Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәуелсіздік тұғырым тәрбие сағаты 2-сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тәуелсіздік тұғырым тәрбие сағаты 2-сынып

библиотека
материалов

Тәуелсіздік тұғырым.



Мақсаты:Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу.

Өз елін, жерін қорғайтын елжандылық рухқа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Еліміздің туы, Елтаңбасы мен Әнұраны, Отан, туған жер туралы нақыл сөздер, буклеттер.





Барысы:

  1. Кіріспе.

  2. Тәуелсіз ел-Қазақстан.

  3. Тәуелсіздік жолында күрескен тұлғалар.

  4. Тарихи оқиғалар тізбесі.

  5. Желтоқсан құрбандарына тағзым.

  6. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктер

  7. Қорытынды.



  1. Кіріспе

Тарихқа көз жүгіртсек қазақ –нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп- қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болсын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық..



1-жүргізуші: Армысыздар қымбатты қонақтар!

Еліміздің егемендік алуы,халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты,бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп,серпін ала келді.Ол – баршамыз бейбіт өмірде,еркіндікті аңсаған ақ ниет,ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі. Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар. Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі-16 желтоқсан-тәуелсіздік күнімен құттттықтаймыз. Қанша жыл, ғасыр өтсе де, ұмытылмайтын оқиғалар болады. Соның бірі 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі де ауыл-үйдің әңгімесі емес, дүмпуі алып құрлықты аралап кеткен ғаламат тарихи оқиғалардың бірі.



1-жүргізуші: Шаттық нұры шашылып зеңбіректен

Шуағын күн төгеді енді көктен.

Шылбыр үзді даланың арғымағы

Тәуелсіздік жалауын желбіреткен

Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке

Ақ боз аттың алдынан жанды, үміт те

Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,

Қазақстан бет алды мәңгілікке!









Оқушы

М. Шаханов «Төрт ана»

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқалы,

Мазмұны жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Болу керек құдіретті төрт ана

Туған жері-түп қазығы айбыны,

Туған тілі – сарқылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі

Қадамына шуақ шашар үнемі

Және туған тарихы,

Еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да



Құдіреті жоқ төрт анаға тең келер,

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.

Өзге ананың ұлылығын танымас,

Төрт анасын менсінбеген пенделер.

Тамырсыздың басы қайда қалмаған.

Төрт анасын сыйламаған халықтың

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана-тағдырымның тынысы.

Төрт ана үшін болған күрес –күрестердің ұлысы!









Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған

Жете алмай құрбан болды қанша адам.

Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді.Бірақ ешқашан мойымады,күресе білді.Азаттық таңы туатынына кәміл сенді.Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

Иә,қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті.Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды,алқакөл сұлама» қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті.

1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.1836-1838жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болды.

1925-23 жылдары Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші октябрь»саясатын жүргізді. Елді аштық тығырығына тіреп,негізгі күн көрісі мал болған қазақтар 2-3 жылда малдарынан түгел айырылып,Қазақстанда тұратын 2 млн. қазақ аштықтан қырылды.

:1986 жылдың желтоқсаны.

Атыраудан Алтайға,Сарарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсіп дүрбелең жайылды.Қазақтың көптеген азаматтарының мойындарына қыл шылбыр салынды.Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды.Бастарына қара бұлт үйірілді.

Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар еліккеннен,еріккеннен шыққан жоқ,алдына мақсат қойып шықты. «Ұлтшылдық», «бұзақы», «арамтамақ» тәртіпсіздікті «ұйымдастырушылар»деген жалғаннан ойлап тапқан жала бүкіл совет еліне таратылды.Қазақ ұлтшыл халық деген атқа қалды.



Оқушы:

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн

Қыранды қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн.



Оқушы:

Нашақор деп,ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн.



Оқушы:

Қақаған қыстың ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қара көз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн.

Оқушы:

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрке шапқан күн

Аппақ қар қанға боянып

Қып қызыл мұз боп жатқан күн.



Оқушы:

Қайғы езіп елдің еңсесін

Жаншыдау жанын батқан күн

Енді қайтып келмесін,

Сол бір қарғыс атқан күн.









Түн, бірақ бұл түн өзгеше еді.Себебі бұл түнде қаланың кез келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып,өлімше халге жеткізді.Осындай қатыгездікті көрген оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар.Халық басына төнген осы бір сәтті от тілді,қайсар ақын Қайрат былай суреттейді:

Жоқтаусыз кетіп барасың!-деп жасқанбай жырлаған Желтоқсанның аққан жұлдызы,жас сұңқар Қайрат Рысқұлбеков ең жоғары ату жазасына іліккендердің бірі.



КСРО Жоғарғы кеңесі Президумының шешімімен 1988 жылдың 28 сәуірдегі Жарлығымен Қ.Рысқұлбековке кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айырумен ауыстырды.Алайда бұл хабар Қайратты қуантқан жоқ.



Ербол, Қайрат, Ләззат сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды.1986 жылдың Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, 1мин.орнымыздан тұрып үнсіздікпен еске алайық.

Ж.Ә.Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әні орындалады

Оқушы:

Далада думан, қалада думан жыр бүгін

Ғасыр бойы аңсап күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым.





оқушы

Еліміздің өзіне тән Туы, Елтаңбасы , Әнұраны бар.

Әнұранымыздың авторлары:Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,

Н.Назарбаев.



Оқушы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті.Онда алтын күн бейнесі шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік жолақ бар.

Тудың көгілдір түсі – бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі.Күннің нұр шұғыласы- байлық пен берекенің ,тыныштық пен жылылықтың белгісі.

Қыран бүркіт –Тәуелсіздік белгісі.Өрнек-салт дәстүріміздің белгісі.

Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков.



Оқушы:

1991 жыл Тәуелсіздік алған жыл.

Өзіңдікі туың да, от пен ауа, суың да,

Жаса,Қазақстаным!Белді бекем буын да.

Ұраның да жасасын!Құраның да жасасын.

Қанатың қайрылып,қыр арқаңнан майрылып

Егемен тәуелсіздіктен,қала көрме айрылып.





Оқушы:1993 жылы 15 қарашада «Ұлыттық валюта» күні деп аталып,алғашқыҚазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалы суреттер басылып шықты.2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.



Оқушы:1995 жылы 30 тамызды Қазақстан Республикасының «Ата заңы» қабылданды.



Оқушы:1996 жылы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасының 1 сессиясы болып өтті.



Оқушы:1997 жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.



Оқушы:1998 жылы 6 мамыр Астана күні. Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы бұрынғы Ақмола қаласына көшті.Бұл күнде Астана жаңа сәулетті,соңғы сәнмен көркейтіп,өсіп келе жатыр.Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналып жатыр.



Оқушы:1999 жылы 10 қаңтар ППриздент сайлауы өтті.Қазақстан Республиаксының Призденті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.



«Алға ,Қазақстан !» Хормен 3 рет.

Едім менің әні хормен орындалады.

Мұғалім:Міне егемендігімізді алып Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп , небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде. Өз халқына жақсылықпен жетістікке жетелеген ПриздентімізН.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы қазақстан халқына жолдлауы елдің тағамыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы. Әр жолдауда еліміз жаңа серпіліспен батыл қадамдар күтеді. Еліміздің экономикасының өркендетуге сендер де ат салысадыдеп сенемін.

Еліміздің Егемендігі жасай берсін!









оқушы

Туған жерді сүю-парыз

Сүю үшін білу-парыз

Қасиетін ұғу-парыз

Күзетіне тұру-парыз



2-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар,қонақтар,оқушылар! Бүгінгі «Тәуелсіздік тұғырым» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



Автор
Дата добавления 17.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров561
Номер материала ДВ-462065
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх