Инфоурок Классному руководителю Конспекты«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» ( ашық тәрбие сағаты)

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» ( ашық тәрбие сағаты)

Скачать материал

Қаспан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы КММ

 

 

 

 

 

 

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!»

 ( ашық тәрбие сағаты)         

 

 

Мұғалімі: Г.Х.Изахунова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!

 

Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізу жолына талай боздақтарымыздың жалған айыппен құрбан болғандарын көрермендерге жеке ұғындыру оқушылардың дүние танымын кеңейту. Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жерін қадір- қасиеттін ұғынуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тақырыбы, тәуелсіздік момунетті, нақыл сөздер, еліміздің туы, елтаңбасы, гимні, желтоқсан құрбандарының суреттері.

Өтілітін орны: акты залы

Қатысатын оқушылар: 2-9 сыныптар

1.      Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздармен шәкірттер! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшы мен еріміздің ерен ісі мен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалған Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған  «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»  атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

(Гимн ойналады)

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Осы бір сәтте қазақ елінің еркіндігі, бостандық жолына бас тіккен азаматтар, туған елінің тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өткен Желтоқсан батырларының рухына тағзым етіп еске алу- парызымыз. Құрбандарға арнап бір минуттық үнсіздік жариялаймыз.

 

1-Жүргізуші: Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі Тәуелсіздік күні.

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы, келеберер!- дей келе мерекелік құттықтау сөз мекетеп директоры Ешкенов Дастан Есіркесінұлына  беріледі.

Келесі құттықтау сөз ауыл әкімі Аульбеков Дастан Бағдатұлына беріледі.

Келесі сөз кезегін Кербұлақ ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі Алмас Мыңбаевқа және осы орталықтың кеңесшісі Руслан Байжан мен Ерлан Тәжібаевқа  беріледі.

Жүргізуші:  Елімізде  « Бірыңғай Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады. Осы ұйымға мектебімізден  «Жас Ұлан» қатарына46 оқушымыз, «Жас Қыран» ұйымына 30 оқушы  қабылданған.  Бүгін 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында мектебіміз бойынша төменгі буын 1-ші және 4 сыныптар аралығындағы 9  оқушы «Жас қырын» қатарына қабылданса , жоғарғы буын 5 ші және 10 сыныптар аралығында  9 оқушы «Жас Ұлан» қатарына қабылданғалы отыр.

Бұл оқушылар мектебіміздің үздік және қоғамдық жұмыстарға, спорттық шараларға белсене қатысатын оқушылар болып табылады.

Олай болса ортаға «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданатын оқушыларды шақырамын.

(Хабарлаймын)

«Жас Ұлан» ұйымына қабылданушыларға төсбелгілерді және галстуктерді табыстау үшін  ортаға мекетеп директоры Ешкенов Дастан Есіркесінұлына, ауыл әкімі Ауелбеков Дастан Бағдатұлына, Кербұлақ ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі Алмас Мыңбаевқа және осы орталықтың кеңесшісі Руслан Байжан мен Ерлан Тәжібаевты, ауыл имамы Нұрлан молданы ортаға    шақырамыз.

 

(Ортаға 5 сынып оқушысы Тоқтарбек Алинаны Жас Ұлан ұйымының Антын қабылдауға ортаға шақырамыз.)

(Музыка ойнап тұрады. Оқушылар шығып кетеді. )

 

1-Жүргізуші: Алматыға жолыңыз түсіп бара қалсыңыз, міндетті түрде Республика алаңына соғыңыз. Алаңға кіре бергенде денеңіз түршігіп, жүрегіңіз шымырлап кетеді. Есіңізге марғау дүниені дүр сілкіндірген қасіретті де, қасиетті Желтоқсан оқиғасы түседі.

(азалы музыка)

Көрініс. Қайрат пен анасы

(Сол музыканың ырғағымен сахнаға ана шығады. )

Қайраттың рухы: (сахна сыртынан)

Елбең-елбең жүгірген,

Ебелек отқа семірген

Арғымақ мінген жаратып,

Ақ сауыт киген темірден,

Алатаудай бабалар,

Аруағыңмен жебей көр! (Қайраттың даусы естіледі)

 

Ана: Ойпырмай, биіктен құлаған тау суындай буырқанған тасқынды мына үн кімдікі екен? Жас тұлпар тұяғының дүбір естілгендей ме өзінен? Оқыстан шыққан айқай-шуды, сол шуға бүйірі қызған дарабоздың шабысындай мына үнді қайдан естіген едім? Ойпырмай, иә, иә сол дауыс қой мынау, Қайраттың дауысы ғой,  таныдым. Қайратымыздың үні ғой бұл. Иә, иә, дәл сол! Қалай болып еді өзі?

«Түрмеде отрыған Қайраттың анасымен соңғы кездесуі»

Анасы: Амансың ба, құлыным?

Қайрат: Ана, анашым, анашым ...

Анасы: Қарағым-ау ... Қарағым-ау ...

Қайрат: Жыламашы, болды енді, анажан,

Сенің балаң кінәлі емес маған нан.

Жауыздардың жапқан бұл жаласын,

Еш уақытта мойныма мен алман.

 

Анасы: Құлыным –ау, бетің ісіп кетіпті,

Не болғансың, не болғансы, балам-ау...

 

Қайрат: Анажаным, үйдің іші аман ба?

Әкем менен бауырларым аман ба?

 

Анасы: Аман,аман, бәрі де аман...

Құлыным –ау, өзің жайлы айтсаңшы.

 

Қайрат: Еш кінәм жоқ, бұл жаладан аманмын,

Басшыларға тергеу жайлы жазармын.

Ақталармын елім аман тұрғанда,

Саулық болса тексерген соң шығармын.

 

Анасы: Балам-ау, қайтейін, шындықты жеткізем деп шырылдаған бір бозторғайым болдың ғой. Өзің аман болшы, ұлым. Маған басқаның ештеңенің керегі жоқ.

 

Қайрат: Болды, анажан, көз жасыңды тыйсаңшы,

Күштеп мені көндірмекші бұл іске,

Бар сөзімді шығарады теріске.

Ине тығып тырнағымның астына,

Денемді де қақтайды ыстық алауға.

Сүйегімнің аманы жоқ қазірде,

Бұл қорлықты көрмеп едім түсімде.

Мұздай сумен ес жиғызад талғанда,

Небір сөзім кетіп барад көңілде.

Бәрібір де ақталамын түбінде,

Тарих куә осы менің сөзім.

Жыламашы, анажаным, жан анам...

 

Анасы: Ұлым, менің ... Ұлым ... шырылдаған ботам-ау... аман болшы, ұлым-ау ...

 

Қайрат: Сау бол, ана. Менің арым таза. Ақталып қайтамын елге. Туған жерге, әкем мен бауырларға сәлем дерсің Қайраттан. Мен жаламен кетіп барам, ана ...

( Екі миллиционер Қайратты алып кетеді. Анасы сахнаның ортасына қарай келіп жоқтау айтады)

МУЗЫКА

Анасы: Жүрегім менің сезеді-ау...

Көрмеймін енді ұлымды...

«Ана» деген сөзіңнен

Тілің шыққан құлыным-ау,

Қанаттыға қақтырмай,

Тұмсықтыға шоқтырмай

Ер жеткіздім мен сені...

Әскеріңе бардың сен,

Бороышыңды атқардың...

Арманыңа жетіп сен

Студент те атандың...

Келін түсіріп немере сүйем деп отырған кез еді..

Өмірімді тас-талқан қылған заман не заман...

Ән: «Желтоқсан»  Толқынбай Аяулым

 (Оқушылар монтажға шығады

оқушылардың тақпақтары)

Жандос:

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула ,лаула желтоқсанда мұзға жаққан алауы

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы

Мадина:

Нашақор деп, ұлтшыл деп

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде,

Қайғыға халық батқан күн.

Әділдік пен шындыққа,

Өтірік жала жапқан күн.

Надан жасаған сұмдықтан,

Адамдар азап шеккен күн.

Ж. Диас:

Қасқалдақ ұшып көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен,

Қарғалар билік алған күн.

Қақап күннің ызғары,

Кетті ерлер, солар үшін егілем.

Қыршындарым қанатынан қырқылған

Қаракөз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн.

Ақниет:

Жауыздықты жасаған да-Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.

Аякөз:

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына атппай бір шындық,

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Еділ:

Міне, осындай желтоқсанның желімен

Кетті ерлер, солар үшінсегілем.

Қыршындарым қанатынан қырқылған

Айырылды қыз-жігіттер теңінен.

Элнара

Желтоқсанның желі, аязы, ызғары,

Қанды мұзда талай қазақ сыздады.

Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға,

Азап шекті қайсар қазақ қыздары

Темірлан

Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,

Талай қазақ гүлдерін де солдыра

Ел билеуге алып келді Колбинді

Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.

Эльвира

Егемендік- бұл елімнің елдігі,

Егемендік – барлық ұлттың теңдігі

Егемендік- елін, жерін қорғаған,

Ербол менен Қайраттардың ерлігі

Қарлығаш

Тарих куә өткен менен кеткенге,

Ұлтым деген ұл-қыздардың еңбегі

Көркеюмен осы күнге жеткенге

Өткен күндер тарих болып барады.

Еске алсаң мұнды әуенге салады

Елі үшін еңіреген әрбір жан

Ұмытылмас, ел есінде қалады.

Данияр

Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуде Қазақстан елдігін

Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,

Елің алды егеменді теңдігін!

Даурен

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы, келе берер!

Амангелді

Көптен күткен көк Байрақ желбіреді

Күннің көзі көктемдей елжіреді

Мұнан ыстық, жалын- от бар ма, сірә,

Отан- әнмен жүрегім тербеледі.

Құралай

Басынан бұл қазақтың нелер өтті,

Жамандық пен жақсылық бәрі кетті

Жиырмасыншы ғасыр шыңдаған соң,

Аңсаған еркіндікке қолы жетті.

Алмат

Мен –Қазақстанмын!

Болашаққа сәлемін жолдайтұғын

Қырандай қос қанатын қомдайтұғын

Бәйгелерде оздырып қос тұлпарын,

Тұғырын саф алтынан сомдайтұғын.

Айгерім

Қазақтың арайланып азат таңы,

Тағдырдың артта қалды азаптары

Үмітін үкілеумен өткен жылдар,

Жасампаз жазып жатыр парақтарды.

Альмира

Аңсаған азаттықты ұлы халық,

Бостан күнге жеткенді белі талып

Бет түзеп өркениет ауылына,

Арманның алаулайды шамын жағып

Ән: «Егеменді ел» орындайтын Сламбай Қымбат

(Осы кезде оқушылар шығып кетеді.)

2 - жүргізуші: 
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігімізге арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. 

1-жүргізуші:
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаспан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығында 16 –желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік іс-шара  өз деңгейінде өткізілді.  Мерекелік  іс-шараға  ауыл әкімі Д.Аульбеков пен Кербұлақ ауданының жастар ресурстар орталығының жетекшісі А.Мыңбаев  кеңесшілері Руслан Байжан мен Ерлан Тәжібаевтар қатысты.  Мерекелік іс-шара 3 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде концерттік бағдарлама болса, екінші бөлімде оқушылардың арасында «Жайдарман»  сайысы, үшінші бөлімінде «Коучинг» сессиясы өткізілді. Осы мерекеде мектебіміздің жас мұғалімдері мақтау қағазымен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» ( ашық тәрбие сағаты)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 820 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.05.2016 3527
    • DOCX 138.6 кбайт
    • 50 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Изахунова Гульмира Хамидовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Изахунова Гульмира Хамидовна
    Изахунова Гульмира Хамидовна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8697
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 752 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 979 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 407 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Мини-курс

Разработка и проведение онлайн-обучения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 21 региона

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек