Тақырыбы: «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»
Мақсаты: Білімділік: 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. Елімізде алғаш рет екі күштін: жаңа басталып, буыны қатпаған демократияның және ол кезде әлі күшінде тұрған әкімшіл-әміршіл жүйенің қақтығысын түсіндіру.
Дамытушылық: Тарихи деректердің маңызын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан таңдай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күреспен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, Отан сүюге тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысының түрі: Танымдық шығармашылық жұмыс
Тәрбие жұмысының әдісі: пікір алысу, талқылау.
Сабақтың көрнекілігі: Еліміздің туы, елтаңбасы, әнұраны, буклет, суреттер, тірек-сызба, әдеби кітаптар.
Тәрбие жұмысына қатысушылардың бейімділігін қалыптастыру
Адамгершілік қасиеті
Психологиялық зерделеу қасиеті
1.Тұлғаны таны
Д.Қонаев М.Шаханов Қ.Рысқұлбеков
«Отанның азаматтығынан, тәуелсіздігінен асқан дәулет жоқ».
Мұхтар Шахановтың өлеңі.
Желтоқсанның ызғары-ай,
Кірпікке қатқан мұздары-ай,
Елім-ай деп егілген,
Қаһарман ұлдар, қыздар-ай.
Тегеурінді соққылары жарақтан,
Ақша қарғы судай ақты қайнап қан,
Қайдан білсін қызбаланған ерлерін,
Айрыларын, Ләззат, Ербол, Сәбирадан, Қайраттан.
16-желтоқсан 1986 жылы отты оқиға болды. Тәуелсіздік аңсаған жастар ұлттың намыс құдіретін дүние жүзіне танытқан бұл оқиғанын құрбандары болған Қ.Рысқұлбеков,
Л.Асанова, С.Мұхамеджанова, Е.Сыпатаевтардың жүректі үні, ел намысын қорғаған ерліктері мәңгі өшпейді.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы-қазақ
халқында бұрын болмаған ең ауыр да,
әділетсіз көтерілістің бірі.
Енді, міне сол желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында
ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Егеменді ел, Тәуелсіз мемлекет болды. Халқымыздың ар-намысы үшін қаза болған
ұл-қызы ақтады.
1991жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы жарияланды. Бұл еліміздің ешкімге тәуелсіз, дербес мемлекет екендігін дүние жүзіне әйгілі еткен аса қасиетті құжат.
Мақсаты: Білімділік: 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. Елімізде алғаш рет екі күштін: жаңа басталып, буыны қатпаған демократияның және ол кезде әлі күшінде тұрған әкімшіл-әміршіл жүйенің қақтығысын түсіндіру.
Дамытушылық: Тарихи деректердің маңызын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан таңдай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күреспен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, Отан сүюге тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысының түрі: Танымдық шығармашылық жұмыс
Тәрбие жұмысының әдісі: пікір алысу, талқылау.
Сабақтың көрнекілігі: Еліміздің туы, елтаңбасы, әнұраны, буклет, суреттер, тірек-сызба, әдеби кітаптар.
Профессия: Тьютор
В каталоге 6 713 курсов по разным направлениям