Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / «Тәуелсіз ел - Қазақстан»Тәуелсіздік күніне арналған мәнерлеп оқу

«Тәуелсіз ел - Қазақстан»Тәуелсіздік күніне арналған мәнерлеп оқу



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Тәуелсіз ел - Қазақстан»Тәуелсіздік күніне арналған мәнерлеп оқу

Мақсаты: оқушыларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жерін, елін сүюге, тарихын білуге, қастерлеуге үйрету, оқушылардың сөздік қорын, қиялын, мәнерлеп оқу дағдысын дамытып, өз ана тілін бойына сіңіру, шыншылдыққа үйрету.

Көрнекілігі: слайд «Тәуелсіз ел - Қазақстан», бейне-аудиомәтін электронды нұсқада өлеңдер, «Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым» кітап көрме

Кештің барысы:
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз ел - Қазақстан» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! 

2 - жүргізуші: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

1 - жүргізуші: Қазақ ұлтының бүгінге дейінгі қат-қабат тарихының басты мазмұны, азаттық үшін күреске тірелді. Кешегі шерлі желтоқсанға дейін сан алуан шежіресі бар. Табанды күрестің арқасында ата-бабаларымыз өзінің бірлік –берекесін сақтап қалды.

2 - жүргізуші: Ел тірегі, арман мүддесі- тәуелсіздік. Еркіндік жолында еліміздің алдыңғы қатарлы азаматтары күрес жүргізді, солардың ерен еңбектерінің арқасында азаттыққа қол жетті.

Кезекті өлеңге береміз. (Аудиомәтінде мәнерлеп оқу 1,2,3)

1 - жүргізуші: Тәуелсіздік! Бостандық! Кім-кімнің де жүрегіне жағымды, жайлы сөз. Тәуелсіздік жолы алыс пен жақынды, кешегі мен болашақты жалғайды.

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

2 - жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жөнінде Конституциялық заң қабылданып, отанымыздың Тәуелсіздігі салтанатты түрде жарияланды.16 желтоқсан - қазақ халқы үшін ұлы күн.

1). «Жас арудың жанарында - Желтоқсан» өлеңі, оқитын Исмагулова Ельмира


1 - жүргізуші: Тәуелсіздік ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні –ең қастерлі күн.

2). Марат Қаниевтің «Тәуелсіздік – тірегім» өлеңі, оқитын Хайруллина Назерке


2 - жүргізуші:

Тура келіп тарихи бір орайға

Тәуелсіздік түсті деме оңайға.

Бастан өткен «Шұбырынды ақтабан»,

Не көрмеді Қазақ елі соны ойла, - дей келіп ортаға

3) «Тәуелсіздік» өлеңімен Аспендияр Аяулымды шақырамыз.

1 - жүргізуші: 4) «Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі» өлеңіне кезек береміз, оқитын Рахметулова Назерке

2 – жүргізуші:

Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын

Желтоқсанда шықты алаңға жастарым,- 1986 жылдың желтоқсанындағы Қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылған еді. 5). Шопликов Алишер «О, Желтоқсан»

өлеңімен.


1 - жүргізуші: Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекетін құруға деген заңды құқығы,- деп Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай , бабалар аңсаған тәуелсіздікке қолымыз жетіп отыр. Бабалар аманатына адал болу әр қазақ үшін бұзылмайтын серт.

6).Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңі , оқитын Ибрашева Нұрайна


2 - жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің. - деп жырлағандай, туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік ету, еліміздің ертеңі ұлттар достығы,татулығы, теңдік деген ұғымды білдіреді.

7). Шаймерген Әлдибекұлы «Қазақ елі»  өлеңі, оқитын Тулегенов Рахат


 1 - жүргізуші:                                                    

Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

8). Серикова Айзада «Тәуелсіз Қазақстан» өлеңімен (Самопознание журналынан)


2 - жүргізуші: Ендігі жерде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан.Тәуелсіз елдің тілегі- бейбітшілік, тыныштық, келешегі-білімді ұрпақ. «Тәуелсіз Қазақстан» өлеңіне кезек береміз.

9). М.Шаханов «Желтоқсан алаңы» өлеңі, оқитын Избанова Данагүл



1-жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі, - дей келіп ортаға бір топ оқушыларды шақырамыз.

10). Избанова Г.

11). Қайырхан А.

12). Досаев А.

13). Әлмырза Н.



2 -жүргізуші: Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
 
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
 


1-жүргізуші: «Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. 

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік.

1-2 жүргізуші бірге: Мереке құтты болсын!






















«Сәулет» мектеп-лицейі













«Тәуелсіз ел - Қазақстан»


(Тәуелсіздік күніне арналған мәнерлеп оқу)





Өткізген З.Нургалиева













Тасқала 2015




«Тәуелсіз ел - Қазақстан»


Тәуелсіздік күніне арналған мәнерлеп оқулар

























































57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 23.07.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров97
Номер материала ДБ-146247
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх