Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Рабочие программы / "Тәуелсіздік белесі-ұлы арман кемесі" тарихи-сахналық кеш. Сценарий
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

"Тәуелсіздік белесі-ұлы арман кемесі" тарихи-сахналық кеш. Сценарий

библиотека
материалов

Аhello_html_m32943060.pngқмола облысы

Аршалы ауданы

3 Аршалы орта мектебі




hello_html_2bc6ac40.gif

(Алашорда, желтоқсан-тәуелсіздік бастаулары)



hello_html_10756db8.jpghello_html_m787cb415.gifhello_html_m7e27c9c1.jpg

(тарихи сахналық-бейне қойылым)





тарих пәнінің мұғалімі

Мұратова Маржан Абдумуталапқызы










hello_html_m694cfec.pngМақсаты :


1. Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ халқының аяулы ұлдарының ерлігімен таныстыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.

2.Қазақстанның болашақ дамуына жеке тұлға ретінде әр оқушының өзіндік үлес қоса алатынын және Отан алдында азаматтық парызы бар ұғындыру.

3. Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.


Көрнекілігі: «ХХ ғасыр басындағы Қазақстан», «Зұлмат жылдар», «Алаш зиялылары» «Желтоқсан», «Тәуелсіз Қазақстан» бейнефильдері, «Тәуелсіздік белесі-ұлы арман кемесі» тақырыбында баннер, қабырға газеттері, кітап көрмесі, тәуелсіздікдің 25 жылдығына арналған оқушылар қолымен жасалған бұйымдардың көрмесі.


Қатысушылар:

Әлихан Бөкейханов-қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, «Алаш» партиясын құрушы әрі жетекшісі

Мұстафа Шоқай-Алащорда үкіметінің мүшесі, қоғам және мемлекет қайраткері, "Алаш" партиясының белсенді мүшесі.

Міржақып Дулатов-Ақын-ағартушы, үкімет мүшесі.

Мұхамеджан Тынышпаев-инженер-құрылысшы, атақты Түрксіб магистрасын салуды ұйымдастырушы. Бірінші болып «қазақ» шежіресін өмірге әкелуші.

Ахмет Байтұрсынов-Ақын-ағартушы. Алғашқы қазақ алфавитін жасаушы қоғам қайраткері.

Сұлтанмахмұт Торайғыров-жас ақын

Қойылым 4 актілі, бірнеше тарихи кезеңдерден, кішігірім көріністер көрсетіледі.

НКВД тергеушісі

Айдауылдар (конвой)

Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар Қайрат, Ләззатт, Сәбира, т.б.

Алаңдағы жастар

КГБ тергеушісі

Тәуелсіздік мерекесіне қатысушылар(әртүрлі ұлттық киімдермен)











hello_html_m694cfec.png







hello_html_m694cfec.png«Тәуелсіздік белесі-ұлы арман кемесі»

(Алашорда, желтоқсан-тәуелсіздік бастаулары)

тарихи сахналық-бейне қойылым



І-көрініс

Сахнада бірнеше орындықтар және президиум столы қойылған. Жоғарыда ұран шүберекке жазылып ілулі тұр: «Жалпы қазақ съезіне қатысушыларға сәлем!»

Экранда 1914-1917 жылдардағы тарихи оқиғалар автордың сөзімен көрсетіле бастайды. Бәсең дауыспен әсерлі марштар орындалып тұрады.

Автор сөзі: 1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғысқа Ресей империясының қатысуы елдің барлық аймақтарына өз ауыртпашылықтарын әкелді. Соғыстың ұзаққа созылуы Ресей империясына қарасты барлық өлкелерде оның ішінде Қазақстан жерінде жалпы халықтың кедейлене түсуіне, жоқшылыққа ұшыратты. Осындай қайшылықтардың соңы Ресейде Ақпан және Қазан төңкерістеріне апарып соқтырды. Патша тақтан тайдырылып, Уақытша және Кеңес өкіметтері құрыла бастады. Осы оқиғалар сол кездегі қазақтың алдыңғы қатарлы саяси қоғам қайраткерлерінің қазақ елінің болашағына деген алаңдаушылығын оятты.

1917 жылдың 5-13 желтоқсан күндері Орынбор қаласында 2-ші жалпықазақ съезі өткізілді.


Сахнаға делегаттар жинала бастады


Мұхамеджан

Тынышбаев (Ибрагим): Құрметті делегаттар! Съезд делегаттары толық жиналғанша Мірағадан (Міржақып) «Оян қазақ» өлеңін өз аузынан

айтып берсе екен деп сұраймын. Қалай қарайсыздар?


Дауыстар (Мирас): Айтсын, айтсын, рухымыз көтерілсін.


Міржақып

Дулатов(Асылбек): Осындай қуанышты күндері неге айтпасқа, Мұхамеджан қарағым айтайын (өлең көтеріңкі күймен оқылады)

 Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

 Өткізбей  қараңғыда бекер жасты.

 Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам  боп,

Қазағым, енді жату жарамасты. 


Дауыстар (Ернияз): Жарайсын, бәрекелді


Залға 3-4 делегаттармен Әлихан кіріп келеді.


Дауыстар (Мирас): Әлекең келеді. Көш бастар арысым осы!

Сұлтанмахмұт

ортаға шығып (Шоқан) :

Көш бастаған еріміз! Алаш туы һәм бағын,

Қуанышты еліңіз Көзбен көріп төленді

Төбеміз көкке жеткендей Көптен бергі теріңіз

Көкіректен бүгін кеткендей Алаш туын қолға алған

Сізді көріп шеріміз Қараңғыда жол салған

hello_html_m694cfec.pngЕліңіздің бұл шағын Арыстаным келіңіз!

hello_html_m694cfec.pngДауыстар (Ақылжан):Оу, мынау «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн

болам!» - дейтін алмас ақын Сұлтанмахмұт қой. Жаса ақыным.

Әлихан (Құралбек): Рахмет, Мақмұт інім, шығар биігің көп болсын. Ал,

құрметті делегаттар, съезд жұмысын бастайық. Съездің күн тәртібінде «Алаш» партиясы мынандай мәселелерді қарауды ұсынады. Алаш партиясы атынан Мұстафа Шоқайға сөз беріледі.

Мұстафа Шоқай (Бердібек) : Құрметті делегаттар! Мына мәселелерді ұсынамын:

1. Қазақ елінің аумағында Алашорда автономиясының республикасын құру туралы

2. Республикаға басшылық жасайтын үкімет-Ұлттық Кеңес құру туралы

3.Үкімет төрағасын сайлау және көптеген маңызды мәселелер қаралады.

Ағайындар, алдымызда соқпағы мен бұралаң жолы көп тарихи кезеңдер келе жатыр. Ішкі Ресейде Петроградта, Мәскеуде Уақытша үкімет пен большевиктер Кеңестері билікке таласуда, Ресей халқы екіге жарылып, ақ гвардияшы-қызыл гвардияшы болып, бірін-бірі жұлып жеуге дайын тұр. Ал біз ат төбеліндей қазағымызды осындай қанды тартыстардан алып қалуға міндеттіміз. Қазірдің өзінде ортамыздағы Алашқа белгілі азаматтар Әліби Жанкелдин, Аманкелді Иманов, Тоқаш Бокин, Тұрар Рысқұловтар большевиктер Кеңесіне бет бұруда. Халқымыз айтқан «Бөлінгенді бөрі жейді» деген, азамат соғысын Ресейдің ішкі ісі деп қарау керек. Біз өз елімізді, өз Алашымызды тарихтың тезіне салмай, өз тағдырымызды өзіміз шешетін үкімет құруды ұсынамын.


Мұңды мелодия ойналып, сахна жабылып, 1920-37 жылдар арасындағы Қазақстандағы түрлі зұлмат, қуғын сүргіндер туралы кинокадрлар көрсетіліп, автордың сөзі оқылып тұрады.

Автор: 1917 жылдың 5-13 желтоқсанындағы өткен 2-жалпықазақ съезі көптеген тарихи шешімдер қабылдады. Ең маңыздысы Қазақстан аумағында Алашорда автономиясы құрылды. Құрамында 15 делегаттан сайланған Үкімет төрағалығына бірауыздан Әлихан Бөкейханов сайланды. Алашорда автономиясының орталығы болып Орынбор қаласы жарияланды. Жалпы Алашорда құрамына сайланғандар қазақтың сол уақыттағы жоғары білімді, көзі ашық, төрткүл әлемде болып жатқан өзгерістерден хабары бар зиялы қауым өкілдері болатын. Олардың арасында заңгер де, экономист те, инженер де, дәрігер де, педагог та болды.

Өкінішке орай, Кеңес өкіметі күш алып, барлық елді мекендерде өз биліктерін орната бастады. Болшевиктік көсемдер Алашорда үкіметінің бағытын өздерінің әміршілдік-әкімшілдік билік жүйесіне қауіпті деп санап, оларды қудалай бастады.


ІІ көрініс

НКВД түрмесі. Тергеуші столы, алдында басы таңылып, қанға боялған Әлихан отыр.

Тергеуші (Бердібек): Қалайсың! (мысқылмен) Есімің-Әлихан, тегің-Бөкейхан, неғылған қаптаған хандар. Хандықты көкседің бе, сұмырай! Болшевиктер билігін құлатқың келеді ме? Қане айт қандай ұйымдар құрдың? Жақтастарыңның есімін ата!

Әлихан (Құралбек): Қарсы ұйым құрған ешкім жоқ, тек біз өз жерімізде, өз елімізде ұлтымыздың жерін, суын, дінін, тілін сақтап қалуды армандадық.

hello_html_m694cfec.pngТергеуші (Бердібек) : Жап аузыңды! Шеттеріңнен елім, жерім, тілім деп сайрауға мықтысыңдар. Болшевиктер билігі деген орыстың билігі екендігін неге түсінбейсің, ей сорлы? Ей, конвой, Ахмет Байтұрсыновты алып кел, екеуін қосып сайратайық. Қазақ алфавитін жасаған дейді, көрейік мықтыны.

Есіктен Ахмет кіреді, оның да азапталғаны көрініп тұр.

Әлихан (Құралбек): Ахмет! Бауырым!

Ахмет (Ақылжан) : Әлеке (құшақтап өлеңдете бастайды)

Қырағы, қия жазбас сұңқарым-ай!

Қажымас қашық жолға, тұлпарым-ай!

hello_html_m694cfec.pngҮйілген өлексені өрге сүйреп,

Шығармақ қыр басына іңкәрім-ай.

Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр,

Түнерген төбемізден бұлт арылмай.

Тергеуші (Бердібек): Тоқтат, ей екі мұңлық! Қылмыстарың дәлелденді. Кеңес өкіметіне қарсы шығып, хандық құрмақ болдыңдар. Енді сендердің істегендеріңді КСРО Жоғары соты қарайтын болды. Так что, көрлерің қазулы тұр, ұлтшылдар! Конвой алып кет мыналарды.


Конвой ақырып жекіріп, түйгіштеп алып кетеді. Сахна жабылып, мұңды мелодия ойналады. Экранда репрессия құрбандарының есімдері көрсетіліп, бейнелері беріліп жатады.

Автор: Алашорда қозғалысына қатысушылар түгелдей Сталиннің әміршіл-әкімшіл жүйесінің құрбаны болды. 1937 жылы 27 қыркүйекте КСРО Жоғары соты әскери алқасы «Кеңеске қарсы күресті, террористік орталықпен байланысы болды» деген негізсіз себептермен үкім шығарып, қазақтың аяулы ұлы Әлихан Бөкейханов ату жазасына кесілді.

Музыка тынып қалып, қайта өршелене ойнайды, бірте-бірте бәсеңдеп, экранда мынадай мазмұнда: 30 жылдардағы ашаршылық, қуғын-сүргін, Ұлы отан соғысы, тың игеру, Семей полигоны, Арал апаты, Горбачев заманы, бос қалған магазин сөрелері, кезекке тұрған адамдар, т.б. бейне кадрлар көрсетіліп тұрады.

Автор: Ұлт азаттығын аңсаған Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мұстафалар атылып, қуғын сүргінге ұшырағанымен, олардың асыл армандары мен мұралары ондаған жылдар бойына кейінгі ұрпақтардың бойына тәуелсіздікке деген бас тігу дәнін сеуіп кетті. Араға көптеген жылдар салып, 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік дәні қайта көктеді.


ІІІ көрініс

Сахнада алаңда тұрған бір топ жастар, қолдарында плакаттар (Д.Қонаев суреттері) және ұрандар (Әр ұлтқа өз көсемі) шулап, қол сермеп тұр.

Дауыстар: -Қашанғы өз елімізде өз көсемімізді сайлай алмаймыз?

-Тіліміз жойылып, мәңгүрт болуға айналдық!

-Алматыда қазақтарға пәтер бермейтін болды!

-Бізді қашанғы басына береді?

Солдаттар келеді, қолдарында резина таяқ, сапер күрегі.

Командирі (Құралбек) : -Тараңдар, әйтпесе күш қолданамыз.

Жастар(шулап): -Тарамаймыз, бізге жауап берсін!

«Менің Қазақстаным» әнін шырқайды.

Солдаттар тап беріп, ұрып-соғып, қуып таратады. Осы кезде экранда желтоқсан оқиғасы туралы кинокадрлар көрсетіліп тұрады.

Сахна қайта ашылып, мұңды мелодия ойналады.

КГБ тергеушісі алдында Қайрат Рысқұлбеков отыр. Басы таңылған, азапталған.

hello_html_m694cfec.pngТергеуші(Қуаныш): Слушай, сен ақымақ қазақ, сені алаңға кім шығарған? Жастарды қоздырып жүрген кімдер? Кәне сөйле!

Қайрат(Бердібек): Азамат тергеуші, мені алаңға шығарған өз жүрегімнің қалауы, қорланған тілімді, дінімді көріп оянған намысым!

Тергеуші(Қуаныш): Қалай түсінбейсіңдер, жарты әлемге әмірін жүргізіп отырған Мәскеу билігіне қарсы шығатын сендер кімсіңдер? Сорлылар тұқымдарыңмен тоз-тоз боласыңдар!

Қайрат(Бердібек): Қайрат деген атым бар!

Қазақ деген затым бар!

Еркек тоқты құрбандық!

Атам десең атыңдар!

Тергеуші(Қуаныш): Мә, саған еркіндік, мә саған тәуелсіздік (ұрып, тебе бастайды)

hello_html_m694cfec.pngКонвой, мынаны карцерге тастаңдар, құрт-құмырсқа жесін!

Ес-түссіз Қайратты сүйретіп алып кетеді. Тағы да мұңды мелодия ойналып, кадрлар көрсетіле бастайды. (Желтоқсан желі, Қара бауыр қасқалдақ ойналады)

Автор: 1986 жылдың 17-19 желтоқсан күндерінде Алматыда болған көтеріліске қатысушы қазақ жастары қуғын-сүргінге ұшырады. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қайсар ұл-қыздары құрбан болды.

Әміршіл-әкімшіл жүйеге қарсы Қазақстанда болған желтоқсан көтерілісі іле-шала 1988-1991 жылдары Бакуде, Вильнюсте, Москвада болған көтерілістерге түрткі болып, Кеңестер Одағының таратылу кезеңін жақындата түсті.


IV көрініс

Сахнада үй ішінде қарт атасы мен әжей отырады. Қолдарында кішкентай немересі. Немерелерін қызықтап, айналып толғанып отырады. Кенеттен есік ашылып, мектеп жасындағы немересі «Сүйіншілеп» айқайлап кіреді.

Немересі (Ақерке): Сүйінші ата! Сүйінші әже!

Ата, әжей(Мирас, Елугүл): Не болды қарағым? Я, АЛЛА қолдай көр!

Немересі (Ақерке): Сүйінші ата! Тәуелсіздік! Біздің ел өз тәуелсіздігін , жариялады!

Атасы(Мирас): Не дейді қарағым? (Қолын жайып жоғары қарап) көз жасымызды Алла көрген екен ғой, әй бәйбіше ақ түйенің қарны жарылды, көшеге шығайық. Шашуыңды ал, шашуыңды!

Сахнаға қолдарына жалау, шар ұстаған барлық қатысушылар шыға бастайды, «Елім менің Аңсаған!» әні орындалады. Шулаған дауыстар:

-Тәуелсіздік жасасын!

-Қазақ елі мәңгілік болсын!

-Шашу, шашу!

Экранда қазіргі Қазақстан.

Автор: 1986 жылдың 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздік таңы арайлап атты!

1-оқушы

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!..

Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр Қазақтың жүрегі деп соғып тұр!..


2-оқушы

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

hello_html_m694cfec.pngӘнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.


3-оқушы

Тәуелсіз елім менің, Қазақстан,

Өткен жолын жалғанда ұлы дастан.

Болашағыңа қарасам көз жіберіп,

Аумайсың атылмақшы жас барыстан.


Соңы. Сахна жабылады.

Автор
Дата добавления 23.05.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1337
Номер материала ДБ-096159
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх