Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Тәуелсіздік- бастауы сан бақыттың

Тәуелсіздік- бастауы сан бақыттың



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Тәуелсіздік – бастауы бар бақыттың»


Мақсаты:

Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.


Жібек:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – бастауы бар бақыттың» атты мерекелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!






Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен қазақпын, ажалсыз анамын мен,

Құрсағымда сыйдырам даланы кең

Пәк сәбимін бесікте уілдеген

Дәуірлермен құрдаспын,данамын мен

Мен жігітпін,айқасқа,сынға асықпын

Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.

Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,

Шарықтасам қыран боп шыңға шықтым.

Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым,өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім!

Қайран, қазақ елі... Жас ұрпаққа айта алмаған жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ исі мүңкіп тұр.

Ендеше,тағы да сіздерді мектеп оқушылары атынан,мектеп ұстаздары атынан тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз


Ақерке Қазақстан-кеше...

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді!?

Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Інжу Қазақстан-бүгін...

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!..

Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр Қазақтың жүрегі боп соғып тұр!..

Нұрсая Қазақстан-ертең...

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Жібек: Атам қазақ тойын киелідомбыраның күмбірлеген күйімен бастаған ғой.Тойбастар ретінде алдарыңызға әйгілі «Көңіл толқыны» күйімен Мектебіміздің бишісі Гүлімді шақырамыз.

Қарсы алыңыздар!


Қорған: Тәуелсіздік бізге оңай тимеді,

Асау аттай өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізге төрледі.

Тәуелсіздік бізге оңай тимеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді?!

Жылап тұрып аналарым бұл жолда

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О,Тәңірім,бізід баққа жолықтыр!

Бүгін,міне,тәуелсіздік,ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.


Жібек:Ойы биік,арманы алыс,

Жаны жомарт,ай қабағым.

Көкірегі толған намыс

Қазағымнан айналайын,-деп ендігі кезекті әнге береміз

ӘН: Елім менің Орындайтын: Жеңіс Торғын

Қабыл алыңыздар!








Гүлсая:

Он алтыншы желтоқсан-

Тәуелсізідк алған күн!

Азаттықтың ақ таңы

Арайланып атқан күн

Көңілі толып шаттанып

Қуанышқа батқан күн.

Мерекеге шығады

Бүкіл халық,біліп қой.

Отандастар ұғады

Тәуелсіздік-ұлы той.

Жібек:

Шалқы қазақ,шалқытып заман келді

Текке қанын төккен жоқ Амангелді.

Кең далаңда керіліп,атыңды атап

Жырлап қазақ жаңа күй,жаңа ән келді.

Ән:Қазақтай ел қайда Орындайтын: Дует

Қабыл алыңыздар!

Жібек:Тәуелсіздік.11 әріп құралған.

Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман.

Талай дара,даналардың көз жасы

Қаныменен атты таң боп бізге алдан.

Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл,

Ей,келешек,жан-тәніңмен ұғып біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл.

(сахнаға әріптер ұстаған он бір бала шығады)

Аяу: Т-білдіреді теңдікті

Қорған : Ә-әдептілік,өрлікті

Жарбол:У-уайымсыз уақытты

Торғын:Е-егемендік,елдікті

Гаухар:Л-дейді лағып,лепірме

Хан: С-сенімділік секілді ең

Інжу:І-ілтипат пен ізет қой

Гүлсая: З-зиялылық тілек қой

Ақерке: Д-шақырады достыққа

Ақару: І-ілкімді боп сақтыққа

Нұрсая: К-дейді күн бол көктегі,көз алартпа ,көршілерге қол сұқпа.


Жібек:Тәуелсіздік?Тәуелсіздік бізге не берді?

Тәуелсіз елдің ұланы қандай болу керек?

Осы сұрақтарға жауапты аға-әпкелерімізден,ұстаздарымыздан,ата-аналарымыздан алайықшы (микрофонды көрермендерге ұсынады)


Жібек:Рахмет жауаптарыңызға.Енді өзіміз жауап берейік

Тәуелсіздік біз сияқты балаларға арналған мектепте білім алуға жол ашты.

Тәуелсіздік –бізге өз ана тілімізде сөйлеуге жол ашты

Тәуелсіз елдің ұланы біз сияқты бақытты


Ақбаян: Тәуелсіз ел! (көркем сөзін оқиды)


Жібек:Армандарды жақындатып тым алыс

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егеменді ел бақыты,ертеңі.

О,халайық құтты болсын қуаныш!-деп келесі кезекті әдемі айтысқа береміз.

Алдарыңызға мектебіміздің мақтаныштары Торғын қыздарыңыз бен Гаухар қыздарыңызды қарсы алыңыздар. Ду қол шапалақ


Хан:

Атамекен ақ үйдің

Азат болған күні –бұл.

Құндақтағы сәбидің

Қазақ болған күні-бұл

Жұпар шашқан елімнің

Жаңа ашылған күні-бұл.

Менің ана тілімнің

Бағы ашылған күні-бұл.

Алты алаштың баласы

Қауымдасқан күні-бұл.

Бір-бірімен жарасып

Бауырласқан күні-бұл.

Дүбірлетсін өңірді

Дүрілдетсін дүлдүлі

Қазақ деген елімнің Құтты болсын бұл күні


Жібек:

«Тәуелсіздік» сөзін ауызға алғанда елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төл басы іспетті әсем қала Астананы ауызға алмау мүмкін емес.Астана қаласы-болашақтың,жастардың, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың,еліміздің тірегі.

Алтын ордам-арайланған Астанам

Жаңа дәуір көшін алға бастаған.

Сенсің менің жаңа қалам, бас қалам

Шалқып жатқан той думаны,асқақ ән.

«Астана» әнін қабыл алыңыздар:


Жібек:

Тәуелсіз 24 жыл!

Туыңды биік ұстадық,

Көтерді халқың уақыттың талай қыспағын.

Көшіңді бастап бақытты болашағыңа

Жасай бер,жаса, Тәуелсіз қазақстаным!

Ән: Жаса,Қазақстан Орындайтын 3 сынып оқушысы Аубакиров Ералы

Қарсы алыңыздар!







Жібек:





Мектебіміздің бишілерін шақырайық,

Қошеметпен,құрметпен қарсы алайық.

Бишілерімізді ырғалтып,би билетіп,

Қол соғып,биік шыңға самғатайық.

«Мектеп жастарының вальсы»

Ортаға бишілерімізді шақырамыз.қабыл алыңыздар!


Жібек:

Қазақ десем қаным қайнап денемде

Қайнап кетем ғажап күйге енем де.

Қазақ десем абай болып елестеп,

Абай мені шақырады өлеңге.

Қазақ десем айдарымнан жел есіп,

Кетем ойша Мұқаңменен кеңесіп.

Қазақ маған Әлиядай айбынды

Мәншүкпенен жүргендеймін тең өсіп.

Қазақ десем қаламымнан жыр тамып

Өткенді еске ап отырамын бұрқанып.

Қазақ деген-тәуелсіз ел бүгінгі

Түп-тамыры жатқан сонау тереңде.

Қазақ бүгін,Тәуелсіз ел біл мұны,

Ақиқатқа айналғандай шындығы.

Әрбір түні ақ тілеумен жабылып

Атар таңға айқара ашық түндігі.


Ән:Жаса,Қазақстан Орындайтын : Жеңіс Торғын

Қарсы алыңыздар! (Жалау ұстап бәрі сахнаға шығады)


Жібек:

Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығы дегеніміз-өткен жылдар ішінде елімізде атқарылған жұмыстар мен қол жеткізген жетістіктері.Осы жетістіктерімізге біз маңдай терімізбен қол жеткіздік.Бірақ әлі де талай асар алда асуларымыз, бағындырар белестеріміз өте көп.

Тәуелсіздік күні-қазақтың жеке мемлекеттік жалауы,қалауы желбіреген тарихи күн.Бұл еліміз үшін үшін үлкен мәртебе.Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай,оны ең қымбат бұйымымыздай сақтап,құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз.Оны ішкі-сыртқы дұшпандардан қорғауға м індеттіміз.Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.

Хормен:Мың жаса,тәуелсіз қазақ елі

Осымен «Тәуелсіздік-бар бастауы бақыттың» атты мерекелік шарамыз аяқталды.Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай! Қош-сау болыңыздар!



































«Тәуелсіздік-ата-бабам аңсаған»

Мерекелік сценарийі

(Күй ойналып тұрады)

Қазақстан егеменді ел,тәуелсіз ел

Болашаққа нық басып буынған бел.

Көкке өрлеген байрақты желбіретіп,

Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел.

Тәуелсіздік-бар бастауы бақыттың

Тәуелсіздік-ұлты менен ұраның.

Шартарапта шаттығындай азаттық

Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн.

Көк байрағы,Елтаңбасы,бірлігі,

Шалқи берсін әнұраны қазақтың.

(Әнұран орындалады)


Иә,ата-бабам аңсаған азаттық таң.

Ата-бабамыз армандаған тәуелсіз күн арайлап атып,көк байрағымыз көкте желбіреді.Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен,ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған Желтоқсан оқиғасының орны ерекше.Тәуелсіздігіміз үшін жанын құрбан еткен азаматтарымыздың ерен еңбегі ешқашан ұмытылмақ емес.

Ендеше, сол мерекеге арналған «Тәуелсіздік-бастауы бар бақыттың» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын.

Бүгінгі ҚР-ның Тәуелсіздік алған мерекесі құтты болсын дей отырып,құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Сабыржан Түбекбайұлына береміз.



Келесі «Тәуелсіздік-ата-баба арманы» тақырыбындағы баяндамаға кезек береміз (баяндама оқылады)


Осыменен «Тәуелсіздік-ата-бабам аңсаған» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймын.

Келесі кезекті мектеп оқушыларының осы мерекеге арнайы дайындаған

«Тәуелсіздік-бастауы бар бақыттың» мерекелік шарасына береміз

Қабыл алыңыздар!















.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Тәуелсіздік – бастауы бар бақыттың»<?xml:namespace prefix = o ns = "urn:schemas-microsoft-com:office:office" />

Мақсаты:

Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.

Автор
Дата добавления 10.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров42
Номер материала ДВ-514581
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх