Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / "Тәуелсіз елге білімді ұрпақ" баяндама

"Тәуелсіз елге білімді ұрпақ" баяндама


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәуелсіз елге- білімді ұрпақ

Болашақ ұрпақ тәрбиесі-ата бабамыздан келе жатқан рухани мұралардың бірі.Адамзат баласының ең негізгі мақсаты –дүниеге әкелген ұрпағының болашағына жауапкершілікпен қарау.Өмірге енді ғана қадам басқан бүлдіршінге жан тәрбиесі ауадай қажет,ол баланың болашағына,оның тұлға болып қалыптасуына әсер етеді. Қарапайым іс-әрекеттерден басталатын тәрбие жұмысы бірте- бірте балалардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделене түседі.

Біз балабақша,шағын орталық табалдырығын аттаған бала бойына,адамгершілік,Отансүйгіштік қасиетін сіңіріп,кішіпейіл,инабатты,әр нәрсеге адалдықпен қарауды, кешірімді болуды ұйымдастыру іс-әрекетіндегі аясы кең тәрбие саласындағы тақырыптарды жүргізу арқылы тәрбиелейміз.Сондай-ақ шағын орталықта тәрбиемен бірге оқу тәрбие жұмысы қатар жүргізіледі.Кішкентай бүлдіршіндерді өнер білімге баулып,тәрбиелеуде, ,ертегі лердің,өлең-тақпақ-тар,мақал-мәтелдердің,жаңылтпаштардың маңызы өте зор.Өйткені ертегіні әсерлеп айту,балаға жеткізу,баланың сол ертегі бойынша түсінігін қайталап айтып беруі,оның тек сөздік қорын молайтып қана қоймай,ақыл- ойын жетілдіреді. жетілдіреді.Бала жақсы кейіпкерлерге еліктейді, жаманнан жиренеді,жақсы болуға,еңбекқор,адал болуға үйренеді. Топқа келген балаларды бүлдіршін кезінен адамгершілікке, имандылық пен өзіне-өзі қызмет етуге,мәдени-гигиеналық машықтарды қалыптастыруға үлкенді сыйлап,кішіге қамқор болуға бағытталған жұмыстарды да жоспардан тыс қалдырмаймыз.



Бала негізгі өнегені алдымен отбасында ,ата-анасынан алады. Әрине, кім болса да өзінің баласын жаман болсын демейді,оның тәрбиелі,білімді,өнегелі болғанын қалайды,әрі еңбек сүйгіш,мінезге бай азамат болса,еліне,халқына,пайдасын тигізетіндей бір маман ,үлкен дәрежелі қызмет иесі болса екен деп те тілейді.Жақсы тілек пен ниеттердің орындалуына мүмкіндік жасайтын ата-ананың өзі.Сонымен қатар «Ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі»дегендей,бала бойындағы өнегелі қасиеттер өз отбасында қалыптасып дамиды. Өзіміздің туған баламыз қандай болып өскенін қаласақ,ендеше барлық балаларға да сондай көзқараспен қарауға міндеттіміз.Адамгершілік дегеніміз –адалдық.Егерде біз бойында адамгершілік қасиеті бар бала тәрбиелесек,ол адам өмір кемесіненөз орнын тауып,өзгеге де өнеге болары анық.Балабақшадағы,шағын орталықтағы балаға берілетін бүгінгі тәрбиенің өзектілігі-ол ата-бабадан қалған асыл мұраны жеткізу.Біз ,яғни болашақ ұрпақ тәрбиесімен айналысатын тәрбиешілер,халқымыздың таусылмас бай асыл мұрасына жүгінсек,ұрпағымыз біздің іс-тәжірибемізге,ой-санамызға,парасатымызға жүгінуі тиіс. Сондықтан, біздің, жүргізіп жатқан жұмыс бағытымыз балаларды ата-бабадан қалған салт-дәстүрлерге,адам-гершілікке баули отырып,жаңа дәуір технологиясын табысты игеру.Ақын Мағжан Жұмабаев: «Бала бір нәрсеге ұмтылса,сол нәрсеге баланың денесі,жаны,ақылы,сезімі қайраты-бәрі бірге жұмсалады»-дейді..Ендеше,осы балалық шақта балабақшада алған баланың әсері,оның алдағы уақыттағы тұлға болып қалыптасуына мәңгілік із қалдырады.

Ахмет Ардагүл

«Гүлдер» шағын орталығы

Ә.Ермеков атындағы ЖОББ мектеп




Автор
Дата добавления 23.12.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров245
Номер материала ДВ-281398
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх