Инфоурок Обществознание Другие методич. материалыТәуелсіздік - елімнің ерлік жолы (ашық тәрбие сағаты)

Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы (ашық тәрбие сағаты)

Скачать материал

Тақырыбы: «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы»

Мақсаты:

 Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы  жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту; Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру; бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеуоларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері. «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы», қанатты сөздер жазылған плакаттар.

 

Барысы:

Тәуелсіздікке тарту

Орындайтындар:

Абдрахмаова Индира

Боранбаева Айша

Жайлыбаева Айлана

 

1-жүргізуші:

            Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, білектің күшімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығы мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»  атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Видео көрсету (Тәуелсіздік күнімен!)

 

2- жүргізуші:  Сіздерді 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.

1-жүргізуші:

   Армандарды жақындатып тым алыс,
   Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
   Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
   О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған мерекемізді ашық деп жариялаймыз!

(Гимн)

Құттықтау сөз мектеп директоры Арғынғазина Айгүл Танатқызына беріледі.

 

 2-жүргізуші:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күштi қанатты.

Мен жастарға сенемiн! - дей отыра бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.

1-жүргізуші: Жумадилова Асел

2-жүргізуші: Каленов Алібек

1-жүргізуші: Тортаева Дариға

 2-жүргізуші: Молдабаева Индира

Ант

 

1-жүргізуші: «Жас ұлан» ұйымына қабылданушыларға төсбелгіні табыстау үшін мектеп директоры Арғынғазина Айүл Танатқызы және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Байжанова Роза Бейсенбайқызын ортаға шақырамыз.

 Қазақ биі:

Орындайтын: 6 сынып оқушылары

 

2-жүргізуші: Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі  бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ  халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. 
1-жүргізуші:
  Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт  бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.

Көрініс

Сахнаға Қаз дауысты Қазыбек би шығып сөйлейді.

Қаз дауысты Қазыбек би:

  Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз. (орындыққа отырады, ойланады)

(Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)

Немересі: - Ата, не ойлап отырсыз?

Атасы: - Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.

Немересі: - Ата, өткен өмір деген не?

Атасы: - Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?

Немересі: - Ал, ол қандай болған?

Атасы: - балам, сен де өз тарихыңды білуге тиістісің, сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз Қазақ руларының басын қасып, халық болып қалыптасуынан басталады бұл тарих. Ал, балам, тарихты тыңдайық.

 

(«Тәуелсіздік шежіресі» слайд арқылы көрсетіліп тұрады.)

1-жүргізуші: 1991 жылы 1 желтоқсан Бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды.

2-жүргізуші: 1992 жылы Қазақстан Республикасының нышандары қабылданды.

1-жүргізуші: 1992 жылы қыркүйек қазан айларында Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті.

2-жүргізуші: 1993 жылы 15 қарашада Республика президентінің жарлығымен төл теңгеміз алғаш рет айналымға түсті

1-жүргізуші:  1993 ж.28 қаңтар - Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы

қабылданды.

2-жүргізуші: 1995 жылы 30 тамыз Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

1-жүргізуші: 1997 жылы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030 жолдауы» жарияланды.

2-жүргізуші: 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді. Астанада алғаш рет бәйтерегіміз салынды.
2-жүргізуші: 2003 жылы Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының бірінші съезі өтті.

1-жүргізуші: 2010 жылы Қазақстан Республикасы Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) төрағалық қызметіне кірісті.

 

2-жүргізуші:

Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен-күнге өркендеп, өсіп кеңейіп, гүлденіп келеді. Олай болса, Қазыбек атамыздан ақ тілек тілейік!

Қаз дауысты Қазыбек: «Ақ бата»

Басшыларымыз алысты көрсін,

Жетекшілеріміз табысты болсын!

Қыздарымыз саналы, сұлу болсын,

Ұлдарымыз қамысты болсын!

Қалада, мейлі қырда болсын!

Келген-кеткен ырза болсын!

 

1-жүргізуші:

 Ән: Мен қазақ         

Орындайтын: Мектепалды  оқушылары: Кузабаев Мади, Валиев Нұрбек, Майматов Бақтияр

 

2-жүргізуші

Бабалардың  арманы, аналардың тілегі болған бақыт - тәуелсіздік алақанымызға қонды. Тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз. Бұл күнге қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттердің қатарына қостық.

 

1-жүргізуші:

Барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні де,маңызы да айрықша . Өйткені біз тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгелдеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.  Олай болса келесі кезекті 2 сынып оқушыларына береміз.

Тәуелсіздік туралы тақпақтар

Орындайтын: 2 сынып оқушылары

 

2-жүргізуші:

   Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 

1-жүргізуші:

    «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

2-жүргізуші:

 Көк байрағым желбіреп, 
 К
өк аспанда қалқиды. 
 Егеменді елім деп,

 Шаттық әні шалқиды 

 

Ән: Көк тудың желбірегені

Орындайтын: 4 сынып оқушылары

1-жүргізуші:

Жас арудың жанарында - Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында - Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында - Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да - Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да - Желтоқсан.

 

2-жүргізуші:

  Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі  1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10-да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып  келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің  пікірінсіз-ақ ұсынылған еді. 

 

1-жүргізуші:

Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді. 

 

Көрініс: Желтоқсан құрбандары

Орындайтын: 7-8 сынып оқушылары

 

2-жүргізуші: 
  
Арада қанша жылдар өтті. Қаралы күннің қасіреті алыстап, егемендік алған еліміздің көкшіл жалауы желбіреп, биіктей түсті. Ия, Тәуелсіздік шыңы бізге оңай келмеді! Қайраттай  қайратты жастардың қанымен, Ләззаттай албырт арулардың үнімен, боздаған жоқтаған қасіретті ананың зарымен, ұландарына ақ тілек айтқан бабалардың батасымен келді! Желтоқсанда опат болған  боздақтарымыз тірі болғанда, отыз бес пен қырықтың  арасындағы қылшылдаған азамат болар еді. Біз бүгін сіздердің рухтарыңызға бас иеміз асыл аға-әпкелер!

 

1-жүргізуші:

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, 
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың 
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира 
Құрбаны болған жаланың 

 

Көркем сөз

Орындайтын: 3 сынып оқушылары

2-жүргізуші:

   Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық қаһарманы” атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен “Алтын жұлдыз” тапсырылды. Сабира,  Ләззат,  Ерболға  “Ақтау жөніндегі анықтама”  қағаздары берілді.  Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз: Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа-Ахмет сынды ағаларымыз көп еңбек етті. 

 

Шаттық биі 

Орындайтын: 1 сынып оқушылары:

 

1-жүргізуші:

    1991 жылы 16 желтоқсаны барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздігіміздің туы көкке желбіреп, бақыттың байлығына кенелген мерейлі күн болды. Азаттықты аңсаған ел арманына қол жеткізген жылы қуанышты қуанышқа жалғап мен елім үшін жерім үшін тудым дегендей қаншама сәби дүние есігін ашты. Міне сол сәбилер осы күні Тәуелсіздігімізбен бірге өсіп, болашаққа бірге қадам басып келеді.  Бүгінгі күні біздің мектебімізде Тәуелсіздік күні дүниеге келген Сәрсенбаев Абылай ағай және Молдаш Ерғазы Малшыбайұлыда тәуелсіздігіміздің бел құрдасы екенін мақтан тұтады.

Видео. (Тәуелсіздік құрдастарының  құттықтауы)

   

Ән: Қазақ елі осындай

Орындайтындар: 4 сынып оқушылары Керибаева Камель, Жумадилов Аслан

 

2-жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

 

1-жүргізуші:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді, 
Кеңейттім кең әлемге керегемді. 
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар 
Таныды тепе - тең деп тереземді. 
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан, 
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

 

9 сынып оқушыларының әсем биін қарсы алыңыздар

 

2-жүргізуші:                    
Қасиетті Қазақстан мекенім, 
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. 
Елім, жерім, Отаным бақ-дәулетім, 
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

 

1-жүргізуші:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра 
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

 

Ән: «Жаса Қазақстан»

Орындайтын: 5 сынып оқушылары

 

2 -жүргізуші: 
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы (ашық тәрбие сағаты)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.03.2016 9624
    • DOCX 77 кбайт
    • 169 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Базылбекова Айнур Бакытжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23627
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по обществознанию в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 146 человек из 50 регионов

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов обществознания в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 23 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к ЕГЭ по обществознанию в разделе «Право»

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов

Мини-курс

Цифровая трансформация в управлении и информационных технологиях

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология семейных отношений: понимание, следствия и решения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 26 регионов