Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / «Тәуелсіз елдің шаңырағы» сайыс

«Тәуелсіз елдің шаңырағы» сайыс

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

«Тәуелсіз елдің шаңырағы» сайыс.


Бақ сыйлаған баршаға өркеніңе,

Үміт артам елімнің ертеңіне

Тәуелсіздік 20-ға толдың бүгін ,

Отаным жылдан-жылға көркеюде

Көгілдір аспанымыз ашық қандай

Күн нұры көңіліңді тасытқандай

Тәуелсіздік мерекең құтты болсын,


Бейбіт күн,тыныш заман, бақыт қандай!



Құрметті қонақтар, ата-аналар.Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20-жылдық мерекесіне арналған «Тәуелсіз елдің шаңырағы атты сайысқа қош келдіңіздер.Бүгінгі сайысымызға біздің балабақшамыздың үш отбасы қатысқалы отыр.Сол отбасыларды ортаға шақырамыз.


1. «Балауса» -2ші ортаңғы тобынан Ақмұқановтар отбасы

2. «Болашақ» – 1ші ортаңғы тобынан Ақылбековтар отбасы

3.«Балдырған» 2-ересек тобынан Ысманалиевтер отбасы



Қол соғып,қошеметтеп қарсы алайық


Алдымен сайысымыздың бөлімдерімен таныстырамыз.Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.


1.Сәлем-сөздің анасы.Отбасымен таныстыру.


2.Өнерлі өрге жүзер.Өз өнерлерін көрсету.


3.Атадан қалған асыл мұра.Үйдегі көне нәрселерімен таныстыру.


4.Ерте,ерте,ертеде.... Ертегі сахналау.

5.Ұлттық тағам мәзірі.


1.Отбасылар өздерін таныстырады.


Сәлем сөздің анасы.

Сыйластықтың панасы

Мына отырған көрерменге

Сәлем бер қазақ баласы

Тәуелсіздік тұғыры биік болсын

Байрағымыз әрқашан биік тұрсын

Осынау мерекеміз құтты болып

Отбасылар өздерін таныстырсын.

Ақмұқановтар отбасы

Әкесі: Ассалаумағалейкум бау –бақшаға

Келіп тұрмыз жанұямызбен біз ортаға

Өз атым Абзал ,адал жарым Зухра

Ал ұлымды таниды бар бала бақша

Ұлым менің күлкім менің сауығым

Базарым да, бауырым да, ауылым

Қандай ғажап қарақаттай көзіңде

Қарап тұрып мен өзімді таныдым


Анасы: Келіп тұрып жанұямызбен ортаға

Айтқым келеді бар жарысқа қатысушыларға :

Сәтті болсын ұпайларың көп болсын

Біреуіміз атанайық жеңімпаз да

(Таныстыру кезінде слайд жүргізіліп тұрады: Мадидың туған күнінен бастап , оның ең қызықты фото суреттері , ата-әжелері көрсетіледі,Мади 3 жаста)


Ақылбековтар отбасы


Мен Исамын, Жиенбеттің Танасы

Мен Исамын Ақылбектің баласы

Мен Исамын , анашымның дарасы

Мен Исамын Аминаның ағасы

Әжем менен апатайдың панасы

Болсам деймін қыздардың да таласы


Күндей ашық көзім бар

Айдай аппақ жүзім бар

Ал, қазылар алқасы

Сізге айтар сөзім бар

Балабақшаға барамын

Суретті де саламын

Көп баланың ішінде

«Иса» деген дарамын !!!

Тәуелсіздік –көптің күткен арманы

Қазағымның алға басқан қадамы.

Әр жыл сайын сол қадамның астынан

Елім менің қыран құстай самғады


Ысманалиевтер отбасы (Отбасы туралы слайд көрсетіліп тұрды)

Қызы

Ерзақ қызы Сағыныш мен боламын

Жасым төртте сайысқа қатысамын

Өнерімді көрсетіп, бүгін мен

Әділқазы алқасыбаға аламын

Анасы

Руым тама,атым менің Бақытгүл

Сағыныш пен Сымбаттың анасымын

Ақыл айтар жанұяма бақытпын

Сәлем беріп алдыңызға келгенде

Ән мен бидің жыр маржанын төккенде

Құлпыратын сонау далам көгімде

Қыран құстай қалықтаймыз бүгін де


2.Әркімнің өзіне тән өнері бар

Өнерліні әрқашан ел бағалар

Өнерлі өрге жүзер деген бар ғой

Ортаға салсын өнерін ата-аналар


2-сайыс «Өнерлі өрге жүзер»

Ортаға өз өнерлерін көрсетеді.

Ақмұқановтар отбасы Әкесі, анасы, Мади қазақтың ұлттық киіммен «Қара жорға» биін билеп көрсетті


Ақылбековтар отбасы :«Қара жорға» биі Иса және қарындасы Амина орындады.

Ысманалиевтар отбасы :«Қамажай» биін анасы мен қызы билеп , «Бала тілегі» әніні қызы орындап берді



3.Көненің көзіндей болған

Атадан қалған мұра бар

Сол мұраны сақтай білген

Әрқашанда оңалар,-деп атамыздан қалған асыл мұраларымызды паш етіп көрсетіп,түсіндіріп берулеріңізді өтінеміз.


Ақмұқановтар отбасы

Құрметті көрермендер, атадан қалған асыл мұраға , менің Абзал жолдасымның атасы Бижан Жанқаданов пен нағашы атасы Әбузар Боранқұлов туралы жазылған кітаптарды жатқызамыз . Осы аталарымыз «Алашаорда қозғалысының қайраткерлері» болып саналады.Қазақстан тарихынан білетін болсақ, «Алашорда қозғалысы –қазақ халқын бостандыққа , теңдікке баулып, қазақ халқы қараңғыда қалмай білімді,сауатты,тәуелсіз болуды қалады.

Сондықтан , Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың айтқан сөзіне «Кеше кім едік?» , «Бүгін кімбіз?», «Ертең кім боламыз дегенге , баламызды қазірден бастап патриоттық сезімге оятып, осы кітаптар арқылы адалды, ақылды, әділетті ,білімді, болашақта өз еліне пайдасын тигізер азамат болуға тәрбиелейміз. Осыған орай Мәдидің төрт шумақ өлеңін қабыл алыңыз.

Отан-менің ата-анам

Отан-досым , бауырым

Отан- өлкем астанам

Отан-туған ауылым


Ақылбековтар отбасы

Тақия –ерлердің жеңіл бас киім тақияның түрлері көп- биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі.

Ерлер киетін тақияда теңге , моншақ, тана болмайды ,оның есесіне олар «мүйіз» , «ат ерін» , шырмауық сияқты өрнектермен кестеленеді.

Қазіргі кезде тақияны мешітте, ұлттық мейрамдарда киеді

Қаусырма -камзолдың алдына түйменің орнына қадалатын ұлттық бұйым .Қаусырмалар әртүрлі болады.Асыл тастан , күмістен жасалған болады. Бұл менің әжем берген қаусырмасы.

Камзол –әйелдер ұлттық кимінің бірі. Оны көйлек сыртынан киеді. Ол барқыт , күліш ,мақпал сияқты асыл, сапалы кездемелерден тігіледі.Камзолды кей жерлерде жеңсіз бешпент немесе кажекей деп те атайды камзолдан жең де , жаға да болмайды екі өңірі тек тыс пен астардан тұрады.Оның екі өңірі біріне бірі сәл жетпейтіндей тігіледі. Сондықтан түйме орнына камзолдың алдына асыл тастан көз орнатқан немесе күмістен жасалған қапсырма қадалады.

Ысманалиевтар отбасы

Қол өнер бұйымдарымен , яғни қазақ халқының киімін киген қолдан жасап, әр түрлі әшекейлі бұйымдармен көркемдеп тігілген киім киген қуыршақтарды көрсетіп , таныстырды.


1-ересек тобы балаларының орындауында «Қазақстаным»әні


4.Тәуелсіздік тұғырына жеткелі 20 жылдың жүзі болды. Содан бері өз ана тілімізде балабақшалар ашылып бүлдіршіндеріміздің ой-өрісі кеңіп,ертегі тыңда, сол ертегіні сахналап, әңгімелеп беруге үйренеді.



Асуда асу белдерден

Тұнығы мөлдір көлдерден

Бізге жеткен ертегі

Абыздар салған іздерден

Ертегі қиял көктемі

Ертегі тарих өткелі

Сіздерге бүгін ашылды

Етрегі кітап беттері-дей келесі сіздерден ертегі көрінісін сахналап берулеріңіз сұралады. )


Ақылбековтар отбасы Ертегі «Алдар Көсенің байды алдауы»

Ақмұқановтар отбасы « Арыстан мен тышқан» ертегісі

Ысманалиевтар отбасы «Түлкі мен қоян» ертегісін қойылымдады

Би «Айгөлек» 2-ересек тобы қыздары

5.Қазақстың дархандағын тасытатын

Дұшпан көздің көңілін де басатын

Ұлттық тағам халықтың мақтанышы

Дастарханның ажарын кең ашатын

Ұлттық тағам ұлтымыздың белгісі

Ұлттық тағам салтымыздың үлгісі

Дастарханнан бастау алар қашанда

Жомарттықтың,дархандықтың көрінісі,-деп ұлттық тағам мәзіріне жол берсек.



Ақмұқановтар отбасы

Ұлттық тағам мәзіріне біздің отбасымыз қазақ халқының қазақтығын танытатын тағам ол –ас, яғни бесбармақ.Ас үлкен ыдысқа яғни қазақтың қара қазанына келген қонақтың кәдесіне қарай сойылған малдың қадірлі сүйектері және сом еттері салынады. Мәселен үлкен сыйлы қонағына

-жамбас , күйеу баласына –төс, қыз келінге –құйымшақ , дастарханның қадірлі қонағы не үйдің үлкеніне бас беріледі .сонымен қатар астық , тағы бір ерекшелігі асқа жайма нады апа-жеңгелеріміз қолмен жайып , ет қайнаған майлы сорпаға бір қайнатып алады. Ал дастарханға әкелер алдында үлкен табаққа жайманы түсіріп үстіне кесектелген еттер мен сүйектерді салып үй иесіне немесе кез келген ер адамның алдына апарып береді.Ол нанның үстіне кесектеп турайды.

Тұздықты дайындалған астық үстіне құйылады .Асты қонақтар бес саусағы бірдей табаққа салып асап жегендіктен асты бесбармақ дейді.

Біз отбасымызбен демалыс сайын және мейрамдарда бірігіп дайындаймыз.

(Видеороликтен көріп тамашалау)

«Ас адамның арқауы», «Терлеп тапқан нан тәтті» деп басталады.

Видеороликті Қарақат әншінің «Ризамын» деген өлеңіне түсірген себебім «Бұл өмірде еліміңздің тәуелсіз, бейбітшілікте, тыныш өмір сүргеніме, қасымда Абзал жолдасым мен Мади ұлымның аман-есен болғанына , татту тәтті ғұмыр кешіп, бақытты өміріме риза екенімді паш еткім келеді.


Ақылбековтар отбасы

«Көже»


Ұлт атаулы тағамдардың түрі көп .

Ақ сүт , қаймақ айран көже ,сүзбе ,құрт,

Бауырсақ та , бесбармақ та жатады.

Тары ,талқан көздің жауын тартады

Алдыңызға алып келдім көжені

Ұнап қалар оны ішім сезеді

Барлық дәмді көжелердің ішінен

Ең тәттісі менің әжем пісірген


«Бауырсақ»

Шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарханға бауырсақ салады , бауырсақты жоғары немесе 1-сортты бидай ұнынан пісіреді.Оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады.Қазанға май салып әбден қыздырып алған соң бауырсақты майдың мөлшеріне қарай салып пісіреді.


Ысманалиевтер отбасы

Ұлттық тағам «Бесбармақ» дайындап және де үстелге қазақтың басқа да ұлттық тағамдарын қойды. (Бесбармаққа қазы, қарта, жал-жая салынды)

6.Тәуелсіз еліміздің шаңырағы шайқалмасын,егемендігіміз өркендеп, елдігіміз берік болсын.Тағыда тәуелсіздік мерекесі құтты болсын деп әрі қарай сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.


























Өтілген күні 25 қараша


Өткізген тәрбиешілер


1. «Балауса» -2-ортаңғы тобының тәрбиешісі Алагузова М.О

2. «Болашақ» – 1- ортаңғы тобының тәрбиешісі Мәмбетова Н.Б.

Дайындаған Музыка жетекшісі Қунанбаева М, тәрбиеші Семғалиева Ғ.Б.


Сайысты сөз сөйлеп ашқан №9 «Еркемай» МдҰ директоры Дария Хакімқызы Ихсанова .


Әділқазы мүшелері психолог Абдуллова З.А, әдіскер –иноватор Кисилева И.И.

ата-ана Боранқұлова М.Ә.

Мақтау қағазымен марапатталып,

Ақылбековтар отбасына «Шығармашыл отбасы», Ақмұқановтар отбасына «Өнерлі отбасы», номинациялар берілді


(Берілген номинацияларды да дұрысташ , 3-сін ұмытып қалдым ,

Соңынан ата-аналарға сөз берілді , өз пікірлерін айтты


Қалған не өткенін сценариде қарарсың

Бұдан басқа: «Отаным- алтын бесігім» семинары», «Тәуелсіздік тұғыры» спорттық жарыс, Ашық оқу іс-әрекеттері, Тәуелсіздік таңы сазды қойылым, Сурет көрмесі өтті, алда ертеңгіліктер өтеді



Фотолар шамалы онымен жұмыстанатын уақыт болмады, фотошоппен жұмыстанатын адам болса мыналардан бірдеңе етуге болады, егер фотомен жұмыстанатын адам болмаса біреуге айтып көрермін


Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 31.10.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров19
Номер материала ДБ-303124
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх