Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Тәуелсіздік мерекесіне арналған "Туған жер-Алтын бесік" атты ертеңгілік сценариі

Тәуелсіздік мерекесіне арналған "Туған жер-Алтын бесік" атты ертеңгілік сценариі

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

«Туған жер –Алтын бесік»

Мерекеге сай безендірілген залға балалар кіріп, орындыққа орналасады.

Жүргізуші: -Армысыздар құрметті қонақтар және кішкентай бүлдіршіндер! Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 23 жылдық мерекесіне арналған «Туған жер –алтын бесік» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына қосылуға аяқ басты. Аспанымыз ашық , еліміз аман болса, бұл мақсатқа жетеміз деген сенімдеміз.

Елім менің, тәуелсіз жерім менің,

Күннен алған шуақты өмір демін.

Рухым ұлттық өсіпті, өлместей боп,

Көк байрағың төбемнен көрінген күн.



Қазақстан Республикасының гимні.

Жүргізуші: - Тәуелсіз елдің басты белгілері, бұл рәміздер. Балалар , еліміздің рәміздерін атайықшы:

Балалар: -Гимн, Елтаңба, Ту.

Жүргізуші: - Жарайсыңдар! Балаларымыз еліміздің рәміздерін асқақтататын тақпақтар айтады. (Интерактивті тақтада рәміздер слайды қосылады.)

Райгүл:

Әнұраным, жанұраным,

Айтар әнім , сөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым.

Мәңгі бақи шырқалады

Республика әнұраным.

Айсұлтан:

Әділеттің ұраны,

Ақиқаттың шырағы.

Тыныштықтың туы боп ,

Зор салтанат құрады.

Диана:

Отан туы желбіреп,

Көз тартады құбыла.

Біз қараймыз елжіреп,

Туған жердің туына.

Жүргізуші: - Тәуелсіздік – біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік жолында жан аямай еңбек етіп жүрген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа балалар өз лебіздерін білдіреді. (интерактивті тақтада слайд қосылады)

Айжан:

Тәуелсіздік – еліміздің Күн, Айы,

Жанға қуат беретіндей ұдайы.

Еріміздің аталғанда есімі,

Еліміздің кіретіндей шырайы.

Нұрасыл:

Елі сүйген еңселімде еркінім,

Аппақ таңнан дауысыңды естідім.

Тәуелсіздік – Назарбаев Нұрсұлтан,

Тұңғыш көкке көтерді ол ел туын.

Аққу:

Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.

Ақерке:

Туған елім – Қазағым,

Пейіліндей тазамын.

Туған жерді ардақтап,

Тарихқа атын жазамын.

Ән «Біз өмірдің гүліміз».

Ортаға Білгішбек келеді: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Менің атым Білгішбек. Мен сұрақ қойғанды өте ұнатамын. Мен сіздерге допты лақтырамында сұрақ қоямын, ал сіздер маған кейін лақтырып жауап бересіз.

-Еліміз қалай аталады?

Балалар: - Қазақстан Республикасы.

Білгішбек: -Елордасы қай қала?

Балалар: - Астана.

Білгішбек: -Біздің елбасымыз кім?

Балалар: - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Білгішбек: - Еліміздің рәміздерін атаңыздар!

Балалар: - Гимн, Елтаңба, Ту.

Білгішбек: -Жарайсыңдар , балалар!

Жүргізуші: -Балалар елордамыз Астана қаласы туралы тақпақтарын айтады:

Руслан:

Бақытты ғой балалар,

Болашаққа бет бұрған.

Оларда бар Астана,

Өркениетке ұмтылған.

Күмісай:

Жайнап өсті Астана,

«Бәйтерегі» көк тіреп.

Болды Астана - Бас қала,

Іске асты көп тілек.

Арқарбай Айсұлтан:

Нұрсұлтан атаның

Жарқын ісі – Астана.

Болашақ ұрпақтың

Бар тынысы Астана.

Білгішбек балалармен ойынға қатысады.

Ойын «Бәйтерек»

Жүргізуші: - Қазақстан –біздің Отанымыз. Ал, Отан дегеніміз –еліміз, жеріміз, туған-туыс, бауырымыз, ауыл-қаламыз, өзіміз туып –өскен жеріміз. Біз Отанымызды жақсы көреміз бе?

Балалар: - Ия.

Жүргізуші: - Ендеше, Отан туралы мақалдар айтайық:

Санжар: - Отан – елдің анасы.

Амина: - Жері байдың – елі бай.

Гауһар: - Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

Ернат: - Отан – алтын бесік.

Маханбет: - Отан – оттан да ыстық.

Амира: Орман- ел дәулеті, жер сәулеті.

Жүргізуші: - Өте жақсы мақалдар айтылды. Кезекті ата-аналарымызға берейік.

Ата-аналар өздері білетін Отан туралы мақалдар айтып шығады

Жүргізуші: - балалар еліміздің амандығын тілеп, өз лебіздерін білдіреді:

Асия: -Аспанымыз ашық болсын!

Нұрасыл: - Бейбіт , шаттық заман болсын!

Карим: -Әрқашан күн сөнбесін!

Асылбек: - Ата-анамыз аман болсын!

Айдос: -Ешқашан соғыс болмасын!

Ойын «Туған жерді гүлдендір»

Жүргізуш: - Туған жерді гүлдендірер ұл-қызы міне, сіздерсіздер. Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстанның келеше тағдыры өз қолыңызда. Туған еліміздің өркениетті елдермен терезесі тең, керегесін кең ететін сіздер.

Ән «Атамекен».

Жүргізуші: - Шаңырақ еліміздің бірлігінің нышаны.Бір шаңырақ астында көп ұлт тату өмір сүруде.ата-аналарымыз елге, Отанға деп тілектеріңізді білдіріп, мына қызыл жіпті шаңыраққа байлап шығыңыз.

Жүргізуші: - Қазағым, ел болдың тәуелсіз,

Шаттанып билеймін әуенсіз.

Бабалар еңбегі азат күн,

Қолдайық, қорғайық біз бен сіз.

Аман боп халқымыз мәңгілік,

Жүрейік достықта сән құрып.

Бірлік пен ынтымақ нығайса,

Атады әрқашан таң күліп.

Құрметті ата-аналар, қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер, осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Көріскенше сау болыңыздар!



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 14.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров252
Номер материала ДВ-339611
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх