335260
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокНачальные классыКонспектыТәуелсіздік – тұғырым! сыныптан тыс шара

Тәуелсіздік – тұғырым! сыныптан тыс шара

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Тақырыбы: «Тәуелсіздік – тұғырым!»

Мақсаты:

Білімділік: Тәуелсіздіктің жетістіктері туралы мағұлмат беру. Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.

Даматушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша отырып оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.

Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Интербелсенді тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.

Кіріспе

Мұғалім сөзі:

Өзіндікі елің де,

Өзіндікі жерің де,

Жаса,Қазақстаным,

Тәуелсіздік төрінде!-дей келе, ҚР тәуелсіздігінің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тұғырым!» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Тәуелсіздік. Қандай қасиетті, қастерлі ұғым. Ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікті алғанымызға міне, биыл тура 24 жыл толады. Тәй-тәй басқан шағынан бастап талай-талай қиындықтарға қарсы турған Тәуелсіздігіміз бірте-бірте еңсесін тіктеп, тұғырын биіктетіп, тамаша табыстармен жігіт жасына жетіп отыр. Егеменді еліміздің тәуелсіздік алған 24 жыл ішінде көптеген биік асуларды бағындырдық. Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан-теңіз, әрі де берері тіпті мол.

Ендеше ортаға бүгінгі ертеңгілігіміздің басты кейіпкерлерін 4 «А» сынып оқушыларын ортаға шақырыайық (оқушылар қолдарына жалаушаларын алып залға кіріп, орындарына жайғасады).

Болатова Аружан:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Дәуменова Ділназ:

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Жүнісжанов Ұлағат:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Садықов Әлішер:

Бақытым - Республикам Қазақстан,

Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.

Саған жетпес құшағы әлемнің де,

Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

Қасим Мәлика:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе - тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.


Хор: «Қазақстан бақытты!» әні


1.Кең көсілген жерім бар,

Айдың шалқар көлім бар.

Адамдары ақ пейіл,

Қазақ деген елім бар.

"Қазақ" асыл тегім бар,

Батырым мен бегім бар.

Біз-Тәуелсіз,ұлы елміз,

Болашақтан сенім бар.

қ – сы:

Қазақстан-Қазақстан

Тәуелсіз ел бақытты,

Қазақстан-Қазақстан

Тәуелсіз жер бақытты.

2.Ән ұран боп әніміз,

Оңнан атты таңымыз.

Қазақ болып туылған,

Сая тапты жанымыз.

Алдан шығып бағымыз,

Жеке болды тағымыз.

Елтаңба мен көк туды,

Қастерлейік бәріміз.

қ – сы: 2 рет


Мұғалім сөзі:

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Асау аттай өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізге төрледі.

Әлемді дүр сілкіндірген 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» қазақ жерінде ұлттық сана-сезімін өз халқының намысы, ар-абыройымен байланыстырған жаңа буын өсіп шықканын көрсетті. Желтоқсан бастауы - ғасырлар қойнауынан жалғасын келе жатқан ұлы тарихтың белгісі. Ол ендігі жерде қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды.

Қуатқызы Аружан:

Тас еденде жатты қазақ баласы,

Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,

Жараланған жолбарыстай, ышқынып,

Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......

Жарылқасын Көркем:

Қасқалдақ ұшып көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн.

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде,

Қайғыға халық батқан күн.

Қақаған қыстың ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қара көз қазақ қыздарын,

ОМОН - дар бастан тепкен күн.

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрек шапқан күн.

Аппақ қар қанға боялып,

Қып - қызыл мұз боп жатқан күн.

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Қайғы езіп елдің еңсесін,

Жаншыды - ау жанын батпан мұң.

Енді қайтып келмесін.

Сол бір қарғыс атқан күн.

(желтоқсан оқиғасының құрбандарының фотосуреттерін ұстаған оқушылар ортаға шығады)

Серікова Айзат:

1986 жылғы 17 - 18 желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруі қанды оқиғаға айналды. Оларға «Ұлтшыл, маскүнем» деген кінә тағылды.

Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке милиция қызметкерлері: Фрунзеден - 100, Ташкенттен - 300, Челябіден - 203, Новосибирскіден - 203, Свердловскіден - 225, Тбилисиден 450 қызметкер тартылған. Жастарға қарсы «Бұрқасын 86» жоспары бойынша іс - шаралар жасалынған. Жастарға Өрт сөндіру машиналарымен суық су атқылаумен тоқталмай адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған.

Жалпы шеруде 8500 адам ұсталған. Көбі студент жастар.

Оразмұхамет Дастан:

Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында малшы отбасында дүниеге келген. 1986 жылы жолдамамен Алматы сәулет - құрылыс институтына түседі. 1986 жылы 16 желтоқсанда бейбіт шеруге қатысады. Қайрат тұтқындалып 18 желтоқсанда сағат 11 бастап Мир және Сәтпаев көшелерінің қиылысында бейбастық жасап Савицскийді өлтірді, Ведельді ауыр жарақаттады деген айып тағылады. Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60 – бабы бойынша - 2 жылға, 65 – бабы бойынша - 12 жылға, 173-те 1 жалпы қылмыстық істерінің жиынтығы бойынша ең ауыр - өлім жазасына кесілді.

Айдын Дана:

Тоқта! Айтар сөзім бар.

Күнәдан таза басм бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар.

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты – құрбандық»,

Атам десең атыңдар.

Садықов Ескендір:

Асанова Ләззат Алтынайқызы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. 1985 жылы Алматыда Чайковский атындағы музыкалық училещесіне оқуға түскен. Алматыда 1986 жылдың 17 – 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Қаладағы Жаңа Алаңға алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты.

Еліңнің сен намысы үшін

Құрбан еттің жаныңды

Мазақ етіп қорлай алмас

Ешкім сенің арыңды.

Тлеуберлина Сабина:

Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақмектеп аулының «Ленин жолы» сегіз жылдық мектебін үздік бітіреді. Сол жылы облыс орталығы Өскемен қаласындағы педагогикалық училищеге оқуға түседі. 1986 жылғы 17 - 18 желтоқсанында Алматы қаласында болған қазақ жастарының көтерілісін қуаттап 22 желтоқсанда Өскемен қаласында бірге оқитын студент жастармен бірге наразылыққа шығады. Орынсыз қорлау мен жала жабу мен тергеуге шыдай алмаған Сәбира Мұхамеджанова барлығын ұйымдастырған мен деп мәлімдеп, жатақхананың бесінші қабатынан секіріп, мерт болады. Сөйтіп ол Желтоқсан құрбаны, батырына айналды.

Қуатова Фариза:

Ербол Сыпатаев – Желтоқсан көтерілісіне қатысып, алаңда қазақ қарындастарын құтқару барысында алған соққыдан қайтыс болған жас қазақ жігіті. Талдықорған облысының Көктал ауылында 1964 жылы дүниеге келген. Желтоқсан көтерілісі уақытында Алматы қаласында энергетика институтының 2 курс студенті болған.

Мұқашев Ерсұлтан:

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,

Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира

Құрбаны болған жаланың

Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,

Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,

Бұғаудағы боздақтары кете барды

Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

Ажханов Елнұр:

Қайраттай қайсар ұлдардың

Жанымен келген еркіндік

Жазира мен Ляззаттың

Арымен келген еркіндік

Қасірет пен қайғының

Бәрімен келген еркіндік

Амантаева Айдана:

Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар,

Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.

Болашаққа даңғыл жол салып берген,

Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.

Ершайх Аружан:

Желтоқсан-жастықтың жалыны,

Желтоқсан –батылдық адымы,

Желтоқсан- ұлтымның ұраны,

Желтоқсан- халқымның қадірі.

Желтоқсан – елдіктің бастауы,

Желтоқсан – еркіндік ақ таңы,

Желтоқсан - өр рухты ұл мен қыз,

Желтоқсан – елімнің мақтаны.

Желтоқсан – тарихтың белесі,

Желтоқсан – ертеннің елесі,

Желтоқсан – аңсаған азаттық,

Желтоқсан – тәуелсіздік күресі.

Мұғалімнің сөзі:

Ендеше желтоқсан оқиғасының құрбандарын 1 минуттық үнсіздікпен еске алайық.

Болатова Аружан және 4 «А» сынып оқушыларының орындауында «Желтоқсан желі» әні.

1)Желтоқсан бірде,

Ел тосқан түрде,

Келетін мүлде жайдарлы.

Сол жылы бірақ,

Әдеттен жырақ

Көрінді шын ақ айбарлы.



Тоңдырды мені,

Тоңдырды сені

Желтоқсан желі ызғарлы.

Солдырды гүлді,

Оңдырды нұрды,

Көңілде мұңды із қалды.

2)Жоғалтып нуын,

Жоғалтып қуын;

Арал да суын тауысты.

Қаңырап мекен,

Аңырап бөкен,

Өріске бөтен ауысты.

қ-сы:

3)Шайқалды күйім,

Шайқалды миым -

Бомбалар жиі жарылды.

Малым да кеміп,

Әлім де кеміп,

Қинады берік жанымды.

қ-сы:

Мұғалім сөзі:

1992 жылы 4 – маусымда Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды. Ал балалар рәміздерімізге арналған тақпақтарымызды шырқайық.

Тұрлыбек Мейір:

Рәмізім-елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші.

Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Жолдыбаева Аянат:

Қазақстан Туы Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабығы.

Ақ ниеті – алтын күн,

Асқақ арман-қыраны.

Жалауы бұл-халқымның,

Мәртебесі, мақтаны.

Жамаканов Азамат:

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбәт, әдемі!

Тұнығындай көңілдің

Ортада-аспан әлемі.

Құт, береке, шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ.

Екі жақтан көмкеркен.

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған...

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім-Елтаңбам.

Кенжегалиев Арсен:

Гимн Гимнім -жанұраным,

Айтар әнім-сөйлер сөзім.

Туған жерім-сағынарым

Мың қайталап айтам мұны.

Сакенов Ғалижан:

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Серғазы Акрам:

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,

Болашағым, өнер - білім, өркенім.


Хор: «Атамекен» әні.

1)Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем.

Маңдайымнан сипап өткен самалды,

Қазағымның алақаны-ау деп білем.

қ-сы:

Қайда жүрсең ата мекен,

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі ұясына,

Қыймай оны батады екен.

2)Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем.

Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесі,

Қазағымның махаббаты-ау деп білем.

қ-сы:

3)Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Асқар тауың, аспаныммен таласқан,

Қазағымның мәртебесі-ау деп білем.

қ-сы:

(оқушылардан ант қабылдау)

АНТ

Мен,Қазақстан Республикасының азаматы

-Өз Отанын сүюге;

-Сапалы білім алуға;

-Салт-дәстүрді сақтауға;

-Елбасын құрметтеуге;

-Ата Заңды орындауға;

-Еліміздің Туын, Елтаңбасын,

Әнұранын, тілін қастерлеуге;

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

Мұғалім сөзі:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер желбіретіп нық ұста.

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата баба рухына.

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағаты, өнегесі, еңбегі,

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі - дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғырым!» атты мерекелік ертеңгілігіміз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Общая информация

Номер материала: ДВ-307457

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности учащихся в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Содержательные аспекты профессионального и личностного развития педагогических работников в рамках реализации профессионального стандарта»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-дефектолога: специальная педагогика и психология»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания иностранных языков в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС»
Курс повышения квалификации «Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Курс профессиональной переподготовки «Оказание психолого–педагогической помощи лицам с ОВЗ»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.