Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты

Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:


Сынып сағаты

Мектеп: А.М.Горький атындағы мектеп-лицейі

Күні: 11.12.2015 жыл

Мұғалім аты-жөні: Балмуханова Майра Найзабековна

Сынып: 4

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Тақырыбы: Қазақстаным, саған арналады!

Мақсаты:

Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін әртүрлі тапсырмалар арқылы түсіндіру, «Мәңгілік ел» идеясы туралы түсінік қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

-Оқушы іс-әрекетінде туған жерге деген шынайы қарым-қатынасы орнайды;

-Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін тұсініп, қоршаған ортаға шынайы, дұрыс әрекет етуге бағытталады

-«Мәңгілік ел идеясы» деген ұғыммен танысып, ұлттық санасын кеңейтуге жұмыстанады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Басы

Ұйымдастыру кезеңі


2-3 мин












2 мин













1.Сыныппен амандасу

Салеметсіздер ме, оқушылар!

Отырыңыздар!


2. Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сыныпқа психологиялық ахуал орнатайық. Бұл тапсырмамызға - «Достық туы» жаттығуы көмектеседі. (оқушыларды шеңбер жасап тұруға шақырады)

(Шеңбер жасап тұру.Уық-қолдарын алға созады. Шаңырақ-ортаға жақындап қолдарын біріктіреді. Кереге-бір-бірінің белінен ұстап, шалқаяды, сықырлауық-екі адамнан тұра қалып тілек айтады.


Сол кезде мұғалім:

-Бір-біріне тілек айтады.


Кейін мұғалім:

Мен де сендермен бірге айтылған тілектерге қосыла отырып, жақында өзінің туған күнін атағалы отырған елімізге, ӘРҚАШАН ...

Шаңырағы – БИІК!

Уығы – ТҮЗУ!

Керегесі – КЕҢ!

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА деген есігі үнемі айқара ашық болсын! – деген жүрекжарды ақ тілегімізді айтып, барлығыңызға бүгінгі сынып сағатында сәттілік тілеймін және сабағымыздың мақсатына ойдағыдай жетеміз деген үлкен СЕНІМ артамын!


3.Топқа бөлу: Шашу арқылы,кәмпит қағазының түсіне қарай 3 топқа бөлу.

1-топ 2-топ 3-топ

Қызыл Сары Көк



Мұғалім сөзі:  Оқушылар байқап отырсаңыз, бүгінгі сабағымызға сіздердің мерекелік көңіл күйлеріңіз, шынайы пікірлеріңіз, достық қарым-қатынастарыңыз, терең білімдеріңіз негіз болмақ...


www.kitap.kzwww.bilimland.kz

2/2013 «Тәрбие сағаты» журналы



























Түрлі-түсті кәмпиттер

Ортасы

Негізгі бөлім



3 мин

























3 мин

















2 мин















4-5 мин





4. Оқушылар, бүгін сынып сағатымыздың тақырыбы -

Қазақстаным, саған арналады!


Сынып сағатымыздың мақсаты - Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін әртүрлі тапсырмалар арқылы түсіндіру, «Мәңгілік ел» идеясы туралы түсінік қалыптастыру

Сіздердің тараптарыңыздан күтілетін нәтиже:

-Оқушы іс-әрекетінде туған жерге деген шынайы қарым-қатынасы орнайды;

-Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсініп, қоршаған ортаға шынайы, дұрыс әрекет етуге бағытталады

-«Мәңгілік ел идеясы» деген ұғыммен танысып, ұлттық санасын кеңейтуге жұмыстанады


5. Сонымен ойымызды жинақтап мына бір сұрақтарға жауап іздеп, ой бөлісіп көрейікші...

Балалар, 1.біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан (оқушы жауап береді)
2. Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай. (оқушы жауап береді)

Мұғалім сөзі: (Оқушы ойын жинақтайды)

Балалар, ҚҰНДЫ ПІКІРЛЕР айттыңыздар!!! Сіздердің пікірлеріңізді, ойларыңызды қорыта отырып, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатырғанына, сонымен қатар, біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол екендігіне көз жеткіздік.


6. Топтық жұмыс.

Ал қазір біз сіздермен "Көп білуге құмармын" деген тапсырмаға кезек берейік. Тапсырмаға құлақ түрейік, балалар сіздер білесіздер, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, мемлекеттік Гимніміз бар. Осы мемлекеттік символикалар – Қазақстанның тәуелсіз мемлекет екендігін дәлелдейді. Ал сіздер рәміздер туралы не білесіңдер? Байқап көрейік. (Әр топ өзінің алдындағы рәміз туралы әңгімелеп береді)


Мұғалім сөзі:

Жарайсыңдар, балалар! Бұл тапсырмадан мүдірмей өттіңдер!

Шын мәнісінде, бейбітшілік пен достықты сүйген тәуелсіз Қазақстан

ТУЫМЕН - тұғырлы,
ЕЛТАҢБАСЫМЕН - еңселі,
ӘНҰРАНЫМЕН - айбатты.

7. Оқушылар, сіздердің білімдеріңіздің нағыз шындалар тұсы да келіп жетті. Қазақтың шешен сөздеріне негіз болған мақал-мәтелдер әлеміне сапар шегеміз. Ол үшін «пазл» әдісі арқылы берілген «Ұйқасын тап» тапсырмасын топ болып орындаймыз.

Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Алдарыңызда туған жер туралы мақал мәтелдің сөздері қағаз қиындыларына бөлек-бөлек жазылған. Сіздер тез арада сол сөздердің байланысын тауып, құрап мақал-мәтел шығаруларыңыз керек. Кәне, кім шапшаң?!

(оқушылар құрастырады, оқиды)

8. Мәнерлеп оқы.

1-топқа: Бірлік бар жерде, тірлік бар.


2-топқа: Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

3-топқа: Бірлігі жоқ ел тозар, бірлігі күшті ел озар.


Мұғалім сөзі:

Бұл тапсырмада асқан жылдамдықпен, шеберлік таныттыңдар!!! Жарайсыздар!


3. Келесі «Мәнерлеп оқы!» тапсырмамызға назар аударайық!

Әр топқа тақырыптары әртүрлі 3 өлең берілген, сіздер 3 өлеңнің ішінен тақырыпқа сайын дұрыс таңдап, өлеңді мәнерлеп оқуларыңыз шарт.

(оқушы жауап береді)


  • Жарайсыздар, балалар!!! Білімнің шыңынан көріне білдіңіздер!!!















Слайд-1









Слайд-2













3 рәміз суреті




Слайд-3







Конвертке салынған сөз қиындылары






Слайд-4











3 топқа топшамаларда өлең шумақтары

Соңы

Қорытынды бөлім


5 мин

9. «Мәңгілік ел» постер салу, қорғау.

-Мәңгі сөзін қалай түсінесіңдер?

-Қазақстан мәңгі болуы үшін, қандай болуы қажет деп ойлайсыңдар?

-3 басты белгісіні жазыңыз.

(оқушы жауап береді)


Қорытынды – мұғалім сөзі:

Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді

(оқушы жауап береді)


А-3 форматта

Схема





Кері байланыс

5 мин



3 мин


10. «Тілек» дидактикалық ойын

Өзіңнің Еліңе, Отаныңа тілегіңді жазып, жапсыру.


2.Хор «Атамекен»бейнеролик


Сабағымыз аяқталды! Сау болыңыздар!

Әр оқушыға алақан суретінің қимасы



бейнеролик



Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров528
Номер материала ДВ-333661
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх