Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар жоспары

Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар жоспары

Скачать материал

Тәуелсіздік күніне

арналған сыныптан тыс шараның жоспары:

 

І. Сәлемдесу.

1. Қазақ жастары әні.

2. Ұраны

3. Өзін-өзі таныстыру.

4. Эмблеманы таныстыру.

ІІ. Патриоттық ән.

ІІІ. Көрініс.

IV. Өз өнерлерін көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ жастары

 

 

1. Бір кемеде келеміз, бірге жүзіп,

Көргеніміз күнде той, күнде қызық

Сұлу қыздар бар бізде, жігіттерде бар,

Теуіп кетсе темірді жүрген үзіп.

 

Қайырмасы:

Қазақ жастары,

Қия баспады,

Алға бастады,

Көзімді ашқалы.

Көзді жұмдағы,

Биле тұр дағы,

Қазақ халқының қыздары, ұлдары

 

 

2. Арқа қағып ағалар інім дейді,

Сәлем берсең жеңгелер күлімдейді.

Абыз кеуде қарттардың батасын алып,

Біздің нардай жігіттер сүрінбейді

 

Қайырмасы:

Қазақ жастары,

Қия баспады,

Алға бастады,

Көзімді ашқалы.

Көзді жұмдағы,

Биле тұр дағы,

Қазақ халқының қыздары, ұлдары

 

 

3. Қыздары бар дәстүрден жанылмайтын,

Көлде жүзген аққудай мамырлайтын.

Бірімізді-біріміз батырым дейік, ей

Біз біріксек қамал жоқ алынбайтын.

 

 

 

 

 

 

Ұран

 

Қазақ жастары алға,

Қазақ жастары жаса,

Қазақ жастары қалыспа,

Қырандай самғап, қарышта!

 

Қазақ жастары біздерміз!

Алға бастап келеміз,

Сәлемдесіп халықпен

Басымызды иеміз.

 

 

 

 

 

                                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаса қазағым

 

Жастарының жалыны бар,

Қарттарының қадірі бар,

Жақсылыққа жаны құмар,

Жаса қазағым!

 

Тарихының тамыры бар,

Дәстүрінің тәлімі бар,

Сақ пен ғұнның сарыны бар,

Жаса қазағым!

 

Қайырмасы:

Жаса, жаса қазақ тілім!

Жаса, жаса ғажап дінім!

Баянды боп, азат күнің,

Бағың таймасын!

 

Жаса, жаса рухты халқым!

Жаса, жаса құтты салтым!

Айдан асып мықты даңқың,

Жаның жайнасын!

 

Көсемдері кесім берген,

Керуен тартып, көшін керген,

Төрт түлігі төсінде өрген,

Жаса қазағым!

 

Ту көтеріп, тұлпар мінген,

Саят құрып, сұңқарды ілген,

Күй төгіп, ән шырқап жүрген,

Жаса қазағым!

 

 

 

 

 

 

«Сол бір күнде» атты Қайрат Рысқұлбеков өмірінен көрініс.

 

Тергеу изоляторы

Қауіпсіздік қызметкері ( Дәнекер): Ұстаңдар, бұзақыны. Әкетіңдер, жауып тастаңдар.

 Тергеушінің бөлмесі:

Тергеуші (Бөгенбай) :  - Кезекші! Қылмыскер Қайрат Рысқұлбековті алып келіңдер!

Қайратты кезекші (Дәнекер) алып келеді.

Тергеуші (Бөгенбай) :  - Халық жасақшысы Савицкийді өлтірген сен бе?

Қайрат (Ыбырай) : - Жоқ, мен емес.

Тергеуші ( Бөгенбай) :  -  Сен өлтірген. Мойңына ал.

Қайрат (Ыбырай) :  - Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар.

 Тергеуші (Бөгенбай) : - Алып кетіңдер.       Бәрібір құтылмайсың. Бұзақы.

 

Қайратты қарауыл(Дәнекер) алып кетеді.

 

Сот залы:

Прокурор (Инабат) (жеке бір партада отырады) : -  Орындарыңыздан тұрыңыздар! Сот келе жатыр.

Сот (Ербол) : - Қылмыскер Қайрат Рысқұлбековты сот залына алып келіңіздер.

Қарауыл (Дәнекер) Қайратты алып келеді.

Қайрат (Ыбырай) (жеке бір партада отырады), қарауыл (Дәнекер) қасында тұрады.

Прокурор (Инабат) : -  Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков, сіз желтоқсанның 17 - 18-күні алаңға бардыңыз ба?

Қайрат (Ыбырай) : - Иә, бардым. 17 желтоқсан күні.

Прокурор (Инабат) : -  Не мақсатпен?

Қайрат (Ыбырай) : - Ол жерге барған себебім: біріншіден, ел айтқан, естіген сөздерді өз көзіммен көру үшін бардым. Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып-соғып жатыр деген соң, «Қыздың жолы жіңішке»  деген, менің түсінігімше, қыз жолы жоғары. Оны қастерлеп, аялауды ана сүтімен бойға сіңіреміз. Оларды арашалап, қорғау үшін барғаным рас. Сол жерде қаракөз қарындастарыма қолымнан келгенше бар көмегімді бергенім де рас. Ол үшін өкінбеймін, керісінше, мақтаныш тұтамын.

Сот (Ербол): - Сен, 9 автомашинаны өртепсің, соңы мойындайсың ба?

Қайрат (Ыбырай) :  - Жоқ! Ондай жалғандықты мойындамаймын.

Дауыс (Инабат) : - Сот кеңесуге кетеді. (Сәл уақыттан кейін, 2 секундтай) Сот келе жатыр. Тұрыңдар!

 Барлығы орнынан тұрады (көрермендерден басқа)

Сот (Ербол) : - Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының жоғарғы соты үкім етеді. Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков халық жасақшысы Савицкийдің өліміне байланысты  және 9 автомашинаны өртеп, 152 автомашинаны зақымдап, 326 милиционер мен 196 әскерді жаралап, ауруханаға түсуіне қатысты деп тауып, ату жазасына үкім шығарды.

Қайрат (Ыбырай) : - Жоқ. Бұл әділдік емес. 21 жасар мені осынша қылмыс жасады деп жала жауып көзімді жойғаңмен, ертең ақ пен қараны ажыратар күн туар! Елім деп еңіреген ерлер аз емес халықта.

Қайрат (Ыбырай) өлең оқиды:

 

- Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар.

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар

«Еркек тоқты – құрбандық»

Атам десең – атыңдар!

 

Анасы (Сандуғаш) : - Балам, балапаным! Оның не жазығы бар еді?! Сенбеймін. Ұлым! Қайратым!

Қайратты қарауыл (Дәнекер) алып кетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 081 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.07.2016 7127
    • DOCX 19.4 кбайт
    • 21 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кожабеков Мирас Дюсембекович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кожабеков Мирас Дюсембекович
    Кожабеков Мирас Дюсембекович
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 61980
    • Всего материалов: 24

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой