Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тәуелсіздік елім - тірегім! Тәрбие сағаты

Тәуелсіздік елім - тірегім! Тәрбие сағаты

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_2ded474e.jpghello_html_m6a6dda6e.jpg


Тәуелсіздік – тірегім!


Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елім – тірегім!


Сабақтың мақсаты: балалардың өздерінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, өз елінің патриоты болуға, ел егемендігін сақтай білуге, елінің кірпіші болып қалануға баулау.


Тәрбиелік мәні: өз ұлтының тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін білу ұлтының намысын қорғай білетін, намысты қолдан бермейтін елінің адал ұлы болу.


Мұғалім: Тәуелсіздік – тірегім!

Көзіме бүгін жас келіп тұр, халайық.

Әрбір істі зердеге алып қарайық

Тәуелсіздік жолына жан пида еткен

Ерлерімізді есімізге алайық.

Еске алайық, есімдерін білейік.

Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ

Алмайықшы екі қолдан жіберіп,

Жиырмадағы жалындаған жасында,

Қаншама жас азап шекті расында

Желтоқсанның ызғары өтіп кеудеде

Қарсы тұрды Колбин қосқан қосынға

Соны ойласам елжірейді жүрегім,

Өздері өліп, қорғап қалды ұлы елін

Желбіресін көк байрағы халқымның

Тәуелсіздік болсын мәңгі тірегім!










Бүгін өтетін ашық сабағымыздың тақырыбы: 16 желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз елім – тірегім» атты, сондықтан тәуелсздігімізге арналған ашық сабағымызды еліміздің мемлекеттік әнұранымен бастайық.

Ән ұран.


1 Жүргізуші: Аман Серік:

Армысыздар, бұл кешінің қонақтары,

Халқымның әрқашанда қонақ – бағы

Тәуелсіз елім – тірегім атты кештің

Екінші сынып оқушылары шақырады.


2 жүргізуші: Ахметова Малика

Сәлем бердік, кешіміздің көрермені,

Қазақтың, ол анық қой, өнер-кені

Тәуелсіздік кешімізге қош келдіңіз,

Алдыңызда болашақ өрендері.


Мұғалім:

Бүгін тәуелсіздікке қол жеткен егеменді еліміз. Бқл бізге оңайлықпен келген жоқ. Тамыры тереңге жатқан тарихи оқиғалардың нәтижесінде қол жеткізіп отырмыз. Ата-бабаларымыздың ұрпағын, елім, жерім, отаным деп кеткен арманына қол жеткізіп отырмыз. Ол - өз елің, өзінің туған жерің, өз Отаның. Сондықтан біздің қазіргі жас ұрпағымыз алдына қойған мақсаттары: елін сүйю, елінің салт-дәстүрін, әдет ғұрпын сақтау, өзінің кіндік қаны тамған жерін қадірлеу, құрметтеу.

(Оқушылардың қолына мына қағаздарды – жазуларды ұстату)


Қасиетті

төрім

hello_html_m3be9a026.gif








(Оқушылардың қолында жалау )

1 оқушы: Имберген Саружан

Отан – елдің анасы

Отан – жердің анасы

Бақытты ғой, дәл мендей

Тәуелсіз ел баласы!


2 оқушы: Кеңес Дамира

Бар байлықтың басында

Туған Отан тұр биік

Пейілі үшін қазақтың

Маңдайынан нұр сүйіп


3 оқушы: Оразғалиева Қарақат

Тыныш менің отаным

Ырыс менің отаным

Ардақтайтын отаным

Мен отаншыл баламын.


4 оқушы: Аман Серік

Жалғыз отан өзіңсін

Жүрегімнің түбінде

Оттай ыстық сезімсің,

Күнім – отан, күлімде!


Хор: «Күн дидарлы – Қазақстан» (оқушылардың орындалуында)

Әр оқушы отан туралы мақал-мәтел айтады:

Отан – оттан да ыстық

Отан үшін отқа түс

Отан отбасынан басталады

Елі байдың – жері бай







Туған жердің жусаны тәтті

Елдің көркі елімнен

Отан көркі жерімен


Мұғалім: Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресінің тарихи нәтижесі.

Балалар 1986 жылы 16 желтоқсан – қандай күн болған екен?

(Музыка ойналды, оқушылардың қолындарында фотосуреттер: Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова).


Орақ Нұржауһар:

Қасқалдақ ұшып жырлайды

Шүрегей келіп қонған күн

Қыранды қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн

«Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп

Қазаққа күйе жаққан күн

Қаракөз Қазақ қыздарын

Омондар бастан тепкен күн

Жанына таппай бір дауа

Ер, қайрат қыршын кеткен күн.


Балалар, осы суреттерде желтоқсан құрбандары. Осы аға, апаларымыздың арқасында егемен ел болып, көк туымыздың байрағы желбіреді. Ляззат, Қайрат, Сабира, Ербол апа-ағаларымызға 1 минуттік үнсіздік жариялаймыз!

(1 минуттік үнсіздік)









Еліміздің егемендік алуы халқымыздың бетін ашып, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол баршамызға бейбіт, өмірде еркіндік пен ілгерімшілікті аңсаған ақниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

Оқушы: Имберген Саружан

Ел даласын егін жапқан

Бар баласы бақыт тапқан

Менің жерім, туған елім –

Күн сәулелі Қазақстан (балалар бірге айтады).

Би: «Айгөлек» (қыздар биі). Қыздардың орындауында.


Оқушы: Ахметова Малика

Көк байрағым желбіресін көгімде,

Әнұраным әуелесін елінде,

Елтаңбамыз нышаны боп елдіктің

Тұрса артық не арман бар өмірде


Оқушы: Ақылбекова Зарина

Тәуелсіз жолында

Талай-талай тер төккен

Биілігім өз қолымда

Еркіндігім – Елтаңбам


Оқушы: Жанатай Ерсін

Құт-береке – шаңырақ

Орын-алған ол төрден

Қанатты құс-қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген


Оқушы: Жумабаев Ильяс

Әнұраным, жанұраным

Айтар әнім сөйлер сөзім

Мәңгі бақи шырқалады

Республика әнұраным







Ән: «Бақытты балалық» орындайтын Оразгалиева Қарақат


Оқушы: Амантай Ұлан

Есілдің жағасына қонған қалам,

Жүрегі қазағымның болған қалам,

Күн санап ертегідей өскен қалам,

Жайнашы, жайнай берші нұршы Астанам!


Оқушы: Сансызбай Мұхамедияр

Бабалардың көзіндей

Даналардың сөзіндей

Ту ұстаған Астанам

Әсем қалам, бас қалам!


Оқушы: Құсайнов Қуаныш

Астана арман қала

Бағы бір жанған қала

Тұрады ол жап-жас болып

Мен үлкен болғанда да


Ән ұлдардың орындауында («Солдат болам мен ертең») Қазақстан


Жүргізуші: Ахметова Малика

Қазақ аты береке, бірлік дер ем

Қазақ осы бірлікті – тірлік деген

Сахараға бүгін де шықты қазақ

Тәуелсіз бір тағалы жүйрікпенен











Жүргізуші: Аман Серік

Аспан ашық, елі тыныш Тәуелсіз

Қазақстан жасай берсін!

Ақ шаштыаналар, әзиз әпелер аман болсын!

Әрқашан сәбилердің шат күлкісі үзілмесін!

Біз Қазақстанда тұрамыз

Біздің отанымыз – Қазақстан

(балалар бірге айтады)


Қорытынды: Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген қазақ елі, құдай қаласа гүлденіп, мәңгі жасай бермек.

Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік. Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола берсін!

Еліміздің, елдігіміздің белгісі – көгілдір туымыз, қасиетті көк байрағымыз көкте қалықтап, желбірей берсін!

Сабағымыз мәнді, мағыналы болып өтуіне бар білімімен күш-жігерін, салған оқушылар, сіздерге рахмет!

Көңіл қойып тыңдаған қонақтарымыз – аяулы ұстаздар, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін, ілтипат – ниеттеріңіз үшін сіздерге зор алғысымызды білдіргім келеді! Осымен сабағымызды музыкалық қоштасумен аяқтаймыз.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін».

Жақсы қатысқан үшін естелікке мынадай сыйлықтар сыйлаймын.










hello_html_37d81514.jpg

Автор
Дата добавления 07.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров332
Номер материала ДВ-311918
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх