Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Тәуелсіздік - ел тірегі" тақырыбына сынып сағаты

"Тәуелсіздік - ел тірегі" тақырыбына сынып сағаты

Скачать материал

«№35 орта мектеп» МКМ 8 «А» сынып жетекшісі Н.Мамытова

Тақырыбы: Тәуелсіздік- ел тілегі.

Мақсаты:

  1. Оқушыларға Қазақстан тәуелсіз мемлекеті және тәуелсіздікке қол жеткізудің саяси мәні жайында түсініктеме беру.

  2. Отанға, тәуелсіз мемлекетімізге деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.

  3. Патриоттық сезімін ояту,елжандылыққа,өз Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: плакат,кітап көрмесі, нақыл сөздер, желтоқсан құрбандарының суреттері.

Сынып сағатының барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар тәуелсіз еліміздің жастары!

2-жүргізуші: Армысыздар ұстаздар мен қонақтар!

1-жүргізуші: 8 «А» сынып оқушыларының дайындаған «Тәуелсіздік –ел тілегі» атты ашық сынып сағатын ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші: Біздің тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болды,тәуелсіз елдің бақытты болашағы біздерміз. «Біз сіздердің істеріңізді ары қарай жалғастырамыз,болашақ біздікі!»- дейтін күн!

Әнұран орындалады.

1-жүргізуші: Біз қазақ мал баққан елміз

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз

Басымыздан құт береке кетпесін деп

Жеріміздің шетін жау баспасын деп

Найзасына үкі таққан елміз.

2-жүргізуші: Басымыздан сөз асырмаған елміз

Достықты сақтай білген елміз

Дәм тұзды ақтай білген елміз-деп ата-бабаларымыз ұрандап өтсе, Тәуелсіздіктің 25-жылдығын еркін де, ерікті елдікте өткізсек, содан бері Қазақстанды 120-дан астам ел танып, 130-дан астам ұлт бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруде.

1-жүргізуші: Тәуелсіздігімізді жариялаған кейінгі аз уақытта жеткен жетістіктерді атап өтсек:( оқушылар тәуелсіздік алғаннан бергі жеткен жетістіктерімізді кезек-кезек айтып шығады)



2-жүргізуші: Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған

Жете алмай құрбан болды қанша адам.

1-жүргізуші: 1986 жылдың желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, 1 минут орнымыздан тұрып үнсіздікпен еске алайық.

2- жүргізуші: 1991 жыл Тәуелсіздік алған жыл.

Өзіңдікі туың да, отпен ауа, суың да,

Жаса, Қазақстаным! Белді бекем буын да

Ұраның да жасасын! Құраның да жасасын!

Қанатың қайырылып, қыр арқаңнан майырылып

Егемен тәуелсіздіктен, қала көрме айырылып.

( оқушылар тәуелсіздікке арнаған тақпақтарын кезек-кезек айтады)

1-жүргізуші: Тәуелсіз елдігіміздің шаңырағы шайқалмасын

Мақтанамын, кең байтақ елім үшін,

Құнары , мол шырынды жерім үшін.

Әрқашан биік шыңнан көрінгін деп,

Тілерім сол, туған жер, пейілім шын.



( Оқушылардың дайындаған көрінісі қойылады)

Ән: « Атамекен»



1-жүргізуші: Қазақстан қасиетті ұғым бұл,

Ей,келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағана береді,

Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.

( оқушылар тәуелсіздік сөзін талдайды)



1-жүргізуші: Туған елдің жырын жырлап ғарыштан,

Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.

Келешегі кең өрісті, кемелді.

Жайна мәңгі- Қазақстан- Гүлстан!

2-жүргізуші:

Өткені ұйқы басып, қайғы алған ел,

Бүгіні жұлдыз ұшып, ай барған ел.

Жасай бер, о Қазағым, қазыналы,

Жүз ұлттың Отанына айналған ел.

Н.Ә.Назарбаевтің сөзіне, Б. Тілеухановтың әніне жазылған « Елім менің» әнін бірге орындайды.

1-жүргізуші: Өткен ғалам ғайып боп, сызы қалған,

Өсіп келеді менің елім Ғажапстан.

Әлем танып қадамын алға басқан,

Жырға айналды бүгінде Қазақстан


2-жүргізуші: Кең далалы кең пейілді қазақпыз.

Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз.

Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз,

Ел намысын ешбір жауға бермейміз.

Сертің осы, азат жігіт, азат қыз!- деп 8«А» сынып оқушылары дайындаған «Тәуелсіздік – ел тілегі» атты ашық сынып сағаты аяқталды.



1-жүргізуші: Зер салып тыңдағандарыңызға рахмет!



Т - тәуелсіздік

Ә – әділеттілік

У - уайымсыздық

Е – егемендік

Л - лайықтылық

С - сыйластық

І - ізеттілік

З - зиялылық

Д- достық

І - ізгілік

К-кеңпейілділік




C:\Users\1\Desktop\фотосурет0380.jpg

















Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тәуелсіздік - ел тірегі" тақырыбына сынып сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 233 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.02.2016 1668
    • DOCX 366.4 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мамытова Нургуль Сагатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мамытова Нургуль Сагатовна
    Мамытова Нургуль Сагатовна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 33237
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой