Инфоурок Другое Статьи"Тәуелсіз ел - Мәңгі ел!" Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ( шығарма )

"Тәуелсіз ел - Мәңгі ел!" Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ( шығарма )

Скачать материал

Тәуелсіз ел- Мәңгі ел!

 

«Тәуелсіз елдің ұлы- өжет,

қызы- қайратты, халқы- қаһарман»

(қанатты сөз)

 

Жоспары:

І. Кіріспе бөлім:

      Азаттық жолындағы күрес

 

ІІ. Негізгі бөлім:

    а) Бабалар салған даңғыл жол

    ә) Естен кетпес сол жылдар

    б) Дүниені дүр сілкіндірген күн

 

ІІІ. Қорытынды бөлім:

   Туған елің- тірегің,

   Туған жерің- жүрегің

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Қазақстан. Осы бір сөзді естісек жүрегіміз лүпілдеп, сонау қиын- қыстау кезеңдерді басынан өткерген еліміз, оқ пен оттың арасында қасықтай қаны қалғанша айқасып, қыршыннан кеткен жастарымыз, тәуелсіз жолында құрбан болған асыл азаматтарымыз еріксіз есімізге түседі. Екі жүз жылдай патшалы Ресейдің отары, жетпіс жылдан астам уақыт Кеңес өкіметінің бұғауында болған Қазақстан бүгінде егеменді ел болды. Тәуелсіздік біздің елімізге оңайлықпен келген жоқ. Осы жолда біздің халқымыз батырлық пен батылдық, қайраттылық пен ержүректілік таныта білді. Өздерінің туған елі үшін жанын пида қылды.

       Ұлт маңдайының бағына біткен Керей, Жәнібек, Қасым, Есім, Тәуке, Абылай сияқты хандар алмағайып заманда әділдік пен еркіндіктің туын ұстаса, Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты қара қылды қақ жаратын шешен билер, Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Бұқар сияқты жезтаңдай жыраулар ел намысын биікке көтеріп, Бөгенбай, Наурызбай, Қабанбай сияқты ержүрек батырлар да қажыр- қайратын қазақ халқының елдік мұратына сарқа жұмсады.

       Талай адамның жүрек жарасын тырнап өткен Ұлы Отан соғысы да есімізде. Жұдырықтай жүректері елім деп елжіреген талай батырлар жауға қарсы шықты. Ерліктің қос шынарына айналған Әлия мен Мәншүк сынды қазақ қыздары, Бауыржан, Талғат, Мәлік, Баубек сияқты асыл азаматтар өшпес ерлік танытты. Өмірдің әр мезеті қымбат тұста жауға Отан үшін, ел үшін ұмтылды. Ұлы Отан соғысы біздің елімізге түскен ауыртпалық болды. Осы сыннан да халқымыз мүдірмей өтті.

        Алайда Қазақстан бірде- бір мәселені өз бетінше шеше алмады. Біздің еліміздің ұлттық ерекшеліктері ескерілмей, құқықтары аяққа басылды. Қазақтарға өз тілін, дінін ұмытып, мәңгүрттену қаупі төнді. Экономикалық жағынан да еліміз өз байлығына өзі ие бола алмады. Осы тұста елді еңіреткен азалы күндер жігерлі жастардың жүрегін қайнаған ашуға, кекке толтырды. Бұл 1986 жылғы «Желтоқсан қозғалысы » еді.

     Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

     Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

     Кеудемде әлі сызы жатыр, сол кездегі салқынның,

     Айналайын жас қайраты, жас өркені халқымның- деп Мұхтар Шаханов ағамыз жырлағандай, Орталық Үкіметтің езгісіне шыдамаған қазақ жастары ереуілге шығып, қазақ елі басшысының қазақ азаматы болуын талап етті. Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі «Желтоқсан оқиғасы» мыңдаған қазақ жастарының өмірін қиған еді. Алаңға шыққан қазақ жастары аяусыз қанға бөктерілді.

     «Жастық шақ маған бір- ақ рет беріледі емес пе? Біз, жастар, өмір сүруге асығатын едік, жастық шағымыз мағыналы болсын деуші едік қой?! Міне, сол қымбт шағымызды жауларымыз тонап алғысы келді, балдырғанды бақшаға өрт салғысы келді. Мен соған кектенемін»- деп жастарымыз алаңға шықты. Алайда алаңға шыққан жастарымызды қақаған аязда аямай қинады, көптеген жастарымыз қыршыннан қиылды. Тек төрт- бес жыл өткен соң ғана арнайы комиссия құрылып, «Желтоқсан оқиғасы» жан- жақты тексеріліп, қазақ жастары ақталды.

     Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

     Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

     Өздеріндей өр намысты, жас өркені бар елдің,

      Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!- деген Мұхтар ағамыздың өлең шумақтары тағы да есімізге түседі.

       Осыдан кейін- ақ Кеңес өкіметі ыдырап, 1991 жылы 16- желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіз республика болып жарияланды. Бұл күн егеменді еліміздің туған күні деп алтын әріптермен жазылды.

     Міне, қазақ халқы бабаларымыз армандаған тәуелсіздігіне, азаттығына осындай қиянат, азаптарды басынан өткеріп жетті. Азаттық жолында қазақ халқы қансырады, бірақ қаза болған жоқ, есеңгіреді, бірақ есінен айырылған жоқ, сүрінді, бірақ құлаған жоқ.

    Тәуелсіздік бүкілхалықтық мереке, әсіресе қазақтар үшін теңдесі жоқ, аса маңызды тарихи оқиға еді. Біздің халқымыз өзінің ғасырлық аясында қалыптасқан көпшіл, өзге ұлттың мәдениеті мен салт- дәстүріне құрметпен қарай алатын кең пейіл қасиетімен дараланатын халық.

     Бүгін де Қазақстан бүкіл әлем мақтанышпен айта алатын мемлекетке айналды. Осы уақыт аясында дербес кеңістік қалыптасып үлгерді, нарықтық қатынас орнығып, әлемдік қауымдастық та бел ала бастады. Тәуелсіз Қазақстанымыздың Ата заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық теңгесі, ең бастысы- егемендігі бар. Еліміздің болашағын дамытып, ынтымақ пен бірлікті орнатып отырған президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та тәуелсіздік жолында көптеген істер атқарды. Зор мақтанышпен айта алатын еліміздің бас қаласы Астана да күннен күнге гүлденуде. Оған куә алып Бәйтерегіміз, Тәуелсіздік сарайы, салынып жатқан көрме ЭКСПО- 2017. Тәуелсіздік қазақстандықтар үшін ізденіс пен ұмтылыс, сенім мен жарасым әкелді.

     Иә, сан ғасырлық қайғы- қасіретке толы тарихында, қазақ халқы тағдырдың талай тәлкегіне түсіп, көптеген оқиғаны басынан өткерді. Сол тар жол, тайғақ кешуде арып ашса да, қажып қансыраса да ешқашан өзінің қадір- қасиетін жоғалтпай, ар- намысын, абыройын төкпей бүгінгі Тәуелсіздікке қол жеткізді. Биыл егеменді елімізге- 25 жыл. Ендеше, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай!

 

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы

Ынтымақ ауылы Жалпы білім беретін Крутой негізгі мектебі

қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Е.Жаниязова

ІІ санатты

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тәуелсіз ел - Мәңгі ел!" Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ( шығарма )"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Таргетолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 545 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.03.2016 10804
    • DOCX 18.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаниязова Анаргуль Елемесовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жаниязова Анаргуль Елемесовна
    Жаниязова Анаргуль Елемесовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 97038
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Финансы и управление в медиакоммуникациях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 55 человек