Инфоурок Всеобщая история Рабочие программыТәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстел

Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстел

Скачать материал

16-желтоқсан «Тәуелсіздік күніне арналған» дөңгелек үстел.

Қатысушылар 7-9 сыныптар.

Барлығы: 25 оқушы

Армысыздар қадірменді оқушы қауымы!

Бүгінгі «Тәуелсіздік -Тірегім» атты дөңгелек үстелімізді ашық деп жариялаймын.

Гимн

Қазақстан Республикасы бүгінде Тәуелсіз, демократиялы, зайырлы , егеменді мемлекет болып отыр. Қазақстан Республикамыздың тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның ел болып танылуында, әлемге әйгілі болуына зор ат салысып, көп еңбек терін төккен адам. Бірақ осы бүгінгі терезесі тең, аспаны ашық құбыласы түгел заманға біз Тәуелсіз Қазақстан жастары қалай қол жеткіздік?

Оқушылар жауаптары.

Ия, Тәуелсіздік жолы бізге оңай жолмен  келген жоқ. Көптеген  қан төгіспен, зор күштің арқасында егеменді ел болып отырмыз. Қазір біраз тарихқа тоқталайық. Сонау 18 ғасырдан бастап Қазақ хандығы басынан қилы замандарды өткерді.

Абылай атамыз үш жүздің басын біріктіріп, қазақ хандығын қолында ұстап қалмақ болды. Бірақ ел басына күн туған заманда бұл мүмкін бе еді?!

Әрине ол қиын сұрақ. Абылай тарих сахнасынан кеткеннен кейін де көптеген қас батырларымыз ұлт-азаттықты аңсап,  отаршыл саясатқа қарсы шыққан жоқ па? Әрине шықты, бірақ бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарар заманда сатқындық, жеке бас мүдделігі бірінші сапқа шығып, ұлт мүддесі аяққа тапталды.

Қазақ атамыз басынан қилы замандарды өткере отырып, бүгінгі  арайлы таңға қол жеткізді. 2012 жылдан бері  1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні болып аталып өтуде. Бұл мерекені  атап өту туралы  мәжіліс  депутаттары ұсынып оң шешімін  алған еді.

Президент туралы слайд.

8-сынып оқушысы «Елін сүйген Елбасы » атты шығармасын оқиды.

16-желтоқсан күні 1991 жылы Тәуелсіздік туралы Заң қабылданған күннен бастап бұл күн тарихта елеулі оқиғалардың бірі болып саналады. Осы күннен бастап жас егеменді елдің тарихы басталды. Қазақстан Республика болып жарияланып, жаңа тарих беттерін ашты.

Егеменді Қазақстан Республикасының тарихында Елордамыздың тарихы ерекше. 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола Қазақстанның ресми астанасы болып  жарияланады. 1998 жылдың 6 мамырында  Ақмола Астана деген атқа ие болады.  1998 ж. 10 маусымынан бастап жаңа астананың тұсаукесер тойы болып өтті. Сол күннен бастап Есілдің сол жағалауында  жаңа қала бой көтерді.  Мұнда құрылыс жүргізетін инвесторларға салықтық жеңілдіктер берілді.

Астана туралы слайд көрсетіледі.

 

 

 

 

Қазақстаным!

Бір Алла атты теңдессіз ғажап Ұстаның,

Бойына жиған имани тазалық нәрін.

Төріңе қанша төнсе де қара дұшпаның,

Болашағы үшін бастарын бәйгеге тігіп,

Қорғады сені серт беріп сан Арыстарым –

Қазақстаным!

Төндіріп тағы басыңа қара бұлттарын,

Тарихтан білем ұлтымның жан ауыртқанын.

Ұрпақтарыңның былғаған балалық шағын,

Қариялардың ұрлаған даналық шамын,

Замандар да өтті-ау, жататын тоналып бағың –

Қазақстаным!

Өмір-өзеннің бұлқынған долы ағыстарын,

Елең де қылмай, еңкеймей, алабұртпадың.

Қап-қара жерге қып-қызыл көп ағып қаның,

Ақырып теңдік сұрап ең, Алашыңды айтып,

Ақыры келіп қолыңа жалау ұстадың – Қазақстаным!

 Босатып тордан, зарыққан дала құстарын,

Алдыңнан атты нұр шашып, ағарып таңың.

Соның үшін де қолыма қалам ұстадым...

Жүрегімменен жүремін үнемі сезіп,

Бойыңда сенің асқақ рух, дара күш барын –

Қазақстаным!,- міне, осындай патриоттық өлең жолдарымен отырысымызды одан әрі жалғастырамыз.

 

Ежелден – ақ жақсылықты Алладан күтіп, болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз. Сол пейілге орай қазақ халқына кең байтақ жер, көл-көсір көңіл бұйырған. Ол қиырдан бұл қиырға, дейін жайылған маңғаз елдің кең байтақ жеріне жан-жақтан көз тігушілер аз болған жоқ. Өз тілін мәдениетін дамытуға  деген қазақ халқына мүмкіндік бермеді. Осы қазақ халқының жері болашағы үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ляззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанқызының аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр. Бір ғана өкініш бар ол азаттық үшін жан аямай алысқан, сол боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы

Егемендік

Мұз жастанып азаттықтын жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.

 

Желтоқсан боздақтары слайд.

 

 

 Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің егемендігімізді алып берген Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды. Отанымыз туған жеріміз, еліміз жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп өңуде.

 

Қазақстанда әр жыл мәдени атаулармен аталуда.

1997 жылы ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы. 1930-1932 жылдардағы ұлы қасіреттің 65 жылдығы және сталиндік қуғын-сүргінге түскен ұлттық зиялылар қасіретінің 60 жылдығы атап өтілді. 1997 жылы 13 желтоқсанда Ақмолада саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық кешен ашылды.

1998 жыл-халық білігі мен ұлттық тарих жылы. Бұл жылы 23 ірі Ғылыми форумдар өткізіледі.

1999 жыл – Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып табылады. М. Хайдар Дулатидің 500 жылдығына арналған мерейтой өткізіліп, "Тарих-и-Рашиди” еңбегі қазақ тілінде шығарылды. Сонымен қатар бұл жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары жалғасты. Нәтижесінде 19.144 адам толықтай ақталды.

2000 жыл- мәдениетті қолдау жылы.

2001 жылы 18 маусымда Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астанаға әкелінді. 2001 жылы 5 маусымда Қазақстанда Ресей Федерациясы мәдениетінің күндері басталды. 2003 жылы Астанада дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлердің съезі болып өтті.

Осындай мәдени іс-шаралардың өткізілуімен қоса, әлеуметтік қайшылықтардың артуына, экономикалық жағдайдың нашарлануына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне байланысты халықтың рухани жағдайы өте күрделі болды.

1999 жылы Н.Ә. Назарбаевтың "Тарих толқынында” атты еңбегі жарыққа шықты. Бұл еңбектің "Тарихтың шеңберлі және ұлттық зерде” бөлімінде ел тарихын автор 12 кезеңге бөледі.

Еңбектің маңызы: Тарих қойнауын зерделей отырып ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі баса айтылды.

 

Қуан, қазақ!

Қуан, қазақ, күн туды қуанатын!

Ендіктерді аралап еркін дүбір,

Алаулатты керемет көркіңді нұр.

Алақайлап аспанға атып тұрып,

Берекелі бастағы бөркіңді бір...

Қуан, қазақ!

Күн туды қуанатын!

Қазақ елі азат,

Қазақ жері азат,

Қазақ ері азат,

Бұдан нұрлы шақ бар ма?

Бұдан асар бақ бар ма?

Қуан, қазақ!

 

Біздің елбасымыз – Н. Ә.Назарбаев, дана адам, шебер саясатшы, нағыз отаншыл. Ол – Ата Заңның гаранты. Біздің Ата Заңымыз – негізгі тәуелсіздіктің нышандарының бірі. Қазақстанда өз мемлекеттік рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, әнұран. Олар егемендікті, бостандықты, дәстүрлерді, тәуелсіздікті көрсетеді. Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз - Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз.

Қазір сегізінші сынып оқушысы Жұмабек Әлішер Президентіміздің биылғы жолдауындағы білім мәселесі туралы ой қозғайды.

 

Президентіміздің жыл сайынғы қазақ халқына жолдауы  Республиканы дамытуғ бәсекеге қабылетті жастар тәрбиелеу мәселелерін өзекті етіп көрсетеді. Сөзіміздің соңында Н.Ә.назарбаевтың сөздерімен аятайық: «біздің жалпы ұлттық идеямыз Мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік ел- елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі» дей келе бүгінгі  жиынымыз аяқталды.

Б.Тілеуханов «Елім менің».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай атындағы № 2 орта қазақ мектебі

 

 

 

 

 

 

 

«ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ»

атты дөңгелек үстел

 

 

 

 

 

 

Өткізген тарих пәнінің мұғалімі: Бекибаева А.Т.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Степняк қ., 2015-2016

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстел"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 249 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.12.2015 21290
    • DOCX 24.3 кбайт
    • 423 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекибаева Аягоз Талгатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бекибаева Аягоз Талгатовна
    Бекибаева Аягоз Талгатовна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 35424
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 25 регионов

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 24 регионов

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Мини-курс

Творческие возможности в мире фотографии и медиа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 115 человек из 41 региона