Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәуелсіз ел – мақтанышым!

Тәуелсіз ел – мақтанышым!

Скачать материал

В.И.Пацаев орта  мектебі

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Тәуелсіз ел – мақтанышым!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастауыш класс мұғалімі: Набенов А.А.

Мақсаты: 1. Оқушыларға тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, ел тәуелсіздігінің сақталуына үлес қосу. Желтоқсан құрбандарымен таныстыру, олардың Отан үшін құрбан болғандарын айтып өту.
2. Өлеңдерді мәнерлеп оқуға, сөйлеу шеберлігін дамытуға, өз ойын еркін жеткізе білуге жаттықтыру.
3. Оқушыларды Отанын, елін, жерін қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, баяндау, суреттеу, суретпен жұмыс.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін ортаға аудару.
Жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті.
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!
Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,
Әспеттеп есіміңді жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан – қазақ елім!

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздігім - мақтанышым» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

1 - оқушы О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең,
Саған көңіл бұлқынар күш - ағынмен.
Сағынышты қанат қып саған қарай,
Балапандай талпынып ұшамын мен.
Сен де тас та, қастерлі, аспан да алау,
Сенде жанды тербетер дастан бар - ау
Менің мынау өмірге құштарлығым,
Сені жақсы көруден басталған - ау

2 - оқушы Данасы мен батыры көп қазақпын,
Көрген талай қияметін азаптың,
Аршындаймын көк туымды шалқытып,
Жасай берсін, тәуелсіздік, азат күн!

3 - оқушы Тура жолдан тартынбай маңдай қадап,
Қазақстан ілгері самғай барады.
Әнге айналып барады өміріміз,
Тәуелсіздік тынысы қандай ғажап.

Мұғалім: Балалар, біздің еліміз тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқ. Тәуелсіздік ата - бабаларымыздың талай жылдардан бері аңсап келе жатқан армандарымен, ата - әжелеріміздің көз жасымен, аға - апаларымыздың қанымен келген. Өз тілін, мәдениетін, елінің болашағын дамытамын деген қазақ халқы тәуелсіздіктің туын алғаш көтеріп, 1986 жылы 16 желтоқсан күні алаңға бейбіт шеруге шыққан еді. Оның себебі 26 жыл бойы республиканы үздіксіз басқарып келе жатқан Д. А. Қонаев орнынан түсіріліп, оның орнына Колбин ешкімнің пікірінсіз ұсынылған еді. Шешімге қарсы болған студент және жұмысшы жастар ұрандатып алаңға шығады. Бұл қарсылыққа шыдамаған үкімет басшылары жастарға қақаған аязды боранда мұздай су шашып, иттермен қуып, қыздардың шашына сүйреп, ер - азаматтарымыздың басынан күрекпен ұрып күш көрсетеді.

4 - оқушы Тәуелсіздік –
Тәубелі елдің қыраны,
Қиялы елдің қыраны,
Жат рухқа жалтақтатпас пендесін
Жанарлардың шырағы
Тәуелсіздік –
Пейіл сыйы қазақтың
Арамыздан арылғаны азаптың
Батыры көп, ақыны көп халыққа
Алла жар боп туа қалған ғажап күн.

6 - оқушы Рәмізім - елдігімнің белгісі,
Білу керек бала - дағы ең кіші,
Рәміздерім - Әнұран, ту, Елтаңба
Рәміздерді жатқа білген жан кісі
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен - тек
Елдің ашық қабағы.
Елтаңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі
Мұнда да бар ерлігім
Мұнда да бар жер үнің
Әнұраным – жанұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Мың қайталап айтам мұны

Мұғалім:1991 жылы қазан айында тұңғыш рет қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қабылданды. Бүгінде қазақ тіліміз – мемлекеттік тіл болып, өсіп - өркендеп, қанат жаюда
Бүгінде тәуелсіздіктің рахатын көріп отырғандар біздер, қай салада болмасын озық келеміз. Біздің елімізді бүгінде қаншама мемлекет таниды. Осы тұрғыда еліміздің танытуда спорт шеберлерінің еңбегі өлшеусіз. Алпауыт елдерге спорт түрлерімен шығып, кеуделерінде алтыннан, күмістен, қоладан алқа тағып, көк байрағымызды өзге мемлекетте биікке көтеріп, әнұранымызды асқақтатып келді. Қандай спорт жұлдыздарын танисыңдар?
(спорт жұлдыздарын слайдтар арқылы көрсету)
Сондай спорт майталманы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы, жерлесіміз – Илья Илин.

7 - оқушы Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның
Мақтанышым Астанам
Хор: «Егеменді Қазақстан»
Көркемсөз.


Мұғалім: Арманға айналған Астана шаһарына, оның әсем ғимараттарына көз жіберсек.
(Астана туралы слайдтар көрсетіледі.)
Оқушылар, ата - бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген шақта, балалық шақтарың бақытты болатынына мен кәміл сенімдімін. Мақтанышқа айналған тәуелсіздіктің қадірін біліп өсіп, ел дамуына үлес қосқандарыңды қалаймын. Себебі осы елдің тілегі де, тірегі де сендерсіңдер!

9 - оқушы Кең байтақ, туған өлкем – Қазақстан,
Мен сені әрқашанда мақтан тұтам.
Төбеңде көк байрақты желбіретіп,
Жасашы, жасай берші, Қазақстан!

Мұғалім: Құрметті оқушылар! Осымен ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Қатысқан оқушылар бірге:
Бәріміздің жүрегіміз Отан деп соғып, Тәуелсіздік туы халқымыздың еркіндігін паш етіп желбірей берсін!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәуелсіз ел – мақтанышым!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер спортивного клуба

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 831 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.02.2017 688
    • DOCX 44.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Набенов Акылболат Аймуканович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Набенов Акылболат Аймуканович
    Набенов Акылболат Аймуканович
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11496
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 69 человек из 31 региона

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 305 человек из 58 регионов

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное продвижение и организация проектов в сфере искусства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Библиотечная трансформация: от классики до современности с акцентом на эффективное общение и организацию событий

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Рациональность и творчество в педагогике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе