Қызыл өзені
Дәрілік кітап
Орал ағашы
Су тауы
Сексеуіл көздері
21 слайд
7. «Мені жалғастыр» ойыны
Әр топ осы диалогты пайдалана отырып өз диалогтарын тақырыпқа байланысты құрастырады. Сәтті шыққан диалогқа 10 ұпай беріледі.
Сәлем, Айна!
Сәлем, Маша!
22 слайд
Сабақты бекіту:
«Біліміңді байқап көр» ойыны
1.«Балықшылардың» деген сөзде қанша жалғау бар:
а) 3
ә) 2
б) 0
2. Досым деген сөзде қандай жалғау жалғанған?
а) тәуелдік
ә) септік
б) жіктік
3. Мемлекеттік Кирсанов қорықшасы қай жылы құрылды?
а) 1940
ә) 1967
б) 1991
4. Қазақстанда басқа жерлерде кездеспейтін ерекше қандай гүл бар ?
а) жусан
ә) ерекше ірі қызғалдақ
б) сексеуіл
5. Мия түбі, өгейшөп қандай өсімдіктерге жатады?
а) жабайы
ә) далалық
б) дәрілік
6. Түлкі, қасқыр, марал, қабан қандай жануарларға жатады?
а) үй жануарлары
ә) жабайы
б) құстар
23 слайд
Сабақты бағалау.
Өзін-өзі бағалау кестесі
24 слайд
Үй тапсырмасы:
Әр оқушы өз қалауы бойынша төменде ұсынылған тақырыптар негізінде тебіреніс немесе эссе жазу.
1. Табиғатым-мақтанышым.
2. «Жайық көмек сұрайды.
25 слайд
Келесі кездескенше!!!
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
6 662 671 материал в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Туртаева Кулазия Тургыновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс повышения квалификации
36/72 ч.
Мини-курс
3 ч.
Мини-курс
6 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.