Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты "Тәуелсіздіктің көкбайрағы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты "Тәуелсіздіктің көкбайрағы"

библиотека
материалов

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған

«Тәуелсіздіктің көкбайрағы» атты тәрбие сағаты.


Мақсаты : 
1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру. 
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 
3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту. 
Көрнекілігі: 
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд.Жалаушалар. 
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар. 
3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған. 

Тәрбиеші сөзі: Орта ылғи от жайнайды,

Тірлік ырғақ тоқтай ма әлі

Тас төбемде желбіреші,

Тәуелсіздік көкбайрағы.


Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің «Балбөбек» тобымыздың "Тәуелсіздіктің көкбайрағы” атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! -Бүгін Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толды. Елу жылда ел жаңа демекші, өмір 25жылда біраз өзгеріске ұшырады нарықтық заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіндер. Сәби күлкісімен ана мейрімінің сәні ешқашан бұзылмасын. 
Біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!
 
«Бал,бөбек» тобының ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. 
Балалар ән ырғағымен залға кіреді. 
Әнұран айтылады. 
Ал, балалар бізге келген қонақтармен және достарымен амандасайық. Сәлемдесу рәсімі: Армысын Аспан ата

Армысын Жер Ана

Армысын қонақтар

Армысын достарым!

Тәрбиеші:

-Балалар, Біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Еліміздің бас қаласы қай қала?

- Қазақстан Республикасының президенті кім?

1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алды. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Әрине мемлекет құрылған кезде тіл де, рәміздеріде қалыптасады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – Қазақ тілі.

Туымыздың көк түсі бейбітшілікті, ашық аспанды білдіреді. Ортасында алтын арайлы күні мен қыраны бар. Тудың сол жақ қанатында қазақтың ұлттық ою-өрнегінің суреті салынған.Күн дала қыраны және өрнек алтындай сары түспен бейнеленген.Бұл түс молшылықты, байлықты және бақытты білдіреді.

Аружан

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек-

Елдің ашық қабағы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының негізі –шаңырақ.Ол Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ- киіз үй күмбезінің,үйдің, ошақ басының, отбасының, ата-тектің рәмізі. Елтаңбаның маңдайына бес бұрышты жұлдызша салынған. Әрбірадамның өзіндік жол сілтеуші жұлдызы болады. Мұндай жұлдызша мемлекетте де болуы тиіс. Елтаңба шеттерінде екі алтын пырақ, «қанатты тұлпар»- қазақ поэзиясындағы кең таралған бейне.Ол- жақсы тілек пен ұмтылыстың бейнесі.

Назар

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбәт, әдемі!

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

Мемлекеттік Әнұранның авторлары: Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

Мемлекеттік Әнұран егемен мемлекеттің Елтаңбасы мен Туының баламасы.

Мемлекеттік Әнұранның әсерлендіргіш өзегі – адамдарды өз Отанын адал беріліп сүюге біріктіретін, рухты көтеріп, жігерлендіретін белгі.


Дильназ

Әділеттің ұраны, 
Ақиқаттың шырағы. 
Тыныштықтың туы боп, 
Зор салтанат құрады. 

(есікті тарсылдатада)

Білімпаз: Балалар, мен сендерді мереке күнімен құттықтауға келдім. Сонымен қатар сендердің білімдерінді тексеремін:

-Қазақстаның қандай қалаларын білесіңдер?

- Балалар сендер мынау не екенің білесіндерме?( Балалар туды сипатап береді)

Жарайсындар, сендер өздерің бәрін біліп тұрсыңдар ғой.

-Балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр,ойнайықшы.

(ойын ойнау)

-Қандай керемет ойын ойнайсындар.

Ондай болса мен кетейін. Қолымдағы қоржынды апайларына сый етіп табыс етейін.

Тәрбиеші;-білімпаз апай сіз бізден де сыйлықты қабыл алыныз отырыныз!

Би: «Жалауша»


Тәуелсіздік күніне арналған таппақтар тыңдаңыздар: 
Аяжан

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіз алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн

Аружан

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын, 
Алдымызда барлық үміт ақталсын 
Тату – тәтті бірлік болып қашанда 
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын. 

Назар

Он алтыншы желтоқсан 
Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан

Тәрбиеші сөзі: 
-Енді бір ойын ойнап жіберейік. 
Ойын: «Буги-буги» 
Тәрбиеші: 
-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
 
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар. 
Шалқы қазақ шалқитын заман келді. Текке қаның төккен жоқ бабаларын демекші осы күнге жеткізген еркіндік таңы мәңгі жасасын. 

« слайд» 

Тәрбиеші: Ал құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін! 




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 18.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров119
Номер материала ДВ-464914
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх