Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ" концерттік бағдарлама

"Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ" концерттік бағдарлама

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_60d04ef0.gifТақырыбы: «Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ!»
Мақсаты:
Қазақстанның өткені мен бүгінін қозғай отырып, еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуінің оңай жолмен келмегенін оқушыларға ұғындыру, жас ұрпақты отаншылдыққа, елжандылыққа, тәуелсіздігімізді қадірлеуге, халқына, ұлтына адал қызмет етуге тәрбиелеу. 
1 жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, халқым менің!
Жайнаған жүрегімде жарқыл ма едің?!
Тірлігің өз халқыңа жаңа тиді,
Ендігі елдігіңнен тартынба, елім.
Ұшырмай көкіректен жыр кептерін,
Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін?
Армысың, жиналған топ, үлкен, кіші.
Армысың, айналайын халқым менің!
2 жүргізуші:
Армысыздар, құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар, және оқушылар!
16 желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ!» атты
мерекелік бағдарламамызға қош келдіңіздер!


ҚР Әнұраны орындалады


1 – жүргізуші:
Мұхаммедәлі:
Тарих – ол бабалардың ерлігінің айғағы,
Тарих – ол ұлан ғайыр Отаныңның аймағы.
Тарихыңда жатыр, білсең сенің қайсар ерлігің,
Таңбалы тас туған жердің белгісі бар сайдағы.
Тарих болып жазылады туған жердің дастаны,
Сол үшін де найза ұстап ығыстырдым басқаны.
Туған елдің, туған жердің болмағанда тарихы,
Шаттық жырға бөленбейді қазағымның аспаны.
2 - жүргізуші: Бүгінгі ТӘУЕЛСІЗДІК кешегі тарих беттеріне қызыл қанмен жазылып, ақ найзаның ұшымен қорғалған, ақ білектің күшімен жеткен бабалар аманаты!
Азапқа толы бұл азаттық бізге оңай келген жоқ!
«Абылайлап» атой салып атқа қонған, қасық қаны қалғанша ұлтарақтай жерін қорғап өткен бабаларымыз, ғасырлар бойы азаттық үшін күресті, елім деп еңіреді, жерім деп күңіренді, қазағым деп қайғырды, Алаш деп аһ ұрды, жанын пида етті, ақ қар көк мұз жастанып, Отан деп от кешті.
Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен кезеңдер көп болды. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиыншылықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашанда мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік алғанға дейін халқымыз неше түрлі кезеңді басынан өткерді: ХVІІІ ғасырдағы Қазақ тарихындағы жоңғар шапқыншылығының зардабынан Ресей империясының қарамағына өткен кезі, 1931 - 1933 жж. ашаршылық, сталиншіл әкімшіл – әміршіл жүйенің 1937 - 1939жж. озбырлығы, 1941 - 1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ халқының саны және кешегі 1986 жылдың ызғары тарих беттерінде азаттық үшін күрестің куәсі болып қалды.

2 - жүргізуші: Иә, Қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. 1723 жылы қаннен - қаперсіз елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен ел үдере көшіп, дүние - мүлік, мал, жанына да қарай алмай босып кетті, тіпті, бесіктегі бала, қария кемпір - шалдарға дейін жұртта қалып қойған кездері де болды. Қазақ халқының бұл босуы тарихта «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен қалды. Ақтабан шұбырындыда 1 миллион адам, яғни сол кездегі халықтың 40 пайызы қырылды.
1- жүргізуші: Сол жылдары қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға ұшыраған, енді бір бөлігі құлдыққа сатылып кеткен. Халық ашаршылыққа душар болды. Өлмей аман қалу үшін қайыңның сөлін ішкен. «Қайың сауған» деген сөз содан қалған. Қазақтардың батысқа қарай жаппай ағылуы қарақалпақтармен, түрікмендермен, өзбектермен, башқұрттармен және қалмақтармен жерге таласқан дау - дамайларға алып барды. Қазақтардың Орал Қазақтарымен де, Батыс Сібірден орыстармен де өзара қарым - қатынастарын шиеленістіріп жіберді. Міне, мұның бәрі әбден әлсіреп, қожыраған Қазақ хандығын Ресей империясының оңай олжа ретінде отарлап алуымен аяқталды.

1-оқушы:
Мен қазақпын мың өліп мың тірілген
Жүрегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді айта бергім!

2-оқушы:
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәм-тұзын ақтай білген елміз.
Атадан ұл туса құл болам деп тумайды,
Анадан қыз тусы күң болам деп тумайды.
Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз
Асқақтаған хан болса, хан ордасын алмайтын елміз.

3-оқушы:

Желтоқсан туып,
Шашырап жатыр ақ мамық,
Желтоқсан түні тұрғандай мұңын ақтарып.
Шыңғырған дауыс естіліп қалып құлаққа,
Теңселіп кеттім,
Үзіліп кетуге шақ қалып…

4-оқушы:
Желтоқсан – майдан, жанжалы деме көшенің,
Желтоқсан – зары боздаған көмген шешенің.
Сызылған қанмен желтоқсан ұлы шекара.
Бүгінгі мен кешегің.

5-оқушы:
Қалса да қайда жерің, қайда көлің,
Қасқайып хақ жолыңнан таймап едің.
Айырылып күніз күлкі, түнде ұйқыдан,
Күткенің осы еді ғой, қайран елім!
Өр едің өлсеңде беріспеген,
Зар-мұңның әні барма сен айтпаған?
Тағдырдың зәрі барма сен ішпеген?
Тербетіп тұрса болды жер бесігім,
Дәулеттің тілеймін көл-көсірін.
Көз тимей, кірбің түспей қабағыңа
Жалғыз-ақ құтты болғай енді осы күн!

6-оқушы:
Өсер алдың қай уақытта да бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоксанның мұзаға жанған алауы.
Өздеріңдей ар-намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиіс емес еңкеюге жалауы!

7-оқушы:
Тәуелсіздік бабалардың ұраны
Бейуақытта бойға таққан тұмары
Тәуелсіздік – жүректерде тұншығып
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы!
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге еркін өмір сыйлады.
Мектебіміз алға шығып өмірде
Жақсы атақпен нұр шапағын жинады!


1 – жүргізуші:

Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын
Желтоқсанда шықты алаңға жастарым
Әр ұрпақтың құрбандары жеткілік
Дербестікке құн ұрамақ басқа кім?!
Намысымның шуағы да – Желтоқсан!
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан!
Жігіттердің ұраны да – Желтоқсан!
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан!

Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.


2-жүргізуші:
Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейін аз уақытта бұрын өніміз түгіл түсімізге енбеген оқиғалар болды. Сол жетістіктерімізді атап өтейікші (оқушылар кезекпен)
•    1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды;
•    1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты;
•    1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды;
•    1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді;
•    1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады;
•    1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі заңы Конституция қабылданды;
•    1993 жылдың 15 қарашасы жас мемлекетіміздің тарихында еркеше күн  болды. Осы күннен бастап, ұлттық валютамыз – теңге айналымға енді. Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

1-жүргізуші:
Қазақ ешқашан басқаның жеріне сұқтанбаған, өз жерін жатқа сыйламаған және сатпаған халық.
Ұлан-ғайыр жерінің ұлтарақтай үшін жанын жалау еткен бабаларымыз тіркескеннің тізесін бүктіріп, белдескеннің белін үзген.
Сол марқасқа батыр бабаларымыздың өмір өткелдерін, ерлік жорықтарынан деректер білу – ұрпақтарға парыз міндет.

2-жүргізуші:
Тәуелсіз елдің ұлы өжет,
Қызы – қайратты,
Халқы – қаһарман.
Тәуелсіздікті анаңдай ардақта,
Баландай мәпеле,
Құдайдай құрметте!
Тәуелсіздік үшін тәніңді де,
Қаныңды да,
Жаныңды да аяма!

1-жүргізуші:
Елтаңбамыз ажарлы
Ән – ұранымыз әуенді
Асқақ бола түссін!
Елдігімзідің белгісі –
Көгілдір туымыз әрқашан желбірей берсін!!!

Құрметті қонақтар!
«Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ!» атты мерекелік бағдарламамыздың бірінші бөлімі аяқталды.

1-жүргізуші:
ӘН шашу: Арыстанбекова Жансая «Туған жер» әнімен қарсы алыңыздар

2-жүргізуші:

БИ билейік: 4 сынып оқушыларының «Домбыра» биімен

1-жүргізуші:
ӘН шашу: Адай Сымбат «Астана» әнімен

2-жүргізуші:

БИ билейік: 3 «В» сынып оқушыларын қарсы алыныздар «ФЛЕШМОБ»

1-жүргізуші:

БИ билейік: «Қазақ биі» биші қыздарымызды қарсы алыныздар

2-жүргізуші:

ӘН шашу: Төлеубек Аяжанның орындауында «Көңілді күн»


Осымен бүгінгі концерттік бағдарламамыз аяқталды.

ЕЛІМІЗДІҢ ЕГЕМЕНДІГІ ЖАСАЙ БЕРСІН! Қош сау болыңыздар.


























Жамбыл бастауыш мектебі






(мерекелік бағдарлама)










Дайындаған: Тастұрғанова Р.Ж.











2015 – 2016 оқу

Автор
Дата добавления 23.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров118
Номер материала ДВ-280251
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх