Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Тәуелсіздік тұғыры биік болсын! / кітапханалық сағат/

Тәуелсіздік тұғыры биік болсын! / кітапханалық сағат/

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!

/ кітапханалық сағат/

Мақсаты: оқушыларды Отанды, туған жерді сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар,шарлар, гүлдер.

Жүргізуші: «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын» атты кітапханалық сағатты бастамас бұрын сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейік. Алтайдан Алатауға дейін ұланғайыр жерді мекен еткен ата-бабаларымыз Тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жан қиған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек сияқты батырлардан бастап күні кешегі Қайрат Рысқұлбекке дейін сол ел қорғауды ұран еткен.

1986 жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізде Желтоқсанның суық дауылы үдей түсіп дүрбелең жайлады. Әділдік үшін бас көтерген жастардың маңдайы тасқа соғылды. Бастарына қара бұлт үйрілді. Тәуелсіздік жолында өздерін құрбан еткен, Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбираның аңсаған армандары мен үміт-тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Тәуелсіздікке қол жеткізіп егеменді ел болдық.

Міне, содан бері 24 жыл! Осыған орай «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын» атты кітапханалық сағатты ашық деп жариялаймыз.

1-оқушы: Қазақстан Республикасы – біздің туып өскен жеріміз, Біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ежелден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп,жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған.

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

2-оқушы: Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 17- желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды,кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Қазақстан,

Ғасырлар тойы болшы келе берер!

3-оқушы: Мерекең құтты болсын егемен ел,

Терезең барлық елмен тең ерен ел.

Бабалар мәңгі бақи арман еткен

Теңдікті, бостандықты иеленгендер.



4-оқушы: Бостандық құтты болсын, ерікті ел

Айдын көл, көк майсалы, көрікті жер.

Бостандықты аңсаған батырларды

Әруағына бас ұрып тәу еткен жер.

5-оқушы: Ел болдық егемендік, теңдік алып,

Бар әлем қазақ елін болды танып.

Қойнауы кенге толы қазақ елі

Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.

6 -оқушы: Шықты тарап ой данадан, Бері қарады жұлдыз беті

Өзі қалап сайлап алған, Елімнің бар Президенті.



7-оқушы: Көз қуанып күн сайын көркеміне,

Көңіліміз сенеді ертеңіне.

Қазақстан - алып ел, төрі Астана,

Таңым ғана лайық ел төріне.

Ел болдық, ерік алдық астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі

Нұрсұлтанның атымен басталады.

8-оқушы: Кең далалы кең , пейілді қазақпыз,

Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз.

Ел намысын ешбір жанға бермейміз,

Өмірді алға бастырамыз, өрлейміз.

9-оқушы: Егемендік иесі - мен деген сөз

Көптен бері естілмеген ерен сөз.

Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған

Көркем жігіт болып өссе көген сөз.

10-оқушы: Отаным – Қазақстан, туған жерім,

Мұнай мен газ болады алтын кенім.

Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан

Артамыз Елбасына үлкен сенім.

11-оқушы: Мен қазақпын, ұланымын қазақтың,

Тәуелсізбін, егеменмін, озатпын.

Көк байрағым тұр көгімде, желбіреп,

Алатаудай көкке өрлеген азатпен.

12-оқушы: Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,

Бостандық пен бейбітшілік – жыр-әнім.

Самғап жүрсек бостандықта, биікте

Шарықтайды кең көлемде бұл әнім.

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О, Тәңірім бізді баққа жолықтыр ...

Бүгін міне, Тәуелсіздік , ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.!

13-оқушы: Әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба,Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.

14-оқушы: Рәмізім – елдігімнің белгісі,

Білу керек баладағы ең кіші.

Рәміздерім- әнұран, ту, елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс ашық аспанның , тыныштықтың белгісін көрсетеді. Тудың ортасындағы алтын күн баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып сәулесін төгеді.

Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқан ақиық қыран құс – ерлік белгісі. Матаның сол жағында ою-өрнегі бар тік жолақ орналасқан, бұл қазақ елінің ұлттық әшекейі. Алтын күн. Қыран және ою-өрнек – біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.

15-оқушы: Желбірейді шарықтап, Қазақстан жалауы.

Көкте қыран қалықтап, Қанат қағып барады.

Көк аспанда нұрлы күн, Күлімдейді далама.

Бақыт тілеп тұр бүгін, Ол барлық пәк балаға.

16-оқушы: Көк аспандай көкпеңбек, Қазақстан жалауы,

Көк емес ол тектен-тек, Елдің ашық қабағы.

Ақ ниеті – алтын күн, Асқақ арман – қыраны .

Жалауы бұл - халқымның, Мәртебесі мақтаны.

Жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.

Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп халықты қасіреттерден азат еткен, еліміздің азаттығы мен жеңімізпаздығының белгісі.

Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екендігін көрсетеді.

17- оқушы: Бейнелеп сан ғасырды,Елтаңбасы елімнің.

Таратады хас үлгі, Киесіндей жерімнің.

Бабам тұлпар жаратты,Құлынында танып- ақ,

Тұлпар барда қанатты, Шайқалмайды шаңырақ.

18-оқушы: Елтаңбасы елімнің, Неткен әйбат, әдемі!

Тұнығындай көңілдің, Ортада – аспан әлемі.

Құт, береке, шаңырақ, Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ, Екі жақтан көмкерген.

Тәуелсіздің жолында, Талай-талай тер тамған...

Билігім өз қолымда, Еркіндігім – Елтаңбам.

19- оқушы: Енді бүгін өлген туым тірілді,

Әнұраным жалғап алды ғұмырды.

Босағада қалып келген Елтаңбам

Баяғыша төріме кеп ілінді.

Тәуелсіздік көркі ол да

Өркениет өрінде.

Нұр төгеді Елтаңба

Ақ орданың төрінде.

Әнұраным – жанұраным,

Айтар әнім – сөйлер сөзім

Туған жерім – сағынарым ,

Мың қайталап айтам мұны.

Жүргізуші: Балалар, өткенге шолу жасайық. Өткен жылдар қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды? Сол туралы ойымызды ортаға салайық. – 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлады. – 1991 жылы қазақтың ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. – 16 –желтоқсан 1991 жыл республикамыз егемендік алды. «Тәуелсіз, демократиялық және құқылы мемлекет» деп жариялады. – 1993 жыл. Ұлттық теңгеге көшу жылы. – 1995 жыл. Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. – 1992, 1996 жыл. Мемлекеттің жаңа әнұраны, елтаңбасы, туы қабылданды. – 1998 жылы Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып тағайындалды.

20-оқушы: Тәуелсіздік – тірегім алмас үнді,

Тәтті үміті халқымның, сан ғасыры.

Көк байрақты, кемеңгер кемел ойлы

Келбетіңнен көремін жалғасымды.

Бір ата, бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз!









Автор
Дата добавления 31.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров107
Номер материала ДВ-399369
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх