Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / "Тәуелсіздік тұғырым" тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

"Тәуелсіздік тұғырым" тәрбие сағаты

библиотека
материалов

ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ!C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\мама құжат\мама жұыс фото\IMG_0052.jpg

Шалқар қаласы «Бәйтерек» мектепке дейінгі балалар мекемесінің

тәрбиешісі Кенжебаева.ГД.

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы түсінік беру,еліміздің

Мемлекеттік Рәміздерін таныстыру.

Балалардың Отанға,туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Туған өлкеміз Қазақстанның жерін,елін сүюге және оны қорғауға тәрбиелеу.



Ата толғау күйі ойнап тұрады.Ұршығын иіріп әжей отырады.Қолында қамшысы бар немересі атқа мініп ойнап жүреді.Ол жүгіріп келіп әжесінің мойнына асылады.

Бала:-Әже не істеп отырсыз?

Әже:Құлыным,мен ұршық иіріп отырмын.Кел қасыма отыр,шаршаған шығарсың ойыннан.

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\архив фотолар\810y6QmoKy8.jpg

Бала:Әже біз балабақшада Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып жатырмыз.Мемлекеттік әнұранды орындадық.

Әже:Тәуелсіздік деген не?

Әже:Е құлыным, «Тәуелсіздік» деген бұл үлкен әңгіме.

Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешірді.Қайсар,батыр аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болдық.Өзіміздің туымыз,елтаңбамыз,әнұранымыз бар.Аллаға шүкір.

Бала:Әже мен сізге тәуелсіздік туралы жаттаған тақпағымды айтып берейін бе?

Әже:Айта ғой құлыным.

Бала тақпағы:Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.

Арман еткен,қыршын кеткен ағалар,

Елің алды егеменді теңдігін.

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\архив фотолар\WH8a4yAV_2Q.jpg



Әже:Ой,ақылдым,өркенің өссін!

Бала:Әже менің ұйқым келді,шаршадым.

Әже:Ұйықтай ғой құлыным (музыка әуенімен бала ұйықтайды.).Баланың түсіне ата кіреді.

Слайдтан көрсету.

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\архив фотолар\9zsQEJUXHhU.jpg

Бала:Ассалаумағалейкум ата!Сіз кім боласыз?



Ата: Мен сендердің бабаларың болам,

Аман қалған шабуылдан жүздеген.

Батыр халық екенбіз ғой біз деген,

Алмаған жұрттың нанын тұзбенен.

Жомарт халық екенбіз ғой біз деген.

http://centre-uko.kz/img/sozder/1447993368.jpeg


Ей балақай,қазақ халқының болашағы сендерсіңдер, «Қазақ» деп соққан жүректерің осы алаудай мәңгі өшпесін. (Бала ұйқысынан оянды.)

Бала:Әже,әже!

Әже:Құлыным не болды?Түс көрдің бе?

Бала: Ия әже түсіме ақсақалды үлкен ата кірді.Ол маған жанып тұрған шырақ берді.

Әже:Құлыным,қандай жақсы түс көргенсің.

«Шырақ» деген-бұл біздің еліміздің биіктен көрінуі.

Бала:Әже,әже,әне жарқырап күн шықты,Тәуелсіздіктің таңы атып келеді.Туымызда биікте желбіреп тұр.

Музыка әуенімен қолдарына жалауша ұстаған балалар залға кіреді.

Батылдыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын,өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған деп-Әнұран.

Әнұран орындалады.


Тәрбиеші:О,тәңірім бақыт құсы қонып бұл,

Деп тіледік бізді баққа жолықтыр.

Бүгін,міне,Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр,

Мұзға жанған Желтоқсанның жалауы,

Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы.

Ол әркімге еркін өмір сыйлады,

Жақсы атақпен нұр шапағын жинайды.


Армысыздар құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы.Бүгін Отанымыз Қазақстанның Тәуелсіздігіне арналған «Тәуелсіздік Тұғырым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.


Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.

Арман еткен күн де келді еліме,

Шашу болсын ән құдірет бүгін де.


Ән: «Елімізді сүйеміз»

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\архив фотолар\BBt5XJvy178.jpg


Тәрбиеші:Елімде бейбіт,тыныш заман болсын,

Тілеймін әр адамға бақыт қонсын!

Елімнің ел ағасы елбасымыз-

Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында президент күні де аталып өтілді.Балалар Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Президент туралы слайд)

Балалар:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Тәрбиеші:Иә,балалар мыңдаған жылдардың тарихы бар еліміз өз тәуелсіздігін алды.

Енді бүгін өлген туым тірілді,

Әнұраным жалғап алды ғұмырды

Босаға қалып келген елтаңба,

Баяғыша төрге келіп ілінді.

Бәрі болған Қазақ сынды көне елде,

Ел белгіде,ерлік,өрлік өнер де

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді Ту болмады дегенге?!


Әр елдің,мемлекетінің ғасырлық тарихына байланысты өз рәміздері бар.

Біздің мемлекеттік рәміздеріміз:Ту,Елтаңба,Әнұран.

Ән: «Елтаңбасы елімнің»

Тәрбиеші:Осы мерекеге орай «Айгөлек» тобының балаларының тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Қарақат 16-шы Желтоқсан-

Тәуелсіздік алған күн

Мерекеге ел тоқсан

Атамменен барғанмын.


Кәусар Мерекеге шығады,

Бүкіл халық біліп қой.

Отандастар ұғады,

Тәуелсіздік ұлы той.


Нұрдаулет Аралаймын алаңды,

Тәуелсіздік күнімен.

Батыр Қайрат ағамның,

Суретіне үңілем.


Бағдаулет Желтоқсанның ызғары-ай,

Кірпішке қатқан мұздар-ай.

Елім-ай деп егілген,

Ұлдары мен қыздары-ай.


Санжар Желтоқсанда құрбан болған,

Ләззат қызды есіңе ал!

Он алтыда қиылдым мен,

Табанында танкінің.


Ерұлан Міне бүгін айқара ашып есігін,

Алды болып келе жатыр көшінің.

Сол жылдары жанын қиған ерлердің,

Ұран етіп айтып жүрміз есімін.


C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\архив фотолар\zrCZM2LV2Uw.jpg


Тәрбиеші: Армысыздар бұл кештің қонақтары

Халқымыздың әрқашанда қонақ бағы

Сәлем бердік тағыда алдарыңда

Қазақтың ол анық қой өнер тауы

Шақырайық ортаға қошеметпен

Жігіттерді батырлар биіменен


Би:»Батырлар»биі


C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\архив фотолар\SQxY0PvU5Ng.jpg

Тәрбиеші:Құрметті ұстаздар,көрермендер.Осы бір сәтте қазақ елінің еркіндігі,бостандық жолына бас тіккен азаматтар,туған елінің тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өткен Желтоқсан батырлары: Қайрат, Ләззат, Сәбира,Ербол сынды жүздеген қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық,өктемдік күні еді.

.Теуіп,сүйреп жазықсыз бұрымдарды,

Бет-ауыздар аяусыз жырымдалды.

Түрмелерге тығуға орын болмай,

Түршіккенбіз көргенде қызыл қанды.

Ұмыта алмас қазағым тылсымдарды

Тәуелсіздік табынар бүршік жарды

Желтоқсанның ызғары-ай дірдектеткен

Еске алам мен кешегі қыршындарды

Ендеше сол желтоқсанның ызғарындағы мыңдаған боздақтардың рухын еске алу біздің парызымыз.Қазір осы құрбандарға арнап бір минуттық үнсіздік жариялаймыз.Ендеше осы қаһармандарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар


Аяулым Туған халқым қазағым,

Сенің үшін жанамын.

Енді қайтіп көрмейік,

Желтоқсанның азабын.


Сағадат Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер төккен.

Билігің өз қолыңда,

Еркіндігім, елдігім.


Қайнар Елтаңбасы елімнің,

Ортасында шаңырақ.

Көмкерген оны қоспырақ,

Төбесінде жұлдызы.

Тұр ғой әне жарқырап.


Еркеназ Отан туы желбіреп,

Көз тартады құбыла.

Біз қараймыз елжіреп,

Туған жердің туына.


Санжар Жалауымда көгілдір,

Күн күледі,төгіп тұр.

Қыран бейне қанатты,

Көкке самғар-Елім бұл.


Нұсайба Бақыт құсы қонды ғой

Бүгін туған жеріме

Тіліміз бен дініміз

Қайта келді еліме


Кәусар Елім менің,тәуелсіз жерім менің

Күннен алған шуақты өмір дәмін

Рухы ұлттың өсіпті өлместей боп

Көк байрағын төбеме көтерген күн.


Әлихан Тәуелсіздік

Бақ туын

Қолға ұстаған сәт бүгін

Болсын дәйім шат күнім.


Айару Әділеттің ұраны

Ақиқаттың шырағы

Тыныштықтың туы боп

Зор салтанат құрамыз.


https://pp.vk.me/c628723/v628723700/2ffa9/M2_grlEgGkc.jpg





Тәрбиеші:Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуде Қазақстан елдігін,

Арман еткен күн де келді еліме,

Шашу болсын ән құдірет бүгін де.


Сарқытбаев Бақдаулеттің орындауында «Менің Отаным» әнін қабыл алыңыздар.



C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\j6iYb7aL9Jc.jpg


Тәрбиеші:1991 жыл 16 желтоқсан-біздің халқымыздың тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп,ардақтап өтетін күн.Бұл күн-біздің тәуелсіздігімізді дүниежүзі мойындаған күн.




Мың бұралып әсем биді билейді

Қол соғыңдар залда отырған көрермен

Домбыра биін билей тұғын арулар

Дөңгеленсін жақсы көңіл-күйменен



Би: «Домбыра»биі


C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\архив фотолар\yNM8IbNQOnk.jpg



Тәрбиеші:Тербетіп тұрса болды жер бесігін

Дәулеттің тілеймін көл-көсірін

Көз тимей,кірбің түспей қабағыңа

Жалғыз-ақ құтты болғай енді осы күн!

Өкінішті арман,арман,арман-ай,

Қаншама рет таяқ жедім аңдамай

Ұрпағының ертеңі үшін ойлаған

Бабаларды ұмытамын мен қалай.

Енді қайтіп жанымызды бермесін,

Шаттық оты елімізде тербесін,

Шуақ шашып «Ызғарлы Желтоқсан»

Қазақ елі енді қайтіп көрмесін!

Тәрбиеші:Құрметті қонақтар,әріптестер,балалар!Бүгінгі тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесі тағыда құтты болсын!Азаттықтың арайлап атқан әрбір ақ таңы елімізге тыныштық,бейбітшілік әкелсін! Өсіріп отырған ұрпақтарымыздың қуанышты,Отанымыздың,еліміздің нұрлы да шуақты күндеріне жете берейік.

https://pp.vk.me/c628723/v628723700/2ffb4/vB6MRi-drpU.jpg




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 27.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров136
Номер материала ДВ-558705
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх