- 02.10.2020
- 340
- 0
Күні: 19.12.14
Класс: 7Б
Тақырыбы: «Тәуелсіз елім - тұғырың сенің биікте!»
Мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру. Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу.
Көрнекілігі: интерактивтік тақта, Қзақстан Республикасының рәміздері:Туы, Елтаңбасы, Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың суреті.
Барысы:
Мұғалім сөзі. -Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? Я, Тәуелсіз, бірлігі жарасқан, тату-тәтті, тыныш елде тұрамыз.
Бүгінгі өтетін тәрбие сабағымыздың тақырыбы: 16-желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік күніне арналған Тәуелсіз елім - тұғырың сенің биікте! Сондықтан тәуелсіздігімізге арналған сабағымызды еліміздің мемлекеттік әнұранымен бастайық.
Әнұран орындалады.
Мұғалім: Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресінің тарихи нәтижесі. 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
ХОР (ЕГЕМЕН ЕЛІМ!) ер балалар
Көз жетпес далам - ел жетпес елім,
Арнайды әнін жауынгер ұлын.
Жау шапса саған, жас
жаным құрбан,
О, далам менің, о, елім менің.
Қазақтың елі, қазақтың жері.
Береке қонған - ұлы Отан.
Асқар тауларың, өзен- көлдерің,
Жаныма қымбат ұлы Отан.
Еркіндік сүйген - егемен елім,
Бұғауды бұзған - өлермен елім.
Бостандық үшін жанымыз құрбан,
Сен үшін елім, сен үшін жерім.
Қайырмасы
Сұңқары биік - самғаған елім,
Қанатын көкке қомдаған елім.
Кел, достар, кәне, шырқайық бірге,
Бостандық әнін, азаттық әнін.
Сандар сөйлейді:
1) 1870 жылы - Маңғыстау қазақтарының көтерілісі.
2) 1783-1797 жылдары - Сырым Датұлы басқарған шаруалар көтерілісі.
3) 1836-1838 жылдары - Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған шаруалар көтерілісі.
4) 1837-1847 жылдары - Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық көтеріліс.
5) 1916 жылы - ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылы Ақпан және Қазан төңкерістері болды. Азамат соғысы жылдарында шаруашылық күйзеліске ұшырап, адамдардың ашаршылыққа душар болуынан 950 мың қазақ, яғни халқымыздың 19 пайызы апат болды. 400 мың қазақ отбасы елден кетуге мәжбүр болды.
6) 1930-1932 жылдардағы - ашаршылықта 2 млн. 100 мың қазақ қырылды.
7) 1937-1938 - жылдардағы репрессияда қазақ халқының қаншама аяулы азаматтары, бетке ұстар шамшырақтары қуғын сүргінге ұшырап, халқым, елім деп жүріп «халық жауы» аталып айыпталды. Сол ке зд абақтыға жабылғандардың саны 105 мыңға жетті. Олардың 27 мыңнан астамы атылды.
8) 1986 - жылғы 16 желтоқсанда таңертеңгі сағат 10.00-да бар-жоғы 18 минутқа созылған Қазақстан Компартиясының пленумында елімізді ширек ғасыр басқарған Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев орнынан алынып, шеттен келген Геннадий Колбин сайланды. Бұл, әрине, қазақ халқының наразылығын туғызып, әйгілі Желтоқсан оқиғасын туғызды.
9) 1991 ж. 1 желтоқсанда тұңғыш Президент сайланды. Ал сол жылы
16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды.
10) 1992 ж. 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымына мүше болды.
11) 1992 ж. 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Сол жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады.
12) 1993 ж. 28 қаңтарда Тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі Заңы – Конституция қабылданды.
13) 1993 жылдың 15 қарашасы еліміздің тарихында ерекше күн болып қалды. Осы күннен бастап ұлттық валютамыз – Теңге айналымға енді.
14) 1995 ж. 30 тамызда қазіргі Ата Заңымыз – жаңа Конституция қабылданды. Ал, 1996 ж. Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.
15) 1997 ж. 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы ретінде жарияланды.
Монтаж:
Дана: Желтоқсан –әйгілі күн ,
Ерттеп мініп ар-ождан сәйгүлігін,
Ерлерім ерлік үшін атой салып ,
Еншілерін қайтарған бәйгелі күн.
Желтоқсан-тағдырларға азалы күн,
Қайраған намыстарын мазалы мұң.
Қыршынынан қиылған боздақтары,
Қалар мәңгі есімде қазағымның.
Желтоқсан –қайсар ерлік, қуатты күн,
Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.
Тәуелсіздік билігі қолға қонған,
Тәңірімде желтоқсан шуақты күн.
Желтоқсан – жадымызда жаралы күн,
Жастарым жапа шеккен жаралы мұң.
Еркіндік, егеменді елдігімді ,
Еміріне аңсады саналы ұғым.
Жігер: Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!
Мерекең құтты болсын егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
Теңдікті,бостандықты иеленгендер.
Бостандық құтты болсын ерікті ел,
Айдын көл, көк майсалы көрікті жер
Бостандықты аңсаған батырлардың
Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.
Динара: Ел болдық егеменді, теңдік алып,
Бар әлем қазақ елін болды танып
Қайнауы кенге толы Қазақ елі,
Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.
Ел болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.
Жаралдық молшылықтан толы ағыстан
Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан
Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,
Көркейген елім менің – Қазақстан!
Қорытынды: Қазақ
елінің абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай
жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын
, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап
беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік .
“Сен де бір кірпіш дүниеге ,
Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың
сөзімен сабағымды аяқтаймын
Настоящий материал опубликован пользователем Елубаева Гульсезим Курмангазиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалФайл будет скачан в формате:
Настоящая методическая разработка опубликована пользователем Сембиев Нартай Амангаилулы. Инфоурок является информационным посредником
30 тамыз конституция күніне тәрбие сағатқа арналған көрнекілік
Тақтаға жабыстыру үшін көрнекілік.
Тәрбие сағатын өткізуге арналған тақтаға жабыстырып оқушыларды қуантуға болады.
Курс повышения квалификации
Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Еще материалы по этой теме
Смотреть
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Күні: 19.12.14
Класс: 7Б
Тақырыбы: «Тәуелсіз елім - тұғырың сенің биікте!»
Мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру. Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу.
Көрнекілігі: интерактивтік тақта, Қзақстан Республикасының рәміздері:Туы, Елтаңбасы, Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың суреті.
Барысы:
Мұғалім сөзі. -Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? Я, Тәуелсіз, бірлігі жарасқан, тату-тәтті, тыныш елде тұрамыз.
Бүгінгі өтетін тәрбие сабағымыздың тақырыбы: 16-желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік күніне арналған Тәуелсіз елім - тұғырың сенің биікте! Сондықтан тәуелсіздігімізге арналған сабағымызды еліміздің мемлекеттік әнұранымен бастайық.
Әнұран орындалады.
Мұғалім: Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресінің тарихи нәтижесі.16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
ХОР (ЕГЕМЕН ЕЛІМ!) ер балалар
7 019 934 материала в базе
Вам будут доступны для скачивания все 180 169 материалов из нашего маркетплейса.
Мини-курс
5 ч.
Мини-курс
2 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.