Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Тәуелсіздік күніне арналған сценарий
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Тәуелсіздік күніне арналған сценарий

библиотека
материалов



Кештің тақырыбы: «Тәуелсіздік –адамзаттың бақыты!»

Кештің барысы: 3,4-сынып оқушыларының флешмоб биі: Алға, Қазақстан!
Аружан: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік –адамзаттың бақыты!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Бимұрат:Тарихы терең қазақ деген көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді ту болмады дегенге?!

Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін,-дей отырып, салтанатты жиынымызға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін. (Ту әкелінеді)

Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған.
Несіне оны жасырам?
Гимніміз бүгінгі,
Баға жетпес асыл ән.
Хор: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні «Менің Қазақстаным!»
Аружан:
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз. Себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Айтжанов Жасұлан Маханбетұлына беріледі.

Бимұрат:

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Аружан:

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!





Бимұрат:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.


Аружан:
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащы!!!...


Бимұрат:
Қайрат атты атым бар,он сегізде жасым бар...
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!...


Аружан:
Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптінді....

Бимұрат:
Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып ....
Ән : Барақ Айдос, Жақсылық Раушан: «Желтоқсан желі ызғарлы........»

   Құрметті оқушылар! Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсан оқиғасы.

1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ елінің азаттық көктемі үшін, солақай саясатқа қарсы тұрған, алғаш рет бас көтеріп, құрбан болған ұлдарымыз жайлы сыр шертпекпіз. Ол оқиғаны ешбір қазақ азаматы ұмытуға тиіс емес.

Аружан: Балалар, 1986 жылы 16 желтоқсанда Брежнев атындағы алаңға жастар мен студенттер не үшін жиналып еді?

Оқушылар: Үкімет басына Колбиннің келуіне наразылық білдіру үшін.

Аружан: Колбинге неге қарсы шықты?

Оқушылар:  Қазақстанда қазақ мектептері мен балабақшалары азая бастады. Қазақтар өз ана тілін ұмыта бастады.

Бимұрат: Колбин қайдан келген?

Оқушылар: Колбин Ресейден келген болатын.

Аружан: Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіздер?

Оқушылар: Өз алдына дербес, еркін мемлекет, яғни ешкімге тәуелді болмай, ішкі – сыртқы мәселелерді өздерінің шеше алатын мүмкіндігі болуды – тәуелсіз мемлекет дейміз.

Бимұрат: Сонымен біз тәуелсіздігімізді алдық па?

Оқушылар: Иә, қазір біз тәуелсіз мемлекетпіз.

Аружан: Тәуелсіз мемлекет атануымызға кімдердің еңбегі сіңді?

Оқушылар: Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты үлкен азаматтардың.

Дұрыс балалар! Бүгін бір сәт осы аты аталған азаматтарды еске ала отырып, олардың ерлігін, не үшін алаңға шыққандығын көпшілік алдында айта кетсек артық болмас.

Желтоқсан  құрбандарын  1  минут  үнсіздікпен  еске  алу.

ӘН: Жаңабаева Жұлдызай мен Аманбаева Фариза: «Сарбаздар»

Бимұрат: XV ғасырда  қуатты  қазақ  хандығын  құрдық . Алайда  тәуелсіз  Қазақ мемлекеті  бейбіт , тыныш  өмір  сүре  алмады . Ұлан – байтақ  елімізге жан – жақтан  көз  тігіп , ойран  салушылар  көбейді .  Қаннен – қаперсіз жатқан  елімізге  жоңғар  қалмақтары  тұтқиылдан  шабуыл  жасап, қалық  жұртты  қан  жылатты. XV ғасыр  басында  дүрліккен  ел  шұбыра  қашып , ақтабан  шұбырынды болды.

Аружан: XVІІІ –ХІХ ғасырларда  халқымыз  еркіндік  пен  тәуелсіздігінен айырылды . Көмек  күткен  ақ  орыс  қазақ  халқын  аздыра  бастады . Ұлан – ғайыр  даламыз  империя  меншігіне  айналды . Халқымыздың  басынан қара  тұман  серпілмеді. ХХ  ғасырдың  1916 – жылы  маусым  жарлығына  жігіт бермейміз  деп , қарсылық  көрсеткендері  оққа  ұшырады , қаншасы  өз жерінде  қырғын  көрді . 1917  жылы  бостандыққа  біздің қолымыз  жетпеді . Өз  жерімізде  өзіміз  қырғынға  ұшырап , қуғынға  түстік. Мыңдаған  жандар   ата  жұртын  тастап , көшуге  мәжбүр  болды . 1923-1933  жылдарда  болған  адам  айтса  нанғысыз  ашаршылыққа  9 млн-дай    халықтың    2,2  млн – ы опат  болды. Тағы  аштық , тағы  жалаңаштық , тағы  өлім . Әлі  жоқ  дымы  құрыған  сорлылар  елін  тастап  кетуге  мәжбүр  болды

Бимұрат:1941 – 1945  жылдар  аралығында  адамзат  тарихында  болмаған  алапат  соғыста  , бірлік , достық   жолында  жан  қиған  қазақ  батырлары  фашизмнен  бүкіл  адамзатты  қорғап , ерекше  ерлік көрсетті

« Орнында  бар  оңалар »  демекші , ел  орнында , жер  орнында . Жерге  жетер  байлық  жоқ . Жер  болса , ел  болады , ел  болса , ер  болады . Ерлеріміздің  арқасында  Қазақстан  егеменді  ел  болып , дүниежүзіне  танылуда . Біздің  отанымыз  егеменді , Тәуелсіз  Қазақ  мемлекеті . Жүз  жиырмадан  аса  ұлт  өкілдері  тұратын  осынау  қасиетті  мекенде , асқақтаған  өлкеде , кеншілігі  керемет , дархан  дастархандай  далада  , егіні  теңіздей  толқыған , төрт түлігі  маңыраған  , өндіріс  өркендеген  мекенде  өмір  сүруші  әрбір  адам  өз  Отанын  жанындай  сүйіп, оның  көк  байрағын  көкке  көтеруді  мақтаныш тұтады.

ӘН: Ниязова Шаттық: «Қазақ елі!»
(Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)


Аружан:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата-баба рухына.
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі- дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-адамзаттың бақыты!» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
ӘН: Тағыбергенов Бимұрат, Әділ Қымбат, Барақ Айдос: «Мерекем!»


Бимұрат: Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Аружан: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

Екеуі бірге: Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!





























69 орта мектебі













































2015-2016 оқу жылы
































































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-000260

Похожие материалы